«Qalamaimyn»
«Qalamaimyn» бағдарламасы – «Хабар» арнасы ұсынған қазақи нақыштағы тұңғыш ток-шоу. Бағдарламада жастарға ұлттық дәстүр дәріптеліп, өнегелі өсиеттер айтылады, бастысы екі жастың шаңырақ құруына себепші болады.
Айта кетейік, бағдарламаның бірінші маусымында жеңіске жеткен жас отау елорда төрінен баспаналы болды.
Бағдарлама жүргізушілері: Бауыржан Ибрагимов және Дариға Бадықова.
Шаңырақ көтеруге бел буған ғашықтардың махаббат оқиғасына, құдалардың таныстығына бірге куә болайық!