«Өз елім»
Ұлан байтақ өлкеміздің миллиардтаған адамды асырарлық потенциалы бар. Басты мәселе – оны дұрыс пайдалана білу. Тығыз қоныстанған оңтүстік аймақтан халқы сиреген солтүстікке қоныстандыру – мемлекеттік бағдарлама. Көшіп келген мамандар өз шаруасын дөңгелетіп алып кетуде. Жетістікке жеткендер кейінгі жастарға қашанда үлгі. Жақсының артынан ерген жас адаспақ емес.
Солтүстік аймақтағы аграрлық кәсіптің оңтүстікте жинақталған бай тәжірибемен алмасуы оң нәтиже беріп жатыр. Қоныстанушы мамандар мемлекеттік бағдарламаның дер кезінде жасалған дұрыс бағдарлама екенін дәлелдей түсуде. Телехабар көшіп барғандардың жетістікке толы тұрмысын көпке үлгі етпек.