Тараптар «Хабар» Агенттігі мен «UB Pictures» арасында медиа контент алмасуға, сондай-ақ бірлескен көркем фильмдер мен сериалдар түсіруге қызығушылық танытты. «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли өз кезегінде Хабар шығарған телехикаялар мен фильмдер Қазақстанда ғана емес шетелде де танымал екенін атап өтті. Агенттік дистрибуция жолдарын шетелдік серіктестермен бірлесіп үнемі қарастырып отырады. Хабар қорындағы түрлі форматтағы телеөнімдер талғамы жоғары көрермендердің көңілінен шығып отыр. «Хабар» АҚ басшылығы мен моңғол делегациясының өкілдері екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға және жасасқан меморандум шеңберінде жұмысты жандандыруға келісті.