Бүгін Астанада бас қосқан сарапшылар заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңнаманы жаңғыртудың өзекті бағыттарын талқылады. Заң шығару қызметін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету тетіктері де сөз болды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе мен қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Серік Ақылбай, республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы:
-Конституциялық нағыз керек заңдарды қабылдадық. Яғни жаңа Конституция бойынша жұмыс істей бастаймыз. Адамның құқығын ең басты мәселе ретінде атап өтті. Сосын маған өте ұнайтыны Конституцияға кіріспе. Байырғы қазақ жерінде деген сөз маған қатты ұнайды.