Берік Уәли
Директорлар кеңесінің төрағасы
1977 жылы туған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты (1997), «Кинотану» мамандығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, магистр дәрежесі (2005), «Журналистика» мамандығы
Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті (2014), «Құқықтану» мамандығы
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
1997 «Таң» телекомпаниясында «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі;
НТК телеарнасындағы «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы;
2000-2007 жылдары «31 канал» телерадиокомпаниясында «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының жауапты редакторы, бас редакторы, жүргізушісі;
2009-2012 жылдары «Нұр Медиа» ЖШС Жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы;
10.2012ж.-08.2015ж.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің жетекшісі;
08.2015 ж.«Нұр Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі;
2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі,Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы;
22.03.2019-03.2022 Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;
2022-2023 жылдары «Хабар» Агенттігі » АҚ Басқарма Төрағасы;
09.12.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы;
«Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
«Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Басқа лауазымдары:
«Еркін сөз» бағдарламасының авторы, «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуының «Хабар» телеарнасындағы « Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, «Аманат» интеллектуалдық клубының жетекшісі, «НұрОтан» сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі (14.06.2022 ж.)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің (2022) және 5 мерекелік медальдің иегері.
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.