«Хабар» арнасы комедия жанрындағы «Сырластар» телехикаясын ұсынады
Кейін олар достасып, жиі қатынасып тұрады. Кейіпкерлердің әрқайсысының өз тағдыры, қуанышы мен мұңы бар. Өзара сырласып, шер тарқату үшін бір жерде кездесіп тұрады. «Жалпы бұл телехикая әйел басындағы күнделікті күйбең тірлікті көрсетеді», – дейді режиссер.
Еділхан Төлешев, режиссер:
- Режиссер ретінде бұл – менің алғашқы жұмысым. Тәжірибелі актерлер шақыртылды. Түсіру тобы да ұйымшыл. Түсіру жұмыстары сәтті болады деген сенімдемін.
Еділхан Төлешев екі жыл Францияда білім алып, кино түсіру өнерін үйреніп, комедия жанрының қыр-сырын меңгерген. «Сондықтан бұл сериал қызықты болуы тиіс», – дейді шығармашылық топ мүшелері. Бұдан бөлек бала тәрбиесі мен аналардың түрлі мінез-құлқы көрсетіледі.
Тынышкүл Сұлтанбердиева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Біз кішкентай күнімізден аналарымыздың қабағына, «әй» деген сөзіне тоқтап өскен балалармыз ғой. Мысалы мен өмірде мұндай қатаң кісі емеспін. Балым рөлі олай емес, бұл кісі қатаңдау. Жіберген қателікті, дұрыс істелінбеген нәрсені кешіре алмайды. «Әй» деп қаттырақ айтып қоятын кісі.
Жалпы «Сырластар» телехикаясы 12 сериядан тұрады. Жоспарға сәйкес, көрермен назарына келер жылдың ақпан айында ұсынылады.
Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбай