Отандық сарапшылар АЭФ аясында талқыланатын тақырыптарды жан-жақты қарастырып жатыр
Форумда «жасыл» технологияларды әзірлеу және оны жүзеге асыру төңірегінде мәселелер көтерілмек.
Әлемде энергетика саласында шикізат қорының сарқылуы салдарынан қазірдің өзінде бірқатар мұнай-газ компанияларына балама энергия көздеріне инвестиция салуға және корпоративтік қорларды құруға түрткі болып отыр. Ғалымдар қазіргі жылу және қуат көздерінің сарқылатынын толық мойындап отыр. Алайда экологияға зиянсыз жаңа технологияларға көшу әлі де әлем бойынша бұқаралық сипатқа ие бола қоймаған.
Айгүл Соловьева, ҚР Экологиялық ұйымы басқармасының төрайымы:
- Қазақстан – әлемдегі «жасыл» экономиканы қолдаушы елдердің бірі. Бізде «жасыл» экономикаға көшу жөнінде тұжырымдама бар. Демек, біз «жасыл» экономиканы сөз жүзінде ғана қарастырмай, оның тетіктері мен қағидалары ескерілетін ұсыныстарға көңіл бөлуіміз қажет. Астана экономикалық форумына келген сарапшылардан бұл саланың әлемде қалай дамып жатқаны жайлы көп мағлұмат пен ұсыныс туралы білуге болады.
Қазірден отандық сарапшылар форум аясында талқыланатын тақырыптарды жан-жақты қарастырып жатыр. Бұл ретте инновациялық ұсыныстар мен тегеурінді технологияларды экономиканың барлық саласына енгізудің маңызы зор.
Булат Столяров, «Астана экономикалық форумы» ұйымдастыру алқасының продюсері:
- Әлемдік экономика тез өзгеріп жатыр. Бұл өзгерістер әр елдің экономикасы, әлемдік алпауыт корпорациялардың даму бағдарламасы, тіпті жеке тұлғаның дамуына әсер етіп жатыр. Сол себепті біз форум тақырыбын Еуразияның, соның ішінде Орталық Азия мен Қазақстанның дамуына арнап отырмыз.
Жаһандық экология мәселесімен қатар Астана форумында ұлттық экономикалық даму бағдарламасын құру тақырыбы да талқыланбақшы.
Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов