Елордада тарих институтының ғалымдары бас қосты
«Жеке мемлекет құру, ондағы қазақтың рөлі, экономикалық дербестік. Бұл бастама 33 жыл бұрын егемендік туралы декларацияда көтерілген»,- дейді сарапшылар. Елордада тарих институтының ғалымдары, профессорлар бас қосқан жиында тарихи құжаттың мән-маңызы айтылды. Одан бөлек, дүниежүзі бойынша араб, парсы, шағатай тілдерінде табылған деректерге де тоқталды. Мәселен, Францияның ұлттық кітапханасынан Қасым ханның әйелі Айшаның қолжазбасы арнайы алдырылған. Сайф Сарайдың өлеңдері мен Кенесары ханның құран кітабы да көрмеге қойылды.
Жандос Болдықов, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры:
- Тек үлкен кісілердің арасында емес, жастардың болашаққа деген декларацияның маңыздылығы, жалпы тәуелсіздік алғандағы қиын жағдайлар соның барлығын айта түсіндіру біздің негізгі мақсатымыз. Бізде арнайы мамандар бар, сол араб, парсы, көне тілдерді білетін. Солардың барлығы келіп, түсіндіріп береді. Қазақстандағы ең үлгі, бірінші лаборатория деп айтуға болады. Кітаптарды қалпына келтіру лабораториясы. Кенесары ханның құраны елге оралғанғанын. Қалпына келтіру жұмыстарын жасап шықтық толығымен.