«Астана» халықаралық қаржы орталығына шетелдік компаниялар тіркелуде
Бұл туралы бүгін Астаналық экономикалық форумында белгілі болды. Оны құру туралы бастама 2015 жылы көтерілген. Аз уақытта тиісті заңдар қабылданып, арбитраждық орталық іске кірісті. Биржа құру да қолға алынған. Арнайы бағдарлама арқылы Нюь-Йорк, Шанхай сынды әлемдік қаржы орталықтарымен байланыста жұмыс жасалмақ. Осы артықшылықтарды бағалай білген Шығыс Азия елдерінің 13 компаниясы қазірден «Астана» халықаралық қаржы орталығының тіркеуінен өткен. Мамыр айында тағы 30 өтініш түскен. Жыл соңына дейін олардың қатары жүз, алдағы үш жылда 500-ге жетеді деп болжануда.
Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
- Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2004 жылы Дубай орталығы құрылғанда онда 40 компания болды. Бүгінде олардың қатары екі мыңның үстінде. Осыған қарағанда біздің аяқ алысымыз айтарлықтай тәуір.
Стивен Глинн, АХҚО комитетінің бас директоры:
- Орталық жұмысын дамыту үшін қажетті басты алғышарттар жасалды. Енді оның жұмысына шетелдік компаниялар қаржыларды тарту керек. Бүгінгі форумға беделді делегаттардың қатысуы Қазақстан бастамаларын мақұлдайтындығын білдіреді. Олар маған өздерінің оң пікірлерін білдіруде.