Жыл басынан бері Абай облысында 31 бала ересектердің әрекетінен зардап шеккен. Өңірде сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық көбейген. Осыған байланысты облыстық прокуратура оқушыларға арналған жазғы іс-шараларды қолға алып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастар форумын өткізіп, балаларға лагерьде тегін демалыс ұйымдастыры. Мамандардың айтуынша мұндай бастамалар құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Асхат Орақбаев, облыстық Прокуратура басқармасы бастығының орынбасары:
- Облыстық прокуратураның бастамасымен әлеуметтік осал санаттағы балаларға және ерекше қажеттілігі бар жеткіншектер үшін футболдан «Елімай» мен «Ордабасы» арасындағы матчқа мың тегін билет берілді. Ойын барысында стадионда профилактикалық бейнеролик көрсетіліп, «Заң мен тәртіп» баннері орналастырылды.