Қызылордада тарихи жәдігерлер мұражайға қойылды
«Шірік-рабат сақ жауынгері» мен «Сығанақ ханшайымы» реконструкциялаудан кейін көпшілік назарына ұсынылды. Археологиялық жәдігерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын Қазақстан, Өзбекстан мен Татарстан ғалымдары жүргізген. Әскербасының киімінде 2 мың 388 алтын жапсырма бар. Жанына алтын жалатылған 7 жебенің ұшы мен тас моншақтар және қыш құмыра қойылған. Ал ақсүйек әйелдің қаңқасы маңынан маржан көзді алтын сырға, бойтұмар табылды.