Ақмола облысында туристер мінген автобус апатқа ұшырады

  • 9
  • 15.06.2026, 19:55

Бурабайға бағыт алған туристер мінген автобус жол-көлік апатына ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, автобус қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. 11 адам жарақат алған. Оның ішінде 9 жолаушы автобус ішінде болса, 2 адам жеңіл көлікте болған. Зардап шеккендер Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Жарақат алған 7 адам емханадан үйіне шығарылған. Осы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар өңірде жыл басынан бері жол ережесін бұзған 300-ге жуық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Данияр Аманжол, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

-Алдын ала мәліметтер бойынша автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан. Одан кейін ағашты басып өткен. Жол-көлік апаты бойынша тексеру жүргізілуде.