Елордалық ғалым жасанды интеллектке негізделген жоба жасады
Нұрзада Амангелді көпжылдық зерттеу нәтижесінде жасанды интеллектке негізделген бірегей жоба жасады. Бұл стартап сөйлеу мен есту қабілеті бұзылған адамдарға көмекші құрал ретінде әзірленген. Жүйе қазақша ымдау тіліне бейімделген. Бір ымның бірнеше нұсқасы бар, әрқайсысы үшін жасанды нейронды желі моделі ойластырылған.
Нұрзада Амангелді, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушысы:
- Ым тілінде көрсететін сөздерін қазіргі замандағы жүйе сол сөздерді бізге текст түрінде түрлендіріп бере алады. Солардың нәтижелерін қосып, біз оны текстті ары қарай дыбысқа айналдырып, екі адамның арасында диалог орната аламыз. Қазір біздің базада 50 сөз бар. Бір сөзді 60 рет жаздық. Болашақта 9000 мың сөзге дейін толықтырайын деп отырмыз. 3000 қазақ тілінде, 3000 орыс тілінде, қалғаны халықаралық тілде.