«Мерейлі отбасы - 2024». Күнделіктер
Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма», оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да — отбасы. Олай болса, отбасы — кез келген мемлекеттің, кез келген халықтың бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі.