×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 135

Мұрағат

«Өмір жолы». Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев

«Өмір жолы». Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев

Бейсенбай Кенжебаев 4 қазанда 1904 жылы Бөген ауылы, Ордабасы ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ғалым, филология ғылымының докторы, профессор. 1925 жылы Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін, Әдебиет институтының 2-курсын, 1942 - ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген.

«Жас қайрат», «Лениншіл жас», «Кеңес туы», «Оңтүстік Қазақстан», «Социалистік Қазақстан», т.б. газет-журналдарда бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор, 1938-1941 жылдары «КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ведомостарында» аудармашы, 1941-1944 жылдары Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1961 жылдан бастап, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1975-1987 жылдары осы университетте профессор болды.

«XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократ жазушылары (монография бойынша)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С.Торайғыров, Жамбыл Жабаев, М.Сералин, М.О.Әуезов, С.Шәріповтің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» оқулығын, «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» (1967) жариялады. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, зерттеумен айналысты. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай, қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан (19 ғ.) басталады деген жаңсақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.