«Жеті күн». П.Порошенконың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары. Қазақстан-Украина кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті
Сюжеты
1.Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Украина президенті П.Порошенкомен кездесті
Көп мәселе бойынша ортақ ұйғарым бар. Қазақстан мен Украина арасындағы қарым-қатынасты Нұрсұлтан Назарбаев осылай сипаттады. Елімізге алғаш рет ресми сапармен келген Украина президенті Петр Порошенконы Елбасы Ақордада бар сән – салтанатпен қарсы алды. Кейін жеке кездесті. Айта кетейін, Мемлекет басшылары алдын ала белгіленген уақыттан айтарлықтай артық әңгімелесті. Екі ел бірлескен өндірістер құруға уағдаласты. Украинаның электр стансаларына қажетті көмір жеткізу жөнінде келісімге келді. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың да байыбына барды. Астанада Тарас Шевченкоға, Киевте Абай Құнанбаевқа ескерткіштер қойылмақ. Әрине, басқасы басқа, Петр Порошенконың Қазақстанға сапары кезінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы ахуал талқыланбай қалмасы анық еді. Өйткені, Елбасы мүмкіндігінше бұл іске бас кезінен белсене араласты. Тараптарды бітімге келуге үндеді. Былтыр желтоқсан айында Киевке арнайы барып қайтты.
Ресей де, Украинада да қақтығысты бейбіт жолмен шешуді құп көреді. Нұрсұлтан Назарбаев: «Басқа балама жоқ» екенін айтып, «Минск келісімі орындалып жатыр, ал «Норманд төрттігінің» соңғы кездесуі көңілге үміт ұялатты» - деді. Зайнұр Байжігіт жалғастырады.
Қазақстан – Украинаның өңірдегі ең ірі серіктесі, Азияға барар қақпасы, дәлірек айтқанда, Қытайдың нарығына жол ашатын әріптесі. Сондықтан ресми Киев елімізбен қатынасқа серпін бермек. Бұл – Петр Порошенконың Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары. Еліміздің бас кеңсесінде оған бар сән-салтанатпен құрмет көрсетілді. Украина президентінің Астанаға жетуінің машақаты көп болды. Киев пен Мәскеу бір-біріне әуе кеңістігін жауып қойған. Сондықтан Петр Порошенконың ұшағы Ресейді айналып, Қара теңіздің үстімен Грузия және Әзербайжан арқылы Қазақстанға келіп қонды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Я приветствую Вас в Казахстане, вы совершаете первый официальный визит по моему приглашению. Отношение казахов к украинцам, Казахстана к Украине всегда было добрым и хорошим и проблем между нашими отношениями не было.
Петр Порошенко, Украина Президенті
-Қазақстандағы украин ұлтының өкілдері өз Отанында жүргендей сезінеді екен. Осыған ерекше алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығын жоғары деңгейде атап өтулеріңізбен құттықтаймын. Бұл қазақтардың тарихынан тамыр алып жатқан мағынасы ерекше мереке деп есептеймін.
Мемлекет басшыларының екеуара әңгімесі протокол белгілеген уақыттан 2 есе асып кетті. Кейін қос мемлекет жетекшілері халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қаузағандарын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сейчас мы в отдельной встрече с Петром Алексеевичом обсудили все вопросы политических сотрудничеств. По многим вопросам нашли взаимопонимания.
Петр Порошенко, Украина Президенті
-Біз Сізбен 40 минут сөйлесуіміз керек еді, алайда белгіленген уақыттан екі есе асып кеттік. Ең алдымен саяси келіссөздерді әрі қарай дамытып, сенім, өзара сыйластық сынды түсініктерді ұстанатыныңызға ризашылығымды білдіремін.
Кездесу нәтижесін қорытындылаған Елбасы: «Украинаның Оңтүстік-Шығысындағы дағдарыс та назардан сырт қалған жоқ», – деді. Нұрсұлтан Назарбаев о бастан қолдан келгенше, соғыс отын өшіруге арағайындық танытты. Былтыр қыста Киевке де барып қайтқан еді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Кез келген қақтығысты бейбіт жолмен шешуді екі жақ та қолдайды. Басқа баламасы жоқ деп санаймыз. Минск уағдаластығы жалпы алғанда, орындалып жатқандығы бізді қанағаттандырады. Әсіресе кейінгі «Норманд төрттігінің» кездесуі үлкен үміт отын жақты.
Петр Порошенко, Украина Президенті
-Міне екі аптадан бері зеңбіректердің дауысы естілмейді. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Біз Минск келісімдерінің өзге де шарттары сақталады деген үміттеміз.
Бүгінде елімізде үш жүз мыңға жуық украин ұлты тұрады. Ал тың игеру жылдарында олардың саны миллионға жеткен. Сондықтан аймақтық қана емес, тарихы ортақ елге айналдық.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Украина үшін осындай күрделі кезеңде біз гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз. Донецкіге де, Луганцкіге де. Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысындағы халыққа азық-түлік жеткізіп келеді. Оны да жалғастыратын болады. Халықаралық Қызыл крест және халықаралық «Укрытие» чернобльдік қоры арқылы қаражат аударылады. Біз бұрын да 2 млн еуро аударған болатынбыз.
Донбастағы қақтығыстардан бірқатар шахта жабылып қалды. Сондықтан Қазақстан көмірден таршылық көріп отырған Украинаға екібастұздық кеніштен көмір бермек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-О поставках угля мы договорились. Определили какая марка дял этого необходима. Наши частные компании между собой договорились. Мы будем продолжать это сотрудничество.
Қазақстан Шығыс Еуропа еліне көмірден бөлек, күкірт, мырыш, темір бұйымдары мен темекі өнімдерін және минералды тыңайтқыштар жөнелтеді. Ал Украинадан электр генераторын, сүт және кондитерлік өнімдер, ет, қант, қара темірден жасалған құбыр, дәрі-дәрмек тасымалдайды. Десе де, екі ел арасындағы алыс-беріс көл-көсір деуге келмейді. 2014 жылы сауда-саттық 2 млрд 900 млн долларды құраса, биыл 9 айдың ішінде бар-жоғы 1 млрд 290 млн доллардың жүгі айналған. Бұл көңіл көншітпейтін көрсеткіш. Енді тараптар оны жандандыруды көздеп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қарапайым саудадан жаңа бірлескен өндірістер құру ісіне көшу жұмыстарын жандандыру керектігі туралы келісімге келдік. Бұл қадам Қазақстанның экономиканы жедел әртараптандыру саясатымен үйлеседі. Сондай-ақ біздің республика мен Украинаның да мүддесіне сай келеді. Қазіргі кезде бірқатар инвестициялық жобалар пысықталып жатыр. Іскерлік байланыстарды нығайту үшін украиналық әріптестер бар күштерін жұмсайды деп сенемін. Қазақстанда қазір 415, ал Украинада 124 қазақ-украин кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр.
Украина бізбен мұнай тасымалын жолға қойғысы келеді. Алайда осы тұста бірқатар кедергілер бар. Құбыр Ресей арқылы өтетіндіктен, Мәскеудің рұқсаты керек.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазіргі болып жатқан ахуал Ресей арқылы жүк тасымалын қиындыққа ұшыратып отыр. Дегенмен, санкциялардың Қазақстанға ешқандай ықпалы жоқ. Екі елдің арасында біздердің қатым-қатынасымыз дұрыс. Басқа мүмкіндіктерді пайдаланып, бұл мәселелерді де шешетін боламыз.
Сондай-ақ Астанаға Тарас Шевченкоға ескерткіш қойылмақ. Ал Украина Киевте ұлы ақын Абайдың құрметіне мүсін орнатуға әзір. Стратегиялық тұрғыдан да екі жақ әлемдік деңгейде бір-біріне әрі қарай демеу болмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Жалпы алғанда сапар қорытындысына көңіл толады деп айтуға болады. Бұл сапар екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты кеңейте беретініне сенеміз. Украина жағы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне өзінің көмегін тигізді. Басқа халықаралық мәселелерде Қазақстан мен Украина бір-бірін қолдайтын болады.
Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенкоға Астананың көрікті жерлерін көрсетті. Украина басшысы «Қазақстан» орталық концерт залын тамашалап, Тұңғыш Президент кітапханасы мен «Астана Опера» театрында болды. Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты келер жылы Киевке келуге шақырды. Елбасы ұсынысты қабыл алды.
Авторлары: Зайнұр Байжігіт, Қанат Әбілдин
2.Қазақстан-Украина кәсіпкерлерінің бизнес форумы өтті
Екі есеге қысқарған алыс-берісті еселеу. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Петр Порошенкомен бірге Қазақстан-Украина бизнес форумына қатысты. Әскери-техникалық саладағы әріптестік жалғасады. Транзиттік мүмкіндіктерді пайдаланып, атом энергетикасы мен ғарыш саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді. Қос елдің кәсіпкерлері форумда бірқатар бағыттар бойынша уағдаласты Индира Жылқайдарова Қазақстан мен Украинаның іскерлік байланысының болашағын бағамдайды.
Индира Жылқайдарова, тілші
-Серіктестікті дамыта түсуге келіскен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина президенті Петр Порошенко екі тараптың кәсіпкерлері жиналған бизнес форумға келді. Қазіргі экономикалық және саяси конъюктураға қарамастан Қазақстан Украинамен әріптестікті жоғары бағалайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы әскери-техникалық, ғарыш салаларындағы байланысты нығайта түсетінін атап өтті. Қазақстан үшін Украинаның географиялық орны да маңызды. Тек соңғы уақытта тауар айналымы азайып кеткенімен, екі тарап та оны қайта ұлғайтуға мүдделі.
Иә, Қазақ елі мен Украина арасындағы тауар айналымы 5,3 млрд доллардан 2,1 млрд долларға дейін, яғни екі есеге азайып кеткен. Қос мемлекет басшыларының кәсіпкерлерді бір ортада тоғыстырып, бизнес серіктестікті жаңғырта түсуді көздеп отырғаны түсінікті. Тараптар ұтылмайтын бірнеше жоба әзір.
Қазақстан мен Украинаның 500 делегаты қатысты форумға. Еуропа мен Азия арасын экономикалық жалғауға қауқарлы екі елдің берері көп бір-біріне. Машина жасауда мығым Украинадан тау-кен, тамақ өнеркәсібі, геологиялық барлау салаларында үйренеріміз де біршама. Жаһан экономикасы қалт-құлт етіп тұрған алмағайып уақытта Қазақстан алыс-жақын елмен серіктестікті тыймай, керісінше, тиімді әріптестіктен қол үзбеу қажеттігін Елбасы талай айтып жүр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Нам всем нужен новый импульс расширения наших деловых контактов. Географическая близость наших стран, общая история позволяет рассчитывать на более тесное сотрудничество. Конечно, мешают этому сегодня транспортные проблемы, конфликт который длится между Украиной и Россией по этому вопросу, вопросы санкций, которые применяются Россией. Но есть желание работать и понимать, и поддерживать друг друга даже в условиях таких трудностей.
Шалт басуға болмайды, ықтимал тәуекелдерге бел буып, экономиканы алға жылжытудың қамын ойлаған Қазақстан қолайын тауып, инвесторларға жеңілдік жасап-ақ жатыр. Елбасы мұны кәсіпкерлердің қаперіне салды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Для инвесторов, которые идут на то, чтобы участвовать в этой программе, созданы самые уникальные условия, низкие налоги, вы, наверное, знаете, что корпоративный налог у нас 20%, подоходный налог 10% на всех. Для тех, кто приходит с инвестициями на осуществление этой программы снимаются административные барьеры.
Әрине, Украина көз көрмеген бөтен ел емес, бизнестің тұрақтылық негізінде құрылатыны анық. Осы ретте біздің Президент индустриялды-инновациялық бағдарлама және «Нұрлы жолдың» ашқан мүмкіндіктерін ұмыт қалдырмады. Соңғы 5 жылда 770 жаңа кәсіпорын құрылып, 75 мың жұмыс орны ашылғаны белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде де бизнестің көсегесін көгертуге күш жұмсап отырғанын мысал етті. Көлік логистикасында бірнеше транзиттік бағыттар ашылатынын атап өтті. Қазақстан реформаларын үлгі көретінін Ақордада ашық айтқан Украина президенті бизнес форумда Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді «жарқын сәт» деп бағалады.
Петр Порошенко, Украина Президенті
-Біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіміз екі ел компанияларының серіктестікті дамытуы үшін тамаша сәт. Біреулер қазіргі қиын жағдайда ауыр тиеді деп айтуы мүмкін. Олай емес. Мен болашағы бар нарыққа кім бірінші келсе, сол жеңімпаз дер едім. Біз Қазақстаннан көмір, мұнай алуға келістік. Біз мықты әрі тиімді транзиттік желі құрамыз деп уағдаластық.
Тарифтер төмендетіліп, Жібек жолын жаңғыртар «Қазақстан-Украина» бағыты құрылмақ. Порошенко мырза Қазақстандағы инвестиция саласындағы өзгерістердің тиімділігін бағалап, дәл осындай реформаны өз елінде жүргізуге бекінді. Қазақ кәсіпкерлерінің жекешелендіру процесіне қатысқанын да қалайтынын білдірді.
Петр Порошенко, Украина Президенті
-Программа реформ до 2020 представляет собой обеспечение реформирования 62 сфер. Мы до «100 шагов» Президента Казахстана еще не дотянули, но две трети – 62 из них были запланированы.
Қазақстан Орталық Азиядағы ірі транзиттік-логистикалық хабқа айналады. Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азияны жалғайды. «Нұрлы жол» бағдарламасына алдағы үш жылда 13 млрд доллар құйылмақ. Жоба аясында әуежайлар жаңарып, тұрғын үй, мектеп, ауруханалар бой көтеретіні сөзсіз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-В узком кругу и между делегациями обсудили очень много вопросов сотрудничества на основе доверия и полного взаимопонимания между нашими странами. Мы договорились поддерживать бизнес, когда они хотят вместе работать, находить возможности для увеличения экономических контактов и товарооборота между нашими странами. Желаю успешной реализации достигнутых нами договоренностей.
Бизнес форум аясында екі тарап атом энергетикасы, азық-түлік өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы саласында серіктесуге келісті. Айтпақшы, вагон құрылысы бойынша өзара түсіністікке қол жеткізетін болды. Меморандумға қол қойылды. Украина Қазақстанда «Антонов» ұшақтарын құрастырып, тіпті дайын әуе кемелерін тасымалдауға да ниет білдіріп отыр.
Айварас Абромавичус, Украинаның экономикалық даму және сауда министрі
-Қазақстан мұнай, газ және атом өнеркәсібінен басқа компанияларды жекешелендіруді жоспарлап отыр. Біз де бұл бағытта алға жылжитын боламыз. Стартегиялық емес көп мекемені жекеменшікке өткізбекшіміз. Ондай компаниялар қатары 1800-ге жетеді, қазақ инвесторлары да бұл процеске қатысса деп ойлаймыз.
Қазақстанда Украина капиталы бар 400 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Қазақ тарабы украиналық серіктестерінің білім-білігін үйренуге ниет білдіріп отыр.
Руслан Демчак, Украинаның халықтық депутаты
-Егер Қазақстан Қытайға барар жол ашса, біз Еуропаның терезесін ашуға мүмкіндік береміз. Өйткені қазақстандық бизнесмендер мен мемлекеттік холдингтер Еуропамен визасыз сауда жасау мүмкіндігіне ие украиндық компанияларды сатып ала алады.
Екі ел арадағы тауар айналымды ұлғайту үшін арнайы жоспар да әзірлеп қойды. Оның аясында сауда жәрмеңкелері, көрмелер, іскерлік кеңестер өткізілмек.
Украиналық кәсіпкерлер Қазақстанды барынша тиімді пайдалануға тырысып-ақ жатыр. Үзілістерде бизнестен бөлек, қазақ халқының бейбітқұмарлығын, адалдығын бағалайтындарын айтты.
Евгений Иванов, Украина кәсіпкері
-Мен Украина мен Қазақстан бірін-бірі сыйлайтынын сезіндім. Өйткені екі елдің тарихы ұқсас, бізді көп дүние байланыстырады. Енді алдағы уақытта бірлесе дамудың тетіктерін оңтайлы пайдаланады деп ойлаймын.
Игорь Федченко, Украина кәсіпкері
-Украинада қазақтарды жақсы көреді, себебі қазақтардың бейбітсүйгіштігі ерекше тартады. Қазақ халқының адал екенін байқап келеміз, бізге деген достық қарым-қатынасын көріп, жылы шырай танытамыз.
Сөйтіп Украина Қазақстаннан мұнай, көгілдір, отын, уран концентраты мен көмір алатын болды. Бір-біріне инвестициялық оңтайлы жағдай жасап отырған екі ел амалын тауып транзиттік мәселені де шешуге дайын.
Индира Жылқайдарова, тілші
-Ал қара алтынды экспорттауда қазақстандық мұнайшылар Украинаның транзиттік әлеуетімен танысып, келісімге келу үшін жақында осы елге сапарлайтын болды.
Авторлары: Индира Жылқайдарова, Әнуар Тәуекелов, Айдос Меделбеков
3.Елбасы франциялық «Ле Фигаро» газетіне сұхбат берді
Украинада қалыптасқан күрделі ахуал Елбасының франциялық «Ле Фигаро» газетінің тілшісі Рено Жираруға берген сұхбатында да әңгімеге арқау болды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл елдегі шиеленістің әлі шешімін таппағанын айтты. Бірақ «тараптардың мәмілеге келуіне «Минск-2» келісімі мүмкіндік береді», – деді. Онда Мәскеу мен Киевтің орындауы тиіс міндеттері егжей-тегжейлі жазылған. Мемлекет басшысы Беларусь астанасында өткен кездесуді ұйымдастыру үшін Германия, Украина және Ресей көшбасшыларымен жеке-жеке кездескенін айтты. Франция Президенті Франсуа Олландпен болған басқосуда да осы Украинадағы дағдарысты шешу жайы қаралғанын жеткізді. «Ал Ресейге қатысты қолданылған санкциялар мәселені тек ушықтырып отыр», – деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-От этих санкций страдают лишь люди, которые не имеют ничего общего с украинским кризисом: представители российского малого и среднего бизнеса, а также французские фермеры. Следует отделить политику от экономики. Франция должна сделать все, чтобы воспрепятствовать эскалации напряженности в зоне конфликта и ужесточению санкций. Необходимо продолжить дипломатические шаги для решения этого кризиса.
«Сирия мәселесі де тек бейбіт жолдармен шешілуі тиіс» деген Нұрсұлтан Назарбаев, бұл елдің ішкі ісіне өзге мемлекеттер халықаралық келісімдерге қайшы, орынсыз араласуын доғаруы керектігін айтты. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану бағытындағы бастамаларына да тоқталды. «Аз байытылған уранның халықаралық қорын құру арқылы Қазақстан ядролық қаруды таратпау ісіне тағы бір мәрте қомақты үлес қосты», – деп түйді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Я внес предложение в рамках ООН с МАГАТЭ. Казахстан имеет опыт, имеет огромные запасы урана. Мы чистично обогащаем. Давайте мы сделаем в Казахстане банк низкообогащенного урана. Откуда все страны кто хочет, могли бы получать для мирного использование атомной энергий, получать отсюда топлива. И можно не заниматься этим вопросам каждому. И это мы осуществили. Никаких коммерческих выгод для Казахстана от этого нету. Однака я считаю что мы снова вносим большой вклад в нераспространение ядерного оружия.
4.Тараз – Қазақ хандығының алтын діңгегі
Ата-баба аманатына адалдық! Тараз төрінде торқалы той болды. Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесін ұлт тарихының тамыры тереңде жатқанын әлемге әйгілеу үшін, өскелең ұрпақ тағылым алу үшін өткізіп отырмыз. Тойды өткізуге қатысты Президент түйген ой осы. Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументті ашу рәсіміне қатысты. Алып стелланың тұғырына биіктігі 4,2 метр болатын Керей мен Жәнібек бабаларымыздың мүсіні қойылған. Елдіктің еңселі ескерткіші төл тарихымыздың тереңдігін танытып тұрғандай.
Ұлттың жүріп-өткен жолын ұлықтайтын күнге көп дайындалдық. Былтыр Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырма бергеннен кейін ел аумағында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақтың қалың тарихын жаһанға жарияладық. Конференциялар өткізілді. Экспедициялар басталды. Ақындар өлең өрді. Көрмелер көрсетілді.
Осыдан тура бір ай бұрын Астанада салтанатты жиын болды, Мемлекет басшысы сөз сөйледі. Сол кезде ұлттың тарихында ұрпағы ұялатындай ештеңе жоқ деген болатын. Кеңес Одағы тұсында баба тарихынан алшақтап қалдық, енді тәуелсіздіктің ширек ғасырында өткен күн өрнектерін түгендеуге кірістік, бірақ бұл аз уақыт. Әлі талай ізденіс керек. Тағылымды той өткізіп түрленген Тараздан Мұхтар Ыбырайым тарқатады.
Мұхтар Ыбырайым, тілші
-Тамыры тереңнен бастау алатын көне Тараз шаһары – Қазақ хандығының алтын діңгегі. Осыдан тура 550 жыл бұрын Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар Шу өңіріне қоныстанып, Қазақ хандығының негізін қалады. Қозыбасыда орда құрған қалың жұрттың елдігі мен мемлекеттігі осы өңірден басталады. Демек, мерейлі датаны бұл шаһарда атап өтудің тарихи мәні зор.
Торқалы тойды тойлауға алаш жұрты түгел жиналды. Нұрсұлтан Назарбаев әуежайдан бірден жаңа ескерткіштің ашылу салтанатына беттеді. 13 жыл бұрын тойланған Тараздың 2000 жылдығынан кейінгі өңірде өтіп жатқан ең ауқымды тарихи шара осы – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Елбасы көппен бірге бабалар рухына тағзым етті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Біз кеше ғана бола қалған халық емеспіз. Сонау сақтарған, ғұндардан, түрік мемлекеттерінен, одан кейін Алтын ордадан қалған, Керей мен Жәнібек артына ел ертіп, Шудың жағасына ту көтерген кезде «Қазақ» деген сөз сол кезде шыққан болатын. Соны дүниеге паш ету үшін, әсіресе біздің ұл-қыздарымыз, келе жатқан ұрпақ тарихы терең екенін білсін деп осыны жасап отырмыз.
Тараз жұрты торқалы тойға тыңғылықты дайындалыпты. Тартуы көп. Мерейтойға арналған монументтің тұғыры биік тұр бәрінен. 27 метрлік ескерткіш ақ мәрмәрмен қапталған. Қос тұғырда Керей мен Жәнібектің мүсіні тұр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазіргі қиын-қыстау заманға қарамастан осында, мінекей, үлкен кешен ашып, ескерткіш қойып отырмыз. Осының бәрі біздің ұрпақтың ата-бабаның аманатына адалдығымызды, Ұлы Дала рухына тағзымымызды білдіреді.
Ғасырлар бойы мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз еткен Ұлы Дала хандары мен хас батырлары, би-шешендерінің ұлы мұраттары бүгінгі алаш жұртының асыл армандарымен ұласып жатыр. Тәуелсіз қазақ халқы – сол тұғырлы елдің заңды мұрагері. Сондықтан елдік пен ерліктің, бірлік пен егемендіктің туын желбіреткен бабалардың асқақ рухы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болары хақ. «Сол елдік пен бірлік атадан қалған аманаттың асылы», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Төле би бабамыз айтып кеткендей, «бірлік болмаса, тірлік болмайды». Мынау Қазақ хандығын неге атап жатырмыз, тарихымызға үңілетін болсақ, Қазақтың барлық тарихы – бірігу тарихы. Қазақ басын қосып, біріккен кезде ешбір жауға берілмеген, жеңіп шығып отырған. Қазақтың басы ыдырап, жан-жаққа бөлініп, ел-ел боп кеткен кезде сол кезде жау кеп басып алған. Осы тәлімді біз еш уақытта естен шығармауымыз керек. Бірлігімізді ұстауымыз керек. Біз енді таризхымызда көпұлтты болып қалдық. Ешкімнің кінәсі жоқ. Олардың барлығын ішімізге сиғызып, құшағымызға алып, бір ел қылып, бір жұрт қылып жасап жатырмыз. Сонда ғана болашағымыз біздің айқын болады, жарқын болады.
Терең тарих пен өркениеттің бір бөлігі көне Таразға тиесілі. 20 ғасырдың куәсі атанған ескі шаһар – мәдени мұраның һәм асыл қазыналардың ордасы. Өңірдің бүгінгі екпіні де қарқынды екенін айтты Президент. Тек биылдың өзінде 170 мың шаршы метр үй қолданысқа берілді. Ондаған әлеуметтік нысандар ашылды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Көне Тараз, Жамбыл облысы әр уақытта менің ең жақсы көретін өңірім болып саналады. Шынында да оңтүстік өңірде тұрған қала, көне тарихы бар. Анау тарихымыздан бері қарай алатын болсақ, Таразды айтпай кетуге болмайды. Жамбылда талантты жастар өсіп жатыр. Көп шаралар жасалып жатыр. Биылғы жылдың өзі өте жақсы болды деп санаймын. Ауыл шаруашылығынан болса да, бүкіл Қазақстан үшін жалпы солай.
Таразда 5 мың адам басқосты. 17 елден келген қазақ қандастарымыз бен елдің ең беделді қайраткерлері тарихқа тағзым ету үшін жиналды.
Олжас Сүлейменов, мемлекет және қоғам қайраткері
-Өзіңді тану үшін әуелі түп-тамырыңды білу керексің. Сондықтан мен үшін Керей мен Жәнібектің кезеңі маңызды рөл атқарады. Біздің болашаққа сенімді қадам жасауымыз үшін сана-сезіміміз әуелі өткен дәуірлерге аялдауы тиіс. Сол себепті бүгінгі тарихи шараның маңызы зор деп есептеймін.
Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі
-550 жылдан кейін соның бәрін көріп отырмыз. Бұның барлығы біздің Президентіміздің ұлағатты саясатының арқасында. Өйткені Кеңес үкіметі кезінде біз оның біреуін де білмес едік. Біздің немерелеріміз бақытты, шөберелеріміз. Өйткені олар біздің қазақтың тарихын тереңірек білетін болды.
Қойшығара Салғара, ғалым
-Қанша жерден керіауыз болса да, осыдан кейін әлем халықтары қазақтың мемлекеттігі болған жоқ, шекарасы болған жоқ деген бос сөздің бәрінің ауызына құм құйылады. Міне Ұлы Дала елі дегеннің құдіреті осында.
Ахмет Аляз, Қазақстан-Түркия іскер адамдар қоғамының хатшысы
-Қазақ хандығы үшін, қазақ билігі үшін, бүгінгі ұрпақ үшін, оның санасын, рухын көтеру үшін керемет ұйымдастырылған той. Бұл той жалпы қазақ халқының емес, бүкіл түркі мемлекеттерінің ортақ тойы деп есептеймін.
Оразалы Сәбден, қоғам қайраткері
-Қазақ хандығының Таразда өткен тойынан кейін қазақ халқы таза рухани жаңғыруға қадам басып, адамзаттың ізгілікті қоғамы пайда болады алда. Сол ізгілікті қоғамға қазақ елі рухани жаңғыруы керек.
Махметғали Сарыбеков, М.Х.Дулати атындағы ТМУ ректоры
-Бүгінгі той осы жастардың бойына отансүйгіштік сана сезімді, патриотизмді, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын насихаттайды деп ойлаймын.
Мұхтар Ыбырайым, тілші
-Тараз топырағы – тұнып тұрған тарих. Өңірде 3 мыңнан астам тарихи-мәдени орындар бар. Қарахан, Тектұрмас баба мен Айша бибі кесенелері ел білетін ең танымалдары ғана. Орта ғасырда бой көтерген бұл ескерткіштер қазір еліміздің беткеұстар жерлеріне айналды десе болады. Ал ұлы топырақтан табылған жәдігерлердің саны одан да көп. 19-ғасырдың соңында басталған қазба жұмыстары күні бүгінге шейін жалғасып жатыр. Осынау бай мұралар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музейіне жинақталуда.
«Көне Тараз» археологиялық паркі – 550 жылдыққа арналған тағы бір тарту. Бұл кешен кезінде қазба жұмыстары жүргізілген ежелгі Тараздың орнында бой көтерді. Осы күнге шейін бұл арада орталық базар болған. Енді 9 гектарды алып жатқан алқапта «Домбыра» стелласы, «Мың бұлақ» саябағы, Шолу мұнарасы мен Көне Тараз музейі орналасты. Нұрсұлтан Назарбаев мұражайда болып, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи жәдігерлермен танысты.
Қырым Алтынбеков, суретші-реставратор
-Көне Тараз археологиялық паркінде елеулі істер атқарылды. Қазба жұмыстары өз алдына, енді бұл жәдігерлерді сақтап қалудың маңызы зор. Бұл деректер біздің терең тарихымызды айғақтайды. Мұнда әлемдік тарихтың жауһарлары көп.
Өткенге саяхат. Паркте ежелгі Тараздың тіршілігін тануға болады. Озық өркениеттің іздері жатыр мұнда. Дәйекті дәлел, ғылыми деректер баршылық. Қыштан жасалған ыдыс-аяқ, табылған алтын-күміс бұйымдар өз алдына, 2011 жылдан бері үлкен ғимараттардың орны: монша, керуен сарайлар, керамикалық су құбырлары ашылды. Тіпті Тараздың өзіндік теңге сарайы болған деген мәлімет көп. Енді мұнда аспан асты мұражайы ашылмақшы.
Нұрxат Серікбаев, облыстық тариxи-мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясы жетекшісінің орынбасары
-Мұнда теңге сарайы болған. Деректер қазба барысында табылған 500-ден астам теңгелердің сипаты жазылған дүниелерімен ерекшеленеді.
Тоғыз жолдың торабында, Ұлы Жібек жолының тармағында жатқан Таразды талай керуен жолдар кесіп өтті. Ежелгі сауда-саттық бүгінгі туризмге ұласты. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралімен қатар, қаладан 33 темір жол торабы өтеді. Енді заманауи әуе терминалы бар. Әулиеата әуежайы жаңғыртылды. Болашақта Қытай, Еуропа мен Ресей бағытында қатынайтын рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Осылайша өңірдің тұтас туристік кластерін дамыту көзделуде. Жамбыл облысының өндірістік дамуы да қарқынды. Индустриялық бағдарламаның бірінші бесжылдығы бойынша өңірде 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 5 мың жұмыс орны ашылды. Солардың бірі – алюминий радиаторларын шығаратын зауыт. Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорында болып, өнімдерінің сұранысқа ие екенін айтты. Зауыттың жылдық қуаты – 250 мың секция. Бірақ ішкі сұраныс әлдеқайда жоғары. Сондықтан кәсіпорынның керегесін кеңейту жоспары тұр алда.
Арман Еділбаев, зауыт директоры
-Амандық болса, келесі жылда кішкене тағы да бір станок қосайын деп отырмыз. Соған тағы 3 пресс қосып қойсақ, сол 1 млн-ға шығып кетеміз ба деп ойлаймын.
Қазақ хандығының 550 жылдығы – бүкілхалықтық мереке. Сондықтан еліміз бойынша жаппай тойланып жатыр. Хандықтың ата қонысы Жамбыл облысына ел өңірлерінің де тартуы көп. Нысандар салып берді, көпірлерді жаңартты, ескірткіштер сыйға тартты. Жаңа нысандар мен инфрақұрылым жергілікті халық пен туристердің игілігі үшін қызмет етпек.
Айбол Бидайбеков, қала қонағы
-Бүгінгі қала өзгерді. Бір жағы қала халқының, қонақтарының, бәрінің айтатыны – Тараздың ерекше құлпырып кеткені. Жол, көпір, қалада көп мәдени ошақтар ашылып, соның бәрі халықтың игілігіне әрі қарай қызмет етеді деген ойдамын.
Ғани Иманжан, қала тұрғыны
-Бізге де өзімізге қазір осы жер тарихи жердің орнына келгені өте жақсы болды. Бұрын базар еді. Енді бір 3-4 айдың ішінде болған тірлік мынау ғой. Еліміз, Елбасымыз аман болсын!
Бақдәулет Берлібаев, тарихшы
-Таразды қайта жаңартудың өзі бұл біздің ел болуымыздың мына бірлік арқылы, тірлік арқылы бүкіл әлемге белгілі болатынымыздың белгісі деп білемін!
Гүлденген, түрленген Тараз! Тарихы жаңғырған, рухы қайта түлеген заманауи шаһар! Халқы асқақтаған бүгінгі Тараздың келбеті осындай!
Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков
5.«Ұлы Дала тарихы» республикалық тарихи-мәдени экспедиция қорытындыланды
Ұлт тарихы қайта жазылып жатыр дегенде келгенде, ғалымдар үш мәселені алға тартады. Теориялық еркін берілді. Тың деректерді іздеудің мүмкіндігі туды және ақтаңдақ тұстарды ақтап алу үшін жүйелі жұмыс жүріп жатыр.
Құнды дерек көп. Ұлыбритания, Франция, Иран, Түркия елдерінен бірнеше тың мәліметтер табылды. Енді олар елеп-екшеледі. Сосын бір жүйеге тоғысады. Сонымен Таразда ұлан-асыр той өтті. «Тас түскен жеріне ауыр». Бірақ аз уақыттағы тыңғылықты дайындықты аңғарасың. Әулиеата жерінде өткен дүбірлі думан әлі де ел аузынан түспейтін болады. Тараздағы меншікті тілшіміз Нұржан Мергенбай тойдың тамашасын да, тағылымын да бақты.
Той шымылдығын алғаш болып «Ұлы Дала елі» халықаралық конференциясы түрді. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы жүргізген «Ұлы Дала тарихы» ғылыми зерттеуінің тұсаукесері өтті, республикалық тарихи-мәдени экспедиция қорытындыланды. Айта кету керек, бұл экспедиция қыркүйек айында еліміздің үш бірдей қаласынан бір мезетте бастау алған болатын.
Нұрбек Шаяхметов, «Ұлы Дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясының мүшесі
-Бұл бірден айта кетейін үлкен істің бастамасы ғана. Сондықтан Ұлы Дала елі деп аталған себебі сол. Бұл жерде біздің мақсатымыз «Ұлы Даланың ұлылығы неде?» деген сұраққа жауап іздедік.
Жалпы тойға келген қонақтарды Тараз құшақ жая қарсы алды. Шаһардың әр ауданында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, көпшіліктің көңілін көтеруге күш салынды. Дүбірлі думанған өзге аймақтар мен шет елдерден 5 мыңнан астам адам куә болды.
Мархабат Байғұт, Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының мүшесі
-Қазақта сөз бар, «тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ» дейді. Бұл тарихи тойдың, тарих тойының, қазақ хандығы тарихының тағылымы да ерек, тамашасы да бөлек.
Мерекенің келесі күні «Мәңгілік Ел» тақырыбындағы республикалық ақындар айтысынан бастау алды. Сөз сайысы өз елімізбен қатар Қытай мен Моңғолиядан жиналған 26 айтыскердің басын қосты. Жыр дүлдүлдері тәуелсіз Қазақ мемлекетінің жеткен жетістіктерін жырға қосты. Қадау-қадау сөз айтып, жиылған жұрттың құлақ құрышын қандырды.
Ақындар аламанға түсіп жатқан сәтте Қытай елінен тура бір жыл бұрын жолға шыққан сауда керуені қалаға кіріп келді. Шэньси провинциясынан емдік шәй артқан көш Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды мақсат етіпті.
Қазақ кәсіпкерлерінің көздегені де – аспанасты елімен барыс-келіс пен алыс-берісті арттыру. Бұл шаруаға біздің елде қолға алынған ғаламат жоба «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» транзиттік дәлізі арқау болмақшы.
Жергілікті саудагерлер қауымы ұлы мерейтойдан бастау алған мұндай қадамға қатты қуанып отыр. Олар да бұл мерекеден сырт қалмады. Қала аумағынан 550 жылдыққа арналған «Достық» аркасын көтерді. Нысанның арғы беті бұрынғы замандағы базардан аумайды. Аяқ бассаңыз, ежелгі Таразға түскендей кейіпте боласыз.
Алтай Қарабеков, кәсіпкер
-Бұл жақтан Иранға да, Ауғанстанға да шығатын жол бар. Мына жақ Ресей мен Еуропа, мына жақта Қытай. Ата-бабаларымыздың істерін жүзеге асыруға мүмкіншілік туып жатыр.
Мерейтойға орай Таразда алғаш рет шөген, әлем жұртшылығына поло атымен белгілі ойынның таныстырылымы өтті. Бұл ат ойыны Орталық Азияда, Иран, Әзербайжан, Түркия, Ирак елдерінде кеңінен таралған. Тараздағы атшабарда «Әулие ата» және «Оңтүстік» клубтары өзара шеберлік байқасты. Сондай-ақ аламан мен топ бәйге, ұшқыр жарыс және де өзге ұлттық ат ойындары өткізілді. Көпшілік қазақ жігіттерінің ептілігін көріп, таңдай қақты.
Аманбек Бектай, Алматы қаласының тұрғыны
-Мереке халқымызға үлкен әсер етіп, ұлы той жүріп жатыр. Жастарға үлгі болады, ұрпағымыздан ұрпағымызға жалғасып, әр уақытта жастарымызды патриотизмге тәрбиелеп, әр уақытта мемлекетіміз нығая берсін!
Ал кешке қаладағы орталық стадионда «Қилы жол» драмалық қойылымы көрермендердің назарына ұсынылып, еліміздің терең тарихынан сыр шертті. 1 сағатқа созылған спектакльде Жәнібек пен Керейдің азаттық пен бостандықты арман еткен қалың қазақты бастап, бір ту астына жинаған кезеңі бейнеленді.
Болат Көшербаев, қала тұрғыны
-Бұл тойдың өте маңызы көп. Өйткені болашақ ұрпақтарға қазақ тарихын, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлерді көрсету керек.
Үшінші күн. Тараздағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы саябақ мерекеге орай қазақ тарихынан хабардар ететін үлкен орталыққа айналғандай. Мұнда орын тепкен «Ақ шатыр» сахналық алаңында өнерпаздар жиылған қауымға ұлттық өнерден шашу шашты. Сондай-ақ «Азаттық жырлары» атты қазақтың жыр-термелері де көпшілікке ұсынылды. Жалпы алаңның әрбір бөлшегінен қазақилық пен ұлтымыздың ұлттық өнерінің сарыны анық сезіліп тұрды.
Клара Садырбаева, мереке қонағы
-Біз шетелдегі қазақтар 17 мемлекеттен міне бүгінгі мерейтойларыңызға келіп отырмыз. Бүгінгі той өте тамаша өтіп жатыр.
Бүгінгінің қазақ жігіттері – бұрынғы батыр бабаларының даңқты жолын жалғаушылар. Үшінші рет жалауын көтерген «Еуразия барысы» халықаралық турнирі дүйім елге осыны дәлелдеді. Біздің ерлер Грузия, Моңғолия, Польша, Қырғызстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан құрамаларынан басым түсті, мықтылығын дәлелдеді.
Нұржан Мергенбай, тілші
-Мереке аяқталды, қонақтар қайтты, жергілікті жұртшылық қайта күнделікті тіршілігіне кірісті. Тек тойға қатысқан әрбір жанның санасында қазақтың кім болғандығы һәм кім екендігі жайлы терең түсінік орнады, ұлтымыздың өз жерінде тек өзіне тән тіршілігін жалғастырып келе жатқандығына көздері жетті. Бұл мерекенің елге берген ең пайдасы сірә, осы болар.
Авторлары: Нұржан Мергенбай, Рауан Байкенже
6.Ұлт жоспарын орындауға бағытталған заңдардың алғашқы легі қолданысқа енуі керек
Алты аптада атқарылған ауқымды жұмыс. Мәжіліс депутаттары осынша уақыт бойы күн құрғатпай қызмет етті. Себеп бар. Президент: «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлт жоспарын орындауға арналған заңдардың алғашқы топтамасы қолданысқа енуі керек», – деген тапсырма берген болатын. Нәтиже қандай?
Мәжіліс 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға құқықтық негіз болатын құжаттардың алғашқы легін бекітіп, Сенаттың қарауына жіберді. Барлығы – 69 жаң жобасы. Талқыға түскен заңдар бойынша депутаттар 11 мыңға жуық түзетулер ұсынды. Олардың жартысынан астамы қабылданды.
Қаралған құжаттардың арасында қоғамда қызу пікірталас тудырған заң жобалары бар. Мәселен, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіле бастайды. Оның екі түрлі пакеті болады. Әр азамат 2017 жылдан бастап еңбекақысының 1 пайызын, ал 2019 жылдан бастап 2 пайызын арнайы қорға аударады. Ал жұмыс беруші қызметкерлері үшін 5 пайыздық жарна төлейтін болады. Айта кетейін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы бұл салым түрінен босатылады. Жалпы депутаттар қабылдаған құжаттардың қай-қайсысы да қоғамның барлық саласын ілгері бастыруды көздейді.
Қабиболла Жақыпов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы
-Елбасы бұл заңдарды 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізуді тапсырды. Депутаттар әрбір заң жобасын жедел, тиянақты, кәсіби тұрғыда қарап шықты. Жұмыс топтарының 534 отырысы, бас комитеттердің 22 кеңейтілген отырысы өтті. Сенбі, жексенбі күндері де жұмыс топтарының отырыстары ұйымдастырылды. Ұлт жоспарының бірінші кезеңін біз орындадық. Алдағы уақытта 5 институционалды реформаны толық жүзегеге асыруға күш саламыз.
Сенат та қызу жұмысқа кірісті. Осы аптадағы жалпы отырысқа депутаттар 12 мәселені күн тәртібіне шығарды. Дені: кәсіпкерлік, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, халықты әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жетілдіру секілді маңызды құжаттар. Сенаторлар оларды қысқа мерзім ішінде саралап, сараптап, Президенттің қарауына жіберуі керек.
7. Ісім өнсін десең, қаржының көзін сосын табыстың кілтін тап
Айрықша жауапты кезең. Отандық кәсіпкерліктің сыналар шағы, ескіні жаңартып, озық жетістікке ұмтылатын уақыт. Себебі Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық Одақ аясында бәсекелестік арта түспек.
Қазір кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі жолдары бар. Бірнеше жылдан бері Ұлттық қордан бөлінген миллиардтаған қаражат жеңілдетілген несие түрінде жұмсалып жатыр. Отандық бизнесті жаңа экономикалық қаржы саясатына бейімдеу мақсатында әрбір өңірде дамыту картасы әзірленуде. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар үшін белгілі бір навигатор болмақ. Ал дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік қолдау қаншалықты тиімді? Қалың қалай, қазақ кәсіпкері? Бағдат Бектұрғанқызы баяндайды.
Мемлекет кәсіпкердің қолына ақша емес, әуелі соны табудың жолын нұсқайды. Мәселен, жоспарлы қолдаудың бір нәтижесі Қостанай облысында. Алкогольсіз сусындар шығаратын зауытты жаңғыртып, өндірісті кеңейтпек болған кәсіпкерге былтыр банктен 997,6 млн теңге 6% өсіммен берілген. Байқасаңыз, бұл – жеңілдетілген несие. Мемлекеттен шағын және орта кәсіпкерліктегі өңдеу өнеркәсібіне бағытталған қаражат.
Алексей Ефремов, серіктестіктің бас директоры
-Біз Қазақстанда, сосын Ресейде жұмыс жасаймыз. Негізінен Батыс Орал аймағына өнім саудалаймыз. Қазір Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия мен Армения елдеріне экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Өндірістің нарықтағы саудасы ЕАЭО аясында өріс алмақ. Зауыт жылына алпыс миллион литр сусын шығаруға қауқарлы. Салқындатылған шай, тәтті сусындар сияқты жиырма сегіз түрлі өнім дайындайды. Қондырғылар Германиядан алынған.
Жуырда зауыт басшылығы чехиялық компаниямен маңызды келісімге қол жеткізді. Енді биологиялық белсендіргіш йод қосылған пайдалы сусындар шығаруға жол ашылды. Осы тұста Тобыл өңіріндегі өзге кәсіпкерлерге де қосымша мүмкіндіктер бар.
Бауыржан Исабеков, экономист
-Дағдарыс жағдайында міндетті түрде шағын және орта бизнес үлкен бизнеспен бірге кооперациялық жағдайда жұмыс жасауы керек. Бұл – ең негізгі бірден-бір шешімдердің біреуі. Қосалқы жұмыстарды үлкен бизнеске апаратын аутсорсингтік қызметті пайдаланып, жұмыс жасауы керек. Немесе сервистік қызмет жасауы керек. Қазақстандық мазмұн арқылы.
Атырау облысындағы электрлік құрылғылар шығаратын зауыт Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша іске қосылған. Негізгі мақсаты – еліміздің батыс аймағын импорттық тауарларға тәуелділіктен арылту.
Қуаты жылына үш жүз тонна электрлік жабдықтар шығаруға жетеді. Кәсіпкер бұл жобаны іске асыру үшін банктен 120 миллион теңге несиені 7 пайыздық өсіммен алған. Ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілгерлік көмек көрсетіп, несиенің пайыздық өсімін субсидиялауға қаржы бөлген. Алайда өндіріс іске қосылмай жатып, бәсекелестік ортада үлкен кедергіге жолықты.
Алмас Құдайберген, зауыт директоры
-Өнімді шығару керек пе? Әлде қажеті жоқ па? Бізде осындай сұрақ туды. Себебі нарықты шетелден әкелінген арзан өнім жаулап алған. Біздегі қымбат тауарды өткізу мәселесі қиындап кетер еді. Біз Үкіметтің үлкен қолдауы нәтижесінде ғана тәуекелге бел будық. Теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін біз шығаратын өнімдердің бағасы бәсекелестікке төтеп бере алатын күйге жетті.
Кәсіпкердің өзі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ол бизнестегі жолын білім жетілдіруден бастапты. Ізденіс пен тәуекелшілдік табысқа жетудің бір жолы деп есептейді. Жаңа кәсіпорынды ашу үшін бірнеше жыл еңбектенген. Қазір аз уақытта біраз жетістікке қол жеткізіп үлгеріпті. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан тапсырыс бар.
Алмас Құдайберген, зауыт директоры
-Белгілі бір нәтижеге қол жеткізгеннен кейін біз болашақты ойлай бастадық. Қазақстандық мазмұндағы тауарлар өндірісін дамытуды жоспарлап отырмыз.
Мемлекеттен жүйелі қолдау барда кәсіпкерліктің тынысы кең. Айта кету керек, екі жылдан бері еліміздің барлық аймақтарында кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс жасайды. Мұнда өз ісін бастауға бекінген жандарға кеңес беріледі. Қажет болса, бизнес мектебінде оқытып, басымдық салаларға қарай бағыттайды.
Дархан Мырзалиев, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры
-Қазіргі таңда 684 миллионға жуық қаржыға 117 жоба қаржыландырылуда. Бизнес мектеп аясында 1 341 қызылордалық оқытылған.
Қызылордалық ғалым ұстаздық қызметін бизнеске бұруға батыл қадам жасаған. Биыл Ақсуат ауылындағы шөлейтті жерді тамшылатып суару арқылы экологиялық таза өнім алуға кірісті. Мемлекеттен 7 пайыздық өсіммен берілген 10 миллион теңге несие шағын кәсіптің жолын ашты.
Самалбек Қосанов, кәсіпкер
-Кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік инвестициялық орталықтан жеңілдетілген несиемен қатар субсидия берілді. Біздің кеткен шығындарымызды, еңбекақымызды өтеуге көп көмегін тигізді.
«Бізге осындай ізденімпаз, білімді әрі батыл кәсіпкерлердің көп болғаны маңызды», – дейді сарапшылар. Себебі іскерлердің өз шаруасын дөңгелетіп әкетуіне кедергі болатын бір мәселе экономикалық сауаттылыққа қатысты.
Гүлнар Құрбанбаева, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары
-Қазір көпшілігі кәсіпорындағы жағдай қиын, істі әрі қарай жалғастыру үшін не істеймін дегенді айтып отыр. Мұның барлығы –күйзеліске берілу. Негізінде кәсіпкерлер мына нәрсені жиі ұмытады. Ол заманға қарай бейімделуді өзінен бастауы керек.
Сарапшылардың айтуынша, қазір – шағын және орта бизнес үшін сындарлы шақ. Олардың алдында жаңа экономикалық сынаққа бейімделу міндеті тұр.
Бауыржан Исабеков, экономист
-Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірейін деп отырмыз. Сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба? Бұл либералдық құндылықтар жасалады. Сырттан келетін кәсіпкерлерге де, отандық кәсіпкерлерге де бірдей жағдай жасалынады. Сондықтан міндетті түрде адами фактор, ииновациямен жұмыс ұйымдастырған кәсіпкерлер ғана болашақта ары қарай кәсіпкерлігін жалғастыруға мүмкіншілік алады.
Гүлнар Құрбанбаева, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары
-«Қолдаулар тиімді ме?» деген сұраққа біржақты жауап беруге болмайды. Бұл үш нәрсеге байланысты. Мемлекеттің ықпалы, даму институты және кәсіпкердің өзі. Бізде мемлекет тарапынан бизнеске жұмсалған әрбір теңгені бақылау жағы жетіспейді. Даму институттары жүйесін бизнес жобаларға сай өзгертпейтіндігі – үлкен кедергі. Бұл – екінші деңгейлі банктерге де қатысты мәселе.
Елімізде кәсіпкерлерді қолдауға қатысты түрлі кедергілерді шешу жолдары қарастырылуда. Аймақтарда үйлестіру орталықтары ашылып, әр аймақтың даму картасы жасалмақ. Ал ғылыммен байланысты арттыру үшін заңдылықты жетілдіру қолға алынды.
Авторлар: Бағдат Бектұрғанқызы, Ерзат Зайытхан
8.«Даму» қорының қаражаты ұлттық валютамен беріледі
Ия, кәсіпкерлікті өбектеп отырған бір ел болса, ол – Қазақстан. Бизнесті қолдаудың түрлі құралы бар. Осы тұста «Даму» қорының қызметін ерекше атап өту керек. Жақында «Даму» қоры екі бірдей халықаралық қаржы институтынан: Азия даму банкінен – 228 миллион доллар, Еуропалық қайта құру және даму банкінен 3 миллиард 700 миллион теңге тартты. Ақша шағын және орта бизнестің өркендеуіне жұмсалады. Айта кетейін, қаражат кәсіпкерлерге ұлттық валютамен беріледі. Үкімет бекіткен тәртіп осындай. Қазір қаржы табу қиын. Дағдарыс көп жағдайда қолды байлап отыр. Дегенмен, қам-қаракет жасау керек. Бизнеске көмек көрсетуге қаншалықты қауқарлымыз? «Жеті күннің» қонағы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының төрайымы Ләззат Ибрагимова. Сұхбатты Бауыржан Бақытбекұлы алды.
-Ләззат Еркінқызы, қайырлы кеш!
-Қайырлы кеш, Бауыржан!
Бауыржан Бақытбекұлы, тілші
-Ләззат Еркінқызы, бізге берілген эфирлік уақыт санаулы. Сондықтан сізден тұщымды әрі қысқа да, нұсқа жауап күтемін. Ал өзім бірден сұрақтарға көшсем. Өзіңіз басшылық ететін «Даму» қоры жуырда екі ірі халықаралық қаржы институттарынан қомақты қаражат алды. Бұл ақша қалай және қандай мақсаттарға жұмсалады?
Ләззат Ибрагимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрайымы
-Қазіргі таңда кәсіпкерлердің ең басты проблемасы – теңгемен берілетін несиелердің жетіспеушілігі. «Даму» қоры халықаралық институттардан алып отырған қаржыларды осы мәселені шешу үшін жұмсайды. 2010 жылы шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға арналған инвестициялық бағдарлама аясында Азия даму банкі 500 млн доллар бөлді. Биыл осы қаржының соңғы траншы 228 млн доллары қолымызға тиді.
Келесі аптадан бастап, 4 банк «Казкоммерцбанк», «Цеснабанк», «Дельтабанк», «Қазинвестбанк» 62,5 млрд теңге алады. Кәсіпкерлер осы аталған банктерге келіп, теңгемен несие ала алады. Біздің жоспарымыз бойынша, 1300 кәсіпкер ұлттық валютамен несие алып, осы көмектің арқасында 3000 жаңа жұмыс орындарын ашады.
Біз қазір Еуропалық қайта құру және даму банкімен де бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Орталық Азияда жалғыз «Бизнестегі әйелдер» деген жобаны бірігіп жүзеге асырмақпыз. Қыркүйекте «БанкЦентрКредит» «Даму» қорының корпоративті кепілдендіруімен 3,7 млрд теңге алды. Қазір банктің филиалдарында кәсіпкер әйелдердің жобаларын қарап жатыр. Бұл несие ұлттық валютамен бес жылға дейін беріледі. Кәсіпкерлер 550 млн теңгеге дейін несие ала алады. Біз үшін осы қаражаттың аймақтарға жеткені басты мақсат. Сондықтан банкке қаржының 60% облыстарда берілуі керек деп, талап қойдық. Бес жылда кем дегенде 100 жоба жүзеге асырылуы керек.
Бауыржан Бақытбекұлы, тілші
-Сырттан қаржы тарту мәселесінен бөлек, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қандай тетіктері бар?
Ләззат Ибрагимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрайымы
-«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бар. Соның негізінде Бірегей бағдарлама жасалды. Бес жыл ішінде осы бағдарламаның арқасында 6,5 мың кәсіпорынға қаржылай көмек көрсетілді. Осы жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттен де 104 млрд теңгенің субсидия ретінде көмегі көрсетілді. Бұл өте көп қаржы. Осы жобаларға мониторинг жасағанда, нәтижесі жақсы екенін көрдік. Мысалы, қаржылай көмектің арқасында осы кәсіпорындар 297 млрд теңге салық төлеген. Демек, бұл бюджеттен шыққан әрбір теңге салық болып, қайтадан 3 теңге болып қайтқанын білдіреді.
Бауыржан Бақытбекұлы, тілші
-Ләззат Еркінқызы, сіз өз сөзіңізде бұған дейін атқарылған ауқымды жұмысқа кеңінен тоқталдыңыз. Бұл мемлекеттік қолдау көлемі алдағы уақыт азаймай ма? Биыл «Даму» қоры нақты қанша кәсіпкерге көмек көрсетуді жоспарлап отыр?
Ләззат Ибрагимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы
-Жыл соңына дейін бюджеттен субсидияға 28,2 млрд теңге қарастырылған. Біздің ойымызша, бұл қаражат барлық жобаларды субсидиялауға және қосымша 1800 жаңа жобаға да жетеді. Қазірдің өзінде Даму Қоры арасында 1400 жаңа келісімге қол қойылды. Бұған қоса, Президент Жарлығымен Ұлттық қордан қосымша 7,2 млрд теңге бөлінді. Көп кәсіпкерлер айналымға алған несиелерін субсидиялауды сұрады. Осы мақсатқа да қаржы бөлінді. Көп кәсіпорындардың кепілдендіретін мүлкі болмады. Көмек алған жобалардың 105-сі – бұл стартап.
Қысқаша айтқанда, Жол картасы аясында кәсіпкерлерді қолдау, оларға қаржы бөлу тоқтамайды, керісінше, жалғаса береді.
Бауыржан Бақытбекұлы, тілші
-Жаңа өз сөзіңізде кепілге қоятын мүлкінің болмауы көптеген кәсіпкерлердің өз ісін дөңгелетуіне кедергі болып отырғанын айттыңыз. Еліміздің іскер азаматтарының тағы қандай проблемалары бар? Және оларды шешуге байланысты қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?
Ләззат Ибрагимова, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы
-Кәсіпкерлер көбінесе банктерде несие алуға берілген өтініштердің ұзақ қаралатынына шағымданады. Біз енді осы проблеманы жою үшін мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландырылатын жобаларға талаптың барлық банкте бірдей болуын ұсынып отырмыз. Яғни барлық банкке арналған құжаттар бірдей болуы керек. Сосын жазылатын өтініш те бірдей болуы тиіс. Бұл жұмысты Ұлттық банк пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп жалғастыра береміз. Бұл мәселе шешілген кезде, бір кәсіпкер бір уақытта бірнеше банкке өтініш бере алады. Банктерде және «ДАМУ» қорында барлық жұмыстарды ашық түрде жүргізу керек. Біз осыған қол жеткізуіміз керек! Бұл бизнеске де, мемлекетке де тиімді.
Бауыржан Бақытбекұлы, тілші
-Ләззат Еркінқызы, уақытыңызды бөліп, бізге сұхбат бергеніңіз үшін алғыс айтамыз. Алдыға қойған жоспарларыңыз табысты орындалсын!
- Рахмет. Сіздердің де жұмыстарыңыз табысты болсын!
9.Ұлттық банк: Дүрбелең тудыруға негіз жоқ
Теңгенің жайы қазіргі талапқа сай. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов кезекті рет сабырлы түрде осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, ешқандай дүрбелең тудыруға негіз жоқ. Төл ақшамыздың долларға шаққандағы бағасы қара алтынның бүгінгі құнына тең келіп отыр. Әйтсе де, Ұлттық банк осы аптада бірнеше мәрте валюталық интервенция жасауға мәжбүр болды.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы
-Теңгенің еркін айналымға жіберілгеніне 2 айға жуық уақыт өтті. Бастапқыда валюталық сауда нарқы соншалықты үлкен емес екендігін көрсетті. Дегенмен саудаласудағы баға айырмашылығының кейде бірден шарықтап кетуі теңгенің «жасанды» тапшылығын тудыруы мүмкін. Сол себепті теңге құнын құлдыратып алмау үшін Ұлттық банк интервенция жасады. Бізде мұндай реттеу қадамын жасауға құзыретіміз сақталған.
Осы аптада Ұлттық банк 4 рет валюталық интервенция жүргізді. Сөйтіп теңгенің әлсіреуіне жол бермей, біршама сауықтырды деуге болады.
Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы
-Біз интервенцияға қаражатты Ұлттық банкттен алдық. 1 қыркүйекке дейін 29 млрд теңге бөлінді. Ұлттық қорда да қаражатымыз жеткілікті. Қазір онда 68 млрд теңге бар. Ондай резерв бізде бұрын-соңды болмаған. Сондықтан қаражат жеткілікті. Валюта нарығында доллардың ұсынысы немесе тапшылығына байланысты мәселе туындамайды. Қазіргі ұлттық валютаға шаққандағы құны – 273 теңге. Бұл сыртқы факторларға және қазіргі жағдайға сай келеді.
Жангелді Шымшықов, экономист
-Интервенция деген жаулап алу емес, бұл жетпей жатқан долларды өз резервінен қосу. 19 августен бері 1 миллиард долларға таяу ақша интервенцияға жұмсалды. Соңғы саудада 54 млн доллар салуға тура келді. Әйтпегенде тым құлдырап кететін болса онда бүкіл есеп-қисаптарымыздың бәрі қиындыққа ұшырар еді. Бірінші кезекте біз шикізаттық тәуелділіктен арылуымыз керек. Онсыз болмайды. Әртараптандыру керек әсіресе ауыл шаруашылығын дамыту керек. Біз сыртқа көбірек өнім шығаратын болсақ, бізге көп доллар түседі. Онда біздің теңгеміздің мерейі үстем болады. Біз импортты толық алмастыратын өзімізге өнеркәсіп ашуымыз керек.
Ұлттық Банк төрағасының журналистерге мәлім еткен тағы бір маңызды жаңалығы бар. Ұлттық валютаның еркін айналымға жіберілуіне байланысты банктерде 1 миллион теңгеге дейін ақша жинаған салымшыларға өтемақы келесі жылы беріледі. Салымшылардан өтініштерді қабылдау мерзімі 1 желтоқсанға дейін ұзартылды. Сондай-ақ ипотекалық несиеге үй алған және баспаналы болу үшін банкке қаржы жинап жүрген азаматтарға қолдау көрсетудің жүйелі жоспары да әзірленді.
10.Ипотекалық бағдарламаларға өзгерістер енгізілді
Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мен депозиттер бойынша өтемақы төлеу. Ұлттық банк жаңа ақша-несие саясаты қамтитын әлеуметтік маңызы бар қос бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізді.
Алғашқы бағдарлама жарты жыл бұрын қабылданған. Оған 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық несие алып, белгіленген мерзімде қарызын өтей алмай жүргеніне биылғы жылдың 1 қаңтарында үш айдан артық уақыт болған борышкерлер қатыса алады. Бүгінде екінші деңгейлі банктерге 9 мыңнан аса өтініш келіп түссе, оның 4 мыңы ғана өтіпті. Айта кету керек, ипотекалық борышы барлардың көбісінің баспанасы қазір банк меншігінде. Жылжымайтын мүлік үшінші адамдарға сатылып кетпесе, қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша оны иесіне қайтару мүмкіндігі бар. Ісі сотта қаралып жатқан 20 пайыз борышкер де енді өз үйін сақтап қала алады.
Александр Терентьев, ҚР ҰБ департаментінің директоры
-Бұл бағдарламаның негізгі шарты борышкердің ипотекалық несиеге алған үйінен басқа баспанасы болмауы керек. Енді үйдің жалпы аумағы емес, тұрғын аумағы есепке алынады. Ол 120 шаршы метрден аспауы тиіс. Ал қайта қаржыландырудан кейін несие бойынша сыйақы мөлшері 3 пайыздан артық болмайды. Барлық валюталық займдар да теңгеге ауыстырылып, осы көлемде төленеді. Несие мерзімі – 20 жыл. Қайта қаржыландыру үшін ешқандай комиссия алынбайды.
Жалпы бұл бағдарлама 25 мыңнан аса борышкердің баспана мәселесін шешуі тиіс. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5 мың адам бар. Жеңілдік жасау кезінде осы топқа басымдық беріледі. Сондай-ақ өтінішті қарау мерзімі 15 күн емес, 30 күнге дейін ұзарады. Төленетін мемлекеттік баж салығын Ұлттық банк өз мойнына алса, жеке табыс салығын кешіру көзделіп отыр. Бағдарламаның тағы бір талабы – негізгі міндеттеме бойынша қарыз 36 млн 470 мың теңгеден аспауы керек. Шетел валютасында осы жылдың 1 қаңтарындағы бағамға сәйкес, 200 мың доллардан артық болмауы шарт. Бағдарламаға 9 банк қатысып отыр. Оларға 130 миллиард теңге бөлінген. Мерзім – 9 ай. Сондықтан «өтініш беруге асығу керек», – дейді Ұлттық банк өкілдері.
Александр Терентьев, ҚР ҰБ департаментінің директоры
-Борышкердің қайта қаржыландыруға дейінгі қарызы 10 млн теңге десек, төлемді тоқтатқан кезде мерзімі өткен сыйақы 6,5 миллион теңгеге жетсе, өсімақы 2,5 мың теңге болды дейік. Ол несие бойынша ай сайын 150 мың теңге төлеген. Ал біздің бағдарлама қатысқаннан кейін қарыздың тек негізгі міндеттемесі ғана қалады. Шамамен – 9 миллион теңге. Сыйақы мен өсімақы толығымен кешіріледі. Ай сайынғы төлем 49 мың теңгеге дейін қысқарады.
Ал екінші бағдарлама 18 тамызда теңгені еркін айналымға жібергеннен кейін қабылданды. Ол жалпы депозит көлемі 250 миллиард теңге болатын 1,7 миллион салымшыны қамтуды көздейді. Осы мақсатта Ұлттық банктен 16 миллиард теңге қарастырылған. Бағдарламаға 18 тамыздағы жағдайда сәйкес, банк депозитінде 1 миллион теңгеге дейін ақшасы бар барлық азаматтар қатыса алады. Ал жиған-терген қаржыңызды ұлғайтқыңыз келсе, 1 желтоқсанға дейін банкке өтініш беру керектігін тағы бір ескерткіміз келеді.
Автор: Айдос Тұрысбек, шолушы