«Хабар» телеарнасы Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметі Орыс редакциясы Жаңалықтар бөлімінің І-санатты тілшісі
(уақытша)
Локация
Астана қаласы, Кунаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
Бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Журналистика, БАҚ саласында кемінде 3 жыл өтілі болған жағдайда арнаулы орта білім
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Теледидар саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу
Кандидаттарды іріктеу кезеңдері
I кезең – алдын ала іріктеу:
1. 3–5 бейнематериал ұсыну:
– стендаппен жасалған жаңалық сюжеттері,
– арнайы репортаждар,
– бағдарлама үзінділері (бар болса).
2. Жұмыс тәжірибесін растау:
– сюжеттер дайындауға қатысу,
– арнайы репортаждардың авторы болу,
– телебағдарламаларға сценарий жазу.
3. Әлеуметтік желідегі белсенділік:
– кәсіби парақшаның болуы,
– жазылушылар саны,
– журналистикаға қатысты жарияланым үлгілері.
II кезең- бөлім басшымен әңгімелесу.
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) жаңалықтар шығарылымын дайындау және эфирге шығару процестерінің бекітілген схемасына және ақпараттық-талдамалық бағдарламалар шығару үшін сюжетті/ЗКТ/графиканы құру процесінің схемасына қатаң сәйкестікте сюжетті/сюжеттің бір бөлігін өндіру бойынша жұмысты уақтылы және сапалы жүргізу;
2) аудио, графикалық және бейневизуализацияның қосымша құралдарын пайдалана отырып, арнайы репортаждар шығару жұмыстарын жүргізу;
3) күннің ақпараттық бейнесін қадағалау, барлық өзекті оқиғалардан хабардар болу;
4) эфирге сюжеттерді уақтылы және сапалы дайындау, оларды түсіруді, монтаждауды, мәтінді жазуды және аударуды жүзеге асыру;
5) редакциялық тапсырмаға сәйкес сюжетті немесе сюжеттердің қажетті бөліктерін (өзінің/әріптестерінің) түсіруге шығу;
6) журналист пен телеоператор арасындағы тиімді жұмысты қамтамасыз ету, телеоператорға түсірілетін материалдың тақырыбын, түсірілім орнын, түсірілім форматын, материалдың шығармашылық жағын, стендап түсіру нұсқалары мен оның мазмұны туралы алдын ала хабардар ету;
7) оқиға орнына келген соң ақпарат жинауға кірісу, түсірілім тобының, телеоператордың, жарық қоюшының жұмысын ұйымдастыру;
8) қол жетімді байланыс құралдарының көмегімен көзделген түсірілім шарттарының (уақытының, орнының, мән-жайларының) өзгеруі туралы басшылықты хабардар ету;
9) түсірілім аяқталғаннан кейін АСБҚ бас редакторына, АСБҚ директорының орынбасары-басшысына түсірілім нәтижелері туралы, сондай-ақ түсірілім мазмұны мен болған оқиға туралы шығарушы редактор мен жетекші авторға хабарлау;
10) түсірілімнің нәтижелері мен мазмұны туралы басшылықты хабардар еткеннен кейін сюжет мәтінін дайындауға, редакцияға келгеннен кейін - жалпы материалмен жұмыс істеуге кірісу;
11) өзіне сеніп тапсырылған репортажға (немесе репортаждың сеніп тапсырылған бөліктеріне), оны өндіру мерзімдеріне, материалдың форматына, оның сапасы мен шынайылығына жауап беру;
12) алынған тапсырмалардың сапалы орындалуына және өзінің мәтіндерін, видеоларын, титрлерін, графикалық элементтерін (карталар, слайдтар, фотосуреттер және т.б.) және шығарушы редакторға бекіту/қабылдамау, түзетулер енгізу және эфирге беру үшін қарауға және өңдеуге арналған эпизодтарын (блоктарын) уақтылы тапсыруына жауап беру;
13) басшылықтан алған тапсырмаларына байланысты сюжеттер мен хабарлардың түрлі элементтерін дайындау: досье, кірістірмелер, субтитрлер, аннотациялар және т.б.
14) монтаждау процесіне және бейне/фото/мұрағаттық және кез келген өзге материалды іріктеуге қатысу;
15) daletnews ақпараттық-талдау бағдарламаларын шығаруды автоматтандыру жүйесінде жұмыс жүргізу және материалды ресімдеу;
16) қажет болған жағдайда мәтіндік материалды өңдеу және қысқарту;
17) бейнематериалды дайындау кезінде орыс, қазақ тілдерінің грамматикасы мен стилистикасының (тілдік мамандануына байланысты) талаптарын мүлтіксіз сақтау, дауыссыз мәтін мен стендап жазбаларын тілдің орфоэпиялық және грамматикалық нормаларына қатаң сәйкестікте жүргізу;
18) тікелей қосуларда жұмыс істеу;
19) тікелей қосу нүктесінде қосу басталғанға дейін 20 минут бұрын және бүкіл қосу кезінде болу;
20) жұмыс барысында сюжеттер бойынша туындаған қиындықтар, оларды шешу жолдары, жаңадан мүмкіндіктер және т.б. туралы ақпарат беру;
22) ақпарат көздерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттіктерінің таспаларын, интернет пен басқа да қолжетімді дереккөздерді пайдалана отырып, ақпарат іздеумен айналасу;
23) сұхбаттарды ұйымдастыру және өткізу;
24) қажет болған жағдайда сұхбат сұрақтарын дайындау және бағдарламаларға қоғам қайраткерлерін, ғылым мен мәдениет өкілдерін, жетекші мамандар мен сарапшыларды қатыстыруды қамтамасыз ету, олармен эфир барысында жұмыс істеу;
25) арнайы репортаждар, очерктер мен шолулар жасау үшін өз (бастамашыл) тақырыптарын ұсыну;
26) ақпараттық-талдамалық бағдарламаларға арналған сюжеттерді дайындауда креативті көзқарас таныту.
Өтемақы пакеті
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.
Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.