Тікелей эфир Ләйлә Сұлтанқызымен
Түрленген тағдырлар, шешімін таппай жүрген түйткілдер. Уайым-қайғы, наз бен реніштер. Адамның өмір жолындағы күресі. Үздіктердің ақыл-кеңесі, бағдары мен сырлары.
Табиғатынан таңсық біртумалар. Өзекті ақпарат пен жүйрік ойларды «Тікелей эфир» форматында тамашалай аласыздар!
Бағдарлама мақсаты – қоғам назарына ілінген ерекше оқиғалар мен кезек күттірмейтін мәселелердің тобықтай түйінін табу, кейстерді арнайы мамандардың, соның ішінде психологтар мен заңгерлердің елегінен өткізу.
Сондай-ақ күні кеше болған маңызды шаралар, еліміздің қоғамдық саяси және мәдени өміріндегі атаулы күндер назарымыздан тыс қалмайды. Бағдарлама айтары бар жаңа есімдердің, танымалдық олимпіне шықпаған азаматтардың да ой-пікірін аудитория елегінен өткізеді.
Жанр: Тікелей эфирдегі отбасылық ток-шоу
Жүргізуші: Ләйлә Сұлтанқызы
Жиілігі: Аптасына 4 рет
Ұзақтығы: 60 минут