Астаналық экономикалық форумының басталуына 6 күн қалды
Астана экономикалық форумында қаралатын көп тақырыптың бірі осы.
Блокчейн – желіде ақпараттарды сақтайтын блоктар тізбегі. Қазір ол түрлі криптовалюталарда транзакциялар жүргізуге қолданылып жүр. Ал «криптовалюта» дегеніміз – кәдімгі электронды валюта.
Экономиканы цифрландыруға бет бұрған біздің ел үшін бұл жаңашылдықтармен жіті танысу маңызды. Алты күннен соң басталатын саммитте бұған жақсы мүмкіндік туады.
Есет Бутин, Қазақстандық блокчейн және криптовалюта қауымдастығының президенті:
- Бұл форумда осы нарықтың қажеттілігін және оның реттелуінің маңызды екенін айтқымыз келеді. Бұл нарықта Қазақстанның тәжірибесі аз. Сондықтан бізге халықаралық сарапшылардың пікірі маңызды. Сонымен қатар Ұлттық банк пен «Астана» қаржы орталығының осы нарыққа деген көзқарасы қандай екенін білу қажет.