Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасынмен болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с бұрқасынмен күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.