Елімізде әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны 16,9 млн-ға жетті

  • 112
  • 09.09.2026, 18:39

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдаланушылар саны 16,9 млн-ға жетті. Зерттеулерде қолданушылардың 35% күніне 2-5 сағатқа дейін медиа-контент тұтынады. 20% телефонда 5-8 сағатқа дейін, 14% 8 сағаттан көп отырады. Бүгінде әлеуметтік желі - ақпарат таратудың ең жылдам әрі ықпалды құралдарының бірі, бір ғана жазба, бейнеролик немесе пікір қысқа уақыт ішінде мыңдаған, тіпті миллиондаған адамға таралуы мүмкін. Сондықтар мамандар: «Әрбір қолданушы жарияланымның шынайылығын тексеріп, қоғамда дүрбелең немесе араздық туғызуы мүмкін ақпаратты таратудан сақ болғаны жөн»,- дейді. Заң бойынша, әр жазылған пост, репост және пікір үшін жауапкершілік көзделді. 

Дулат Өтеғали, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының орталық директоры:

- Жеке басқа тіл тигізу немесе белгілі бір топқа тіл тигізу тәрізді заңбұзушылықтар 174 бап бойынша заңда қаралады. Айыппұл тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін.