Жеті күн. 2 сәуір 2016
1.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары
Бейбітшілік жаршысы. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысты. Көптеген кездесулер өткізді. Сондай-ақ еліміз ядролық қауіпсіздік бойынша бірнеше мемлекетпен бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында терроризмге қарсы күрестің желісін құру мәселесі пісіп-жетілгенін айтты. Себебі жаппай қырып-жоятын қарудың күні ертең лаңкестердің қолына түспесіне ешкім кепіл бола алмайды. Сондықтан әлем елдері тізе қосып, нақты іске көшуі тиіс.
Ал ядролық қауіпсіздік жөніндегі Саммиттің жалғасқаны қазір аса қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Барлығы айтып жатыр. Мұны тоқтатпау керек. Мұндай кездесулер аяғына дейін жетуі керек деп. Менің ұсынысым, бүкіл дүниежүзілік осы лаңкестерге қарсы тұратын бір қоғам болуы керек. Әрқайсысын қарап отыратын. Қаражаты қай жерде? Ол кім? Оның жақындары кімдер? Кімдермен жұмыс істейді? Неге барды? Әрқайсысына қарап отыратын болуы керек. Қазақстан Семей полигонын жапты. Қару-жарақтан ядролық бас тарттық. Келесі кездесуді мүмкіншілік болса, Қазақстанда да өткізуге болады деп мен айттым.
Сәл шегініс. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы саммит 2010 жылы Вашингтонда өтті. Сол жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жер бетіндегі тыныштықты сақтау үшін бірнеше ұсыныс айтты.
Қазақстанның көптеген бастамасын қаперге алған АҚШ басшысы Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты «Қарусыздану қозғалысының лидері» деп атады.
Айта кетейік, алғашқы алқалы жиында көптеген ел ядролық қауіпсіздік бойынша нақты міндеттерді мойнына алды. Араға 4 жыл тастап солардың 95 пайызы орындалды. Саммиттің нақты нәтижесі қандай дегенге сарапшылар әуелі осыны алға тартады.
Сеулдегі жиында үш елдің Қазақстан, Ресей және АҚШ президенттері Семей ядролық сынақ полигонындағы жарылыстардың зардабын жою бойынша ынтымақтастықты қорытындылап, бірлескен мәлімдеме қабылдады.
2004 пен 2012 жылдар аралығында 3 мың шаршы шақырым аумақ оңалтылды. Бүлінген жер сауықтырылды. Баллистикалық зымырандардың қондырғылары мен инфрақұрылымы жойылды. Нидерланд екі жыл бойы дамылсыз дайындалған Гаага Саммиті екі күннің ішінде өте шыққанымен, жаһандағы маңызды оқиға ретінде тарихта қалды.
Елбасы бұл жиында да біраз мәселені көтерді. Атом атты аждаһаның араны үлкен. Сондықтан болар, Нұрсұлтан Назарбаев: «Жаппай қарусыздану керек», – деді.
Ал террорға қарсы әрекет бейбіт ядролық бағдарламаларды жүзеге асыруға тұсау болмауы тиіс. Осылайша Қазақстан қарусыздану ісіне келгенде өз ұстанымдарынан айнымақ емес. «Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан артылса, досыңа қыл» деген қағиданы құп көреді.
Күні бүгінге дейін Ядролық қарусыздану жөнінде төрт саммит өтті. Соның төртеуінде де Нұрсұлтан Назарбаев қадірлі меймандар қатарында болды. Әлемдегі төртінші арсеналдан өз еркімен бас тартқан елдің қауіпсіздік жайында қай мінберден де еркін көсілетіндей жөні бар.
1949 жылы Семей маңында басталған жарылыстар үні қырық жылға созылған бес жүзден астам сынақтан кейін 1991 жылы 28 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін өшті. Осылайша Қазақ елі атомнан азат елге айналды.
Еліміздің ядролық қарусыздану ісіндегі маңыздылығы соншалық, оған тіпті баға беру қиын. Себебі уақыттың өзі Қазақстан ұстанымының дұрыстығын дәлелдеп келеді.
Қазақстан – Вашингтондағы саммиттке қатысатын Орталық Азия елдері арасындағы жалғыз ел. Осыдан-ақ Қазақ елінің әлемдік қауымдастық алдындағы абыройы мен беделін өлшеуге болады.
Кезекті төртінші ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық құрылтайда Президентімізді бар сый-құрметпен қарсы алды. АҚШ астанасы Вашингтонға өзге 50-ден астам мемлекеттің көшбасшылары жиналды. Әр елдің бұл саладағы ұстанған саясаты әртүрлі екені анық, десе де қатысушылар әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы күнтізбедегі мәселелерді қарап, ортақ ұйғарымға келуге тырысты.
Ядролық қарусыздандыру, ядролық материалдар саудасын және өндірісін қадағалау тақырыптары қаузалды. Әсіресе қауіпті қарудың террористер қолына өтіп кетпеуін бақылау мәселесіне аса ден қойылды.
Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев бұл істердің қаншалықты жүзеге асып жатқанына тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сегодня терроризм стал зловещей организованной силой о чем подробно говорили вчера на ужине и сегодня. Впервые использование террористами оружие массового поражения становится реальностью и требует конкретных действии лидеров стран мира. Под эгидой ООН назрела необходимость создания глобальной сети борьбы с терроризмом с участием всех стран. Взять на учет буквально всех, организовать тотальный контроль всех, каждым человеком, и бороться с ним. Так мы можем победить в этой не объявленной войне.
Қазіргі кезде атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану көзделуде. Жаһандық саммит осы процестердің іске асуын реттегісі келеді. Уранды жоғары дәрежеде байыту, Атом электр станцияларын салу секілді ниеттері бар елдердің. Бұл топта Қазақстанның да мақсаты айқын.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Казахстан сегодня мировой лидер по добыче урановой руды и его запасам. И экспортер номер один этой продукции. Мы намерены занят достоинстве место в глобальной технологичсекой цепочке производства ядерного топлива для мирных целей. Хочу информировать собрание что нашим главным вкладом стало создание банка ядерного топлива. Совместно МАГАТЭ в Казахстане. Это было важное решение Иранской ядерной проблемы. В будущем желающие использовать ядерную энергию в мирных целях могут не создавать каждый у себя обогащение, а пользоваться этим банком. Мы являемся депозитарием международного банка, такого низко обогащенного ядерного топлива. Совместно с МАГАТЭ успешно реализовывается пилотный проект автоматизированного учета контроля и защиты всего цикла обогащения урана. Казахстан выступает за равны доступ всех заинтересованных государств гражданским ядерным технологиям.
Қазақстанның ядролық саладағы бұл жетістіктерін АҚШ Президенті Барак Обама өзге мемлекеттерге үлгі етіп сөйледі. Зұлматты қарудан бас тартып, ядролық материалдарды бейбіт бағытта қолданудың тиімді тұстарын өз тәжірибесінде көрсете білген Қазақ Президентінің бастамасынан кейін күллі әлем қауіпсіздік саласына бет бұра бастағанын да тілге тиек етті.
Барак Обама, АҚШ Президенті
-Ядролық қауіпсіздік жөніндегі алғашқы саммиттен бері бірталай шаруа атқарылды. Зұлматты қарудан ада әлем құрып, жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында 260-тан астам нақты жоспар қабылданған еді. Қазір оның басым бөлігі орындалды. Оннан астам мемлекет, оның ішінде Аргентина мен Швейцария, Жапония, Иран секілді елдер тонналап ядролық материалдардан арылды. Бұл қауіпсіздік саласындағы үлкен жетістік. Кең байытылған уранды тасымалдау мәселесі де оңынан шешім тауып, атомның терроршылар қолына өтіп кетпеуін қадағалау ісі жүргізіліп жатыр. Біз ядролық материалдардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бұл іске барынша көп елдерді тартуымыз қажет.
Жұрағат Баман, тілші
-Жер жаһан экономикалық дағдарыстан бұрын қауіпсіздік дағдарысын бастан кешіп жатыр. Оған Украинадағы кикілжіңнен бастап, Таяу Шығыстағы шиеленістер дәлел. Оның үстіне терроршылардан төніп тұрған қауіп те қобалжу тудыруда.
Жағдайдың алдын алу жөніндегі мәселелер саммиттен тыс атом өнеркәсібі жөніндегі жиында талқыланды. Оған 350-ден астам шет мемлекеттің сарапшылары қатысып, ядролық материалдарды тасымалдау, сақтау әрі пайдалану жөнінде пікір алмасты, ұсыныстарын айтысты.
Эндрю Семмел, Атом өнеркәсібі және энергетика саласының сарапшысы
-Қазіргі кезде атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану көзделуде. Жаһандық саммит осы процестердің іске асуын реттеуге арналады. Уранды жоғары дәрежеде байыту, атом электр станцияларын салу секілді бастамалар талқыланады. Жиынның негізгі бөлігі ядролық қауіпсіздік мәселесіне арналатыны белгілі. Сондықтан террорлық актілер өршіп тұрған кезеңде теріс пиғылдылардың қолына жаппай қыру қаруының өтіп кетпеуін қадағалау маңызды. Қауіпсіздік саммитіне жиналғандардың діттеген мақсаттарының бірі осы.
Бүгіндері елімізде халықаралық отын банкін орналастыру жөніндегі келіссөздер де жалғасуда. Бұдан бөлек, елде атом станциялары салынады.
Сэмюель Нанн, Ядролық қауіпті азайту бойынша еріктілер қорының директоры /АҚШ/
-Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қарусыздандыру саласындағы лидер ретінде танимын. Қазақстан – осы зұлматтың кесірін өз басынан кешіріп, одан уақытылы бас тартып, бейбіт өмір таңдаған ел. Орталық Азиядағы ядролық қауіпсіздік бойынша көшбасшы болып табылады. Кезінде Украина мен Беларусь те бас тартты қауіпті қарудан. Бірақ Қазақстан бұл қарумен күресті әлі жалғастырып келеді.
Жұрағат Баман, тілші
-Қазақ көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік саласындағы еңбегі ерен. Көп жылдар бойы санкциялардың қыспағында болған Иранды алып Америкамен сөз келістіріп, ядролық материалдар өндірісін ашық жүргізуге ықпалдасқаны – соның бір дәлелі. Нұрсұлтан Назарбаевты әлемдік лидерлер мен саясаткерлер бейбітшілік орнатудағы зор тәжірибесі бар тұлға ретінде таниды. Осыны ескере келе, Вашингтондағы халықаралық қатынастарды зерттейтін Карнеги орталығының сарапшылары Елбасымен кездесуге ниет білдіріп, Украина мен Ресей арасындағы кикілжіңді шешудің жолын сұрасты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мы знаем истоки этого разногласия. И я не хочу никого защищать и никого выгораживать. Но из этой ситуации надо выходить. Надо решить Украински вопрос. Я считаю что вопрос решим. Надо с обеих сторон проивить волю. Весь вопрос остался в чем. Украинская сторона говорит мы проведем выборы пусть Россия уйдет. Россия говорит пусть будет принят закон о статусе Донбасса и Луганска. То есть можно договорится здесь. Консенсус достигнуть надо. Я уверен что здравый смысл победит в любом случае.
Әңгіменің өзегі жаһандық қауіпсіздік болғандықтан, жиында Сирия мәселесі де талқыланды. Зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысының терроризммен күрес жөніндегі көзқарасы мен ұсынысын тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Конфликт в Сирии влечет негативные последствия далеко за пределами этого региона. Разобщенность мирового сообщества в борьбе с ДАИШ играет на руку террористам. Поэтому я предложил создать под эгидой объединенной нации единую глобальную сеть противодействию международному терроризму и экстремизму где бы участвовали все государства. Таким образом можно было бы проследить за каждым террористам, с их счетами, передвижениями, их друзьями и родственниками, по другому поступить по моему нельзя. И мы не сможем победить это зло.
Терроршылардың теріс пиғылды әрекеттеріне діни сипат беру – адасушылық. Қазақстанда көптеген ұлт пен ұлыс, түрлі конфессия өкілдері тұрса да, бейбітшіліктің шаңырағы шайқалған емес. «Қантөгістерде, террорлық актілерде жазықсыздардың жапа шегуіне тек дінсіз, ділсіз, материалдық пайда іздеген қаныпезерлер кінәлі», – дейді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Убийство и терроризм не религиозная категория. По инициативе Казахстана в мае 2016 год на сессии ГенАссамблеи ООН будет проведен диалог высокого уровня на тему религия и мир. С 2003 года в Астане мы проводим Съезды лидеров мировых и традиционных религии, с участием политиков и духовенство.
Терроршылардың қызығушылығы енді ядролық қаруды иемденіп, жаһан жұртын үрейде ұстап отыруға көшті. Жуырда Бельгиядағы лаңкестердің атом станциясына енбек болғаны – соның бір дәлелі. «Осы орайда әлемдік лидерлердің тез арада ортақ консенсусқа келіп, ядролық материалдарды тек бейбіт мақсаттарда пайдалануға келісім берулері маңызды», – деді Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Настало время для принятия фундаментальных решений, запрещающих размещение смертоносных вооружений в космическом пространстве, на дне и в нейтральных водах Мирового океана, а также в Арктике. Следует разработать международные соглашения и реестр ООН по запрещению использования научных открытий для создания новых видов оружия массового уничтожения.
Қазақстанның ядролық потенциалы әлемге әйгілі. Біз Уран өндірісі бойынша әлемде екінші орында тұрсақ, оны сату бойынша алғы шептеміз. Бастысы, еліміздің бұл қуат көзін – тек бейбіт мақсатта қолданып отырғаны. Ендігі мақсат – ядролық отын өндірісін жетілдіру. Шикізаттық өнімнен толық циклды өндіріске көшу.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Во первых Казахстан обладает крупнейшим запасами урановой руды. Мы занимаем второе место в мире. Казахстан занимает первое место по продаже урана для ядерных атомных элетростанции. И мы это лидерство будем свое продолжать. Это во первых. Во вторых мы хотим иметь полный цикл ядерных, мы сейчас добываем, обогащаем, в России обогащается, мы делаем таблетки для элетростанции. Сейчас мы хотим сделать полный цикл, с Россией договорились. Казахстан вошел акционером в соответсвующий завод. И хотим поставлять миру, не только руду но и ядерное топливо. Я думаю в этой части наша работа будет продолжатся. Тем более что доверие Казахстану есть. Все наши региональные объекты находятся под контролем МАГАТЭ.
Қазақстанның осындай жетістіктеріне әлемдік қауымдастық жоғары баға беріп отыр. Индустриалды ядролық саммит аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбіт бағыттағы ядролық бағдарламаны дамытуға қосқан үлесі марапатқа ие болды. «ҚазАтом» компаниясының ядролық метериалдарды жетілдіру жобасы да аталып өтті.
Асқар Жұмағалиев, «ҚазАтомөнеркәсібі» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы
-«ҚазАтомПром» Президенттің тапсырмасына сәйкес біраз шаралар өткізіп жатыр. Біріншіден, біз қытайлық әріптестермен ядролық отын өндіретін зауытты салуға тиісті шаралар өткізіп жатырмыз.
Жоғары деңгейлі осындай жиындар мен басқосуларда жаһандық қауіпсіздік нормалары жиі талқыланып жатса да, ережелердің бұрмалану фактілері одан да жиі кездесуде. Оған оқ атуды тоқтату, бітімгершілікке келу секілді келісімдердің бұзылып жатқаны дәлел.
Президент Назарбаев осы мәселе төңірегінде де сөз қозғады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Именно поэтому Казахстан предложил создать международную конференция ООН на высшем уровне призванную подтвердить принципы международного права и восстановить доверие.
Бұдан кейін Елбасы Карнеги қорының директоры Уильям Бернстің өтінішімен екіжақты кездесуге қатысты.
Бұнда да халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы серіктестермен кездесіп, Қазақстан-Америка ықпалдастығын одан әрі нығайту жолындағы бастамаларымен бөлісті. Бұл күні Президент жиырмадан астам ел лидерлері шақырылған Ақ үй қожайыны Барак Обаманың ресми қабылдауына қатысты.
Салтанатты жиында Елбасы өзге Мемлекет басшыларымен жүздесіп, әңгімелесіп, пікір алмасты. Ескі әріптестерін де жүздестірді.
Президент сапары барысында қазақстандықтардың абыройын бокс алаңында асқақтатып жүрген Геннадий Головкинмен кездесті.
Жүздесу барысында Елбасы Генаны «ЭКСПО-2017» елшісі мәртебесіне ие болуымен құттықтап, оның жаңа табыстар мен рекордтарға қол жеткізуіне тілектестігін білдірді.
Саммит аясында Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді. Соның бірі – Жапония премьер-министрі. Екеуара әңгімеде ең бірінші кезекте сауда-экономикалық қарым-қатынас жайы сөз болды.
Кейін Синдзе Абэ еліміздің ядролық қарусыздану ісіне қосқан зор үлесін айта келе, бұл саладағы әріптестікті нығайта түсетінін жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Түркия, Әзербайжан, Иордания, Украина, Армения, Литва, Мексика, Чили Президенттерімен, Үндістан, Сингапур премьерлері және АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесті.
Басқосуларды қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев әңгіменің өзегі сауда-экономикалық қарым-қатынастары турасында өрбігенін жеткізді.
Авторлары: Жұрағат Баман, Жұмағали Біргебаев, Дулат Ентебеков
2.Елбасы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында брифинг өткізді
Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Елбасы қазақстандық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді.
«Қазір бүкіл әлемде планетаны тұтасымен бірнеше рет жойып жіберуге қауқарлы ядролық қару бар. Сондықтан қарусыздану келер ұрпақтың болашағын айқындайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Елбасы 50-ден астам мемлекеттің басшылары тұрақты түрде жиналатын саммиттің маңыздылығына тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мұны тыймайтын болсақ, жоймайтын болсақ, болашақ бұлыңғыр. Қалай дегенмен, осы жылдардың ішінде дүниенің барлығының көңілін осыған бөлуге мүмкіндік болды. 50-60 мемлекеттің басшылары келеді. Ылғи өздерінің пікірлерін айтады. Соған байланысты Қауіпсіздік комитеті БҰҰ жанындағы шешімдер қабылдайды. Соған байланысты барлық мемлекеттер қазір өздерінің жағдайларын баяндап жатыр. Не істегенін, атом стансасының қауіпсіздігі қалай? Мысалы, ядролық материалдарды медицинаға да береді. Басқа жерлерге де береді. Одан кейін ол қайда кетеді? Істегені лаңкестердің қолына түспей ме деген мәселелермен қазірдің өзінде үлкен пайдасы тиді деп айтуға болады.
3.Еуропаға жол
Бұл апта Президент үшін қауырт болды. АҚШ-қа дейін Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен барды.
Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен және Еуропалық комиссия жетекшісі Жан-Клод Юнкермен жолықты.
Елбасы 1,5 жылдай уақыт бұрын Брюссельде болған. Сол кезде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша келіссөздер аяқталғанын айтқан еді. Төрт жыл бойы дайындалған құжатқа былтыр қол қойылды.
Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстан – Еуропалық Одақпен осындай құжатты бекіткен әзірге жалғыз мемлекет. Бұл өзара уағдаластықтың «салмағын» сипаттайды.
Кәрі құрлықпен байланысымыз қашан да жақсы. Мәселен, шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы, бұл дегеніміз 100 миллиард доллар қаражат Еуропалық Одақ елдеріне тиесілі. Әріге бармай-ақ қояйық, былтыр жыл соңында Президент Франция мен Ұлыбританияға сапарлады. Сол сапарлардың нәтижесіне қарап, қарым-қатынас қарқынын аңғару қиын емес.
Брюссельде Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақ елдерін «ЭКСПО-ға», «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ісіне қатысуға шақырды.
Сондай-ақ келіссөздер кезінде визасыз жүріп-тұруға жеңілдіктер қарастыру жайы айтылды.
Елбасының осы жолғы Бельгияға сапарының жөні басқа. Апта бұрын болған жойқын террорлық әрекет шалғайда жатсақ та, жанға батты. Саяси кездесулерден бұрын Президент әуежайдан келген бетте бірден қанды апаттан қаза болғандарды еске алу үшін Малбек стансасына бет бұрды. Құрбандарға гүл шоқтарын арнап, зардап шеккендердердің сауығуына тілектестігін білдірді. Орны толмас қайғыға қазақстандықтар атынан ортақтасып тұрғанын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазақстанның атынан, халқымыздың атынан, Брюссельде болған трагедияға өзіміздің көңілімізді білдіреміз. Жақындарына, туғандарына және осы елдің басшыларына. Қазақстан әруақытта терроризмге қарсы, терроризмге қарсы күрестегі коалицияның ішінде. Сондықтан бұл ешқандай жазығы жоқ адамдарға апат жасаған кісілерге кешірім жоқ.
Ги Ванхенгель, Брюссель астаналық өңірінің үкіметі басшысының орынбасары
-Осыдан тура бір апта бұрын лаңкестер Еуропа астанасына шабуыл жасады. Мына метро стансасындағы вагон толығымен қирады. Қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен жапа шеккендер де аз емес. Сіздің ел үшін 22 наурыз жыл басы екенін білеміз. Өкінішке қарай, дәл осы күні біздің еліміз орны толмас қайғыға ұшырады. Қара жамылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың осы оқиғаға бей-жай қарамай, біздің елге жұмыс сапары аясында теракт құрбандарын еске алғанына ризашылығымызды білдіреміз.
Еліміз Еуроодақпен 23 жылдан бері бір-біріне әріптес болып келеді. Осыны ескерген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтары үшін Еуропа асуға визасыз тәртіп енгізудің кезі келгенін білдірді. Мәселе Еуропалық комиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкермен өткен кездесуде айтылды. Мұндай жеңілдіктерді еліміз былтыр Еуроодақтың бірқатар мемлекеттеріне жасаған еді. Ендігі кезек Кәрі құрлықтағы әріптестерде.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Казахстан - единственное государство постсоветского пространства, которое заключило с Европейским союзом соглашение о расширенном партнерстве и сотрудничестве. Этот договор был заключен в прошлом году, Казахстан ратифицировал его у себя, поэтому мы уже с 1 мая можем временно использовать экономическую часть этого соглашения. И сейчас я говорил о том, что мы хотим, чтобы Европа поддержала наши реформы, инвестиции, индустриальную политику нашу и пригласил на участие в «ЭКСПО-2017», и поддержать создание Международного финансового центра Астана после проведения этой выставки. Мы нашли общий язык по всем поднимаемым вопросам, полное взаимопонимание. Я огромную благодарность выражаю господину Юнкеру и приглашаю его посетить Казахстан в удобное для него время.
Қара тізімге қармалған әуе компанияларымыздың жағдайы сөз болды. Елбасы оның да шешу жолдарын пысықтады.
Сондай-ақ тынышы кеткен Украина мен Ауғанстан елдеріндегі қазіргі ахуал, аймақ қауіпсіздігі жіктелді.
Таяудағы Парламент сайлауының барлық заң талаптарына сай болғанынан хабардар екен мұндағылар. «Сайлауы сәтті өткен мемлекетпен ынтымақтастық арттырып, экономикалық қатынас орнату – көптің көңіліндегі ой», – дейді Еуропалық комиссия төрағасы.
Жан-Клод Юнкер, Еуропалық Комиссияның Төрағасы
-Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық артып келеді. Қазақ еліндегі саяси және экономикалық реформалар жалғасын табуда. Бұл ретте Кәрі құрлықтан сіздердің елдеріңізге құйылатын инвестициялар көлемі арта бермек. Жаһандық дағдарысқа қарамастан арақатынасымыз нығая береді деген сенімдеміз.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Тускпен де кездесті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларды бір саралап шықты. Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды векторы екенін білдірді. Ол рас. Соңғы мәліметтер бойынша Еуропалық Одақпен сыртқы сауда 2015 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығындағы кезеңде 24,5 млрд долларды құрады. Ол Қазақстанның сыртқы саудасының жалпы көлемінің 51,8%-ына сәйкес келеді.
Еуропалық Одақтың орасан әлеуеті мен бірегей тәжірибесін ескерсек, осы жолғы Елбасының сапары нәтижелі боларына күмән жоқ. Жасалған келіссөздер мен айтылған ұсыныстар елдегі біраз маңызды саланың салмағын арттырайын деп тұр.
Визасыз режимнің өзі экономикалық байланысты үздірмейді. Елдегі өтетін «ЭКСПО» көрмесіне Мемлекет басшысының арнайы шақыруы бельгиялықтарды бей-жай қалдырмасы анық.
Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Жанат Эрнст
4.Қазақстан Президенті Бельгияға жасаған сапарын қорытындылады
АҚШ-та қазақстандық журналистерге өткізген брифинг кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бельгияға жасаған сапарын да қорытындылады. Біз бұған дейін Қазақстанның Парламенті Еуропалық Одақпен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялағанын айтқан едік.
Брифинг уақытында Елбасы құжаттың кейбір ережелері бірінші мамырдан бастап күшіне енетін, ал уағдаластықтар толық орындалу үшін ұйымға мүше барлық 28 ел тарапынан бекітілуі тиіс екенін айтты.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақ пен Еуразиялық Экономикалық одақ арасындағы ықпалдастыққа қатысты журналистердің сауалдарына жауап берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-ЕАЭС пока что воспринимается не очень хорошо. Почему то считается, что это российский проект. Хотя нет ничего общего с СССР нет. Потому что это невозможно. Это только безумный может себе представить. Возвращение к тому что было. Это экономический союз, я предложил провести совместную конференцию - европейский союз и ЕАЭС , чтобы в выступлениях политиков, экспертов, расставить все точки над И сказать , что мы это мы. мы совершенно нормально можем торговать. Это наше соглашение расширенного партнерств и сотрудничества , это ничто иное , что совершенно широкие экономические связи с ЕС, но если бы ес и ЕАЭС это была бы большая польза для всех. Но там есть проблемы санкций с РФ , прибавляется к этому, а если бы дальше ШОС была бы, то тогда европейский азиатский субконтинент имел свободные торговли это было очень выгодно для всего Казахстана для всех нас. Я всегда этот вопрос ставил.
5.Қаржы нарығындағы ахуал
Ел экономикасын долларсыздандыру жұмыстары нәтиже бере бастады. Соңғы бір-екі айдың орайында теңге 1,6 пайызға нығайған. Бұл туралы Елбасының қабылдауы кезінде Ұлттық Банк төрағасы айтты.
Данияр Ақышев Президентке елдің қаржы нарығындағы жағдайды егжей-тегжейлі баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк алдына бірқатар міндеттер қойып, халыққа басы артық ақшасын төл валютада сақтауға кеңес берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Сейчас выгодно держать средств в национальной валюте, в теңге. Процентные ставки в тенге высокие, тогда как по вкладам в иностранной низкие. Все операции по купле-продаже в проходят в тенге в Казахстане, зарплата в тенге. Цены стабильные. Основное потребление человека который у нас производиться да. Поэтому во всех отношениях хранить средства в тенге выгоднее.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы
-Әлемдегі мұнай бағасы, негізгі сауда серіктестеріміздің валюта нарығындағы ахуал біршама тұрақталды. Ақпан айында осындай сыртқы факторлар теңге бағамына оң әсер етті. Осы айда да төл ақшамыз нығаяды деп күтілуде. Ел азаматтары мен кәсіпорындар ұлттық валютадағы салымдарын күрт көбейте бастады.
Данияр Ақышевтың сөзін ел банкирлері де қуаттап отыр. Олар халықтың, қолда бар шетел валюталарын жаппай сатуға көшкенін айтады.
Биылғы қаңтар айының өзінде ел-жұрт 213 млн долларын теңгеге ауыстырыпты. Айырбастау пункттерінде соңғы 10 жылда бұндай жағдай болмаған көрінеді.
Қазір Ұлттық банк баға нарқын да жіті қадағалап отыр. Жыл соңына қарай елдегі инфляция деңгейін 8 пайызға дейін төмендету мақсатты тұр.
Қаржы саласындағы қауіп-қатерлерге қарсы жоспарлары да түзілген. «Тіпті қара алтын құны 10 долларға дейін түскен жағдайда да нарықтағы ахуал бақылауымызда болады», – дейді Данияр Ақышев.
Отандық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында Ұлттық банк төрағасы бұл тұрғыдағы ойын былай түсіндірді. «Ең ауыр кезеңдер артта қалды. Мұнай бағасы 110-нан 30 долларға дейін құлдырап, елдің шикізат экспортынан түсетін табысы айтарлықтай азайды. Енді қара алтын құны 30-дан 20 долларға дейін арзандаса да, ондай шығын болмайды. Мұнайдың баррелінен 80 доллар жоғалту – бір мәселе де, 10 доллар пайдадан қағылу – бір мәселе».
Айта кетейік, бұдан былай ел азаматтары Ұлттық банктің интервенциялары жайлы құлағдар болып отырады. Сәуірдің бірінен бастап Банк қаржы нарығында жүргізген операцияларын ай сайын жариялайды.
6.Қазақстан лаңкестік әрекеттерді айыптайды
Лахор қаласында болған террорлық актіге байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Хат мәтінінде «Қазақстан бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке зор қатер төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Лахордағы жантүршігерлік оқиға қатыгез радикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екеніне тағы да көз жеткізді» делінген.
Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға 27 наурыз күні болды. Лахор қаласының халық көп шоғырланған саябақтарының бірінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Салдарынан сол жерде 69 адам жан тапсырып, тағы 300 тұрғын түрлі жарақат алды.
Соңғы мәліметтер бойынша қаза болғандар саны 75 адамға жеткен. Қаралы тізімде буыны бекімеген балалардың қатары көп.
Лаңкестік оқиғаға байланысты жауапкершілікті «Талибан» ұйымы өз мойнына алды. Ел аумағында үш күндік аза тұту жарияланып, қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді. Арнайы орган жасақтары жедел операциялар жүргізіп, осы террорлық актіге қатысы бар деген күдікпен 5,5 мыңға жуық адамды қолға түсірді.
Айта кетейік, Пәкістан билігі 2014 жылдан бері ел ішінде содырларға қарсы күрес жүргізіп келеді. Бүгінге дейін 3 мыңға тарта лаңкестің көзі жойылған. Сондай-ақ Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге бұрынғы вице-канцлер, сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Қазақстан халқы Ганс-Дитрих Геншерді екіжақты достық қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан ірі тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады» делінген жеделхатта.
7.«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы нәтижелері
2016 жыл. Қазақстан өрелі өзгерістер кезеңіне көшті. Бұған дейін сөзбен айтып, топшылап, түсіндіріп келген «100 нақты қадамның» көбісі іс жүзінде басталды.
Демек, олар біздің қазіргі өмірімізбен біте қайнасып жатыр. Түптеп келгенде осы реформаларды сәтті орындап шықсақ, тәуелсіз ел дамыған «отыздыққа» қосылады.
Осы аптада Астанада бес реформаның белестері айтылды. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері баспасөз мәслихатын өткізді, бір жылдық жұмысты қорытындылады.
Дариға Назарбаева, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
-«Ұлт жоспарының» бес бағыты бойынша алғашқы нақты нәтижелер бар. Қазіргі кезеңде «Ұлт жоспарын» тиімді жүзеге асыруға қажетті барлық негіз қаланды деп айтуға болады.
Әрине, әуелі заңның үстем болғаны абзал. Заң үстем болмаса, бес реформаны орындау қиын екені бастапқыда айтылды. Сондықтан «Ұлт жоспары» жарияланған соң Парламент білек сыбанып бірден іске кірісті.
59 заң қабылдады. Осы 59 заңның аясында қыт-қуыт жұмыс басталды. Өзгеріс көп. Мәселен, мемлекеттік қызмет жүйесін алайық. Соған байланысты тестілеу тәртібі жаңарды. Тестілеу бағдарламасында мемлекеттік тіл мен заңнаманы білу талабы қалды. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау қосылды. Бұрын әр заңды білу жөнінде шектеу болатын. Тек былтырдың өзінде тест тапсырушылардың 34 пайызы осы шектеулерден сүрінген екен.
Жаңа ережеге сай үміткер жалпы сұрақтардың санынан айқындалған межеде дұрыс жауап белгілеуі тиіс. Сот саласында да жаңалықтар жеткілікті. Сөзіме тұздық, «100 нақты қадамның» 11-і осы жүйеге тиесілі. Инстанциялар қысқарды. Залдар аудио және бейне қондырғылармен жарақтанды. Сот төрелігі академиясы ашылды. Инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған сот алқасы құрылды. Осылай тізбектеліп кете береді. Қорыта айтқанда, «Ұлт жоспары» – елді ұшпаққа шығаратын құжат.
Осы аптада Үкімет басшылары «Ұлт жоспарының» жүзеге асуы барысын баяндау үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Президент жариялаған бағдарламаға бір жылға жетер-жетпес қана уақыт болғанымен, ауыз толтырып айтар өзгеріс көп. Егер осы бес реформа толығымен орындалатын болса, Қазақстанның жаңа белеске көтерілетіні анық.
Дариға Назарбаева, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
-«Ұлт жоспарын» толыққанды жүзеге асыру үшін комиссия мүшелері ауқымды жұмыс жасады. 48 отырыс өткіздік. Біздің жұмысымызды Елбасының өзі жеке қадағалауында ұстап отыр. Осының арқасында 1-ші қаңтардан бастап Қазақстан жаңа құқықтық қоғамда өмір сүруде. Ол үшін 59 заң қабылданды.
Демек, экономика дами түседі. Адамдардың өмір сүру деңгейі артады. Яғни медицина, білім беру, көлік логистикасы барлығы да Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы елдеріндегідей болмақ.
Дариға Назарбаева, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
-Әрбір азамат үшін өз қабілетін пайдалануға жаңа мүмкіндіктер туады. Әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінің озық жүйелеріндегідей. Қазір кез келген қазақстандықтың осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, өз құқығын білуі маңызды.
Жаңа реформалардың қарқынын алғашқылардың бірі болып болып шенеуніктер байқады. Елбасының мемлекеттік аппаратты модернизациялауға басымдық беруінің мәнісі осында.
Бірінші қаңтардан бастап кез келген қызметкер ең төменгі сатыдан бастап, еш кедергісіз «еңбек баспалдағымен» көтеріле алады. Оларға төленетін жалақы да, жұмысшының өзіне байланысты тағайындалады.
Талғат Донақов, ҚР Мемлекеттік Қызмет істері министрі
-Бірыңғай базалық еңбекақы болады. Ол қызметкердің лауазымы мен істеген жұмысына қарай тағайындалады. Одан бөлек жұмыстың күрделілігі мен көлеміне орай үстемелер қосылады. Мәселен, өзге тілдерді жетік меңгерсе, оған да қосымша ақша төленеді.
Яғни мемлекеттік қызметкерлер үшін оң өзгеріс көп. Бірақ бұл жауапкершілікті де арттырып отыр.
Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның айтуынша, бұдан былай кез келген мемлекеттік мекеменің қызметкері жұмысына салғырттық танытса, заңмен жауапқа тартылады.
Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Кейбір кезде мына азаматтар министрліктерге, болмаса әкімшіліктерге жүгініп барады ғой кейбір ақпараттарды сұрап. Көрсетпейді оны. Ал енді мына қазір заң түрінде сондай фактілер болатын болса, ол шенеуніктерді біз заң түрінде жауапкершілікке шақырамыз. Сондықтан қай ақпаратты алам десе, азамат министрліктен болсын, әкімшіліктен болсын алуға құқылы.
Денсаулық сақтау саласын да түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Азаматтардың өмір сүру деңгейін арттырып, ем-дом жасауға халықаралық тәжірибе пайдаланылмақ.
Дариға Назарбаева, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
-Біз бұған дейін де міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізбек болғанбыз. Енді жоба сәтсіз болмас үшін халықаралық тәжірибелерді ескеріп отырмыз. Тіпті шетелдік мамандармен де бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз.
Ал сот жүйесі қызметкерлері болса, жаңа модернизацияның тиімді тұстары баршылық екенін айтады. Бұрынғыдай бес сатылы сот жүйесін үш сатылық алмастырған. Бұл дегеніңіз, істердің қаралу уақытын қыстартады және тараптарға бітімгершілікке келуге мүмкіндік береді. Яғни сот жүйесінің сапасын арттырады.
Марат Бекетаев, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары
-Үш сатылы сот жүйесіне көшу үшін үлкен сараптамалар жасалды. Халықаралық тәжірибе ескерілді. Сот процестері ашық әрі жедел бола түспек. Бұрын 5 инстанцияның барлығынан өтіп жылдар бойы соттасса, қазір мерзім анағұрлым қысқартылды.
Экономика мен инвестиция мәселесін арттыруға арналған бұл бағдарламаны ең ауқымды стратегиялық жоба деп айтуға толық негіз бар. Тек 2015 жылдың өзінде Қазақстанға әлемнің 4 бірдей ірі инвесторы келді. Бұған басты себептердің бірі кедендік рәсімдер анағұрлым жеңілдетілгені.
Нәйля Аймұхамедова, экономист
-Атап айтатын болсақ, бұл Қарағанды облысындағы Қаражал кенішіндегі Барит ерітіндісін шығару зауыты және де бояу материялдарын шығару зауыты. Сонымен қатар Астана қаласындағы дизельдік қозғалтқыштарды шығару зауыты және де Сарыарқа автопром базасында жеңіл көліктерді шығару зауыты іске қосылды. Осы сияқты жобалар экономиканы әртараптандыруға одан әрі мүмкіндік береді және де бұл жобалардың барлығы бәсекеге қабілетті және инвестициялық жағынан қайтымды болып табылады.
Елімізге инвестиция тартудың барлық амалдары қарастырылып жатыр. Инвесторлар «Бір терезеден» 350-ге жуық қызмет түрлерін ала алады. Мұндай жағдай қарапайым азаматтарға да жасалған.
Сәуірдің 11-нен өз жұмысын бастайтын «Үкімет азаматтар үшін» коорпарациясына 4 бірдей мемлекеттік мекеменің қызметтері біріктірілмек. Құжаттар бір жерден беріледі.
Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Бүгінгі таңда елімізде мемлекет тарапынан халыққа 730 шамасында қызмет көрсетіледі екен. Соның 212-сі ғана ХҚКО арқылы көрсетіледі және ол да толық көрсетілмейді. Себебі олар құжатты қабылдайды да тиісті мекемеге жібереді. Сондықтан халықта ана жаққа, мына жаққа жүгіртіп қоймау үшін сол бір терезе қағидаты бойынша 522 қызметті осы коорпарациядан алатын болады. Әрі қарай осы бар мемлекеттік қызметтерін «бір терезе» қағидатымен көрсету 90 пайызға дейін жеткіземіз деп отырмыз.
Яғни қағазбастылықтан арыламыз. Мәселен, қазірдің өзінде экспорттық және импорттық рәсімдер үшін не бары 4 құжат қана керек. Одан бөлек жеңілдіктер де бар. Бұл өндірісті әртараптандыру мен экономиканы көтеру үшін қажет.
Ерболат Досаев ҚР Ұлттық Экономика министрі
-Енді тауарды экспорттау үшін 3 құжат, ал импорттау үшін 4 құжат қана керек. Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, кедендік рәсімдеу құжаттарының тізімін әзірледі. Ол үш жүз салық төлеушіге арналған «жасыл дәліз» деп аталады.
«100 нақты қадамның» аясында Қазақстан көлік-логистикалық инфрақұрылым бағытында да ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Аула Жолдыбалина, саясаттанушы
-Қазақстанның ең басты мақсаты – ол халықаралық коммуникациялық көліктік ағындарға интеграциялану. Жалпы атқарылған жұмыстарға келетін болсақ, бүгінде 2015 жылы Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия бағытында контейнерлік пойыздардың жүргізілген болатын. Сонымен қатар 2015 жылдың аясында Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүктердік көлемі екі есеге өсіп, шамамен 50 мың 20 фунттік эквивалентті құраған болатын.
Талғат Уәли, тілші
-Қорыта келгенде бес институционалдың реформаны жүзеге асыру үшін жоспарланған «100 нақты қадамның» әр қадамы үлкен маңызға ие екеніне көз жеткіземіз. Әрине, экономикалық көрсеткіштер, логистикаға қатысты көп сандардың артуы маңызды. Бірақ Үкімет өз алдына қойып отырған ең үлкен мақсат – қарапайым халықтың тұрмыс деңгейін жақстарту.
Авторлары: Талғат Уәли, Жасұлан Шәкенов
8.Жол сапасы қашан жақсарады?
«Ұлт жоспарының» 99-шы қадамында Қоғамдық кеңестердің рөлі айтылады. Бюджеттерді қарастыру, стратегиялық жоспарларды қабылдау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысы бар кез келген мәселеге осы ұйым өкілдері араласа алады. Кем-кетікті түзеу бойынша пікір білдіреді, пікірге құзырлы мекемелер құлақ асуға міндетті.
Қазір жергілікті жерлерде 197, орталықта 12 қоғамдық кеңес құрылды, нақты іске кірісті. Мәселен, Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы қоғамдық кеңес ауылдағы ағайынның тұрмысын түзеудің қамымен жүр.
Айтқанның арқасында, Айша бибі ауылында тозығы жеткен жолдар жөнделді. Бұған бюджеттен ақша бөлінді. Енді Аса ауылына бағдаршам орнату керек. Жергілікті полиция отыратын ғимарат қажет.
Астанадағы қоғамдық кеңес мүшелері де жол сапасын жақсартуға мән беріп отыр. Қазір қалада мың шақырымнан астам көше болса, соның 250 шақырымына асфальт төселмеген. Бұл – бір. Екіншіден, алты ай қысқа шыдас бермеген ойдым-ойдым жол көктем шыға жұрттың берекесін алса, ала жаздай жөндеуден көз ашпайды. Бұл барлық аймаққа тән жағдай. Неліктен жаңа жол жылға жетпей жырымдалып кетеді?
Жырым жолдың жыры таусылар емес. Жолдар жөнделіп-ақ жатыр, бірақ аз уақытта бетон төсеуіші қайта қақырап шыға келеді. «Соқтықпалы соқпақтар» сансыз. Біз бәрін қамтымасақ та, бірлі-жарымын көрсетуге тырысамыз.
Индира Жылқайдарова, тілші
-Қиюы жоқ қиырдағы қалып қойған жұрт болса жарайды, олай емес, бұл Астананың ортасында орналасқан Алматинская көшесінің тұрғындары. Шұңқыр толы, ойық-ойпаң жолдан әбден қажыған. Тіпті жөндеу жүргізіп кетсе де, оның ұзаққа бармайтынын айтады. Себебі 2,5 метрлік жол ережеге сай бар халықтың қолданылуына берілмеуі тиіс. Ал бұл көшеде әрі-бері жүйткіген көлік керуені толассыз.
Мұнда 300-дей отбасы түтін түтетіп отыр. Бұл иірімнің жөнді жөндеу көрмегеніне біраз болыпты. «Өткен жылы қыркүйекте ғана төсем салынғанымен, биыл тағы шұрық-тесік», – дейді тұрғындар.
Майдан Қасымов, қала тұрғыны
-Кешке таман сағат 7-8 де күллі поток машиналар осы жермен жүреді. Мынаны шыдатады ма, бәрін сындырды. Ылғи 20-30 тонналы машиналар жүреді. Мынаның астында водопровод жатыр, не істейміз?!
Тұрғындар 2012 жылдан бері мәселелерін шеше алмай жүр. Себебі билік бұл жерді ысырып, үйлерді көшіру туралы айтқан. Бірақ қазан қақпағы сол күйі жабулы.
Асқар Өткелбаев, қала тұрғыны
-Бұл жолдың нашарлығынан талай машиналардың шаровыйлары кеткен.
Жағдайды әкімдік қызметкерлерінен сұрап, арнайы жолға шықтық. «Мәселе маусымның басына дейін толық шешімін табады», – деп уәде берді. Сын көтермейтін, саздан құрғамайтын жолдар аз емес.
Индира Жылқайдарова, тілші
-Міне, елордадағы аты-шулы Уәлиханов көшесі осы. Апта басында көлік жүргізушілері қиқы-жиқы жолдың тауқыметін тартқанын айтып шағымданған болатын. Тіпті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатты. Жол жөндеушілердің құлағына жеткен болуы керек. Бірер күн өтпей жұмысшылар асфальт төсеп, жамап жасқауға кірісіп кетті. Сапасын әлі сұрап білетін боламыз.
Ғаламторда астаналықтар жарыса жазған осы көше бойына келесі күні-ақ Автомобиль жолдары басқармасының басшысын ертіп келдік. Келсек, тып-типыл, теп-тегіс. Жөндеу аяқталған.
Сымбат Мырзағұлов, Астана қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы
-Міне, асфальт төселді. Екі-үш айдан кейін тағы да бұзылып қалмайды ма екен? Бұл қазір Уәлиханов көшесі, ямочный ремонт жүргізіп жатқанымыз. Жол қауіпсіздігін кетіру, сапасы өте нашар көріп тұрсыз. Су кетіретін шараны жалғастырамыз.
Басқарма басшысы жол сапасын байқаған болуы керек. Бірден күні ертең мердігерге қандай жаза қолданылатынын да айта өтті.
Маман тек Уәлиханов көшесі ғана емес, Астананың көп жолы ойдым-ойдым екенін мойындап отыр. Елорда ішінде 1000 шақырым жолдың жыл сайын 95 шақырымын жөндеу қажет екен. Ал бөлінетін ақшаға тек 10-20 шақырымы ғана ретке келтірілуі мүмкін.
Қыруар ақша қажет, ол бөлініп те жатыр. Тек жолдар неге бір жылға да шыдас бермей жатады? Әкімдік өкілі: «Қазақстан Еуропа емес, бар гәп ауа райының қолайсыздығы, қыстың қытымырлығы себеп», – дейді.
Сымбат Мырзағұлов, Астана қалалық Автомобиль жолдары басқармасының басшысы
-Қазір елдер көрсетіп жатқан 2008-2009-2010 жылдарда салынған асфальттар. Ал жолдың уақыты межремонтный срок деп аталады. 3-5 жылға дейін.
Жұлым-жұлымы шыққан Астананың жолдарына жаңа құрылған қоғамдық кеңес өкілдері де көңіл бөліп отыр.
Сансызбай Есілов, Астана қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы
-Қалада 1050 шақырым жол мен көшелер бар. Оның 250 шақырымы тас, бетон, асфальт төселмеген. Ол енді төселмегеннен кейін жылда ойылады. Қар жауады, жаңбыр жауады. Осындай мәселе туа бастайды.
Зерттей келе асфальті жоқ 250 шақырым жолды жөндеуге 34 млрд теңге ақша қажеттігін анықтаған. Ал биыл оның 5 млрд 200 млн теңгесі бөлініп отыр. Бұл әзірге 10 шақырым жолды реттеуге жетерлік қаржы.
Индира Жылқайдарова, тілші
-Сырт келбеті, сәулеті мен сымбаты бүкіл елге үлгі боларлық Астананың кез келген жолында жүргендер белуардан саз кешіп, мәселені шеше алмай баз кешіп жүр деу әбестік, әрине. Бірақ біз мүмкіндігінше халықтың базынасын жеткізуге тырыстық. Ал енді кей өңірлерге қысқаша тоқталайық.
Алматылық жүргізушілердің үнемі базарлар аумағындағы жолдың сапасына көңілдері көншімейтін. Осы жолы «солтүстік сақина» күрделі жөндеуден өтіпті. Екі көлік жол айрығы пайдалануға беріліп, метроның екі жаңа станциясының құрылысы салынып бітті. Мұнда да Астанадағыдай жөндеуге 5 млрд теңге бөлініпті.
Ғани Мырзаханов, Алматы қалалық Автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары
-Қаладағы жолдардың 30 пайызының жағдайына өте жақсы деген баға беруге болады. Жақсы дегендері – 40 пайыз. 20 пайызын жөндеу керек. Асфальты төселмеген жолдар 15 пайызды құрайды.
Ал петропавлдықтар жолдың сапасыздығынан әбден діңкелегенін айтып отыр. 10 жыл бойы такси жүргізушісі болып істеп келе жатқан Азамат Қызыров: «Нәпақасының көп бөлігі көлік жөндеуге кетеді», – дейді.
Азамат Қызыров, такси жүргізушісі
-Мына машинаның ходовкасын екі айда бір істейміз. Бір жол жүрсең, яма да яма, то дөңгелекті жыртады, то дискіні майыстырады, стойкадан стойка қалмады.
Жауапты орган мүшелерінің сөзіне қарағанда жөндеу жыл сайын жүйелі жүргізіледі.
Серік Қанапинов, Петропавл қалалық Жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімінің сектор жетекшісі
-Биыл қалада орташа жөндеуге жүргізуге 500 млн теңге бөлінген болатын. Оған Абай, Әуезов, Уәлиханов секілді 7 көшенің жолдары ретке келтірілді.
Ал Ақтөбеде облыстық маңызы бар 1057 шақырым жол бар. Бұл өңір жолдарды жөндеудің инновациялық амал-тәсілдерін пайдалануға әзір. Ақтөбе облыстық Автокөлік жолдары басқармасының басшысы Асқар Есжановтың өзінің көлігі бұзылып қалыпты. Бірден баспасөз конференциясын ұйымдастырған ол қаражаттың 3 есе көбірек бөлінуін сұрады.
Асқар Есжанов, Ақтөбе облыстық Автокөлік жолдары басқармасының басшысы
-80 пайызы асфальтталған, аудандық маңызы барлар тек 40 пайызы. 2013-2014-те жасалған жобалық сметалар бар. Қазір осы жылы Хромтау, Алға ауданында, Қобда ауданында жергілікті жолдардың күрделі, орташа жөндеу жұмыстары өтеді.
Бәлкім біреу шиі шықпас үшін істі шикі атқармау керек дер, енді бірі бақылауды қатаңдату мен жол «ғұмырлы» болу үшін тың тәсілдерді тарту керектігін айтар. Қалай дегенмен де, бұлардың астарында жұмсалған қыруар қаржы мен сапаның үйлесуіне қатысты қарапайым талап жатыр.
Авторлары: Индира Жылқайдарова, Мейрамбек Ақмаханов, Арман Данышбаев
9.Тасқынға тосқын
Жылы-жылы жел соқты, жылғалардан су ақты. Көктемнің көкжиегі көрінген-ақ, қызыл суға қамдану – әдеттегі дағдымыз. Биыл да оңай болмайтын секілді.
Осыдан екі апта бұрын биліктегілер Қазақстандағы 800 елді мекенді тасқын су басу қаупі бар екенін айтты, ескертті. Бұл аумақтарда 1 миллионнан астам адам тұрады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Зырян, Көкпекті, Қатонқарағай және Ұлан аудандарында су тасқыны болуы ықтимал. Себебі гидротехникалық нысандар да, су қоймалары да осы өңірде.
Оның үстіне қар қалың түсті. Коммуналдық қызмет мамандары: «Күн күрт жылымаса, қардан қауіп болмайды», – дейді. Бірақ қамсыз отырған ешкім жоқ.
Жергілікті прокуратурадағылар бұған дейін кейбір аудандардың тасқынға дұрыс дайындалмағанын айтып, дабыл қаққан еді. Кейін жағдай бақылауға алынды.
Тағы бір облыс Солтүстік Қазақстанның Тайынша, Есіл және Айыртау аудандарындағы автомобиль жолдарын су басып, Петропавлдың өзіндегі жер үйлерге су кіріп жатқаны туралы осы аптада айтылды.
Аймақтардағы ахуал қандай? Солтүстік өңірде апта бойы қар еріп, жұртшылықты әбіргерге салған. Тайынша ауданы, Донецкое ауылындағы 50 үйге су жайылып, 150-ден астам тұрғын ауыл мектебіне көшірілген еді.
Мамандардың дамылсыз жұмысының арқасында қызыл судың беті қайтты. Дегенмен, бір ауыл судан босаса, бүгін Ясная Поляна ауылының екі көшесіне қара су келді. 15-тен аса үй иелері кедергімен алысып әлек.
Марат Мұратов, СҚО ТЖД Азаматтық Қорғаныс басқармасының офицері
-Шыны керек, кейбір адамдар өз аумақтарындағы қарды уақытылы тазалағысы келмейді. Енді бұл шаруалармен жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметі айналыспайды ғой. Сондықтан олар бүгінде қызыл судан жапа шегіп отыр.
Мамандар: «Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі мамыр айының соңына дейін сақталады», – дейді. Сондықтан төтенше жағдайлар мен барлық коммуналдық мекемелер қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді.
Таулы аймақтардағы ауылдарды қызыл су басып кетпес үшін қыраттардан 280 мың тонна қар шығарылды. Сондай-ақ өзен-көлдердің жағалары бекітіліп, арналары тазартылды.
Раджан Сейітқанов, Глубокое кентінің әкімі
-Қазіргі таңда кент аумақтарында 25 техника дайын тұр. Толық техникалық жабдықталған. Кент аумағында 2 мың қап дайындалды. Инерттік материалдар құммен толық қамтамасыз етілген.
Биыл Сыр өңірінде қыс жылы болып, дарияда мұз ұстасқан жоқ. Тек қаңтар айының басында өзеннің Арал теңізіне құяр тұсында мұз қатпарлары жүрді. Майда мұздақтар «Ақлақ» су тоспасына кептеліп, су деңгейі көтерілген еді.
Дегенмен, тиісті құрылымдардың тасқынға қарсы шаралары нәтижесінде қауіптің беті сейілді.
Жұмахан Нұрсейітов, Арал-Сырдария Бассейндік су шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары
-Сырдарияға су 50-60 куб секундына жіберіп жатыр енді. Ол өте аз. Дегенмен, енді жоғарыда айтқандай егістікке су өте қажет. Сол себептен бүгінде су жинау мәселелері қолға алынып жатыр.
Қарағанды облысы қызыл судың алдын алу үшін сақтық шараларын күшейтті. Жергілікті билік 6 шақырым жерге бөгет салып, қолында техникасы бар кәсіпкерлермен келісім жасасты. Егер де қауіп сезілсе, бәрі жұмылған жұдырық болып жұмыс атқарады.
Андрей Ляпунов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
-Өткен жылы мұз өте қалың болды. Жарты және 60 сантиметрге дейін жетті. Ал биыл мұздың қалыңдығы 20-15 сантиметр көлемінде. Өйткені осы жылы қатты аяз болған жоқ. Сондықтан мұз ерісе, сумен бірге ағып кетеді деп ойлаймыз.
Күн жылып, қар көбесі сөгілгенде сақтықты мейлінше күшейткен дұрыс. Осы мақсатта мамандар Есіл өзеніне шығып балық аулайтын және алысты жақындатамын деп мұз үстімен жүретін адамдарға ескерту жасады. Өйткені қазір қатқан судың көлемі – 50 сантиметр.
Бейсенбай Жексенов, Орталық өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағы басшысының орынбасары
-Көктемгі мұздың қауіптігі сықырламайды, бірден ойылып кетеді. Себебі ол сумен толықтырылып, суды өзіне сіңіріп, мұздың қалыңдығы қандай қалың болса да кез келген жерде сулы қар сияқты ойылып, судың астына түсіп кету қаупі бар. Сондықтан Астана қаласының тұрғындарына, келген қонақтарға айтайын дегенім, қазіргі кезде мұздың бетіне шығу өте қауіпті.
Синоптиктердің айтуынша, биыл Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында қар қалың түскен. Алайда дәл қазір ауа райының қолайлы болып, түннің суық, күндіз жылы болғаны ләзім. Сонда тасқын болу қаупі азаяды.
Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі
-Сақтық деңгейі бүгінгі таңда жоғары деңгейде атқарылуда. Барлық жергілікті атқарушы органдар өздеріне тән жұмысты атқарып шықты. Әлі де жұмыстар атқарылуда. Мен айтып кеткендей, 9 миллионнан астам текеше метр қар шығарылған болатын. Бұл үлкен ауқымды жұмыс, әрине. Және де халыққа айтатынымыз, өздерінің аулаларындағы қарды жинап шығу керек.
Сәкен Сейітханұлы, тілші
-Сол жиналған қарды көліктер тиеп, қаланың сыртына шығарып тастайды. Ол еріп, жағдайды тағы қиындатады. Әлемдік тәжірибеге үңілсек, Еуропа елдері және Ресейде қарды суға айналдыратын Трикан техникасы қолданылады. Ол 260 градуста жұмыс істейді. Яғни қар су мен буға айналып кетеді. Сол жылжымалы көлік биыл Астана қаласына әкелінді.
Мамандар осы қыста Канададан әкелінген жаңа көлікті іске қосқан. Заманауи машина Астананың сыртына шығарылатын қардың көлемін біршама азайтқан. Нәтижесінде үш айда 1 миллион шаршы метр қарды ерітіп, суын қоймаларға жіберген.
Ерлан Атажан, «Трикан Комбасшн» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы
-Бір ай бойы бұл машинаны тоқтатпай істеттік. Күні бойы, түні бойы. Бірде тоқтап қалған уақыты болған жоқ. Температуралық режимді алсақ, 0 градустан -35 градусқа дейін істедік. Қатты жел болып тұрғанда, -35 градус, -45 градус болды. Ол кезде де машина өз жұмысын жақсы көрсетті. Сол себепті экономикалық жағынан және экологиялық жағынан эффект болды деп есептейміз.
Орта есеппен алсақ, Астанада жылда 4 миллион шаршы метрге жуық қар түседі екен. Сондықтан қалаға осындай әлі екі көлік керек-ақ.
Тек бас қала емес, қар қалың түсетін облыстарға да артық етпес. Өйткені бұл техника біріншіден, су тасқынының алдын алады. Екіншіден, қоқысты судан бөліп шығарады. Үшіншіден, қала қардан босатылса, сумен бірге құм ақпай құбырлар таза болады. Сондықтан осындай инновациялық техникаға өткеніміз ләзім. Себебі тасқынға тосқынның бір амалы – осы.
Авторлары Сәкен Сейітханұлы, Самат Қайырбенұлы, Олжас Керейхан, Нұрлан Жақыпбек, Ардақ Асылханұлы