Хабар телеарнасы

Жамбыл облысында петроглифтер мемлекет қорғауына алынды

Жамбыл облысында 5 мың жыл бұрын пайда болған петроглифтер мемлекет қорғауына алынды. Тастағы 500-ден астам таңбалар Байзақ ауданы, Ботамойнақ тауындағы Қарасай шатқалынан табылған.

Жартастағы жазулардан аңдардың бейнесі мен сол кездегі адамдардың аңшылық тәсіліндерін көруге болады. Бүгінде туристер үшін тынығу орны жасалып, жәдігерлерден хабар беретін тақтайша ілінді. Кез келген адам ашық аспан астындағы музейге барып, жартастағы суреттерді тамашалай алады. Жалпы өңірде осындай 100-ге жуық тарихи насан бар.

Досбол Байғұнақов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

- Келешектегі ізденістерде тағы да осындай орындардың ашылатындығына біз кәміл сенеміз. Қарасай петролгифтері қола, ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер. Осындағы суреттер арқылы олар өздерінің  ішкі дүниесін, қоршаған ортаға деген көзқарасын, дүниетанымын жеткізуге тырысты.