Алматыдағы Мемлекеттік музейде мектеп оқушыларына «Қазақстан мергендері» жайлы сабақ өтті
Көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ғалым Қойшыбаев, Ысқақ Уәлиев және Төлеуғали Әбдібековтың жеке заттары мен құжаттары қойылған. Құралайды көзге атқан Төлеуғали атамыз қан майданда 397 фашистің көзін жойған. Ең мықты 20 мергеннің қатарына кірген. 1944 жылы қаза тапқан соң, мылтығы мемлекеттік музейге тапсырылыпты. Сол жылдардан жеткен жәдігердің бірі – Ғалым Қойшыбаевтың домбырасы. Ол ұлттық аспаптар оркестрінде өнер көрсеткен. Мықты аңшы болған. Снайперлер сапына алынуы да сондықтан.
Рамазан Болатхан, Алматы қалалық №103 мектеп-гимназияның оқушысы:
- Осы атқыштар жайлы жаңа мәлімет білдім. Олар өз Отаны үшін жанын пида еткенін, олар медаль үшін емес, грамота үшін емес, тек қана ұрпақ үшін соғысқанын білдім. Мен де осы аталарым сияқты болуға, осы аталардан үлгі алуға тырысамын.