Урбанизация үрдісінің өзекті мәселелері Астана экономикалық форумында талқыланбақ
АҚШ халқының 80 пайызы қалада тұрады. Салдарынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды газ көлемі артып, экологияға залал келтірілуде.
Урбанизация қоғамдық көлік қозғалысы, инфрақұрылым мен әлеуметтік-экономикалық жағдайға да әсер етеді. Қалалардың тұрақты дамуы туралы форумда БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед осылай деді. Мамандар көші-қонды тиімді жүргізу жолдарын іздеп әлек. Бұл мәселе Астана экономикалық форумында талқыланбақ.
Амина Мохаммед, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары:
- Қазір әлемдегі 4 млрд-қа жуық адам қалаларда тұрып жатыр. Бұл көрсеткіш күн өткен сайын арта берері анық. Мәселен, 2050 жылға қарай мегаполис тұрғындары 6 млрд-қа жетеді деп болжанып отыр. Сондықтан қазірден бастап бұл үрдісті тиімді жүргізу жолдарын табуымыз керек және ол тұрақты дамудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс.