Хабар телеарнасы

«Жеті күн». Қазақстан Президенті ресми сапармен Катар Мемлекетіне барды

Сюжеты

1.Қазақстан Президенті ресми сапармен Катар Мемлекетіне барды 2.Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті  3.Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге қазақ-жапон бизнес форумына қатысты 
4.Елбасы жаңа Азаматтық-процестік кодекске қол қойды 5.Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді 6.Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады 
7.Мемлекет басшысы ресми сапармен Ұлыбританияға барады  8.Елордада «Астана инвест-2015» халықаралық инвестициялық форумы өтті 9.Аптаның маңызды оқиғаларына қысқаша шолу
 
10.Қазақстан Халықаралық көрмелер орталығы бюросының туын алды 11.Халықаралық көрмеге дайындық қалай?  

 

1. Қазақстан Президенті ресми сапармен Катар Мемлекетіне барды 

Қаржылық қауқары мығым, инвестиция салуға бейім Катармен Қазақстан дипломатиялық байланысты 22 жыл бұрын орнатқан. Содан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың араб еліне осымен үшінші рет ресми сапарлауы. Араб элитасының қатарындағы Катардың әмірі Қазақ елінің басшысын арнайы шақырған болатын. Мұсылманша қол алысып амандасқан Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл-Тани елінің құрмет қарауылын тік тұрғызып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Біздің елге деген зор құрмет сезіліп тұрды.    

Екі елдің серіктестікке ұмтылуына негіз жоқ емес. Ұстанымдарында ұқсастық бар, халықаралық маңызды, өз өңірлеріндегі саяси мәселелерді шешуде екі ел де белсенді. Екі мемлекетте де қара алтын қоры айтарлықтай. Келіссөздерге кіріспес бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ғылыми жобалар көрсетілді. Қысы-жазы ыстықтан көз ашпайтын катарлықтардың күннен қуат жинауда мүмкіндігі мол. Араб кәсіпкерлері бірлесіп салатын жаңа зауыттар құрылысының жоспарымен таныстырды. Дағдарыс тұсында экономиканы демеу үшін инвестиция керек-ақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен Катардың жетекші корпорациялары мен қаржы элитасының басшыларымен кездесті.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Құрметті мырзалар. Уақыт тауып келгендеріңе ризашылығымды білдіремін. Шейхтың шақыруымен ресми сапармен келдім. Сіздердің елдеріңізбен экономикалық қарым-қатынасты нығайта түсуге ниеттіміз.

Қазақ елі мен Катардың тауар айналымы тым төмен. Сонау Арабия түбегінде жатқан елмен алыс-беріс көбеюі үшін жүйелі логистика қажет. Өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты мейлінше жоғары деңгейге жеткізудің амалдарын айтты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Tоварооборот очень низкий. Причина – плохая логистика. Прямой доступ по железной дороге в иранский порт Бендер-Аббас в Персидском заливе будет способствовать росту товарооборота между двумя странами. Сегодня Центрально-Азиатский регион имеет огромный потенциал и экономические возможности. Мы готовы развивать долгосрочные и взаимовыгодные партнерские отношения. Уверен, что прямой доступ по железной дороге в иранский порт Бендер-Аббас в Персидском заливе будет способствовать росту товарооборота между двумя странами. Мы готовы развивать долгосрочные и взаимовыгодные партнерские отношения.

Катармен қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев араб елінің халықаралық аренадағы беделін де атап өтті.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Хочу подчеркнуть, наша дружба продолжается много лет. При шейхе Хамаде Аль-Тани и с шейхом Тамимом Бен Хамадом мы встречались в прошлом году в Астане в рамках его визита. У нас много общего, исторические корни, мы придерживаемся одной религии. Это большое подспорье. Катар считается важным игроком не только в своем регионе, но и в международной арене, и его авторитет в мире растет с каждым годом. Мы это поддерживаем.

Қазақстан бүгінде жаңа әмірдің әкесі Хамад бен Халифе Әл-Танидің басшылығы кезіндегі уағдаластықтардан қол үзген жоқ. Басшы болғанына екі-ақ жыл болған шейх Тамим бен Хамад Әл-Тани әкесінің жолымен сол ынтымақтастықты жалғап отыр. Катар әмірі Қазақстанмен кең ауқымдағы ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Кездесу соңында бірқатар меморандумға қол қойылды. Қазақстан мен Катардың дипломатия өкілдері визалық талаптардан босатылып, мәдениет, өнер салаларында серіктестік орнатылатын болды. Қазақстан Ұлттық банкі мен Катар Орталық банкі арасында өзара түсіністік бекіді.  

Хусейн Әл-Абдулла, «AL RAYAN BANK» басқармасының төрағасы

-Біз қазақстандық банкирлермен өзара байланыс орнатуға әзірміз. Исламдық қаржыландыру, Астана қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша бірлесе жұмыс жасамақпыз. 

Нұрлан Құсайынов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары

-Катар банктері исламдық қаржыландыруды жетілдірудегі тәжірибесімен бөлісетін болады. Олардың әдісі бойынша мамандарды оқытып, үйлестіру жұмыстарын да үйренетін боламыз.

Қияндағы Катармен қоян-қолтық араласа қоймасақ та, алыс-беріс бар. Күн қуатын өндіруде озық ел бізден кремний, күн ұяшықтары мен пластиндерді импорттап отыр. Елбасының ресми сапары аясында «QATAR SOLAR ENERGY» және «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» АҚ жаңа жобаларды бірлесе жасауға уағдаласты. Араб кәсіпкерлері Өскемендегі пластин шығаратын зауытқа 800 млн доллар инвестиция салуға ниетті.  

Асқар Жұмағалиев, «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» басқармасының төрағасы

-Келісім аясында Қазақстанда да, Катарда да күн энергиясын өндіретін электр стансалары салынатын болды. Біз қуаты 1000 мегаватт ұяшықтарды жасай аламыз. Мұндай қадамға, әрине, қомақты инвестициялар қажет.

Салим Аббаси, «QATAR SOLAR ENERGY» компаниясының басқарма төрағасы  

-Тұрақты энергетика секторында, баламалы қуат көзін өндіруде Қазақстанның да әлеуеті зор. Мәселен, Өскемендегі ұяшықтар мен пластиндерден біздің елде модульдер жасалады. Ары қарай біз оны Марокко, Африка, Эквадор елдеріне сататын болып келістік.

Бұдан бөлек Катардың бірқатар компаниялары тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, жылжымайтын мүлік салаларында байланыс орнатпақ.  

Фейсал бен Касим Әл-Тани, Катар мемлекеті кәсіпкерлері қауымдастығының мүшесі

-Кейбір салалар бойынша ерекше белсенділік бар. Бұл дегеніміз Катар кәсіпкерлерінің қазақстандықтарға деген сенімін білдіреді. Іскер топтар арасындағы ережелер мен талаптар жеңілдейтін болды. Келісімдерге қол қойылды.

Индира Жылқайдарова, тілші

-Жері де шағын, халқы да аз, бірақ ауқатты Катар мемлекетімен экономикалық өзара әрекеттестік жандана түспек. Жазы түгіл қысы да қуаң, жері шөлейт Катардың қойнауы есесіне қара алтын мен газға толы. «ОПЭК-тің» белсенді мүшесі мұнайы аз емес Қазақстанмен ынтымақтастыққа құлықты. Ал біздің ел Катарды Таяу Шығыстағы сенімді әрі конструктивті серіктесі санаса, Қазақ елін арабтар Орталық Азияда беделі бар, перспективасы айқын әріптес көреді.

Даму қарқыны мықты Катар соңғы 10-15 жылда экономикалық қауқарымен күллі әлемді өзіне қаратып үлгерді. Мұнай секторы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімін 100 мың доллардан асырды. Катардың инвестициялық қоры Қазақстанның инфроқұрылымдық жобаларына құятын қаржысын молайтуға ниетті.  

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі 

-Өткенде Қытай Республикасында құрылған қор бар, соған Катар инвестициялық қоры 100 млн долларға дейін салады, ол алғашқы сомасы. Ар жағында жақсы жұмыс жүрсе, тағы молайтамыз ба деген үміттеміз.  

Сондай-ақ Елордада Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл-Танидың атындағы орта мектептің құрылысына 12 млн доллардан астам қаражат бөлінетіні анықталды. Бұл келісімге Қатар қорының бас директоры Халифа Джассим Әл-Кувари мен Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәли Әлиев қол қойды. Нысан 20 мыңға жуық оқушыға шақталып салынбақ.  

Халифа Джассим Әл-Кувари, Катар инвестициялық қорының бас директоры  

-Мектептің аумағы 3,7 гектарды құрайтын болады. Астана оның орнын белгілеп қойды. Енді біз Қазақ елінің Елордасынан дизайн жобасын күтетін боламыз.  

Катар мемлекеті ірі инвестор ғана емес, спорттық салада да тәуір жетістіктері бар. Катарлықтардың ат жарыстарға әуестігін бүкіл әлем біледі. Дохаға сапарымыз кезінде араб арғымақтары жаратылатын ат қораны да көрдік. Тіпті қора деуге келмейді, сәйгүліктерді ерекше күтіп баптайды екен. Шөл далада ат жарыстырып миллиондаған ақша табатын катар арабтары үшін бұл бизнес емес, ермекке ұқсайды. Жылқы жарыстан бөлек катарлықтардың футболға да ықыласы ерекше. Мұндағы спорт кешендері 2020 жылы теңбіл доптан әлем чемпионатын өткізу үшін салынып жатыр. Елбасының ресми сапары аясында екі елдің футбол қауымдастықтары тәжірибе алмасу туралы келісімге қол қойды. Алыс-жақын мемлекеттермен достығын нығайтқан Қазақстан басшысының Катарға сапары екі елдің қарым-қатынасына жаңа серпін берері сөзсіз. Экономикадан, спорттан бөлек, мәдени салаларда да достығымыз арта түспек.  

Авторлар: Индира Жылқайдарова, Жұмағали Біргебаев, Юрий Те

2. Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті 

Алыс жатқан, бірақ жақын дос мемлекеттер. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы дала мен Күншығыс елдерінің қарым-қатынасын осылай сипаттады. Сейсенбі күні Астанаға Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ келді. Осылайша ол Орталық Азияға сапарын түйіндеді. Жапония тарихындағы ең жас Үкімет басшысы. Өзінің өршіл бағдарламасымен бірден көзге түсті. Үш жылдың ішінде бір миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, жыл сайын жұрттың жалақысы көтеріліп келеді. Міне осының өзі «Абэномикс» деп аталатын оның саясатының нәтижелі бола бастағанын көрсетеді. Сонымен қос ел ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге мүдделі. Абэнің сапары осыны тағы бір аңғартты. Нұрсұлтан Назарбаев: «Ауыл шаруашылығында, автомобиль құрастыру мен жоғары технологиялар салаларында өзара толықтырушы мүмкіндіктер», – бар деді. Сондай-ақ Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыздану ісіндегі стратегиялық ынтымақтастықты нығайтпақ. Атом электрстансаларын салуда тізе қоспақ. Бұдан бөлек, инженер мамандарын дайындауға бірге кіріспек. Бұл тұста Жапонияның кәсіби-техникалық білім берудегі тәжірибесі ұсынылды. Мұхтар Ыбырайымның материалы.

Ұлы дала мен күншығыс елдерінің ынтымағы арта түспек. Жапония Премьер-Министрі серіктестікті тереңдету үшін Астанаға арнайы келді. Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ халықаралық жиындарда 3 рет жүздескен болатын. Дегенмен, бұл ресми сапардың маңызы зор. Жапон Премьері Орталық Азия елдерін шарлап шықты. 5 күнде 6 елді аралады. Сапардың соңғы нүктесі – Астана! Осылайша, күншығыс елі Орталық Азия мен Жапония диалогы шеңберінде тұтас біздің аймақпен ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтпек ойда. Бұл орайда Қазақ елі әлемнің 4-ші экономикасы саналатын Токиомен серіктестікке дайын.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Между нашими странами нет никаких проблем: не экономических, не политических. И Казахстан очень желает сотрудничать с Японией. Ваш турне по центрально-Азиатским странам очень важен, и в важное время Вы проводите его. Формат «Центральная Азия + Япония» очень необходимая и мы поддерживаем. Я часто привожу слова вашего императора господина Фокито который мне сказал когда мы встречались «Мы все в Азии спим под одним одеалом, но видим разные сны». У нас здесь в Центральной Азии тоже самое. Поэтому Ваш визит даст импульс нашим отношениям.

Екі елдің бүгінгі қатынасы мықты. 1992 жылдан бері сан салада өрбіп келеді. Ендігі кезекте әріптес елдер сауда-саттықты көбейтуге мүдделі. Орталық Азияда геосаяси беделін арттыруға ниет танытқан Жапония өңірге қаржы құюдан аянбайтын сыңайлы. Әсіре, көлік-логистикаға. Бұл орайда Қазақстан Тынық мұхиты мен Еуропа арасындағы жолдың торабында. Қазір тауар тасымалдау біздің ел арқылы тиімді. «Жапония да бұл дәліздің игілігін көре алады»,- деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Особо подчеркну поступательное углубление торгово-экономических, инвестиционных взаимодействий. Только в 13-14 годах двухсторонний товарооборот составил около 2 миллиардов долларов. И только за первое полугодие этого года показатель составил 600 миллионов.  

Ядролық қаруды таратпауға мүдделі, бірақ атомды бейбіт пайдаланудың жақтасы қос тарап. Алдағы әріптестіктің бір парасы осы атом энергетикасы мен жасыл технологиялар саласын қамтиды. Бұл бағытта көшбасшы саналатын Жапония жиған тәжірибесімен бөлісуге дайын. Тіпті, елімізде атом электр станциясын салуға құлшынып отыр.  

Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі  

-Қазақстанда Атом электр станциясын салып беруге дайынбыз. Барлық жағынан көмектесеміз. Сондай-ақ, алдағы уақытта медициналық диагностикаға жапон жүйесін енгізу мәселесі де қарастырылып жатыр. Жапония Қазақстанның экономикалық реформаларын әрі қарай да қолдай бермек. Әсіресе, мемлекеттік құрылымдарды жаңғырту мен жеке секторда.

Жапония энергетика, мұнай-газ саласындағы әріптестікті нығайтуды көздейді. Күншығыс елінің геологиялық барлауға да ұмтылысы көп. Ал қазақтың қазба байлықтарының орнына озық технологиясымен бөліспек ойда.

Елімізде жапон компанияларының белсенділігі жоғары. 50-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Солардың іргелісі Қостанайдағы «Тойота» автокөлігін құрастыратын зауыт. Кәсіпорын былтыр ашылды. Сөйтіп, машина жасау саласындағы ынтымақтастық қарқын алуда.

Алдағы уақытта да серіктестіктің тасы тек өрге қарай домалай бермек. Екі ел көшбасшылары стратегиялық әріптестікті кеңейту жөнінде бірлескен мәлімдемеге қол қойды.Тағы бір жайт: ядролық сынақтардан бірдей зардап шеккен екі ел мұндай әрекеттерге тыйым салу қажеттігін алға тартуда. Бұл бағытта да арнайы мәлімдеме қабылданды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Жапон жағынан біздің халыққа, әсіресе ядролық қарудан зардап шеккен Семей өңіріне көрсеткен көмегі үшін біз зор рахметімізді айтамыз. Тек қана ресми көмекпен қатар, Қазақстанға 1 млрд 200 млн доллар көмек көрсетілген болатын. Біз тағы да болашақта осындай қатынасты тереңдете беруге мүдделіміз.  

Тараптар мәдени-гуманиталық ынтымақтастықты да дамытуға ниетті. Екі елдің рухани сабақтастығын тереңдету үшін! Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев Синдзо Абэні елорданың айшықты мәдени ошақтарымен таныстырды. Көшбасшылар «Астана Опера» театры мен Орталық концерт залын аралады. Айтпақшы, айбынды Астана жапон сәулетшісі Курокаваның бас жоспары бойынша бой көтерген. Елордадағы жаңа халықаралық университетті дамыту да күн шығыс елінің өкілі Катсудың басшылығымен жүзеге асып жатыр. Синдзо Абэ озық білім ордасының да тіршілігімен танысып, студенттерге дәріс оқыды. Елбасының жуырда БҰҰ-ы мінбесінен көтерген бастамаларына тоқталды. Мәселен, атом энергетика саласын дамытуды Орталық Азия мемлекеттерімен бірлесе дамытуға шақырып отыр.  

Авторлар: Мұхтар Ыбырайым, Еділ Ермекбаев

3.Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге қазақ-жапон бизнес форумына қатысты 

1,5 миллиард доллар! Қазақ-жапон бизнес форумында құны осынша тұратын келісімдерге қол қойылды.

Қазіргі таңда 72 миллион доллар болатын инвестициялық жобалар жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Бұл жерде бөле-жара этанол өндірісі мен онкологиялық аурулар диагностикасы орталығын құруды, «Тойотаның» жаңартылған моделін шығаруды айтуға болады. Атом энергетикасына ерекше мән береміз. Сондықтан, Жапония нарығына өңделген уран өнімдерін жіберуді көздейміз. Бұл енді біздің мүдде. Президент осындай басымдықтарды тізбектеп берді.

Орталық Азиядағы өзіндік орны бар Қазақстанға жапондықтар ерекше құрметпен қарайды, әсіресе оларды еліміздің географиялық тиімді орналасу қызықтырады. Тың технологиясымен өзгеден оқ бойы озық, көлік құрастыру ісінің майталманы, сандық техниканың білгірі саналатын Күн шығыс елі Еуразиялық экономикалық одаққа өз өнімдерін көптеп өткізуді қалайды. Тақырыпты Гүлмайра Қуатбайқызы тарқатады.

Бизнес форум бір сағаттық кешігумен басталды. Сәт сайын сағатына үңілген сыпайы жапондықтар мен аракідік телефонмен сөйлескен отандық кәсіпкерлер. Екі тарап та қазақ-жапон басшыларын ұзақ күтті. Ақордада келелі мәселелерді сөз еткен Синдзо Абэ мен Нұрсұлтан Назарбаев жиынның басында делегаттарды күттіргендері үшін кешірім сұрады.    Жалпы Қазақстан Жапониямен 1992 жылы дипломатиялық қатынас орнатқан. Содан бері екі ел арасындағы экономикалық байланыс ұтымды жолға қойылды. Соңғы 10 жылда бір-бірінен өте алшақ орналасқан мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларды еңсерді. Бизнес форумда байланысқа жаңа серпін беретін 14 құжат бекіді. Екі елдің кәсіпкерлері 1,5 млрд доллардың келісіміне қол қойды. Атап айтқанда, олар көлік, тау-кен, металлургия, қаржы салаларын қамтыды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-В настоящее время ведутся активные переговоры по другим перспективным инвестиционным проектам на сумму также порядка 700 миллионов долларов. Среди них - производство этанола, создание центра диагностики онкологических заболеваний, производство обновленной модели «Тойота», строительство терминалов и другие проекты. Мы высоко ценим ваш настрой на дальнейшее партнерство, взаимные инвестиции.

Қазақстан – инвесторлар үшін тиімді аймақ. Олар елімізде корпоративтік және табыс салығынан 10 жылға босатылады. Бұдан бөлек қазақ Үкіметі капиталдық шығынның 30 пайызын өтеп беруге дайын. Сондай-ақ 20 елдің инвесторлары Қазақстанға визасыз қатынай алады. Бұл мемлекеттердің қатарында Жапония да бар. Осыны айтқан Елбасы жапондық инвесторларды ұлттық компанияларды жекешелендіруге қатысуға шақырды.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Казахстан проводит разгосударствление экономики. Будет реализована вторая беспрецедентная кампания по приватизации и продаже ключевых для экономики активов. В перечень включены государственные пакеты акций в сфере горно-металлургической, нефтедобывающей отраслей, транспорта, связи, инфраструктурные объекты. Ваше участие в приватизации стало бы прекрасной возможностью для активизации нашего межгосударственного сотрудничества.  

Қазақтар мен жапондардың тілдері өзге болғанымен, түрлері ұқсас деген пайым кейінгі кездері жиі айтылып жүр. Ғалымдардың пікірінше, тіпті генетикалық сәйкестіктер де бар. Мұны Президент Нұрсұлтан Назарбаев та әзілімен бір түртіп өтті.  

Токио үшін Қазақстан Орта Азиядағы қызығушылық тудырып отырған бірден бір мемлекет десек артық айтқандық емес. Әлемнің төртінші экономикасы саналатын Жапония еліміздің нарығына кіріп, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне өз өнімдерін ұсынуға ниетті.

Сондай ақ Токио озық технологиясын бөлісіп, Балқаш маңында жоспарланған атом электр стансасының құрылысынан дәмелі.  

Синдзо Абэ, Жапония Премьер-Министрі

-Біз техниканы жеткізумен ғана шектелмейміз. Мамандарды дайындап, біліктілігін арттырамыз. Бұл барлық жаққа тиімді.

Жапония – Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. 2005 жылдан бері ол жақтан келген инвестициялар көлемі 5 млрд долларды құраған. Қазіргі уақытта біздің елімізде жапондық капиталдың қатысуымен 50 кәсіпорын жұмыс істейді. Енді олардың қатарына «Jogmec» компаниясы қосылды. Ол Қарағанды мен Қостанай облыстарынан сирек кездесетін металдарды іздеумен айналысады. Жаңа кен орындарын табуға Жапония 11 млрд теңге бөлуге әзір екен.  

Ғалым Нұржанов, «ҚазГеология» АҚ басқарма төрағасы  

-Олар бізге қазіргі таңда тек қана ақша құю ғана емес, біздің мамандарды дайындауға келісіп отыр. Геологиялық жұмыстар біткеннен кейін қордың мәселесі шешіліп жатса олар Қазақстанға өздерінің технологияларын әкеліп үлкен бір өндіріс ашуға өздерінің көзқарастарын білдіріп отыр.

Жапондар бизнес форумға тыңғылықты дайындалып келген. Белді деген жүз компаниясы елімізге талай мәселені шешуге мүмкіндік беретін бірқатар инновациялық жоба ұсынды.  

Шимпей Такахаши, кәсіпорын өкілі  

-Суды тазалайтын қондырғы шығарумен айналысамыз. Ол бактериямен ластанған немесе балдыр араласқан суды химиялық қоспаларсыз залалсыздандырып береді.  

Бұдан бөлек, жапон тарапы Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге көмегін ұсынып отыр. Жалпы біз Жапонияда бұл көрменің бірнеше рет өткенін ескерсек, олардың бұл мәселеде зор тәжірибесі бар.

Авторлар: Зайнұр Байжігіт, Қанат Әбілдин

4.Елбасы жаңа Азаматтық-процестік кодекске қол қойды 

Мұндай рәсім елімізде тұңғыш рет жария түрде өтіп отыр. Себебі, заңның ел өміріндегі мәні зор. Азаматтық іс жүргізу кодексі құқық саласын түбегейлі жақсартпақ. 5 реформа мен Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі маңызды қадамдардың бірі болмақ.  

Қазір Елбасы тапсырмаларын орындау үшін Парламент тығыз жұмыс істеп жатыр. Бас-аяғы 59 заңнама қабылдауы қажет. Бүгін Президент бекіткен құжат соның он жетіншісі. Жаңа кодекс заңның үстемдігін қамтамасыз ету мақсатын орындауға бағытталған. Бұл еліміздің құқықтық жұмысын әлемдік стандарттармен теңестіру аясында жасалып отырған тың бастама. Оның қыр-сыры мен маңызы жайлы Елбасының өзі айтып берді. Мемлекет басшысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен бүгінгі шараға қатысқан журналистерді жаңа Заңның мәнін халыққа кеңінен насихаттауға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті 

-Мұндай рәсімді тұңғыш рет жасап отырмыз, өйткені ел үшін маңызы өте зор. Бүкіл Қазақстан үшін мәні зор. Біріншіден Қазақстан жаңа жылдан бастап 5 буынды сот жүйесінен 3 буынды сот жүйесіне көшетін болады. Екіншіден инвестициялық дауларды қараудың жаңа тәртібі енгізіледі. Сол арқылы елімізде жаңа жағдайда экономикалық даму үшін маңызды рөл атқаратын инвестициялық тартымдылық арта түседі. Үшіншіден азаматтық сот жүргізу ісінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылады. Соттың атқарып жатқан жұмысы барлық ел үшін жариялы болады. Төртіншіден татуластыру және сотқа дейінгі реттеу шарасының қолданылу аясы кеңейеді. Ең бастысы дауды шешу мерзімі қысқарады. Азаматтық-құқықтық дауларға прокурордың қатынасуы азаяды. Іс жүргізудің жеңілдетілген түрі кеңінен қолданылады. Соттардың қарауындағы істер оңтайландырылады. Бұл тиімділікті артыруға бағытталады.

Ел үшін ең маңызды заңдарға жария түрде қол қою тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасын табуы мүмкін. Осылайша, елдің құқықтық жүйесін нығайтуға бағытталған заңдар көпшілікпен бірге қабылданып, қоғамға кеңінен түсіндірілетін болады.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті  

-Осыменен заңнама іс жүзінде қолданылатын болады. Елімізде өз жұмысын істейтін болады. Жақын арада бәріміз бұл кодекстің елге тигізетін пайдасын көре бастайтын боламыз. Бұдан әрі қарай да толып жатқан заңдар бар. Бұл қазіргі таңда өте қажет ауыл шаруашылығындағы кооперативтік жүйені іске қосу мәселесі, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі, тағысын тағы сол 100 қадамда көрсетілген заңнамаларды қол қойып, шығаратын боламыз. Елге қызмет істейтін боламыз. 

5.Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді 

Осы уақытқа дейін қолданыста болып келген Азаматтық іс жүргізу кодексі 1999 жылы жасақталған. «Экономикасы мен әлеуметтік секторлары тұрақты дамып келе жатқан елге жаңа құжаттың қажеттігі заңды құбылыс» дейді осы саланың мамандары. Қазақстанда жыл сайын қаралатын барлық сот процестерінің 95 пайызын дәл осы азаматтық істер құрайды екен. Кемшіліктің көптігінен емес, заманның талабына сай жаңадан қолданысқа енетін кодекске бас аяғы 86 новелла кірді. Ең маңызды дегендерін атап өтейік. Енді кез келген іс сотта немесе оған жеткізілмей қос тараптың бейбіт келісімге келуі арқылы шешілуі көзделеді.

Әнуар Түгел, ҚР Адвокаттар алқасының төрағасы  

-Сотқа жеткізбей істі шешуге басымдық берілген. Жаңа кодексте бейбіт жолмен істі тоқтатудың жаңа жолдары қарастырылған. Себебі қос тараптың ісі сотқа дейін жетсе олардың кейін бір байламға келуі екі талай. Бір-бірімен жауласып кетеді.

Талғат Уәли, тілші

 -Біз бенен Сіз білетін бес сатылық сот жүйесі енді үш сатыға қысқарды. Неге?

Әнуар Түгел, ҚР Адвокаттар алқасының төрағасы 

-Себебі созбалаңға салынған кей істер алғашқы сот шешімінен Жоғарғы сотқа жеткенше бірнеше жыл өтетін. Сот үкімімен келіспеген кей азаматтар «іс Жоғарғы сотқа жеткенше соттасамын» деген принципті де жиі ұстанатын. Енді мұндайға жол жоқ. Бұл кодексте инвестициялық дау-дамайларды оңтайлы шешу көзделген. Тағы бір маңызды жайт. Енді соттасушы тараптардың мүддесін кез келген адвокат қорғай алмайды.

Төлеш Қаудыров, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің кафедра меңгерушісі  

-Қазір енді тек қана әйтеуір заң жағынан білімі бар кім көрінген көшеден келген не болмаса туысқаны, осы мен біреудің өкілі боламын десе бола алмайды. Оған міндетті түрде жоғарғы заң білімі болуы керек. Ол дұрыс па? Меніңше дұрыс. Сот деген дауласатын, бір біріне пікір айтысатын жер емес. Сот деген - іс қаралып, толық өзінің дәлелдерін әкелген, шындықты дәлелдеген тараптың шындығына шешілетін жер.

Талғат Уәли, тілші 

-Бұған дейін жеке немесе заңды тұлғалар бір-екі мың теңге үшін сотқа шағымданып, қажет болса іс жоғарғы инстанцияларға дейін баратын. Енді оған да бұғау салынды. Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес жеке тұлғалар 2 000 АЕК яғни 4 миллион теңге, ал заңды тұлғалар 30 000 АЕК дәлірек айтқанда 60 миллион теңгеге дейінгі сомма үшін соттасса, бұл істер Жоғарғы сотқа жіберілмейді. Ескі кодекстен қалған бір бап, мұндай процестер тек Бас прокурордың арызымен ғана Жоғарғы сотта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ кез келген сот процесі бейне таспаға жазылады және оның көшірмесін кез келген тарап ала алады.  

Төлеш Қаудыров, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің кафедра меңгерушісі  

-Біздің ойымызша азаматтық істерді қараудың жылдамдығына себеп ету керек. Қазір жылдап қаралатын істер айлап қана қаралуы керек. Ол әрине нарықтық экономикаға өте тиімді.

Талғат Уәли, тілші  -

Елімізде жылына шамамен 700 мың азаматтық іс қаралады екен. Ең кемінде бір іспен екі адам айналысты десек, бір жарым миллионға жуық адам сот процесіне тартылады. «Бұл судьялар мен сот орындаушылары, прокуратура өкілдері, адвокаттар, сайып келгенде азаматтардың өздері үшін де қолайсыз» дейді мамандар. Ескерерлік жайт жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің негізгі принциптері ескісіне сай келеді.   

6.Мемлекет басшысы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады 

Ендігі апта Астанаға АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри келмек. Ол бірқатар Орталық Азия елдерін аралайтын болады. 

Сондай-ақ, алдағы уақытта Қазақстанға тағы бір мәртебелі мейман – Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер сапарлап, Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы серіктестік жөніндегі келісімге қол қою рәсіміне қатысады.  

Біздің ел Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде бірінші болып кеңейтілген ынтымақтастық туралы құжатты бекітеді. Бірақ, бұл үшін төрт жыл бойы келіссөздер жүргізуге тура келді.

Көптен күткен келісімнің маңыздылығын осы аптада елшілерден сенім грамоталарын қабылдау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев айтып берді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Еуропалық одақ Қазақстанның әлемдегі басты сауда әрі инвестициялық серіктесі. Елдің жалпы тауар айналымы мен шет елдік инвестицияның жартысына жуығы, 100 миллиард доллар, ЕО-ға тиесілі. Менің Брюссельдегі былтырғы қазан айындағы сапарым кезінде кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарттары туралы келіссөзге қол қойылды. Осы тарихи құжатқа қол қою үшін Еуропалық одақ басшылығының Астанаға ресми сапармен келуін күтеміз. Бұл қадам Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасының жаңа кезеңіне жол ашады.  

Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, Польшаның, Түркияның, Венгрия мен Вьетнамның елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды. Бұл елдермен әу бастан тығыз ынтымақтастық орнаған. Ендігі міндет сол сенімді серіктестікке серпін беру. Елбасы дипломаттарға саяси-экономикалық бағыт-бағдарлар жайында әңгімеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сіздер бізге маңызды әрі мазмұнды оқиғаларға толы кезеңде келіп отырсыздар. Елімізде «Нұрлы жол» бағдарламасы іске асырылуда. Сондай-ақ индустриялық бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс индустриясы дамытылады. Бұл арада сіздердің елдеріңіздің де адамдары қатысады деп сенемін. Мачей Ланг, Қазақстандағы Польшаның елшісі  -Польша Республикасының елшісі болу мен үшін зор құрмет, айрықша жауапкершілік. Себебі Польша мен Қазақстанды мәдени және саяси-экономиикалық ынтымақтастығымен қатар ғасырлық тарихы тығыз байланыстырады. Осы мүмкіндікті пайдала отырып, барша Қазақстан халқына елдеріңіз гүлденіп, аман болсын дегім келеді.

169 елмен дипломатиялық байланыс орнатқан Қазақстан сыртқы саясаттағы ұстанымын өзгертпейді. Бұл бесенеден белгілі. Іргедегі Ресей, Қытай, Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестік мықты. Алыста жатса да АҚШ-пен және кәрі құрлықпен байланыс мығым.

Кәрі құрлық демекші, келесі аптада Қазақстан басшысы Ұлыбританияға барады. Бұл елімізде өткен Президент сайлауынан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ресми сапары.

7.Мемлекет басшысы ресми сапармен Ұлыбританияға барады 

Бұл Елбасының Лондонға жасаған 9-ресми сапары болмақ. Алдымен Нұрсұлтан Назарбаев Британия Үкімет басшысымен жүздеседі. Кейін Елизавета екінші Елбасының құрметіне Букингем сарайында дастархан жаймақ. Ал ағылшын монархы мұндай ілтипатты кез келген саясаткерлерге көрсете бермейді.

Бұдан бөлек, Президент бүкіл әлемнің қаржы нарығына ықпалын жүргізіп отырған Ротшильдтер отбасымен кездеседі. Жарты әлемнің байлығын уысында ұстаған әулетпен жаһандық экономика мәселелері талқыланбақ.

Чарльз Хендри, Ұлыбритания парламенті палаталар қауымдастығының мүшесі  

-Премьер-Министр Дэвид Кэмеронның осыдан екі жыл бұрын Қазақстанға тұңғыш, мемлекеттік сапары оң пайдасын берді. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолғы іссапарынан да жоғары нәтиже күтеміз.

Қазақстан мен Ұлыбритания экономикасында ұқсастық бар. Шикізат экспортына тәуелді болып, пайда тауып келген Альбион елі өткен ғасырдың жетпісінші жылдары шағын және орта бизнеске ден қойып, бүгінде осы саланың есебінен бюджетін толтырып отыр. Әлемдегі ең көне парламент мүшелері «Қазақ Президенті Ұлыбританияға нақты мақсатпен келгелі жатыр», - дейді.    

Мұхамед Ильтаф Лорд Шейх, Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі    

-Жерлеріміз шектеспесе де, Ұлыбритания Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Cоңғы он жылда инвестициялар көлемі 11 млрд доллардан асып жығылды. Сапар әкелетін жаңалық көп болуы тиіс. Мықты қатынас орнатсақ, сіз де, біз де экономикалық тұрғыдан мол пайда көреміз.

Руперт Гудман–қазақ-британ қоғамдық ұйымының төрағасы. «Елбасының келуіне арнайы сый сыяпат әзірледік»,- дейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың биік мінберлерден жасаған өте батыл, әрі мазмұны терең мәлімдемелерін ағылшын тіліне аударып, жинақ түрінде басып шығарған.  

Руперт Гудман, қазақ-британ қоғамдық ұйымының төрағасы  

-Нұрсұлтан Назарбаев тегі басқа болғанымен, біртұтас ұлт қалыптастыра білді. Оның есімінің ұлылар қатарында аталуы орынды. 353 беттен тұратын кітап мыңдаған таралыммен оқырмандарға жол тартады.    

Қазір күллі әлем Лондонның келбетіне тамсанады. Негізі, ең алғашқы «ЭКСПО» 1851 жылы дәл осы шаһарда ұйымдастырылған. Кейін Ұлыбритания жаһандық көрмені өз жерінде тағы 3 рет қабылдап, жағымды сипатын қалыптастыра білді.  

Джон Тейлор Килклуни, Ұлыбритания парламенті лордтар палатасының мүшесі  

-Британия Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын растады. Әлемдік көрме Қазақстан тарихындағы жарқын оқиға ретінде қалатыны кәдік. Жаңа технологиялардың кейбірі мен салынған павильондар елдеріңізде қалады. Және туризм де дамиды. Елдің беделі артады.

Ұлыбритания мен Қазақстанның халықаралық мәселелерде ұстанымдары да ұқсас. Мысалы, Біріккен Корольдік Қазақстанның Өскеменде аз байытылған уран сақтайтын банктің құрылуын құптайды.

Барбара Джадж, Ұлыбританияның Атом энергиясы жөніндегі комитет төрайымы  

-Аз байытылған уран сақтайтын банктің Қазақстанда орналасуы елдеріңіздің жауапты, сенімді халықаралық серіктес екенін айғақтайды. Бұл Қазақстанның ядролық қауіпсіздік жөніндегі бастамасының маңызды көрсеткіші. Ең алдымен бұл Семейдегі ядролық сынақ полигонын жабу жөніндегі тарихи шешім қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында мүмкін болды.  

Қазақстан тарабын әлемнің ең ірі қаржы орталығы саналатын Лондонның тәжірибесі қызықтырады. Мемлекет басшысы бұл сапарында Ұлыбританияның іскер топ өкілдерімен кездесіп, «Астана» қаржы орталығын құруда пікір алмаспақ.

Гизелла Стюарт, Ұлыбритания парламенті төменгі палатасының мүшесі  

-«Астана» қаржы орталығының ТМД-да теңдесі жоқ, Орта Азияның қаржылық хабы атануға толық әлеуеті жетеді.    

Әлемдік нарықтың теріс ықпалы Қазақстан мен Ұлыбританияның алыс-берісіне әсерін тигізбей қоймады. Былтыр арадағы сауда саттық 1,2 млрд доллардан асса, биыл сегіз айдың ішінде небәрі 810 млн долларды құраған. Сапар аясында шамамен 5 млрд доллардың келісіміне қол жеткізіледі деп күтілуде. Олар білім, мұнай, газ салаларын қамтиды.

Зайнұр Байжігіт, тілші  

-Сұрастыра келе тағы бір қызық деректі білдік. Қазақстанның табиғаты мен халқының тұрмыс-тіршілігін алғаш зерттеген шетелдік ғалым біз білетін Семенов Тянь-Шаньский емес екен. 1847 жылы қазақ даласына ағылшын ғалымы Томас Аткинс табан тіреген. Ол өз зерттеулерінде Абылай ханның ұрпақтары жайлы тың деректерді жазған. Демек екі ел арасындағы байланыс біз ойлағаннан әлдеқайда бұрын өрбіген деуге толық негіз бар.  

Авторлар: Зайнұр Байжігіт, Айдос Медельбеков, Дулат Ентебеков

8.Елордада «Астана инвест-2015» халықаралық инвестициялық форумы өтті 

Қазақтың кіндік қаласы жаһандық дағдарысқа төзімді, бизнеске қолайлы іскерлік алаңға айналды. Инвестиция көлемі әлемде 16 пайызға азайса, елордамызда 16 есеге көбейген. Астана астана болғаннан бері, 100 миллиард доллар қаржы тартылыпты.

Бүгінде шетелдік бизнес қауымдастық Қазақстан елордасын өркендетуге атсалыспақ ниетте. Басқасын айтпағанның өзінде халықаралық табысты инвестор, АҚШ-тың атақты миллиардері Джим Роджерс отандық бизнесті қолдауға емеурін танытты.

Осы аптада «Астана инвест-2015» халықаралық инвестициялық форумына жиылған шетелдік кәсіпкерлер, беделді сарапшылар Қазақстандағы бизнес әлеуетінің зор екендігін айтты. Тек айтып қана қойған жоқ, инновациялық бірлескен жобаларды іске асыруға кірісіп кетті. Форумның айтулы жетістігі көп. Ең бастысы отыздан астам меморандумға қол қойылды. Соның нәтижесінде Астанада іргелі істер атқарылмақ. 

Шартараптан жиылған белді сарапшылар, қалталы кәсіпкерлер дағдарыстың емес, дамудың жайын сөз етті. Қолайлы инвестициялық ахуал мен тұрақтылық бар жерде өркендеуге толық мүмкіндік артады. Инвестиция тартудағы әлемдік дәрежедегі сарапшы Дуглас Ванн Ден Бергенің айтуынша, Астананың халықаралық қаржы орталығына айналуы бірінші кезекте тұрақтылыққа байланысты.  

Дуглас Ванн Ден Берге, Инвестициялар және консалтинг жөніндегі қауымдастықтың басшысы  

-Астананың болашағы зор. Біз Қазақстанның тарихымен таныстық. Экономикасын бағамдап көрдік. Мен Астананың инфрақұрылымына таң қалдым. Даму қарқыны жоғары деңгейде. Инвесторларға қолайлы жағдай жасалуда. Халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуы тұрақтылыққа байланысты. Ең әуелі қаржы жүйесін реттеу керек. Сосын білікті мамандар шоғырын топтастыру керек.

Әлемнің талай кереметін көрген атақты бизнесмен, АҚШ миллиардері Джим Роджерс Астана келбетіне тәнті болды. Қазақстанның қор нарығына қаржы құюға әзір. Ал 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесіне балаларын ертіп келгісі келеді.  

Джим Роджерс, «RODGERS HOLDINGS» төрағасы  

-Бұл форум маған инвестор есебінде өте пайдалы жиын. Ашығын айтайын Қазақстан мен үшін жаңа мемлекет. Қаражатымның көбі Қытай акцияларында. Сіздердің елдеріңізде халықтың саны небәрі он сегіз миллион. Бірақ даму қарқыны өте жылдам. Инвестиция бөлуім мүмкін деген компаниялар бар. Бірақ әзірге нақты байлам жасаған жоқпын.    

Қазақстандық қаржы нарығына қосылуды қалайтын Роджерс секілді беделді кәсіпкерлердің жекешелендіруге қатысуына мүмкіндігі бар. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтерінің бірқатар компаниялары тізімге енген.    

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары  

-Нысандарды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы айтқанда, тікелей сату немесе IPO және SPO тетіктері арқылы оларды қаржы нарықтарына шығару жоспарланып отыр.Сондай-ақ олар 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Астанадағы Халықаралық қаржы орталығына шығарылмақ. Ал өзге нысандарды аукциондарға шығарып сату көзделіп отыр.

Ұлттық банк басқаруындағы 100 млрд доллардан астам активтердің бір бөлігін «Астана» халықаралық қаржы орталығына беру жоспарда. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтқаны: «активтерді басқару бойынша әлемдік санаттағы жаңа сала құрылады».

Форумда сөз алған шетелдік сарапшылардың көпшілігі елордамыздың әлемнің жетекші қаржы орталықтарының біріне айналатындығына сөзсіз сенетіндігін білдірді. Және өзіндік тәжірибелерімен бөлісуге даяр екендерін жасырмады.    

Майкл Тэй, АРЕС өңірлік ұйымының экс атқарушы директоры  

-Сингапур қаржы орталығын құрар кезде билік басындағылар әуелі қаржыгер не экономистермен ақылдасқан жоқ. Ең бірінші шағын кәсіпкерлермен кеңесті. Солардың ұсыныстары арқылы жоспар құрды. Мен осы тұста Сингапур мен Астананың ұқсастықтарын байқадым. Сингапурда бірде бір қазба байлығы жоқ. Бірақ тез дамытып отырмыз. Қатып қалған қағидаларға емес, жаңаша бағыттарға сүйендік. Инновациялық білім беру, білікті мамандарды даярлауға мән бердік.  

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші  

-Халықаралық форумда инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс жасады. Астаналық инновациялық жобалардың бір шоғыры осы жерде таныстырылды. «Астанада жасалған», «Smart Астана», «Астана EXPO-2017», «Заманауи қалалық көлік». Міне осындай айтулы жобаларға шетелдіктердің қызығушылығы жоғары болды. Олар алдағы уақытта елордаға газ жеткізу, сондай ақ транспорт, қызмет көрсету, телекоммуникация салаларын дамыту бағытында бірлесе іс атқаруға мүдделі.    

Смарт-жобаларды іске асыруға инвесторларды тарту әлемдік тәжірибедегі заманауи үлгіге айналды. Бұл ретте Астана қаласы әкімдігі айтулы жетістікке қол жеткізіп отыр.  

Нұрәлі Әлиев, Астана қаласы әкімінің орынбасары  

-Смарт технологияларды іске асыру арқылы Астана тұрғындары үшін өмір сүру сапасы жақсарады. Қызмет көрсету деңгейі жоғарылап, шығын азаяды. «Smart Астананың» негізгі ерекшелігі жобаларды іске асыру 100 пайыз инвесторлар есебінен атқарылады. Биыл осы мақсатқа мемлекеттік бюджет қаржысы шығындалған жоқ. Салыстыру үшін айтсақ 2014 жылы «Смарт жобаларға» 2 миллион доллар жұмсалған еді.  

«Smart Астана» жобалары Барселона, Торонто, Париж, Шанхай сияқты әлемнің жетекші қалаларының тәжірибесі негізінде жасалуда. Биыл құны 10 миллион доллар болатын 5 инвестициялық жоба іске қосылды.

Мэтью Лусье, «EGIS INTERNATIONAL» Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша директоры  

-«Астейнэбл» – Астана мен Париждің бірлескен жобасы. Арнайы Астана үшін әзірленген. Тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан шаһардың 2017-2030 жылдарға дейінгі жаңарған нұсқасы деуге болады. Транспорт, сәулет, коммуникация сияқты барлық салалар жаңаша инновациялық бағытта дамиды.  

Шетелдік кәсіпкерлерді қазақстандық инновациялық жобалар ғана емес, форумды ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамту, тіпті қонақ күту дәстүрі де таң қалдырды. Ас мәзіріне алдын ала таңдау жасаған олардың көбі қазақтың бауырсағына тапсырыс беріпті.  

Қанат Оспанов, бас аспаз  

-Бірінші тағамға қой еті, екіншіге балық берілді. Норвегиядан келеді. Өзімізден бауырсақ.  

Шетелдік кәсіпкерлер үшін инвестициялық тур ұйымдастырылды. Қазақстандық тепловоз, саф алтынды шығару өндірісімен танысты. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аумағына кіретін нөмірі 1-индустриялды паркте 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оған тартылған қаржы көлемі 1 млрд доллар. «Alstom», «Talgo», «Eurocopter» сынды трансұлттық компаниялардың жетістігі соның нәтижесі. Көп ұзамай осындай жетістіктер еселеп артатын түрі бар. Форумда жаңа инвестициялық жобалардың тұсауы кесілді. 

Бағдат Бектұрғанқызы, тілші  

-Форум сәтті өтті. Инвестиция тарту мақсатында 30 меморандумға қол қойылды. Ең ірі келісімдер Астана әкімшілігі мен China Railway Asia-Europ Constraction Invesment арасындағы ынтымақтастықтың бекуі. Соған сәйкес құны 100 миллион доллар болатын жобалар қаржыландырылады.  

Авторлар: Бағдат Бектұрғанқызы, Абдулла Байдуллаұлы, Азамат Саметов

9.Аптаның маңызды оқиғаларына қысқаша шолу 

Жауапсыз мердігер. Еліміздегі Жерсеріктер құрастыратын кешеннің құрылысы 2017 жылы аяқталуы мүмкін. Себебі, нысанды салуға тиіс болған компания міндетін орындай алмаған. Аэроғарыш комитеті қазір жаңа мердігер іздеп жатыр.  

Жойқын зілзала. Ауғанстанда күші 7 жарым баллдық жер сілкінісі болды. Апаттан осы елдің және шекаралас жатқан Пәкістанның 300-ден астам азаматы опат болды. Елбасы оқиғаға байланысты Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айту жеделхатын жолдады.  

Көрсеткіш жақсарды. Қазақстан Doing Business-2016 рейтингінде бірнеше саты жоғарылап, 41-ші орынға тұрақтады. Тізімде осымен оныншы жыл қатарынан Сингапур елі көш бастап келеді. Ал, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Ресей – 51-ші, Беларусь елі – 44-ші, Қырғызстан - 67, Армения болса - 35-ші орында тұр.  

Құжат қабылданды. Көп ұзамай абоненттер телефон нөмірін ауыстырмай-ақ, ұялы операторды таңдау құқығына ие болуы мүмкін. Сенат осындай нормалары бар «Ақпараттандыру туралы» заң жобасын қабылдап, Елбасының қол қоюына жіберді.  

«Зайырлылық және дінтану негіздері». Келесі оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінде осындай атаумен жаңа пән оқытыла бастайды. Мақсат - дәстүрлі діннің құндылықтарын үйрету және жастарды жат ағымдардың жетегінде жібермеу.

10.Қазақстан Халықаралық көрмелер орталығы бюросының туын алды 

Бүгін, бірер сағаттардан кейін Миландағы көрме аяқталып, «ЭКСПО»-ның туы салтанатты түрде Қазақстанға табысталады. Бұл жайындағы толыққанды материалды ертеңгі «Жеті күннен» көре аласыздар.

Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған көрменің басталуына 587 күн қалды. Қазір 50-ге жуық ел, 10 халықаралық ұйым іргелі іс-шараға келеміз деп ресми жауап берді. 2017 жылға дейін қатысушылардың саны 100 мемлекетке жетуі ықтимал.

«Экспо» кешенінің сәулет-құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Таңның атысы, кештің батысы, ауа-райының түрлі тосын мінезі, тіпті экономикалық қиындықтар да құрылыс қарқынына кедергі емес. Дайындық деңгейін «Жеті күн» тілшісі Мақпал Мадиярова көріп қайтты.

«Әлемді азықтандыру. Өмір энергиясы» тақырыбымен өткен Миландағы көрме бүгін аяқталды. Мұндағы 3000 метр шаршы аумақты қамтыған Қазақстанның павильонын тамашалауға күніне 5000 адам келген. Ал, 23 қазанда ұлттық секциямызға миллионыншы болып бас сұққан италиялық Даниел Бергоға сый-сияпат жасап, құрмет көрсеттік. 57 жасар Даниелдің Қазақстанның төрт қаласын аралап, қонақ болуына мүмкіндік беретін сертификат сыйладық.

Даниель Берго, Италия тұрғыны  

-Менде бұрын мұндай тосын сый болмаған. Қатты толқып тұрмын. Сүйіктім екеуміз міндетті түрде сіздердің елді барып көреміз енді. Рахмет сіздерге.

Миландағы көрмеде Қазақстан ұлттық павильонын барын салып, безендірді. Жаңа техниканың бәрін пайдаланып, экспозицияларды таңдай қақтырардай етіп әрледі. Ондағы мақсат - 2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО»-ның бұл «ЭКСПО»-дан кем болмайтынын дәлелдеу еді.

174 гектар аумақты қамтыған «ЭКСПО-2017» көрме кешенінде 38 нысан салынып жатыр. 8 мыңнан астам жұмысшының күшімен бүгінде біраз шаруа атқарылған. Тіпті құрылыс қарқыны жобалаған жоспар шегінен асып кеткен.  

Мақпал Мадиярова, тілші  

-Біз ЭКСПО құрылысы жүріп жатқан аймақтамыз. Екі жылдан бері бұл жерде тақырыптық павильондардың, ойын-сауық орталықтарының қаңқасы тұрғызылған. Ал мынау диаметрі 80 метрлік шар пішіндегі нысан - Қазақстанның ұлттық павилионы болмақ. ЭКСПО-дан естелік болып қалатын да - осы пошымы ерекше ғимарат!  

8 қабаттан тұратын бұл ғимарат - Эйфел мұнарасы, Сидней опера театры сияқты әлемдегі айтулы архитектуралардың бірі болмақ. «ЭКСПО» нысандары жел, күн сияқты баламалы қуат көздерінен алынатын «жасыл» энергиямен қамтамасыз етілмек. Көрме құрылысына отандық 101 кәсіпорын атсалысуда. Негізінен Павлодар, Қарағанды, Алматы, Ақмола облыстарындағы кәсіпорындар тартылған. Мәселен Алматы облысының тауар өндірушілері жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын келісімшарттарға қол қойды.  

Нұркен Әлиев, «АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ департамент директоры  

-«ЭКСПО»-ға дайындық кезіндегі біздің басты міндетіміз – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Оларға жұмыс орнын ашуға, сақтауға, өндіріс қуатын арттыруға мүмкіндік беру. Кәсіпорындар «ЭКСПО» құрылысына қажетті қиыршық тас, құм, арматура сияқты құрылыс заттарын сатты.  

Ал аса жоғары технологиямен темір-бетон жасайтын Ақмола облысындағы кәсіпорын «ЭКСПО» құрылысын бетон құбырлармен қамтамасыз етуде. Өндіріс орны тәулігіне 175 метр құбыр әзірлейді. Бұл көрсеткішті тағы да 500 метрге ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда көрме нысандарына арнап диаметрі 800-1800 метрлік 3,5-4 мың метр құбыр дайындап қойған.  

Таир Мұралиев, кәсіпорын бас директоры  

-Бұл құбырлардың сапасы өте мықты. Қазақстанда біз ғана жасаймыз. Газ тотығуына, түрлі биологиялық әсерлерге төзімді, су өткізбейді. Жарылып кетпейді. Бір сөзбен айтқанда, құбырлар барлық параметрлер бойынша, қандай ауыр салмақ болса да еш бүлінбейді.

Қазан айының басында Астанаға Ұлттық компанияның жаңа басшылығымен танысуға, сәулет-құрылыс жұмыстарының хал-ахуалын көзбен көрмекке халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің өзі келген. Бас хатшы құрылыс алаңындағы қызу тіршілікке куә болған соң, «күмәндерім сейілді» деп ағынан жарылды.

Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы  

-Жобаның графикке сәйкес орындалып жатқанына, тіпті құрылыс тұрғысынан оны сәл басып озғанына көз жеткіздім. Мен біздің барлық мақсаттық көрсеткіштерге жететінімізге және «ЭКСПО»-ның орасан зор табысты болатынына сенімдімін. Бұл пікірімді мен Халықаралық көрмелер бюросының 168 мүше мемлекеттеріне жеткіземін.

Лоссерталес мырза «ЭКСПО»-ның тақырыбына да тамсанды. Өйткені, мұнай, газдың тұрақсыз бағасынан экономикалық қиындыққа тап болған әлемге осы көрмеде тығырықтан шығар түрлі әдістер ұсынылуы әбден мүмкін. «Жасыл энергия» тақырыбымен өтетін көрмеге қызығушылық танытып, қатысқысы келетін мемлекеттер, ұйымдар саны көп.

Мәселен электр өндірісінің 99 пайызын балаламалы энергия көздерінен алатын Коста Рика осы көрмеге қатысып, өз тәжірибесімен бөліспек. Сондай-ақ Бүкіләлемдік мұнай кеңесі де қатыспаққа ниет білдіріп отыр. Бас хатшы бұл шара – Қазақстанды төрткүл дүниеге басқа қырынан тынатарына, туристердің қызығушылығын оятатынына сенімді.  

Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы  

-«ЭКСПО»-ның бір жетістігі – көрме өткен ел әлемге танылады. Қазақстан – жас мемлекет. Сондықтан да туристер мұнда аз келеді. Ал, осы «ЭКСПО» басқа мемлекеттердің азаматына Қазақстанның мәдениеті мен өмір сүру салтын, әсем табиғаты мен ландшафтын танып-білуіне сеп болады деп ойлаймын.

Астанаға «ЭКСПО» кезінде 2 млн-нан астам қонақ келеді деп күтілуде. Келген мейманның бабын жасау мақсатында әуежай терминалдары, темір жол вокзалдарында жөндеу жұмыстары басталған.

Мәселен қазіргі таңда Астана әуежайы жылына 3,25 млн адам өткізуге қабілетті, жөндеу жұмыстарынан соң, ол 6,5 млн адамға ұлғаймақ. Ал темір жол вокзалы тәулігіне 7200 адамға қызмет көрсетеді. Қайта өңдеуден өткен соң, тәулігіне 35 мың адамды күтіп алып, шығарып салуға мүмкіндік болады.  

Асқар Адамбеков, «АСТАНА КОНВЕНШН БЮРО» ЖШС бөлім бастығы  

-Біз келген қонақтар үшін велосипед жолдарын ұлғайтып жатырмыз. Олар төлқұжаттары арқылы велосипедтерді алып, пайдалана алады.

Сондай-ақ туристердің жүріп-тұруы үшін қаланың әр бұрышына ақпараттық терминалдар орнатылады. Қонақтарға саябақтар, театрлар, музейлер, концерт залдары мәдени демалыс сыйламақ. «ЭКСПО» басталғанша көпсалалы «Абу Даби плаза» кешені де қолданысқа берілмек. Меймандардың қауіпсіздігі де қатаң қорғалмақ. Айтпақшы, «Халық Қаһарманы», ғарышкер Айдын Айымбетов «ЭКСПО-2017» логотипі бар сегіз жалауды ғарышқа ала кеткенді. Батырымыз аман-есен оралып, сол сегіз жалауға Халықаралық ғарыш станциясының мөрін қойдырып әкелді.  

Бір жарым ғасырлық тарихы бар «ЭКСПО»-ның ішінде ғарыш көрген осы «ЭКСПО-2017» логотипі бар жалау ғана. Осылайша, Айдын Айымбетов «Экспо-2017 елшісі» деген ресми мәртебеге ие болды.

Сондай-ақ Ахметжан Есімов өз қолымен ғарышкерге зымыран қозғалтқышы металынан жасалған қолсағат сыйлады.    

Ахметжан Есімов, «АСТАНА ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы  

-Біз енді «ЭКСПО»-ны өте жоғары дегейде өткізуге міндеттіміз. Тек Президент емес, өзінің ерлігімен енді Айдын да бізге үлкен жүк артып отыр.

Ендігі мақсат – басталуына 587 күн қалған бұл айтулы шараны абыроймен өткізу.

Авторлар: Мақпал Мадиярова, Бауыржан Сыздықов

11.Халықаралық көрмеге дайындық қалай? 

«ЭКСПО»-ның болғанынан, боладысы қызық тақырып қазір. Журналист Нұрбек Әмиша қонақ күту қамын қаузап көрді.

Келер кісінің жатын орнын дайындап, ас-ауқатын әзірлеуге ерте кірісудің еш артықтығы жоқ. Сонымен, миллиондаған мейманды қарсы алуға келгенде Астананың қауқары қандай? Қонақүйлер мен жатақханалар жеткілікті ме?

Көп сұрақтың жауабын іздеп, Астананың қонақ үйлерін қарадық. Себебі, қазақтың қонақжайлығы тағы бір сынға түсер шақ таяп келеді. Бұл шаһарға миллионға жуық туристер келеді десек, елорданың қонақ үйлерінде жалпы саны 20 мың орын бар екен. Демек, келушілерді қамтамасыз ету үшін бұл көлемді әлде де көбейту қажет.  

Амантай Әбілов, туристерді тарту компаниясының бас маманы  

-Қазіргі кезде тек қонақ үйлер мен хостелдер гана емес, оған қоса, ескі үйлерді сүру бағдарламасына орай, 1660 пәтерлік тұрғын үй әзірленуде. Бұл да көрме кезінде, меймандарға ұсынылады.  

Хостел. Кешегі күнге дейін қазақстандықтарға белгісіз болып келген термин. Бірі мұны құбыжық фильммен байланыстырса, екіншісінің есіне, үйсіз-күйсіздің баспанасы түседі. Ал, үшіншілер хостелдің заманауи жатақхана екенін жақсы біледі.  

Сәкен Алдияров, хостельер  

-Біразға дейін немен айналысуды білмедік, сосын Астанада пәтер жетіспеушілігі барын білдік, бағасы өте жоғары. Интернеттен өзге елдердің тәжірибесін қарай отырып, хостел ашуға бел байладық.  

Бұл мекеннің негізгі меймандары – шетелдіктер екен. Жапон мен қытай, неміс пен французды осы жерден табасыз. Құны да қолжетімді, мынадай төсекте түнеп шығуға 2,5 мың теңге шығындайсыз. Таңғы ас пен сақтау камерасы да осы бағаға кіреді. Хостелдің қожайыны бұл бизнестің болашағы зор деп ойлайды. Сондықтан ол мына пентхаусты жарты миллион долларға сатып алған.  

Сәкен Алдияров, хостельер

-Біздің халқымыз хостелге үйренбеген әлі. Олар бұл жерге келетіндер ішеді деп ойлайды. Ал көп шетелдіктер, қонақ үйлерге емес, осындай орындарға атбасын тірейді. Өйткені мұнда біріккен астар ішу секілді түрлі думанды кештер ұйымдастырылады. Алдағы уақытта сол жағалауда «ЭКСПО» қарсаңында, тағы да хостелдер ашқымыз келеді.  

Алайда жатақхана тектес жайлы орыннан пайда көріп отырғандар көп деп айтуға болмайды. Мұндай мекендерге көбіне нашақорлар мен ішімдік ішетіндер, жезөкшелердің табаны көбірек тиетін көрінеді. Бұл – Амантай Әбіловтің пікірі.  

Амантай Әбілов, туристерді тарту компаниясының бас маманы  

-Қазіргі уақытта Астанадағы керуеті мың жарым теңгелік мұндай хостелдерге тұрақты мекен жайы жоқ адамдар, есірткі шегетіндер келеді.  

Ресейдің мемлекеттік дума депутаттары тұрғын үй ғимараттарында мини-мейманханаларды ашуға шектеу қою туралы заң жобасын қабылдады. «Қалай дегенмен, бұдан қонақ үй иелері зардап шегеді» дейді біздің мәжілісмендер.  

Мейрам Бегентаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  -Хостелдер салық органдарында тіркелген. Бәрі заңды. Тек қана олардың қызметтерінің сапасын қандай заңдық жолмен жетілдіруге болады? Кәсіпкерлік қадамдарға зиян тигізбей, тексере бермей, оларды ынталандыра отырып, жұмысын жақсартуға итермелеу қажет.  

Мейманханаға қатысты тағы бір мәселе. 4 және 5 жұлдызды деп айдар тағылған отандық хостелдер мен қонақ үйлердің бұл мәртебелік мөлшерін ешкім қадағалап жатқан жоқ. Отельерлер қонақ үйге тоқтау ережесін өздері ойлап табады, керек болса, өз бизнестерін өздері сертификаттайды. Сондықтан, жарқыраған жұлдыздар сапаның емес, кейде жарнаманың құралы.  

Айгүл Мұнтаева, Сараптама және сертификация ұлттық орталығының бас маманы  

-Өкінішке орай біздің нарықта көптеген мейманханалардың басшылары жұлдыздарды маңдайшаларға өздері іліп қояды, сосын ақпарат құралдары арқылы жарнамалайды, алайда нақты құжаттық дәлелдемелері жоқ.  

Жалпы, қонақ үйлер мен ресторандар қауымдастығының мәліметінше, нарығымызда мейманханаға келетін қонақтардың саны аз. Мұндай көрсеткішпен, әлемде қонақ үйлер жабылады. Біздің кәсіпкерлер қиын экономикалық жағдайда жұмыс істеп отыр.

«ЭКСПО» қонақтарының әуелі қазақтың салт-дәстүрін көргісі келері сөзсіз. Мүмкіндікті пайдаланып, ұлттық жауҺарларымызды қалай жарнамалай аламыз? Бұл жерде де мәселе жетерлік. Инна Ручьева басқаратын тур компания шетелдік клиенттерге атқа міну, бүркітпен саятшылыққа шығу және киіз үйде түнеу қызметін ұйымдастыруды жоспарлаған кезде, жомарт меймандарды біздің бүркіт емес, қымбат баға үркітіп алған. Шетелдіктер сосын Монғолия мен Ресейге кетуге мәжбүр болған.  

Инна Ручьева, Ивент-агенттіктің директоры

-Бұл бизнес өкілдері ақылға сиымсыз ақыны қояды. Қонақтарға бұл ауыр тиеді, сосын бармайды.  

Қонақтарға ұсынатын мәзір мұнымен бітпейді. Біздің мақсатымыз «ЭКСПО»-ға келушілерді қалай күтіп алып, қалай шығарып саламыз деген оймақтай ойға ойысты. Ал, «ЭКСПО-2017»-ге көрсететін қонақжайлық көңіліміздің кең көрінісін 3 қараша күні кешкі сағат сегіз жарымда «Бюро раследований» бағдарламасынан көре аласыздар.  

Авторлар: Нұрбек Әмиша, Артем Петров, Жәнібек Дәулетбек