Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады
Кей жерлерде жел бұрқасынмен күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 30 м/с аса күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде қатты болады, жел 15-20 м/с, екпіні 25, кей жерлерінде 30 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жер 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-25 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.
Қостанай облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау,Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с, күшейеді.