«Сана»
Кез келген елдің мықты да мығым болуы оның ана тілі, тарихтан тағлым алған әдет пен ғұрпы, ұлттық құндылықтарының өміршеңдігімен өлшенеді. Алайда адам санасы өзгермей, өмірді, қоғамды өзгерту мүмкін емес. Мәңгілік ел болу үшін не істеуге тиіспіз? Біздің бірегейлігіміздің тірегі неде?
«Сана» ақпараттық-танымдық бағдарламасы осы және өзге де сауалдарға жауап іздейді, сарапқа салады. Сондай-ақ әр шығарылымында Қазақстанның киелі жерлерін назарларыңызға ұсынады.
Жүргізушісі: Дәурен Бабамұратов