Елордамызда Еуразия қаржылық форумы өтіп жатыр. Нарықтағы кәсіби ойыншылар атап айтсақ инвесторлар, бизнес өкілдері мен банкирлер жиыны 8 мыңнан аса делегат қаржы нарығын дамыту мүмкіндіктерін талқыланып жатыр. Панельдік сессиялар алаңдарында капиталдар нарығы, инвестиция, экономиканың нақты секторларын қаржыландыру және халықаралық серіктестік мәселелері ортаға салынды. Жиын қатысушылары атап өткендей пікірталастар барысында жекелеген салалар емес, жалпы қаржылық ортаның өзгерісі, жақын келешекте қандай нарықтық тетіктердің алдыңғы қатарға шығатынына мән берілді. Себебі сарапшылар пайымынша, қаржы орталықтары арасындағы бәсеке ендігі кезекте капитал тартудан көрі замануи сервистерді жедел меңгеру, шұғыл шешім қабылдау мен өзгерістерге бейімделе алу мәселесі маңызды болып отыр. Форум екі күнге созылады.