«Қайсар» Азия чемпионы атанды
Қолдобынан Алматы қаласында өткен әйелдер командалары арасындағы құрлық біріншілігінде 5 команда 5 күн бойы кім мықтыны анықтаған еді. Топтық турнирден сүрінбей өткен төрт команда өзара финалдық жолдаманы сарапқа салды.
Сыр елінің қолдобы шеберлері жартылай финалда Өзбекстанның «Узбечкасын» 40:16 есебімен ұтса, жергілікті «Достық» Үндістанның «Голден Иглз Бхарат» командасын 31:26 есебімен жолдан тайдырды. Ал финалда «Достық» «Қайсардың» қарқынына төтеп бере алмады. Қызылордалықтар 3 дүркін құрлық жеңімпазы атанса, Азия біріншілігіне алғаш рет қатысып отырған алаң иелеріне күміс бұйырды. Қола үндістандықтардың қанжығасында кетті.