Өзбекстан. Жалаңтөс Баһадүрдің мазары. «Бабалар ізімен»
Ұлы даланың ұлы қолбасшысы 1576 жылы Сырдария өзенінің бойындағы Нұрата аймағындағы қазіргі Қызылорда қаласынан аса алыс емес жерде дүние есігін ашып, 1656 жылы 80 жасында Самарқанд шаһарында қайтыс болыпты. Оның азан шақырып қойған есімі – Әбдікәрім. Жауға қарсы жалаңаш кеудесімен шапқан батырды халық «Жалаңтөс» атап кеткен. Бұл қайсарлық пен ержүректіліктің синонимі іспетті.