Жұмабек Рысбаев: Жер шарында соғыс болмасын
Взвод командирі сұрапыл соғыста әуе шабуылдарын тойтару және Сталинград, Курск шаһарларын азат ету шайқастарын сөз етті. Ал Елбасының жаңажылдық құттықтауы қарияның қуанышын еселей түсті.
Жұмабек Рысбаев, ҰОС ардагері
-Елбасының бастамасымен Отанымыз жылма-жыл алға басып келе жатыр. Ел молшылығы жақсы, табыстары жақсы. Бұдан былай біздің көргенімізді көрмесін. Жер шарында соғыс болмасын.
Жеңіс күнін жақындатып, жау шебі сыр бере бастаған 1944 жылдың соңында сырбойылық солдат ауыр жараланып, еліне оралды. Десе де Отанына қалтқысыз қызмет етуін жалғастырып, 40 жылдан астам ғұмырын ағарту саласына арнады. Қарияның ұрпақтары бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүр. Перзентінің үлкені – 70, ал кішісі – 60 жаста.
Нұрлан Жұмабеков, ардагердің ұлы
-Елбасының Жаңа жылға осындай құттықтау жасағанына көп-көп бұл кісі рахметін айтуда. Алдағы уақытта 70 жылдық жақындап қалды. Енді осы тойға аман-есен жетсе деп отырмыз.
Жұмабек ақсақал ұлттық өнер жанашыры. Әсіресе домбыра шертіп, халық әндерін орындағанды жаны сүйеді. Ардагер бұл жолы мерекелік тарту ретінде ән шырқап берді.
Авторлары: Рауан Мыңбаев, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтманбетов