Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне сұхбат берді
30 жылда 41 млрд доллар сауда айналымы, 5 мың бірлеске кәсіпорын мен 2 млрд доллар инвестиция. Бұл – Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасныдағы сауда экономикалық байланыстардың негізгі көрсеткіштері. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында екі елдің өзара жәна халықаралық аренадағы байланыстары турасында кеңінен баяндады. Мәселен, Қазақстан көрші елдің «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық жобасын толығымен қолдап белсенді қатысуға дайын. Мұның сыртында Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы аясында да тараптар ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Қазақ президентінің шақыруымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
«Ұйым құрылтайшыларының бірі ретінде және көпжақты диалогты белсенді қолдаушы ретінде Қазақстан ұйымды өзінің сыртқы саясатындағы тұрақты бағдар ретінде қарастырады. Біз қауіпсіздік мәселелеріне ортақ шешімдерді іздеу, сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету және экологияны қорғау мәселелері мен халықтарымыз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға күш сала береміз. Біз ШЫҰ бүкіләлемдік процестерден шет қалмауы тиіс деп есептейміз. Сондықтан Қазақстан «Әділ бейбітшілік пен келісім жолындағы әлемдік бірлік туралы» бастамасын бірлесіп әзірлеуді ұсынды».