«Уәде»
Бұқара мен билік арасындағы байланыстың ашық және нәтижелі болуына ықпал ететін жаңа жобаларымыздың бірі – «Уәде» телебағдарламасы. Жаңа маусымда «Хабар» арнасында жарық көретін жоба қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп, оған жауапты сала басшыларымен бірге шешу жолдарын іздейді.
Еліміздегі қордаланған мәселелер зерделеніп, олардың бастапқы және кейінгі жағдайын салыстыратын «Уәде» жобасы халық үніне құлақ асатын мемлекетте белсенді азаматтық қоғамның құрылуына өз үлесін қоспақ.