Владимир Фитютин: Қазір бейбіт елде өмір сүріп жатқаныма шүкіршілшік етемін
90-нан асқан қария әлі күнге қоғамдық жұмыстардан шет қалған емес. Ардагерлер кеңесі құрамында қызмет етіп жүр. Жастарға тәлім-тәрбие беріп, ақыл-кеңесін аямайды.
Президент жолдаған құттықтау хатты ардагер ең құнды дүнием дейді. Еңбегін ескеріп, сый-құрмет жасағынына риза. Өзі өмір бойы қажырлы еңбек еткен. Жастайынан зауытта шынықса, кейін құрылыстың қайнаған ортасына кірген. Адал қызметімен көзге түскен жігіт партия жұмысына араласып, басшылық қызметке дейін көтерілген. Ақтөбенің көркейіп, даумына үлес қосқан.
Владимир Финютин, Ұлы Отан соғысының ардагері
-Президенттің құттықтауын оқығанда қатты толқып кеттім. Көзімнен жас шығып кетердей болды. Менің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғысым шексіз. Елдің қарулы күштерінің Жоғары қолбасшысы ардагерлерді үнемі қолдап отырады.
Владимир Иванович Курс доғасындағы қанды шайқасқа қатысқан. Орталық майданда 115-ші атқыштар бригадасының құрамында болған. Ауыр жарақат алып, 6 ай госпитальда жатып шыққан. Елге аман-есен оралғаннан кейін, Отанының дамуына өз үлесін қосқан.
«Қазір бейбіт елде өмір сүріп жатқаныма шүкіршілшік етемін», - дейді қария. Әр сөзінде Президентке алғысын жаудырып отырады.
Архимед Мұхамбетов, облыс әкімі
-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен облыстағы 180 ҰОС-ның ардагерлерін құттықтап жатырмыз. Елбасы тапсырмасы бойынша, ардагерлердің қал-жағдайын сұрап, қажетті мәселелерді шешуге көмек береміз.
Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев