Хабар телеарнасы

«Жеті күн». 17. 10.2015

Сюжеты

1. Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті 2. Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындарының қарқынды қадамы  3. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті 
4. Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады 5. Елбасы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісіне байланысты А.Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жолдады 6. Елбасы ҚХР қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады  
7. Айдын Айымбетов «Халық Қаһарманы» атанды 8. Апта ішінде арда азаматтарымыздан айырылдық 9. Аптаның өзге де негізгі оқиғаларына қысқаша шолу
10. Мәжіліс «Көші-қон туралы» заңға енгізілген өзгертулерді мақұлдады 11. Еліміздің бірнеше өңірлері отандық газдың игілігін көруге мүмкіндік алды 12. Ақтөбеде рельс шығаратын кәсіпорын ашылды
   
13. «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы ресми түрде Трансформация бағдарламасын бастады     

1. Елбасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен жиі жолығады. Жаһандық форумдарда, саммиттерде уақыттың тығыздығына қарамастан, олар міндетті түрде кездесуге уақыт табады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Наши отношения развиваются на основе базового соглашения «О добрососедстве и союзничестве, обращенном в XXI век». Союзничество закреплено Договором о коллективной безопасности, экономически – уставными документами ЕАЭС. Казахстан был, остается и будет ближайшим и надежным соседом и союзником Российской Федерации. Это отвечает коренным интересам казахстанского народа. Надеюсь это так же для России. Мы будем развиваться и строить наши отношения. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті 

-Мне не нужно давать характеристику российско-казахстанским отношениям. Это не просто доверительное партнерство, это союзнические отношения во всех смыслах этого слова. Казахстан – один из наших крупнейших торгово-экономических партнеров.

Сонымен Ресей басшысының сапары кезінде бірқатар құжат бекітілді. Олардың қай-қайсысы да маңызды. Мәселен, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы екі ел арасындағы хаттамаға өзгерістер енгізілді.

Нақтырақ айтсақ, бұл жерде әңгіме «Центральное» кен орны жайында болып тұр. Кен орнының өзі 2008 жылы ашылды. Кейін «ҚазМұнайГаздың», «Лукойл» мен «Газпромның» үлесі бар бірлескен кәсіпорын құрылды. Құрылғанымен, игеру жұмыстары басталған жоқ. Бір ауыз сөзбен айтсақ, заңдық кедергілер қол байлады. Енді Қазақстан мен Ресей жобаны бірге жүзеге асыратын болды. Бірақ уақыты белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, бұл жерде шамамен 100 миллион тонна мұнай мен 160 миллиард текше метр газ бар.

Өзара ынтымақтастықтан бөлек, Назарбаев пен Путиннің кездесуі кезінде халықаралық ахуал, оның ішінде Сирияның қазіргі сиқы айтылды. Қазақстан Таяу Шығыста жатқан мемлекеттен тараған қауіпті ортақ қауіп деп санайды. Сондықтан «Ислам терроризмге қарсы» деген атаумен форум өткізуді ұсынды. Идеяны Владимир Путин қолдады. 

Бұл – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің биылдыққа 13-ші кездесуі. 12 рет телефон арқылы тілдескені тағы бар. Жақын көршімен қауышудың мүмкіндігін қос президент те мүлт жібермейді. Стратегиялық серіктестіктің нышаны. Бір жағы келісіп пішкен тон келте болмас. Екіншіден, әлемде ахуал күрделі. Демек, екіжақты байланыстарға қарқын беріп тұру үшін жиі жүздесудің ролі зор. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Текущее падение объемов взаимного товарооборота объяснима. Будем знать, что это временное явление. Обусловлено оно сикличностью мирового развития и потерь цен на наши энергоносители, на экспортную продукцию. Вместе с тем, мы понимаем необходимость принятия оперативных, скординированных мер. Как на национальном уровне, так и в рамках ЕврАзЭС. Нужно использовать резервы для смегчения экономических проблем.

Қазір Қазақстан мен Ресей экономика, ғылым және гуманитарлық салада бірлесіп, жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бизнес серіктестік те табысты. 

Елімізде 6 мыңға тарта ресейлік компания қызмет етуде. Қазақстан экономикасына салған инвестициялары 9 млрд доллардан асады. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Біз аздаған статистикалық құлдырауды байқап отырмыз. Бірақ нақты көлем тұрғысынан іс жүзінде өзгеріс жоқ. Қазір біздің әріптестеріміз 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуде. Оны жыл аяғына дейін бекітеміз деп үміттенемін. 

Стратегиялық серіктестіктің аясы кеңейе түспек. Келіссөздер нәтижесінде екі ел байланысын тереңдететін 4 маңызды құжат бекіді. Енді қос мемлекет Каспий теңізіндегі мұнай және газ кеніштерін бірігіп игеретін болады.

Теңіздің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы хаттамаға қол қойды. Қазір онда барлау жұмыстары жалғасып жатыр. 

Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

-Нақты уақытын айту қиын. Өйткені қазір разведканың уақыты ұзартылды. Оның нәтижесіне байланысты. 

Ресей мұнайы мен газын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау мәселесі де қарастырды. Бастысы тараптар жаһандық экономикалық қиындықтарға төтеп беру шаралары айқындалды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Это проработка вопроса транзита российского газа и нефти через Казахстан в Китай, совместное освоение каспийских месторождений «Центральное» и «Хвалынское», сотрудничество в области угольной промышленности, транзит с использованием новой дороги вдоль Каспийского моря на Персидский залив. Отдельно мы говорили о завершении проекта «Западная Европа - Западный Китай», а также условиях сотрудничества в инфраструктурной сфере.

Серіктестік ғарыш саласында да нығаюда. Орынбор облысындағы әскери сынақ алаңынан ұшырылған зымырандардың қалдықтары Маңғыстау өңіріндегі сайын далаға құлатылатын болады. Ол үшін Мәскеу жылына 460 мың доллар төлемек. Бұл жөнінде арнайы үкіметаралық келісім қабылданды. «Бастысы экологиялық талаптарды сақтаймыз», – дейді көршілер. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей авиациялық іздестіру және құтқару жұмыстарын бірігіп атқармақ. Қазақстанда бірлескен көлік құрастыру зауытын ашу келісімі тағы бар. 

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті

-Қазақстанда Ресейдің жетекші автоқұрастыру орталықтары құрылуда. Олардың ең ірісі Өскемендегі «АвтоВАЗ» зауыты болайын деп отыр. Жылдық қуаты 120 мың көлік. Көп мақсатты К226Т тікұшақтарын құрастыратын бірлескен кәсіпорын ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстандағы алғашқы Атом электр станциясының құрылысына дайындық қызу. 

Тараптар екіжақты байланыстардан бөлек халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа алаңдаулы. Қос ел басшысы Украина мен Сирия ахуалына ерекше тоқталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Для этого большое значение имеет обстановка в Афганистане, в Сирии и Ираке. Мы с Владимиром Владимировичем обсудили сложившуюся ситуацию в данном регионе. Сегодня ведутся активные спекуляции касательно противостояния между шиитами и суннитами. Однако ничего общего с реальностью эти разговоры не имеют. То, что происходит сегодня в Сирии это общая угроза для всех нас, особенно для Центрально-Азиатского региона. В этой связи мы выступаем с идеей проведения форума «Ислам против терроризма.

Елбасының бұл бастамасын Ресей басшысы бірден қолдады. Жалпы тараптар үнемі бір-бірін демеп келеді. Достыққа негізделген бұл қарым-қатынас әрмен қарай да жалғаса бермек. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің мұндай ниеттері көрініп-ақ тұрды. Сондықтан бұл мемлекеттік сапардан соң екі ел байланысы жаңа сатыға көтерілді деуге негіз бар. 

Авторлары: Елдар Бақбаев, Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков 

2. Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорындарының қарқынды қадамы

Ресми Астана мен Мәскеу экономикалық байланыстың шын мәнінде атына заты сай болғанын қалайды. Сондықтан да кәсіпорындарды бірге пайдалануға ден қояды. Ол дегеніңіз – қос тарапқа түсетін тең кіріс. Өнім де өз өлшемімен екі ел тұтынушыларына жол тартады. Еуразиялық экономикалық одақтың өмірге келуі ортақ өндірістің өрісін кеңейтті. Қазір Қазақстандағы біріккен компаниялардың саны 6 мыңға иек артқан. Қос маңызды ойыншы экономикалық мүддені әркез бірге қорғауды көздейді.  

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы 

-Подчипниктер шығаратындар Степногорскіде. Олар: «Темір жолға шығаратын подчипникті Қазақстан шығарсын»,  деп келісті. Кәсіпкерлер осы салада бірге жұмыс істеп жатыр. Ресейге жіберіп жатыр. Олар да, біз де ұтып жатырмыз. Бұл бірлестіктің біз үшін берері көп.

Бұл біріншіден, біздің еліміз үшін тиімді. Қалай дегенмен Ресейдің нарығы үлкен. Егер біріккен кәсіпорындардың буыны бекісе, өнім көршілерге де, өзімізге де таралады. Оның үстіне өңіраралық байланыс мығым. Іргелес жатқан аймақтардағы қос елдің экономикалық қатынасын бірнеше компания нығайта түспек. Тараптар металлургия, тау-кен, химия, ағаш өндірісінде біраз істің басын қайырмақ.

«АзияАвто» ресейлік «АвтоВАЗбен» бірлесіп, Қазақстанның шығысында отандық көліктің толық циклын құрастырып шығаруға келісті. Өскеменде өндірілген «Ладаның» жаңа түрлері Сібір мен Урал аумағына сатылады, нақтыласақ, сауда 2016 жылы басталмақ. Қазірдің өзінде шекараның арғы бетінен 15 сату автоорталығы ашылған. Кәсіпорын экспорт арқылы өніп-өседі десек, темір тұлпардың 27 түрін құрастыратын жергілікті компания жылына 120 мың машина шығармақ. 

Андрей Лаврентьев, «Қазақстандағы автобизнес» қауымдастығының президенті 

-Ресейде өндірілетін бренд көліктер бізде жасалмайды. Керісінше, бізде өндірілетінді олар шығармайды. Осылайша өндірушілер өзара текетіреске ұшырамауды көздейді. Мәселен, «Пежо» 408 маркасы Ресейде жасалады, біз соны сатып аламыз. Қостанайда жасау жоспарланған 301-ші моделі Ресейге жіберіледі.

Бұл тақырыпты қаузау барысында отандық тауарлар тиелген жүздеген көлік Қазақстан-Ресей кеденінде толық тексеруден өткізіліп, көптеген жеміс-жидек, тағы басқа өнімдердің көрші елге кірем дегенше, мерзімі өтіп кеткені жайында сұрастырдық. Ресейлік жауапты органдар мұны ел аумағына әкелуге тиым салынған тауарларды анықтау мақсатында жасалуымен түсіндірген.  

Теодор Каплан, Қазақстан халықаралық автотасымалдаушылар одағының бас хатшысы 

-Қазір келіссөздер жүруде. Біріншіден, өнімдеріміз тұрып қалды. Себебі олар экономикалық одақтан өзге елдерден келетін контрабандалық және санкцияға ілінген өнімдерін кіргізбеу мақсатында осындай қадамға барып отыр. Дегенмен жағдай бүгінде реттелді.

Экономикаға біріккен кәсіпорындардың берер пайдасы зор. Нақты айтсақ, салық түседі, жұмыс күші тартылады. Өңірлердің өмірі өзгереді. Ортақ жобалар жеткілікті. «Трансмашхолдинг» «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, Астанада электровоз құрастыру зауытын ашты. Енді екі ел «Ка-226Т» тікұшағын құрастыруды жоспарлап отыр. Тау-кен өндірісінде де тізе қосып жұмыс істеп келеміз. Қостанай темір рудасын Ресейге жөнелтсе, Павлодар алюминийді бірлесіп игеруде. Айтпақшы, Қазақстанның салықтық ставкалары экономикалық одақ аясындағы мемлекеттермен салыстырғанда бірнеше есе төмен.  

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрлігі департаментінің директоры

-Осы 9 айдың ішінде ҚҚС бойынша Ресейден 126 млрд теңге қазынаға түсті. БАЖ салығының көлемі 9 айда 97 млрд жетті. Бұл бюджетке, бизнеске де өте жақсы жағдай. 

3. Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық мәселелері сейсенбіде Ақордада талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында барлық мүше-мемлекеттер кәсіпкерлерінің арасында әділ әрі тең бәсеке болуын және санитарлық, ветеринарлық бақылау шараларын сақтау керек екенін баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Еуразиялық одақтың ең басындағы бастаушысының біреуі – Қазақстан. Басынан бастап қолдап келеміз, қолдай береміз де. Қазіргі қиыншылық жағдайда екіаралық, көпаралық сауда-саттықтың деңгейі төмендеді. Дегенмен жалпы бағытымыз дұрыс. Әрі қарай қолдай беретін боламыз. Бірақ елдің мүддесін әр уақытта біздің адамдар қолдап отыруы керек.

Сондай-ақ Кеңес отырысында Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуал талқыланды. Елбасы ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің алдын алуды тапсырды. Әлемдегі саяси жағдай тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етпей қоймасы анық еді.

Мәселен, Каспий теңізіндегі ресейлік зымырандардың ұшырылуына байланысты «Алматы-Баку-Алматы» әуе рейсінің траекториясы өзгерді. Алдағы уақытта «Алматы-Тбилиси» және «Алматы-Ыстамбұл» бағыты ауысуы ықтимал. 

Апта басынан бері сақтық мәселелері көп айтылды. Ал жұма күні Бурабайда сегіз президент жолықты. Әуелі ТМД-дағы жағдай талқыланды. Содан соң Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті. Қауіпсіздік бұл жерде де басты тақырыпқа айналды.

ТМД-ға төраға Қазақстан оған мүше елдердің басшыларын табиғаты тұмса, ауасы саф Бурабайдың баурайына шақырды. Жанға жайлы өлкеде әдетте туристер көп жүрсе, саммит күні полицейлердің қарасы қалың болды. Бір уақытта ТМД-ның 8 мемлекетінің басшысы, 3 елдің ресми өкілі Көкше жеріне келді.

Саммитке ТМД-ға мүше 11 мемлекеттің үшеуінің президенттері әрқилы себеппен қатыса алмады. Бір апта бұрын ғана Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп кеткен Петр Порошенко өз орнына Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебникті жіберіпті. Молдова басшысы Николае Тимофти еліндегі наразылық шаралардың салдарынан шыға алмағаны белгілі. Ал Түркіменстан мен Ауғанстан шекарасында радикалдардың кесірінен қақтығыс басылмай тұр. Сондықтан бұл екі мемлекет те ресми өкілдерін аттандырған. Шағын құрамдағы кездесудің басында Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь әріптесін президенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады. Сондай-ақ бауырлас қырғыз елі парламенттік сайлауды бейбіт, тыныш өткізгеніне ықылас білдірді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Хочу также поздравить народ Кыргызстана и Алмазбека Атамбаева с успешным проведением парламентских выборов. Это знаменательно, поскольку за многие годы впервые спокойно прошли выборы, и народ в очередной раз доказал свою мудрость, что хочет жить в спокойном государстве. Уверен, что новый состав Жогорку Кенеша оправдает чаяния, внесет достойный вклад в построение экономически сильного Кыргызстана. Поздравляем. 

Басшылар шағын құрамда белгіленгендей 1 сағат кеңесуі керек еді, бірақ ұзақ отырды. Жиында 15 мәселе қаралды. БҰҰ-ның 70 жылдық мерейтойына қатысты мәлімдеме жасалып, халықаралық лаңкестікке тойтарыс беру әрі оған жол бермеу амалдары қарастырылды. Ал кеңейтілген отырыс кезінде Беларусь Президенті Александр Лукашенко Назарбаевты ТМД басшыларының алдында «Халықтар достастығы» орденімен марапаттады. Тәжірибелілігін айтып, Елбасын нағыз интеграторға балады. 

Александр Лукашенко, Беларусь Президенті

-Этот человек, использует свой богатый опыт на постсоветском пространстве и в Советском союзе. Он очень многое сделал для становления СНГ, ему принадлежит идея создания ЕАЭС. Человек-интегратор, он всегда отзывается на все проблемы и это естественно способствует не только укреплению дружбы между народами, но и в наших государствах способствует улучшению жизни людей. Поэтому позвольте поздравить и вручить награду. 

Иә, қазір Ауғанстан, Сирия, Ирактағы соғыс өңірге жайылуы мүмкін екені ТМД елдерін қатты алаңдатады. Осы тұста Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін БҰҰ мінберінен ШЫҰ отырысында айтқан ұсынысын бұл жолы ТМД басшыларының да қаперіне салды. «Лаңкестікпен күрес жөніндегі әлемдік желі құрудың мезгілі жетті», – деді. Себебі қазір босқындар легі тым көп, олардың атын жамылып елге лаңкестер де еніп кетуі мүмкін.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Здесь уместно отметить, что международный терроризм крайне деструктивно влияет на ситуацию во многих государствах и затрагивает целые регионы. Существенная эскалация насилия увеличила число жертв среди мирного населения, преимущественно женщин и детей. В результате это привело к самой масштабной со времен Второй мировой войны вынужденной миграции гражданского населения Северной Африки, Ближнего Востока в Европу. На решение этой проблемы потребуются колоссальные финансовые ресурсы.

Ал Владимир Путин Сирияда Ресей қарулы күштерінің операциясы туралы айтып өтті. Жаһанда экономика да, қауіпсіздік мәселесі де қатты әлсіреген тұста, әрине, ТМД-ның өңір тыныштығына ерекше мән бергені түсінікті де. Кең құрамда президенттер 2020 жылға дейін әскери ынтымақтастық жөнінде тұжырымдама да қабылдады. Сөйтіп іргелерін қымтап, шекараларды нығайтуда өзара іс-қимыл бағдарламасы да дайын болды. Сондай-ақ құқық қорғау саласы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарын бірге жоюға келісті. ТМД елдері қауіп-қатерге тойтарыс беруде жұдырықтай жұмылып отыр. 

Қазақ елі ТМД-ға төрағалықты ерекше абыроймен атқарғанын бүкіл делегаттар айтып жатты. Тізгінді Қырғызстан алды. Саммит аяқталған соң ТМД басшылары түстенуге кетті. 

Бурабайға бірнеше журналист жиналды. Қонақжай қазақ тарабы тілшілерге де жағдай жасап қойған. Бірнеше шәугім шай қойылып, ыстық тағамның түр-түрі берілді. Дастарханнан асығыс-үсігіс ауыз тисе де, шетелдік журналистер өздеріне көрсетілген құрметке риза болды. 

Владимир Чернышев, журналист

-Журналистерге көп нәрсе керек емес. Тегін интернет және тікелей эфирге шығуға мүмкіндік болса жетеді. Мына жерде жақсылап дастархан да дайындап қойған.

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес түс ауа басталды. Назарбаев, Путин, Лукашенко, Саргсян және Атамбаев интеграциялық процестердің жаңа бағыттарын айқындады. Әлем экономикасы әлсіреген тұста одақ қауқарын күшейтіп, сауданы қыздырудың жоспары бекіді. Ұйымға мүше болу тәртібі мен одан шығу ережесі де осы Бурабайда қаралды. Бестік Израильмен еркін сауда аймағын құруға мүдделі. Үндістан, Египет, Иранмен де осылай келіскісі келеді.  

Татьяна Валовая,  ЕЭК Макроэкономика және интеграция мәселелері жөніндегі министрі

-Біздің мемлекеттер 2030 жылға дейін ІЖӨ-ді 13 пунктке дейін өсіре алады. Әрине, елдердің экономикалары әртүрлі. Десе де, біз бірігіп, импортқа тәуелділіктен арыла аламыз. Израильмен енді келісеміз, Моңғолия, Перу, Чили секілді елдермен арада еркін сауда жөнінде меморандум бар. 

Одақ басшылары бірыңғай либерализация жоспарына сай қызмет секторларының тізімін бекіткені де белгілі болды. 

Тимур Сүлейменов, Еуразиялық экономикалық комиссиясы коллегиясының мүшесі 

-Қызмет берушілер ұлттық режимде болады. Инвестициялық шектеулер қойылмайды. Бірыңғай қызмет нарығы секторларына кезең-кезеңімен өзгерістер енгізіледі. Әрине, күрделі жүйе, олар лицензия арқылы мойындалатын болды. 

Еуразиялық одаққа келесі жылы Армения төрағалық ететін болды. Тізгінді 2016 жылдың ақпанынан Ереван қабылдамақ. Ал Виктор Христенконың орнына Еуразиялық экономикалық комиссияны Арменияның бұрынғы премьер министрі Тигран Саркисян басқаратын болды.  

Индира Жылқайдарова, тілші

-Жиын аяқтала бере, Беларусь басшысы Александр Лукашенко одақтың келесі кеңесі Ресейде өтетінін мәлімдеді. 5 мемлекет өкілдері қай күні екені белгісіз, желтоқсанда Мәскеуде бас қосады. Ал Ресей Президенті Владимир Путин делегаттарды қабылдауға әзір екенін айтса, Армения басшысы Серж Саргсян кеңесті Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының отырысымен бір күнде өткізіп жіберуді ұсынды. Бірақ бірден ондай шешім қабылданған жоқ.

Авторлар: Индира Жылқайдарова, Қанат Әбілдин, Айдос Меделбеков

4. Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Елдестірмек елшіден. Ақордаға өз мемлекетінің аманатын арқалап келген 5 елші Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Корея, Иордания, Испания, Палестина мен Латвияның сенімді өкілдері: «Ресми Астанамен байланысты нығайтамыз, еларалық қатынастың көкжиегін кеңейтеміз», – деп келді. Қазақстан бұл мемлекеттердің қай-қайсымен де ынтымақтасуға мүдделі. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Сіздерді Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларыңыздың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді деп үміттенемін. Қазақстан халықаралық байланыстар аясын белсенді түрде кеңейту, тереңдету бағытын жалғастырып келеді. Біз өзара сенімді қалпына келтіруге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті халықаралық құқық негізінде нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерді қолдаймыз. 

Азия, Таяу Шығыс, Батыс Еуропа мен Балтық жағалауынан сәлемдемелер көп. Латвия басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты елге сапармен келуге шақырды. Корейлік бизнестің Қазақстандағы үлесі артып келеді. Қазірдің өзінде бірлескен 24 жоба жүзеге асуда. Ал испан елшісі туризмді дамытуға күш салмақ. Дипломатиялық миссия өкілдерінің жоспары орасан. 

Ахмед Идрис Инаб, Иордания Хашимит Корольдігінің елшісі 

-Иорданияның ең үлкен компаниялары Қазақстан аумағында үлкен кәсіпорындар салмақшы. Әсіресе фармацевтика саласында стратегиялық маңызды нысандар тұрғызу ойда бар.  

Чо Енг Чон, Корея Республикасының елшісі 

-Қазақстанға келгеніме 6 ай өтті. Зор табыстарға жеткенін көрдім. Бұл Мемлекет басшысының салиқалы саясаты мен ел жігерінің арқасы деп білемін. Сенім грамотасын беру кезінде біздің елдің басшысы Пак Кын Хе Қазақстанның әлеуеті зор деген болатын. Сондықтан екі ел ынтымағын тереңдетуге барымды саламын.

5. Елбасы Беларусь Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісіне байланысты А.Лукашенкоға құттықтау жеделхатын жолдады

Александр Лукашенко Беларусь Республикасы Президентінің сайлауында жеңіске жетті. Әріптесін жеңісімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. 

Жеделхатта «Беларусь бүгінде өз азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірегей әлеуметтік-экономикалық даму үлгісін табысты әрі жүйелі түрде жүзеге асыруда» делінген.

Айта кетейік, Александр Лукашенко осымен бесінші рет қатарынан саяси додаға қатысып отыр. Сайлаудың алдын ала қорытындысына сай ол осы жолы 83, 5 пайыз дауыс жинап, қарсыластарынан айтарлықтай басым түсті. Президенттік сайлау басталмас бұрын сарапшылар сенсация, нақтырақ айтқанда, тосын нәтиже болмайтынын айтқан еді. Науқанға 6 миллион Беларусь азаматы қатысты, бұл  дауыс берушілердің 87 пайызы. Астана мен Минск әркез өзара ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге мүдделі. Қазақстан – Беларусьтің ТМД елдерінің ішіндегі ең ірі сауда әріптестерінің «үштігіне» кіреді. Жалпы, қос мемлекеттің 1 миллиард доллардың маңайында өзара тауар айналымы бар. Биыл көрсеткіш сәл кеміді. Дағдарыс әсер етті. Ресми Минск бірлескен кәсіпорындар құру мен технологиялар трансферті қарым-қатынасқа серпін береді деп сенеді. «Еуразиялық экономикалық одақта жасалған» деген таңбамен бәсекелесе алатын өнім шығарып, оны үшінші елдерге шығаруды көздейді. 

Михаил Русый, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары 

-Өзара ықпалдасып, бизнес пен технологияда бірігіп, тиімді жұмыс істеу оңай шаруа емес. Қырық тонналық «ҚазБелаз» самосвалдарының Қазақстанда шығарыла бастауының өзі көп жайтты аңғартады. Ауыр жүк көліктерін өндірудің тұтас саласы пайда болып келеді. Ал, технологиялық парктер бойынша біраз айтар едім. Қазақстанның Үкіметі инфрақұрылым тартты, соның арқасында бизнес қызығушылық танытып, технологиялар келе бастады. Тракторды саудалау бір бөлек, оны шығару мүлде басқа.

6. Елбасы Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Чан Ваньцюанді қабылдады

Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы шартқа қатысты Қытайдың кепілдігін Қазақстан жоғары бағалайды. Апта басында Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Чан Ваньцюаньді қабылдады.

Елбасы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадтың табысты өткенін, шеруде аспанасты елі жер-жаһанға өзінің әскери қуатын, жоғары деңгейдегі техникалық жарақтануын көрсеткенін айтты. Осы орайда қос ел қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздығына тоқталды. Ал Чан Ваньцюань болса, Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті. «Біз Сізді ұлы саясаткер әрі стратег санаймыз», – деп түйді қорғаныс министрі. 

Елбасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдады 

Оқу ісіне қарастырылған қаржы ортаймайды. Ақордада Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповті қабылдау кезінде Елбасы осыны айтты. Қазір әлемдік дағдарыс қос бүйірден қысқан кезде біздің ел де бюджеттің кейбір шығыстарын қысқартуға мәжбүр болып отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Қазір мынау дағдарыс деп бүкіл қаражатты қысқартып жатырмыз ғой. Бірақ та халыққа білім беру, жастарға білім беру кезінде бұны қысқартпаймыз. Білім беру мәселесі дегенде тағы да қарастырып, шешуіміз керек. Менің айтқаным, қазіргі уақытта біраз уақыт жаңа нысандардың құрылысын бастамай-ақ қояйық, басталғанын бітіру керек. Жаңағы үш ауысымды апаттық мектеп бар. Оның мәселесін де дереу шешу керек.

Мектепке дейінгі мекемелердің инфрақұрылымы мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі негізінде дамуы тиіс. Ал мұғалім еңбекақысын біліктілік деңгейімен сәйкестендіру маңызды. Орта білімде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізінде жаңартылған оқытуға көшкен жөн. Кездесуде Елбасы осы сынды мәселелерге назар аударды. 

Биыл бірінші сыныпқа 345 мың оқушы барды. 173 мектеп пайдалануға берілсе, 250-і күрделі жөндеуден өтті. Оқу ордаларының барлығы оқулықпен қамтылды. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі

-Жыл сайын мектепке баратын балалардың саны өсуде. Сол үшін біз үлкен жұмысты атқарып жатырмыз. Жыл сайын Қазақстанда 150 жаңа мектеп салынады. Президентіміздің тапсырмасы бойынша, балалардың 84 пайызы балабақшамен қамтылған. Ең бастысы, бізге берілген тапсырма – ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізу.

Министр: «Биылдан бастап озық деген 10 колледж бен 10 жоғары оқу орны Индустрияландыру бағдарламасының кәсіпорындарына қажет мамандарды дайындаумен арнайы айналысуды қолға алды», – деді. Бұдан бөлек, 123 мұғалім түрлі білім жетілдіру курстарынан өтті. 

Елбасы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады 

Алматылық кәсіпорындар өз өнімдерін «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылысына жіберетін болады. Қазіргі таңда құны 10 миллиард теңге болатын меморандум бекітілді. Бұл тәсіл Универсиада нысандарына да қолданылмақ.

Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында Бауыржан Байбек шілдедегі көшкін зардабын жою жайында да баяндады. Қазір тиісті өтемақылар төленді. Аумақтар тазартылды. Қарғалы өзенінің сағасын бекіту бойынша жұмыс атқарылды. Сондай-ақ әкім азық-түлік бағасын ұстап тұру, жылу маусымына дайындық секілді мәселелерге көңіл бөлді. Алдағы уақытта қаладағы мектептер мен ауруханалар қаржылық есептерін жарияламақ. Бұл «Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының аясында орындалады. Бұдан бөлек, Бауыржан Байбек Алматыны 2020 жылға дейін дамыту стратегиясын әзірлеу басталғанын айтты.

7. Айдын Айымбетов «Халық Қаһарманы» атанды

Бұдан бөлек, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын, «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін алды. Әуелі Президенттің Жарлықтары шықты. Содан соң Елбасы Ақордада марапаттады.

Иісі қазақ Айдынның тілеуін тіледі. Аспан әлеміне ұшқанда да, ең жоғары марапаттарды алғанда да шын қуанды. Ол алдыңғы толқын ағалар Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың ізін ғана басқан жоқ, ісін жалғастырды. Жеті қат көкте зерттеу жүргізді.

Арал мен Каспий теңіздеріне мониторинг жасалды. Кейін плазмалық медицинада, термоядролық энергетикада, нанотехнология мен тамақ өнеркәсібінде қолданылатын сынақтар өткізді. Айдын ашқан жаңалықтары жайында да әлі де айтылады. Ең бастысы, ол ғарышқа бекер барып қайтқан жоқ.

Елбасының қабылдауына кірер алдында жеті қат көкке көтерілуге жүрексінбеген батырымыздың жүзінен қобалжу анық байқалды. Қағазға жазылған мәтінін қайта-қайта оқып, әскери киімінің жаға-жеңін түзеп әлек болды. Көп күттірмей, мәрмәр залға Президент те кірді. 

«Халық Қаһарманы» – екінің біріне берілмейтін атақ. Бұл құрметке кезінде Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов бөленсе, бертінірек Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Бақытжан Ертаев сынды өз саласының үздіктері иеленген. Енді міне Айдын Айымбетов те аға буынның ізін жалғады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біз бүгін халқымыздың батыр ұлы, Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетовті марапаттауға жиналдық. Өткен айда ол Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы аясында Халықаралық ғарыш стансасында 10 күндік сапарға барып қайтты. Осы күндердегі 17 млн Қазақстан халқының барлығы бұл шараға қарап, Айдынға тілектес болып отырды.

Ақпараттық дәуірде ғарыш саласын дамыту аса маңызды. Ол қаржыны да көп қажет етеді. Алайда қайтарымы да бар. Ғылым үшін бұл зерттеулер аса құнды. Сәйкесінше экономикамыздың да ілгерлеуіне оң әсерін берері анық.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біз 1991 жылы тамызда Байқоңыр ғарыш айлағын Қазақстанның меншігіне алдық. Қазан айында алғашқы қазақ ғарышқа аттанды. Не бәрі 2 айдан соң желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады. Расында да еліміз аз ғана жылда гүлденген, қуатты ғарыштық мемлекетке айналды.

Үшінші қазақ ғарышкері көкте экологиясы нашар Арал мен Каспий теңіздеріне мониторинг жүргізді. Микрогравитация барысында «кулонды кристалл» алу ерекшеліктерін бақылаумен қатар, ұлттық тағамдардың дәмін татып, оның ағзаға әсерін байқап көрді. Өзіне жүктелген миссияны абыроймен атқарып шыққан Айдын Айымбетовке Елбасы үш бірдей жоғары дәрежелі құрмет көрсетті.

Ерекше құрметке ие болған Айдын Айымбетовтің кеудесіндегі толқынысты Елбасы да байқады. Батырымызға демеу көрсетіп, қағытпа қалжыңымен бір түйреп алды.

Айдын Айымбетов, Халық Қаһарманы

-Я как военный инженер могу отработать, но выступить на мероприятиях для меня это очень тяжело. Спасибо Президенту большое за эту поддержку, который в такой простой обстановке поддерживает! 

Ал 21 жыл бұрын ғарышты бағындырған Талғат Мұсабаев: «Ғарышкерлер – қауымы сөздің емес, істің адамы», – деді. Сөйтіп «Қазғарыштың» басшысы қол астындағы қызметкерінің сөзге шорқақтығын жуып-шайды. 

Талғат Мұсабаев, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасы

-Біз көп сөйлей алмаймыз. Біз жұмыс істейміз. 

Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапарының бастапқы құны 50 млн долларға бағаланған еді. Алайда бұл мәселеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тікелей араласты. Сөйтіп Ресей тарапы 20 млн доллар бөлген болатын. Қазақстан бұл шығынды келер жылы қайтаруды жоспарлап отыр.

Тоқтар Әубәкіров, Халық Қаһарманы

-Президент менің ұшуыма көп үлес қосты. Айдынның ұшуына да тікелей Президенттің үлкен үлесі бар. Ғарышкерлердің барлығы сол Президенттің арқасында ғарышқа ұштық.

Барлығын қосқанда осы уақытқа дейін 38 елден 545 адам әуе кеңістігіне ұшқан. Соның ішінде жер бетінде 3 немесе одан да көп ғарышкері көкке көтерілген 9 ғана мемлекет бар. Оның бірі - Қазақстан. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В 2014 году сформирована наземная инфраструктура системы высокоточной спутниковой навигации, завершаются работы по проектированию космической системы научно-технологического назначения. Переподготовки и повышения квалификации кадров для казахстанской космической отрасли. За четыре предыдущих года научными организациями «Казкосмоса» уже реализовано 37 научно-исследовательских проектов, получено 5 патентов на изобретения. 

Ғарышты бағындырған үшінші қазақ ғарышкері көктің түбіне өзімен бірге Мемлекеттік Туды бірге ала кеткен еді. Жер шарымызды 150 рет айналып ұшқан ұлттық байрақты Айдын Айымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табыстады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Біздің космонавтарымыз енді үшеу болды. Әлі де көбейеді деген сенімдеміз. Болашағымыз ғарыштың биігінде болсын, әр уақытта біздің көк байрағымыз сонау ғарышқа барып, жерді айналып келгені бізді желеп-жебеп, қолдап жүрсін. Бүкіл ғаламның күші, ғаламның қасиеті Қазақстанда болсын!

«Айдын Айымбетовтің сапары еліміздің ең асқақ белестерді бағындыра алатынын көрсетті» – деп Президент Астанада ғарыш аппараттарын құрастыру сынақ кешені салынатынын мәлімдеді. Ол жер серіктерін жобалау, құрастыру және сынау жөнінен ТМД-да баламасы жоқ жоғары технологиялы кәсіпорын болмақ.

Авторлар: Зайнұр Байжігіт, Айдос Меделбеков

8. Апта ішінде арда азаматтарымыздан айырылдық

Жетпіс алты жасқа қараған шағында Мақсұт Нәрікбаев өмірден озды. Заманының заңғар заңгері, мемлекет пен қоғам қайраткерінің қазасына байланысты Қазақстан Президенті көңіл айтты.

Мақсұт Нәрікбаев Бас прокурор, Жоғарғы Соттың төрағасы, Мемлекеттік заң академиясының ректоры қызметтерін табысты атқарды. Бертін келе «Әділет» партиясын құрды. Ол Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Марқұмның жора-жолдастары ол нағыз азамат болатын деп еске алады.

Сәрсенбіде Қазақстан жұртшылығы тағы бір ауыр қазаға душар болды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаев 68 жасында дүние салды. Президент марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

Нұрлан Балғымбаев мемлекеттік басқару мен экономиканың ірі қайраткері еді. Ол мұнай ісінің қарапайым жұмысшынан бастап Қазақстанның Премьер-Министрі лауазымына дейін көтерілді. 

Елбасы көңіл айту жеделхатында «Өз Отаны мен халқын қалтқысыз сүйген Нұрлан Балғымбаевтың болмысына қарапайымдылық пен зиялылық, нағыз бекзаттық тән еді. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпай, әрдайым қастер тұтатын болады» делінген. 

9. Аптаның өзге де негізгі оқиғаларына қысқаша шолу

2021 жылға дейін Дүниежүзілік сауда ұйымы Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға шектеу қоймайды. Айта кетейік, бірлестіктің кейбір талаптары елімізде бұрыннан бар ережелермен сәйкес келмейтін. Соған байланысты Энергетика министрлігі тиісті келіссөздер жүргізіп, оң нәтижеге келді. 

2017 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда үш деңгейлі салықтық режим енгізілмек. Біріншісі – жеке кәсіпкерлер үшін патент, екіншісі – кірістер мен шығыстардың салықтық есептілігін жүргізетін шағын және орта бизнеске арналған тәртіп. Сондай-ақ нарықтың барлық субъектілерін қамтитын жалпы режим. Бұл жайын Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты. 

Елімізде кәмелеттік жасқа толмағандарға қиянат көрсеткендерге жаза күшейтілді. Бұл туралы Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев хабарлады. Оның айтуынша, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулерге сай енді бала сатумен айналысқандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Осы аптада Мәжіліс депутаттары «Көші-қон туралы» заңға енгізілген өзгертулерді мақұлдады. Құжатқа сәйкес, енді шетелдіктерге елімізде жұмыс істеуге рұқсат ететін анықтама бұрынғыдай 40 күнде емес, небәрі 5 тәулікте беріледі. Сонымен қатар ата жұртқа оралған ағайындарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

10. Мәжіліс «Көші-қон туралы» заңға енгізілген өзгертулерді мақұлдады

Қарағандыдағы оралмандарды бейімдеу орталығы. Төрт жылдан бері бұл жер – ата жұртын аңсап келген Серікжан Мәукейұлының тұрғылықты мекені. Осы уақытқа дейін Моңғолияда тұрған қандасымыз балаларының болашағы үшін туған мекенге оралуды жөн деп шешкен. Қазір Серікжанда да, оның отбасы мүшелерінде де Қазақстан азаматтығы жоқ. Десе де, балалары мектепке барып жүр. Өзі жұмыс істеп нәпақасын айыруда. 

Серікжан Мәукейұлы, Қарағанды қаласының тұрғыны

-Еліміз, жеріміз деп келгендіктен, өз басым өзім үшін келіп, бала-шағамды асырап, шамамызша жүріп жатырмыз. Бірақ ары қарай өзімнен асып, үй ала қоятындай мүмкіндік жоқ. Азаматтығымызды қолымызға алсақ, рахметтен басқа айтарымыз жоқ.

Енді Серікжан сияқты қандастарымызға азаматтық алу үшін төрт жыл күтудің қажеті жоқ. Бұған үш айдан бір жылға дейінгі уақыт жеткілікті. Парламенттің қос палатасы әзірлеп жатқан заң жобасына Елбасы қол қойса, көші-қон мәселесі жеңілдей түсер түрі бар. Бұл құжаттың күшіне енуін қазір жырақта жүрген мыңдаған ағайын асыға күтуде. Заң қабылданса, этникалық қазақтар Ата жұртына қайта ағылары анық. Бұдан бөлек, енді олар Қазақстанның кез келген аймағына қоныстана алады. Ал егер Үкімет бағыттаған аймаққа барса, ол үшін бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер жасалады. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Көшіп барғаны жөнінде субсидия беріледі. Көлікке «провоз багажа» дейміз, материалдық көмек беріледі. Әрбір отбасының басшысына 50 АЕК ал, отбасы мүшелеріне 35 АЕК болады. Егер мысалы, бір отбасы 5 мүшеден тұратын болса, бір реттік көмек 350 мыңнан жоғары болады.

Енді қандастарымызға оралман куәлігімен бірге Жеке сәйкестендіру нөмірі қоса беріледі. Айта кетейік, осы нөмірдің жоқтығынан олар әлеуметтік көмектерді толыққанды ала алмай келген болатын. Тағы бір жаңашылдық. Оралмандарға 5 жылдан кейін жекешелендіру құқығымен, қызметтік баспана немесе жатақхана беріледі. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

-Олардың көшіп келуге де өзінің құқығы бар. Жоқ, қайтып кетемін десе де, өзінің құқығы бар. Бірақ Қазақстан солардың Отаны ретінде қажетті заңды да қабылдадық, қажетті жағдайларды да жасап жатырмыз. 

Оралмандарға тосқауыл болып тұрған тағы бір жайт. Сотталмағандығы жөніндегі анықтама. Әсіресе Қытай елінен келетін бауырларымыз бұл келеңсіздікпен жиі кездеседі. Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың сөзінше, Қытай елінде біздегідей Халыққа қызмет ету орталықтары жоқ. Сондықтан қандастарымыз осы анықтаманы алу үшін біраз сабылатын көрінеді. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

-Біз мұны жұмыс тобының қарауында да көтерген болатынбыз. Сонда ІІМ-нің өкілдері бұл мәселені шешеміз деп уәде берген. Ведомство қызметкерлері өз уәделерін орындайды деп үміттенеміз. Ал олай болмаса, біз бұл мәселеге қайта оралуға дайынбыз. 

Алайда ІІМ-нің өкілдері мәжілісменнің бұл сөзін жоққа шығаруда. Айтуларынша Қытайда бұл анықтаманы алудың еш қиындығы жоқ. Тек елге оралғысы келген азаматтардың өзі қажет құжаттарды жинауға келгенде салғырттық танытады екен. «Бар қиыншылық осыдан басталады», – дейді. 

Серік Саинов, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің бастығы

-Біз сараптама жасап көрдік. Ол анықтамалар Қытай елінің әрбір провинциясында беріледі. Қытай үкіметіне өтініш жазса болды, ешқандай шектеу жоқ. Қазақстан  біздің ортақ үйіміз. Мұнда келетін әрбір адамның өткенін білуіміз керек. Себебі елімізге террористер немесе адам өлтірген қылмыскерлердің де еніп кетуі мүмкін ғой.

Тағы бір жаңашылдық. Елімізде жұмыс істеуге рұқсат беретін анықтама енді бұрынғыдай 40 күнде емес, бар болғаны 5 тәулікте дайындалады. 

Испан тілінің мұғалімі Эдита Денст-Гарсия елімізге осыдан екі жыл бұрын Филиппиннен келген. «Өз өміріме өзгешеліктер енгізіп, жаңа адамдармен танысқым келді», – дейді ол. Елордадағы жоғарғы оқу орындарының бірінде бос жұмыс орны да табыла қалып, шетелдік ғылым кандидаты қазір бар білгенін қазақстандық студенттерге сіңіруде. 

Эдита Денст-Гарсия, испан тілінің мұғалімі

-Көріп тұрғандарыңыздай, мұнда студенттерге арналған кітапхана бар. Интерактивті тақта арқылы шет тілдерді меңгерудің тың әдістерін үйреніп жатырмыз. Барлық жағдай жасалған. Ең бастысы, коммуникация мәселесіне ден қоямыз. Студенттеріміз бір жылдан кейін өздеріне қажетті сөйлемдерді еркін айта алады. 

Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекованың пікірінше, мұндай жоғары біліктілігі бар мамандар біздің елімізге қажет. Десе де, өз мамандарымызды назардан тыс қалдырмай, квоталарды нақты салаларға бағыттауымыз керек. 

Меруерт Қазбекова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

-Біз жұмысшылардың санына да мән беруіміз керек. Қажетті салада өз ісінің мамандары істегені абзал. Мысалы, сүт технологиясы, атом энергетикасы сынды салаларға мамандандырылған жұмысшылар керек. Ең бірінші кезекте отандық еңбек нарығын қорғауымыз қажет.

Бұдан бөлек депутаттар: «Әзірлеп жатқан заң жобасы бюджеттің де бүйірін бұлтитады», – деп отыр. Өйткені онда шетелдік жұмысшылардан салық алу мәселесі де қарастырылған. Әлеуметтік аударымдар оларға да міндеттеледі. Статистика бойынша Қазақстанда 40 мыңнан астам шет елдік азамат еңбек етуде. Дені орта бизнестегі шет елдік компаниялардың топ-менеджерлері мен басшылары. Жұмыс істеуге рұқсат бір жылға беріледі. Одан кейін құжаттарын қайта рәсімдеу керек. Ал Кедендік одақ елдерінің азаматтарына келсек, ұйымға мүше болғандықтан бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. «Сайып келгенде, бұл заң жобасы еліміздің бюджетіне бірқатар түсімдер алып келетіні анық»,- дейді құжатты әзірлеушілер. 

Авторлар: Талғат Уәли, Жасұлан Шәкенов

11. Еліміздің бірнеше өңірлері отандық газдың игілігін көруге мүмкіндік алды

Қызылорда облысының Жаңақорған мен Шиелі кенттерінде көптен күткен қуаныш. Жергілікті жұртшылық отын жарып, көмір тасу машақатынан құтылды. 60 мыңдай тұрғын отандық газдың игілігін көруге мүмкіндік алды. Облыс бойынша ең алғаш болып табиғи газға қосылған – Жантелеевтер отбасы.

Ғазиза Жантелеева, Жаңақорған кентінің тұрғыны

-Бұрын көмір кіргізіп, отын кіргізіп, үйге сөйтіп жұмыс жасайтын болса, қазір мінекей табиғи газдың арқасында үйіміз де таза, өзіміздің де жұмысымыз жеңілдеп жатыр.

Ардақ Айтуаров, Шиелі кентінің тұрғыны 

-Бұрын енді көгілдір отынды қалада, облыс орталықтарында көретін едік. Енді ауданға келіп керемет, ғажайып нәрсе болып жатыр. Өте оңай, азайтып көбейтеміз барлығын. Температура жақсы ұстап тұр. 

Гүлжаухар Әбдікамалова, Шиелі кентінің тұрғыны 

-Жұмыстан келе салып, отынға жүгіретін едік. Қазір газымыз дайын, үйіміз жылы. Енді от жақпаймыз. Барлығы жақсы. 

Сыр өңіріндегі 5 аудан орталығын «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ желісіне қосу үшін 1 250 шақырым құбыр тартылды. Енді жыл соңына дейін тағы 3 кент тұрғындарына экологиялық таза табиғи газ беріле бастайды. 

Ибулла Сердиев,«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі

-Осы айдың аяғына дейін Әйтеке би мен Арал аудандарына газ беріп халықты қуантпақшымыз. Бұған дейін еш уақытта 5 ауданға бір жылда газ беру деген болмаған нәрсе. Әр жыл сайын республика бойынша 35 мыңнан астам абоненттің үйіне газ кіргізіп отырмыз. Үйлерге газ қосып, тұрғындарға жылу мен қуаныш сыйлай отырып, «ҚазТрансГаз» өзінің халықтық компания екенін дәлелдеп келеді. 

Қызылорда қаласын газбен қамтуда іркіліс болмайды. Қыс мезгілінде жылу электр орталықтарына көгілдір отын жетпей, біраз қиындық туындайтын. Енді қажетті қор тұрақты жеткізіліп тұрады. Ал облысты газдандыру ісі жалғасын таппақ.   

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі 

-Енді бұл жұмыс өзінің жалғасын табады. Оған 16 млн қаржы керек. Еуропалық «Реконструкция және қайта даму» банкімен келісім бойынша несие алуға келісімге келдік. Соның арқасында бұл жоба толыққанды іске асады. 2 жылдың ішінде облысымыздың елді мекендерінің 75 пайызы, халқымыздың 83 пайызы көгілдір отынмен қамтылатын болады. 

Ал газ бағасына келсек, біздегі көрсеткіш өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен. «Рейтинг» ақпараттық агенттігінің деректері бойынша арзан газ біздің елде. Ең қымбат баға Швеция, Португалия мен Испанияда. Теңгемен есептегенде бір текше метрі 150-200 теңге аралығында. Ал Ресейде 30-40 теңге болса, Қазақстанда 16-20 теңге шамасында.

«ҚазТрансГаз» басшыларының айтуынша, халықтың қалтасына салмақ түсірмеу үшін қолда бар жағдай жасалып отыр. Шындығында ішкі нарықтағы газ саудасынан көл-көсір пайда жоқ. Керісінше қып-қызыл шығынға батқан. Мәселен, компанияның былтырғы шығыны – 34 миллиард теңге.

Ибулла Сердиев,«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі

-Сатып алынатын газдың жартысы шетел валютасымен есептелінеді. Осы сатып алынатын импорттық газ бен «Теңізшевройлдан» алатын газдың АҚШ долларымен есептелуіне байланысты жыл сайын «ҚазТрансГаз» 50 млрд теңгеден астам шығын көріп келеді. Бірақ бұл қиындықтың бәрін қарапайым тұтынушы сезініп жатқан жоқ. Өйткені барлық ауыртпалықты «ҚазТрансГаз» компаниясы өзі көтеріп отыр. Осы қаржылық шығындардың орнын «ҚазТрансГаз» газ тасымалдау, көрші елдердің газын транзиттік тасымалдау, тауарлық газдың экспорттық операциялары тәрізді өзге табыс көздерінің табысы есебінен жауып отыр.

Ұлттық оператор еліміз аймақтарына үздіксіз газ берілуін қамтиды. Алдағы уақытта ауқымды жобаларды іске асыруды жалғастыра бермек. 

Ибулла Сердиев,«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының кеңесшісі

-Біз тәулігіне 24 сағат бойы халыққа қалтқысыз қызмет етеміз деп айта аламын. Өйтпеуге біздің қақымыз жоқ. Өйткені газ беру арқылы біз тұрғындарға шаттық пен қуаныш сыйлаймыз. Мұның бәрі Ұлы Даланың қуатын халықтың игілігіне айналдыру деп білеміз. 

Ірі қалалардағы газ желілерін жаңғырту жұмыстары өз нәтижесін бере бастады. Шымкент пен Тараз қалаларында 40-50 жылдан бергі қолданыстағы тозығы жеткен құбырлар жаңартылды. Газ берудің жаңа жүйесі енгізілді. Мұндай жұмыстар Батыс Қазақстан, Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында да жүргізілуде. 

Авторлар: Бағдат Бектұрғанқызы, Нұрлан Жақыпбек, Альхайдар Тұрлыханов, Айдын Өнербаев

12. Ақтөбеде рельс шығаратын кәсіпорын ашылды

Өңірлер өмірінде өзгеріс көп. Сыр еліне газ тартылса, Ақтөбе облысында соңғы жылдары жетпістен астам кәсіпорын ашылды.

Мәселен, кеше аймақтағы рельс арқалығы зауыты алғашқы дайын өнімін шығарды. Өткен жылы жалпыұлттық телекөпір кезінде Елбасы зауыттың алғашқы кезеңін бастауға пәрмен берген еді. ТМД-да баламасы жоқ өндірістің өнімін экспортқа шығару мақсатында көрші елдермен әріптестік қарым-қатынас орнатылуда. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының бұл жобасы елдің индустриялды тарихында ойып тұрып орын алды. Себебі мұндай кәсіпорын Орта Азия елдерінде бұрын болмаған. Бұған ұқсас зауыт Ұлыбритания мен Қытайда ғана бар. Өндірістің ерекшелігі инновациялық термотөзімді, жоғары сапалы рельс бөліп-жарылмай, тұтастай құйылады. Өнім жоғары жылдамдықты және қозғалысы көп желілерге пайдаланылады.

Асқар Мамин, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ президенті

-Елбасының тапсырмасы бойынша, ҚТЖ қысқа мерзім ішінде бұрын болмаған теміржол машина жасау саласын құрды. Зауыттың құрылысына қатысқан жұмысшыларға үлкен алғыс білдіреміз.

Жобаға қажетті қаржының 70%-ын «Қазақстан даму банкі» берген. Өндірістегі 3 негізгі және 17 қосалқы цех «Сименс» компаниясының заманауи қондырғыларымен жабдықталған. Зауыт қарқын алған кезде, мұнда 800-ге жуық адам жұмыс жасайтын болады. Бұл жерде шығарылған өнім бәсекелесе алады.

13. «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы ресми түрде Трансформация бағдарламасын бастады

Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмысты жетілдіруді көздеп отырған тұста мұның маңызы зор. Қатарының алды болып, өзгемен иық тіресу үшін компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру шарт. Бұл жерде «Самұрық-Қазына» қорын трансформациялаудың тәжірибесін айтуға болады. Бастапқыда трансформация деген тіркес тосын естілгенмен, кейін оның астарын ұға бастады.

Уран өндірісінің көлемі бойынша дүниежүзінде көш бастап тұрған «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы осы аптада Трансформация бағдарламасын ресми бастады. Енді ол тек уран өндірумен шектелмей оны өңдеп, ядролық отын циклын толық қамтуды көздеп отыр. Атап айтсақ, жылу шығаратын құрамалар өндірісі жолға қойылады. Жаңаша жұмыс тәртібіне ұмтылған топ-менеджерлер өндірістік өлкелерге көшуде. Бұл кәсіпорындағы нақты өндіріске қажетті шешімдерді шұғыл қабылдап, сапалы орындауға сеп.

Асқар Жұмағалиев, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысы

-Кеңселерді кеніштерге жақын жерге көшірудің арқасында тек кеңсе жалдаудан жылына 300 млн теңге үнемделеді. Қазір Алматыдан Шымкентке көшіруі тиіс 8 кәсіпорынның төртеуі көшірілді. Жыл соңына дейін қалғандары сонда болады. Қызылордаға 2 компания көшіп барды. Жыл соңына дейін тағы бірі қоныс аударады.

Трансформацияда бар күшін тек өндіріске шоғырландыратын ұлттық компания бейінді емес 27 активінен арылады. Кіріске ортақтасып, табысты азайтып тұрған мекемелер жақында жекешелендіріледі. «ҚазАтомӨнеркәсіп» жүйесінде тек өндірісті өрістететін 49 компания қалмақ. Сөйтіп 2025 жылға қарай компания құны 3 есеге өседі. Бастысы трансформация аясында компания табысына әр қызметкердің қосқан үлесі өлшеніп, соған сай еңбекақы төленеді. 

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы 

-Әрбір қызметкердің жұмысының негізгі көрсеткіштері белгіленеді. Оның саны 3-5 тармақтан аспауы керек. Адамдарды кабинетке шақырып немесе телефонмен талап еткеннен гөрі осылай ынталандырған тиімді. КРІ жүйесі кімнің қалай жұмыс істеп жатқанын анық көрсетіп тұрады.

Түбегейлі өзгерістерден соң «ҚазАтомӨнеркәсіп» басқару буыны 3-ке дейін қысқарады. 2025 жылы компанияның экономикалық қосымша құны 32 миллиард теңгеге жетуі тиіс. Осындай мақсатпен өзгеріске құлшынған ұжым жоспардың іске асарына нық сенімді. Өйткені трансформацияны былтыр бастаған «Қазпошта» қазір айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отыр. Пошташы Ляззат Нұрсейітованың жұмыс күні таңғы 4-тен басталады, әуелі елордадағы маңызды мемлекеттік органдарға басылымдар, хаттар мен құжаттарды көлікпен таратқан соң, кеңсеге келіп, өз учаскесіндегі тұрғындарға апаратын газет-журналдарды реттейді. Қазір жұмыс анағұрлым жеңіл. Себебі велосипед, арнайы форма мен смартфон берілген. Мысалы, смартфон – қажетті үй мен пәтерді табуға көмектесетін карта, басшылыққа есеп беретін құрал және клиентпен хабарласатын ұялы телефон.

Ләззат Нұрсейітова, пошташы

-Бұрын біз есепті қолмен істеп отыратынбыз, ал қазір далада келе жатқанда смартфонмен есеп жасап отырамыз. Клиентке хатын апарып бердік пе, бірден сол жерде фамилиясын, қолын қойдырып алып келеміз.

Бұл «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында іске асырылып жатқан трансформация бағдарламасының тек алғашқы табыстары. Клиенттердің жас ерекшелігі алуан түрлі, технологиялар күнде жаңаруда, сондықтан поштаның қызмет көрсету аясы кеңейді.

Гинт Шкодов, «Қазпошта» АҚ трансформация жөніндегі бас директоры

-Ішкі құрылым түбегейлі өзгереді. Қағазбастылықтан арылып, электронды құжаттарға көшеміз, заман талабы солай. Әр қазақстандық  біздің клиентіміз. Егде жастағылар зейнетақы алса, тұрғындар хат-хабар жолдап, есепшоттарын қарайды, коммуналдық төлемдерін өтейді. 

«ҚазМұнайГаз» компаниясындағы трансформацияның алғашқы нәтижесін көлік жүргізушілері жақында жанармай бекеттерінен байқайды. Ұлттық компания иелігіндегі 150 жанармай бекетін жалға берді. АҚШ пен Еуропаның озық компаниялары осындай жүйемен жұмыс істейді. Трансформация аясында қолға алынған тағы бір бастама бірыңғай диспетчерлік орталық.

Ерболат Қожабаев, «ҚазМұнайГаз - Өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының бірінші орынбасары

-Мұнай өнімдерін өндіру мен сату жөніндегі деректерді талдай отырып, олардың неғұрлым тез және тиімді түрде берілуін басқара аламыз. Әрбір резервуар немесе теміржол цистерналарына дейін зауыттар, мұнай базалары, май құю станциялары, жанармай тасымалдайтын көліктер жөніндегі толық жағдайды көре аламыз.

Ауқымды трансформация жолына «Самұрық-Қазына» тобындағы әр компания бірінші кезекте шығындарын азайтып, тиімділігін арттыруға талпынып жатыр. Осылайша олар өздері қызмет ететін саладағы әлемдік үздіктер қатарына қосыла алады. Бұл – халықаралық деңгейдегі сарапшылар пікірі.  

Кристофер Армитаж, «DELOITTE» халықаралық компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі сарапшысы

-Барлық компанияларға бірдей әдіс қолданылады. Бірақ әр компания өз жұмысы, өндіріс түрі және өзге да ерекшеліктеріне қарай, әдістемелерді қолдану кезінде өзіне ыңғайлы етіп бейімдегені дұрыс. Мәселен, «Қазанах» пен «Темасек» сияқты алыптар трансформацияның толайым табыстарына тек 10-20 жылда жетті. Ал «Самұрық-Қазына» қоры мұндай табыстарға 3-4 жылда қол жеткізе алады.

«Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардың басым бөлігі – ірі ұлттық компаниялар. Қазір көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға күш салуда. Өндіріске де күш салып, экономиканы әртараптандырмақ. «Нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, бюджетке салық көбірек түседі», – дейді экономист Жәнібек Айғазин.

Жәнібек Айғазин, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры

-Бұл шараларды ерте ме кеш пе бастау керек еді. Қазір бәсекелестік зор. Сондықтан отандық кәсіпорындар алдымен өзара бәсекеге қабілетті болса, шетелдік компаниялармен де бәсекелесе алады. Сондықтан өз жұмысын жақсы білетін үнемі ізденісте жүретін мамандар ғана сұранысқа ие болатын кез келді.

Қорыта айтсақ, «Самұрық-Қазына» тобындағы компаниялардың кейбірі трансформацияның тырнақалды табыстарына қол жеткізіп үлгерді. Түбегейлі өзгеріс жолына түскен «KEGOC», «Қазақстан Темір Жолы», «Қазақтелеком» мен «Самұрық-Энерго» қатарлы компаниялар да қызметін саралап, жетілдіруге болатын тұстарды пысықтауда. Демек мұндағы жұмысты жақсартуға мүмкіндік туады.

Авторлар: Ақбөпе Бәкір, Айдын Өнербаев, Мейрамбек Ақмаханов