ҰОС кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақ жауынгері Сейдуман Кенжебаевтың мүрдесі табылды
Бұл шара бүгін Алматыдағы Мемлекеттік Орталық мұражайда Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және еліміздің Қарулы күштері ардагерлеріне құрмет көрсетуді діттеген митинг аясында жүзеге асты. Балтық елдерін жаудан қорғап, ерлікпен қаза тапқан Сейдуман Кенжебаевты үрім-бұтағы 1937 жылы сталиндік репрессияға ұшырап, айдауға жіберілгенде соңғы рет көрген екен. Жауынгер мүрдесі Латвияның Лыэпна қаласынан табылды.
Жанат Сейдуманов, С.Кенжебаевтың немересі, ҚР Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасының директоры
-Өте ерекше күн. Ата-бабамызды таптық. Әр адам өзінің ата-бабасын іздейді. Әкеміздің, апамыздың әруақтары қуанған шығар бүгін. Біз өткенде атамызды іздеп, Прибалтикаға барғанда біраз қазақ жауынгерін таптық. Сүйектерін тауып, қазір сол жұмыстар жалғасып жатыр.
Авторы: Дана Бақтығали