«Ұлы дала өркениеті»
«Ұлы дала өркениеті» ток-шоуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» стратегиялық мақаласына арналған және онда түркі мәдениеті жайлы кеңінен айтылып, сарапшы пікірлерімен бөліседі.
Жобаның көздеген түпкі мақсаты – ұлттық тарихты білу арқылы болашаққа жол салу, өзге елдердің мәдениетімен бәсекелестігін арттыру. Бағдарламаға отандық белгілі тарихшы-ғалымдар, этнографтар шақыртылады. Шетелдік сарапшылармен тікелей байланыс орнатылып, пікірлері тыңдалады. Жүргізушісі – белгілі саясаттанушы, тележүргізуші Саят Жөкен.