Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Елдің батысында, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтілсе, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кызылорда облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіліп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерінде найзағай болады, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде найзағай, тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 18 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.