Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астаналық экономикалық форумына қатысты
Әлемнің айтулы саясаткерлері мен ғалымдарының басын қосқан халықаралық шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, жаһандағы сын-тегеуріндерге тиімді жауап іздеу турасында өз ойын білдірді.
Мемлекет басшысы қазіргі әлем дамуының басты 5 мега трендіне тоқталды. Атап айтсақ, адамзаттың барлық аспектісінің сандық жүйеге көшуі, әлем халқының жылдам өсуі, урбанизация мәселесі, баламалы энергия көздерін пайдалану, сондай-ақ еңбек нарығының трансформациясы. «Бұл – жаңа заман талабы, оған төтеп беріп, тұрақты даму жолына түсу үшін мемлекетаралық диалог маңызды», – дей келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі форум келер күннің көкжиегін қаузап, оқшау ой қалдыратынына сенім білдірді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- 11-ші рет форум әлемдік экономиканың инвестициялары мен инновацияларының ең маңызды мәселелерін талқылау алаңы болып отыр. Былтырғы форумнан бері біз әлемдегі орасан зор өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Жаңадан текетірес конфронтациялар пайда болуда. Мемлекет арасында келісімге келу қиындап бара жатыр. Әсіресе үлкен мемлекеттер арасында. Өзара сенбеушілік, қарсыластықтың ұстанымын түсінуді қаламау жиі орын алуда. Бұл – әлем үшін өте күрделі кезең. Сондықтан осы қиындықтарға қатысты мәселелерді әділ және объективті түрде талқылаудың әр мүмкіндігі адамзат үшін өте маңызды.