Асқар Забикулинге Көкшетауда ескерткіш орнатылды
Ер есімі – ел есінде. Көкшетауда 3 адамды құтқарамын деп ажал құшқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге ескерткіш орнатылды. Оның биіктігі 4 метр шамасында. Ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың жақындары мен жергілікті өртсөндірушілер қатысты. Бір минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Еске салайық, Асқар Забикулин 2022 жылы отқа оранған үйдің ішінен тұрғындарды алып шығып, ерлікпен қаза тапқан еді. Офицердің артында жары мен екі баласы қалды.
Елдар Забикулин, А.Забикулиннің ағасы:
- Бәріміз өте қуаныштымыз. Астанада да қойылды. Көшелер де беріліп жатыр. Филім де түсірілді. Частін атын да берді. Ауылымыздағы мектептің атын берейін деп жатьр. Асқарымыз енді батыр ғой, қаһарман. Алдағы жасөспірімдерге үлгі.