Еліміздің бірқатар аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады
Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болуы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел батыстан, солтүстік-батыстан күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +26+28°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С болады.
Ақпарат көзі: Қазгидромет