Таразда Отан қорғаушы күні мен ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған велошеруге 500-ден астам тұрғын қатысты
Биыл әуесқой велосипедшілер үшін күрделі қозғалыс бағыты таңдап алынған. Дегенмен қатысушылар белгіленген межені жарты сағатта жүріп өтіп, 10 шақырым қашықтықты еңсерді. Мерекелік бастамаға облыстың 10 ауданынан келген мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер мен жастар қатысты.
Мақсұт Арзымбетов, велошеруге қатысушы:
- Қазіргі маршрутты біз былтыр да жүріп өттік, арғы жылы да жүріп өттік. Биыл осыдан шыққаннан кейін әуежайға барып, сол жерден бері қарай қайтамыз. Енді маңызы мұның өте үлкен. Мақсатымыз – жастарды жақсы тәрбиеге баулу
Гамлет Қайнарбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
- Жылдан жылға облыста спортқа деген тұрғындардың көзқарасы өзгеріп, көбейе түсуде. Бізде сәуір айына Жамбыл облысында тұрақты түрде спортпен шұғылданып жүрген тұрғындардың саны 27 пайыз болды. Бұл дегеніңіз – 300 мыңнан астам адам. 2020 жылға дейін Елбасының тапсырмасын орындайтын боламыз.