«ҚЫЗЫҚ times»
Айтқан әзілге, жасаған қалжыңына өкпелемей, езу тартып, күлімдеп қабылдайтын болсаңыз, әзілді түсінесіз деген сөз. «Қызық Times» жоба авторлары осындай әзілді түсінетін, жайма-шуақ мінезді адамдарды көгілдір экран алдына шақырады.
Жүргізуші Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабектің айтуынша, үнемі қабағы ашылмайтын адамдарды да күлдіру қолдарынан келеді. Себебі көтеріңкі көңіл-күй мен күлкі – жанға шипа болатын нағыз дәрумен.
Бағдарлама форматы әдеттен тыс қызықты сұхбат мен әзіл-сықақтан, ерекше жанрдағы көрсетілімдер мен күлкілі бейнебаяндардан тұратын болады.
Мағыналы сұхбат, астарлы қалжың, қызықты ойындар мен ерекше айдарлар тек біздің арнада!
Бағдарлама жүргізушілері: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек