«Бизнеске бағыт»
Өз бизнесіңді ашқың келеді, бірақ неден бастау керек екенін білмейсіз бе? Бизнесті бастау үшін қанша қаражат қажет? Құжаттарды рәсімдеу үшін қайда барып, кімнен кеңес алу керек? «Бизнеске бағыт» бағдарламасы кәсіп бастаудың қыр-сырын үйретіп, осындай сан сауалға жауап береді.
Бағдарламаның мақсаты – кәсіп ашып, өз бизнесін бастағысы келетіндерге кәсіпкерліктің негізін үйретіп, бизнес-жоспар құруға нұсқау беру. Сондай-ақ жас кәсіпкердің қаржылық сауаттылығын арттырып, табысқа кенелудің ережелерін бағамдайды.
Бағдарлама екі бөлімнен тұрады. Алғашқы 15 минутта кәсіп бастау үшін қажет болатын маңызды теориялық ақпараттар (мәселен кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар, ИП ашудың жолдары, салықтан босатылатын кәсіп түрлері және т.б) айтылса, екінші бөлімде белгілі бір кәсіп иесінің табысқа жету жолында еңсерген қиындықтары мен тығырықтан шығу жолдары көрсетіледі.