Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«24KZ» телеарнасы Жаңалықтар бөлімінің II санатты тілшісі (уақытша)

  • 47
  • 06.11.2026, 18:01

«24KZ» телеарнасы Жаңалықтар бөлімінің II санатты тілшісі.. (уақытша)

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

сұхбат кезіңде

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1) Елдегі және әлемдегі оқиғаларды жедел қадағалау, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, баспасөз қызметтерімен және басқа да ақпарат көздерімен өзара іс-қимыл жасау, ақпарат жинау және оның шынайылығын тексеру.

2) Түсірілім жұмыстарына, оның ішінде іссапарларға шығу, түсірілім тобының жұмысын үйлестіру, редакциямен тұрақты байланыста болу, жоспарланған түсірілімдер мен олардың шарттарындағы өзгерістер туралы уақтылы хабарлау.

3) Жаңалық сюжеттерін және өз бастамасымен әзірленген авторлық материалдарды дайындау, ресми ақпарат көздерімен, архивтермен және көрермендердің өтініштерімен жұмыс істеу, редакциялық стандарттарды, грамматика және стилистика нормаларын, сондай-ақ белгіленген мерзімдерді сақтау.

4) Сұхбаттар жүргізу, креативті стендаптар жазу, тікелей қосылымдар жасау және студиялық эфирлерге қатысу, жүргізушілермен өзара іс-қимыл жасау, сөйлеу мәнері мен эфирлік бейнеге қойылатын талаптарды сақтау.

5) Мәтіндерді шығарушы редактормен келісу, сұхбат үзінділерін іріктеуді қоса алғанда, материалдарды монтажға өз бетінше дайындау, монтаждың барлық кезеңдерінде оның сапасын бақылау.

6) Сайтта жариялау үшін ақпаратты жедел ұсыну, телебағдарламалық өнімдерді өзінің әлеуметтік желілерінде анонстау және контентті талқылауға қатысу, дайын материалдарды архивке уақтылы тапсыру.

7) Цифрлық шешімдерді, автоматтандыруды және жасанды интеллект технологияларын енгізуге қатысу, бейінді құрылымдық бөлімшемен өзара іс-қимыл жасау, қажетті деректер мен ұсыныстарды ұсыну.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі (MSS) дәрежесінің болуы құпталады.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл болуы тиіс. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білімі болған жағдайда жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- KPI нәтижелері бойынша сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz

 немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.