Халықаралық ынтымақтастық, дистрибуция және сатып алу департаментінің бас менеджері (уақытша)

  • 15
  • 21.08.2026, 14:36

Халықаралық ынтымақтастық, дистрибуция және сатып алу департаментінің бас менеджері (уақытша)

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1)               халықаралық телевизиялық ортаны, кабельдік, спутниктік, IPTV телевидениесі қызметтері нарығын және телеарнаны таратудың өзге де тәсілдерін қадағалайды және олар туралы ақпаратты меңгерген, шарттардың жасалуын жүзеге асырады, халықаралық телевизиялық ортаға талдау жүргізеді және ұсынымдар енгізеді, ақпаратты меңгерген;

2)          Қоғамның халықаралық нарықтағы стратегияларын әзірлейді және оның халықаралық нарықтағы қатысуын/шығуын кеңейтеді, бұл ретте маркетингтік, өнімдік, қаржылық құрамдас бөліктерді, сондай-ақ Қоғамның арналары мен контентінің ерекшеліктерін, телеиндустриядағы жаңа үрдістерді ескереді;

3)          Департамент пен Қоғамның мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыттар мен жобаларды, оның ішінде шетелдік компаниялармен бірлескен өндіріс (ко-продакшн) жобаларын іздейді;

4)          Қоғам ынтымақтастық орнатқан елдердегі ішкі ахуалды қадағалайды;

5)          Департаменттің халықаралық кездесулерін, конференцияларын, симпозиумдарын, кеңестерін ұйымдастырады;

6)          қажет болған жағдайда келіссөздерді, құжаттар мен басқа да материалдарды ағылшын тілінен орыс және/немесе қазақ тілдеріне немесе керісінше ауызша және жазбаша аударуды жүзеге асырады;

7)          Қазақстан Республикасындағы елшіліктермен, басқа мемлекеттердің өкілдіктерімен, халықаралық қауымдастықтармен, мәдени орталықтармен жұмыс жүргізеді;

8)          Департамент қызметкерлерінің бірі болмаған жағдайда дистрибуция және халықаралық ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыстың үздіксіз жүргізілуін ұйымдастырады;

9)          халықаралық ынтымақтастық пен дистрибуцияны дамыту мәселелері бойынша шетелдік серіктестермен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

10)      директордың орынбасарының, Департамент директорының, мемлекеттік органдардың, аудиторлық қызметтердің, Қоғам басшылығының сұраулары бойынша халықаралық ынтымақтастық және дистрибуция мәселелері бойынша талдамалық есептерді, баяндамаларды, презентацияларды дайындайды;

11)      халықаралық үрдістерге мониторинг жүргізеді және зерттейді, оларды Департаменттің жұмыс процесіне енгізеді;

12)      ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес тәуекелдерді үйлестіруші (тәуекел-координаторы) функцияларын жүзеге асырады;

13)      жаһандық халықаралық оқиғаларға және олардың халықаралық қатынастарға ықпалына талдау жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Сату, халықаралық қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- KPI нәтижелері бойынша сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.