Жеті күн 24.12.2016
1. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынас көркейіп келеді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биыл да «Жыл адамы» атанды. Бұл – Орыс биографиялық институтының ұйғарымы. Ұйымдастырушылар Елбасының саясат сахнасындағы ерен еңбегін елеп, «Халықаралық қатынастар» аталымына лайық деп таныған. Бұл марапат еліміздің әлемдік аренадағы абыройын айғақтап береді. Ешқандай әсірелеусіз-ақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Суть казахстанского экономического чуда, о котором все чаще говорят в мире, гораздо глубже. Во-первых, успешно работает, я как сказал, новый растущий класс – собственников и предпринимателей. В стране почти 1,3 миллиона предпринимательских структур. Они производят около трети всего национального богатства. По рейтингу Всемирного банка Doing Business, Казахстан всего за один год совершил рывок с 51-го на 35-е место. Во-вторых, создали эффективную модель экономики. У нас не было единой системы коммуникаций, производства, транспорта, электропередач. Мы создали ее за годы Независимости. Автомобильные, железные дороги были проложены так, что они напрямую не связывали уголки нашей огромной страны, а все параллельно шли на север.
Қазір Қазақстанда бірыңғай көлік жүйесі құрылды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында мың шақырым автомобиль жолы, үш мың шақырымға жуық темір жол төселді. Жай ғана төселген жоқ, жаһандық көлік бағыттарының жаңа күретамыры етіп салынды.
Бұған дейін бізде оңтүстік-батыс бағытты байланыстыратын теміржол болмаған еді. Елбасы бастамасымен бұл мәселе шешімін тапты. Бүгінгі таңда Қазақстаннан Түркіменстанға, одан ары Иранға апаратын теміржол торабы жұмыс істеп тұр. Бұл тиісінше стратегиялық серіктес болуға ынталы Иран Ислам Республикасымен арадағы қарым-қатынасты нығайта түсті. Сөзіме бір жылдағы қос сапардың қорытындысы дәлел. Сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев Тегеранға барса, енді міне, желтоқсанда Хасан Рухани Астанаға атбасын тіреді.
Иран президентін ұзақ жол аса шаршатпаса керек. Жүзі жайдары, көңіл күйі де көтеріңкі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев əріптесіне сый құрметтің жоғары деңгейін көрсетіп, ерекше ілтипат танытты.
Шағын құрамдағы кездесуде Елбасы Хасан Руханидің атқарып отырған еңбегін жоғары бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Біздің Тәуелсіздігімізді алғаш қолдаған Иран болатын. Содан бері қандай жағдай болмасын, Батыстан Иранға қандай қарым-қатынас болмасын Қазақстан өзінің бағытын Иранға деген бір өзгерткен жоқ. Енді біздің қарым-қатынасымыздың стратегиялық жолға түсетін кезі келді. Сондықтан Қазақстан әр уақытта Иранменен тығыс достық қарым-қатынаста болуға дайын.
Хасан Рухани бұл сапарының ерекше екенін атап өтті. Себебі Қазақстан мен Иранның қарым-қатынасы бұрынғыдай емес, көркейіп келеді. Ол әрине Елбасының сәуір айында жасаған сапарынан кейін анық аңғарылған. Сол уақытта 1 млрд доллардан асатын келісім бекітілген. Соның негізінде бүгінде байыпты қадамдар жасалып отыр.
Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті
-Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойымен Сізді және біз үшін аса қымбат Қазақстан халқын құттықтаймыз. Сіздің сәуір айында Тегеранға жасаған сапарыңыз жемісті болды деп айта аламын. Нәтижесінде маңызды құжаттар бекіді. Менің бұл ресми сапарым сол байланысты ары қарай нығайтуға серпін қосады деп сенемін.
Санкция салынған жылдары Иран біраз елмен сауда-экономикалық байланысты үзгені белгілі. 11 жыл бойы томаға-тұйық күн кешіп, шетелден қаржы тарта алмады. Соның салдарынан экспорт азайған еді. Өндірістің үштен бірі бөлігі тұралады. Дегенмен сол қиын күндері қазақ елінің Президенті Иранның санкция бұғауынан босауына күш салып, бауырлас елмен байланысты нығайтты. 2014 жылы екі елдің сауда айналымы 987 млн доллар болған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Ядролық бағдарламаға қатысты санкциялар алынғалы бір жыл уақыт өтті. Осы аз ғана уақыттың ішінде Иран өз экономикасын жүйелі дамытып, көп табыстарға жеткенін байқап отырмыз. Бұл Иран мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа өзінің ең үлкен ықпалын тигізді. Біз үшін Сіздің жүргізіп отырған саясатыңыз бүкіл Каспий төңірегіндегі елдер үшін үлкен пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.
Екі ел теңіз және құрлық арқылы да қарым-қатынасты ширатып отыр. Мәселен, қос елді жалғайтын шойын жол арқылы өткен жылы 544 мың тонна жүк тасымалданған. Алайда меже бұл емес. Қазақстан өз тауарларын Иранмен қатар Парсы шығанағындағы елдерге де өткізуге қауқарлы. Оған мүмкіндік мол.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазірдің өзінде Иран компаниялары Қазақстан аумағында жалпы құны 480 млн доллар болатын ауыл шаруашылығы жобаларын іске асырып жатыр. Ол менің жасаған сапарымның нәтижесінде келісілген мәселе болатын. Біз Иранға тек астық емес, күнбағыс майын, рапс, арпа, күріш және басқа да аграрлық өнімдерді тасымалдауға мүдделіміз және дайынбыз.
Қазақстан бүгінде Иранға қаңылтыр, арпа, бидай, минералды тыңайтқыштар мен рапс тұқымын көптеп жеткізеді. Ираннан біз құрма, пісте, лак бояу өнімдері, полиэтилен мен жүзім аламыз. Бұл сауда-саттық көрсеткіші 9 айда 442 млн долларға жетті. Алыс-берісті арттырумен қатар барыс-келісті де нығайтуға екі ел мүдделі. Алдағы уақытта Астана-Тегеран арасында әуе кемесі қатынайды. Бұл «ЭКСПО» көрмесіне қатысатын Парсы елі үшін пайдалы болмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Бұдан бөлек, бүгін біз әуе қатынасы жөнінде келіссөздер жүргіздік. Менің сапарымнан кейін Алматы мен Тегеранның арасында аптасына үш мәрте әуе көлігі ұшатын болады. Қазір оның толуы 65 пайызға жетіп отыр. Ендігі жылы Тегеран-Астана арасында әуе жолы қатынасын жасау мәселесі жасаймыз. Бұның төңірегінде виза режимін оңтайландыру, өзара туризмды ынталандыру үшін нақты шараларды жасауды келістік. Оған кесірін тигізіп отырған екі елдің банктері арасындағы есеп айырысу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Оны да шешетін боламыз.
2005 жылдан бері Иран елінен Қазақстанға 122 млн доллар инвестиция тартылған. Соның күшімен 160-тан аса бірлескен кәсіпорын бой көтерді. Президент келешекте мұндай іргелі жобалардың көбейетінін айтты. Тіпті қазірдің өзінде іргетасы қаланып жатқан өндірістер бар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Тау-кен металлургия саласында өзара тиімді іс-қимыл орнату жасалып жатыр. Қарағанды облысында мыс және кен орнын жасау мәселесі Иран компанияларымен бірге басталмақ. Иран тарапы Қазақстан аумағында геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүдделі. Біз мұны қолдаймыз.
Әлемнің әр қиырындағы лаңкестердің лаңынан бүгінгі күні сақ болуы керек. Бұл тақырыпты да екі елдің басшысы қараусыз қалдырмады. Енді қос мемлекет терроризмге келгенде тізе қосып тосқауыл қоймақ.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
-Біз бірқатар өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде де пікірлестік. Исламофобияның таралуы, дінімізді терроризммен және жиһадизммен байланыстыру сияқты қатерлермен күрес жолында бірлесіп, жұмыс істеуге уағдаластық. Қатерлі құбылысқа айналған халықаралық терроризм мен экстремизмге, қылмыстың өзге де түрлеріне қарсы күресте тығыз ынтымақтастық орнатуға келістік.
Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті
-Бүгінде Ирак пен Сириядағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Бұл проблеманы шешіп, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайтару қажет. Азия өңірінің ықпалды мемлекеттері ретінде Иран мен Қазақстан, әсіресе, экономика саласындағы бірлескен күш-жігерін жалғастыра беруі тиіс.
Экономикалық байланысымыз жоғарғы деңгейге жету үшін кедендік рәсімдер оңтайлы болуы шарт. Мұны Иран Президенті ұсынды. Хасан Рухани: «Екі елдің еркін сауда айналымына бұл қадам оң әсерін береді», – деді.
Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті
-Біз Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды қатысушысы болуға дайын екендігімізді жария еттік. Құрметті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бізге аталған екі бағытта да көмектесуге дайын екенін айтты.
Жыл ішіндегі екі кездесу қос тарапқа да жемісті болды деп айтуға негіз бар. Елбасының сәуірдегі сапарынан кейінгі байланыс бұл жолы жанданды. Нақтырақ айтсақ, екі елдің министрлері ауыл шаруашылығы, сауда-саттық, туризм, банк жүйесін жетілдіру және денсаулық сақтау салалары бойынша келісімге келді. Енді осы жоспарлар жүйелі түрде іске аспақ.
Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Әлібек Әлиев
2. Елбасы жұмыс сапарымен Алматыға барды
Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматы қаласында болды. Сапар барысында шаһардағы жаңа мұражайдың экспозицияларымен танысты. Мәдени ошақ 2002 жылы құрылған. Алайда осы күнге дейін тұрақты орны белгіленбей, бір ғимараттан екіншісіне көшіріліп келген. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Алматының мыңжылдығы мерекесі тоғысында музей қоныс тойын тойлағалы отыр.
Мұрайжай қаланың қақ ортасында орналасқан бір ғасырдан аса тарихы бар ғимаратқа көшірілді. Бүгінде оның қорында 40 мыңға жуық экспонат сақталған. Олар: қолданбалы өнер туындылары, қазақ этнографиясының бірегей топтамасы, бағзы замандағы тұрмыстық заттар, нумизматика жәдігерлерінің жиынтығы және басқа да құнды мұралар.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мы сейчас говорим о привлечени туристов в большом количестве. В любом большом городе очень много музеев. Поэтому, никогда музеев много не бывает. Поэтому я и в Астане уделяю внимание, и здесь, и в Таразе то что мы вместе видели и в других городах. Вот эти все автомобильные трассы, железнодорожные пути, гостиницы которые строятся, для чего? Что бы создать удобную инфраструктуру для туризма. Туризм важная часть экономики любого государства. И мы хотим. Городского отдельного музея не было в Алмате. Приспособили, сделали это очень хорошо. Красивый музей. Будет наполняться экпонатами еще. Будем находить, потом может быть будет большой музей.
Музей 11 залдан тұрады. Онда мультимедиалық технологиялар арқылы Алматының қола дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихы көрсетілген. Сондықтан бұл кешенді ірі ғылыми әрі мәдени орталық деп атауға болады.
Карл Байпақов, ҚР ҰҒА Академигі
-Алматы – біздің ескі шаһалардың бірі. Мұнда тарих пен археологияның көптеген ескерткіштері бар. Сондықтан біз бұл жерге туристерді тартуымыз керек. Алматы еліміздің туристік орталығына айналуы тиіс. Ал музей мен театр әрбір ірі мегаполистің бетке ұстары. Осы орайда қаламызда музейлердің көбейіп келе жатқаны қуантады. Сондықтан бүгін біз үшін тарихи сәт.
Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында екі бірдей кездесу өткізді. Алдымен белгілі қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбаевты қабылдады. Әңгіме барысында академик Президентке «Қазақ тiлi» халықаралық қоғамының жұмысы туралы баяндап, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатындағы әрекеттердің әлді екенін ерекше атап өтті. Ал Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін Өмірзақ Айтбайұлына алғысын білдірді.
Бұдан кейін Президент Ұлы Отан соғысының ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткеріне ел игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық тіледі. Аманжол Қалықов өз сөзінде ел егемендігін нығайтудағы және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіндегі Елбасының баға жетпес еңбегіне ерекше тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Ресейдің Түркия Республикасындағы елшісі Андрей Карловтың қайғылы қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Жеделхатта Андрей Карловтың дарынды дипломат болғаны және оның кәсіби қызметі Ресей мен Түркияның қарым-қатынасын нығайтуға бағытталып, баршаның құрметіне бөленгені атап өтілген.
«Бұл терроризм актісі осынау зұлымдықпен күрес жолында бүкіл әлемнің күш-жігерін жұмылдыру қажет екеніне тағы да көзімізді жеткізе түсті. Ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Андрей Карловтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Дәл осындай көңіл айту жеделхатын Қазақстан Президенті Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге жолдады.
19 желтоқсан күні Берлин қаласында террорлық акт ұйымдастырылып, салдарынан бірнеше адам көз жұмған еді. Елбасы бұл хабарды зор күйзеліспен қабылдап, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан көңіл айтты. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
3. Сындарлы саясат
Уақыт біреуге ұзақ, ал енді біреуге қысқа. Бұл әрқайсысымыздың 1 жылда қандай іс тындырғанымызбен таразыланады. Тарих қойнауына енгелі отырған мешін жылы тәуелсіз Қазақстанның дамуына қандай серпін берді? 2016 жылы неден ұтып, неден ұтылдық?
Сіз биылғы жылды қалай бастап едіңіз? Мүмкін сол баяғы дәстүрмен жайғасып жатып «Ирония судьбы» көркем фильмін көрген шығарсыз?! Әлде «Хабар» арнасы ұсынған отандық өнім «Сыйлық» мюзиклін тамашаладыңыз ба? Әрине таңдау өзіңізден. Бірақ айтпағым бұл емес еді. Сөз етерім – Ақордада өткен Кеңес.
Мерекелік демалысқа қарамастан, 2 қаңтар күні Елбасы елдің алдағы даму жоспарына қатысты арнайы жиын өткізді. 2016 жылдың тосыннан ұсынар жаңалығы қандай? Ешкім дөп басып айта алмаса да, сарапшылар жасаған болжам бар еді: экономикалық құлдырау мен геосаяси жағдай күрделене түседі. Ал мұндай жаһандық қауіп-қатерге төтеп берер бес қаруымыз – бес институционалдық реформа. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Әр ведомства өзінің шаруасын бітіріп, соны қадағалап отыруы керек. Іс жүзінде реформаларды жүзеге асыру мәселесі, бірінші – мемлекеттік қызметті орнына келтіру, екінші – сот жүйесінің барлық жағынан әділ шешім шығару, үшіншісі – экономиканы индустриялау, төртіншісі – ел бірлігін нығайту, халықтың алдында есеп беретін Үкімет деп бес реформаны атадық. Енді осы бес реформа бойынша іс жүзінде нақты жұмыс басталады.
«100 нақты қадамның» практикалық кезеңі басталғалы бір жылға жуықтады. Нәтиже қандай? Заң үстемдігі қаншалықты қамтамасыз етілді? Либералды дамыған қоғам құру үшін енді неңдей шаралар жасалуы қажет? Көп сауалдың жауабын сәл кейінірек тарқатамыз. Ал қазір саясат сахнасындағы салмағымызды сараласақ.
Өткен дәуірде өмір сүргендердің 21-ші ғасырдан үміт зор еді. Олар: «Жаһандық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі туады», – деп күткен. Бірақ қателескен сыңайлы.
Мынандай көріністерге қарасаң, адамдардың санасы мен мінез-құлқына милитаризмнің тереңдей еніп алғанын түсінесің. Бірақ түсіну жеткіліксіз, түйсікке жетсе тиімді. Бізге де, әлемге де, болашақ ұрпақ үшін де. Ұмытпаған абзал, бізде Жерден басқа планета жоқ және болмайды да. Елбасының алаңдаушылық танытып, осы іске белсене кірісуінің сыры осында.
Биыл Вашингтонда өткен саммитте Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялады. Жаһанның жұртын бейбіт өмірге үндейтін құжатта айтылған әрбір мәселе – бүгінгі күннің өзекті проблемасы. Мәселен, Қазақстан басшысы ядролық қаруларды ғарыш кеңістігіне, әлемдік мұхиттар мен Арктикада орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдау қажет деп санайды. Бұл бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымы қос қолдап қолдайды. Оған манифестің қауымдастықтың басты құжаты ретінде қабылдануы дәлел.
Сэмюель Нанн, ядролық қауіпті азайту бойынша еріктілер қоры директоры
-Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қарусыздандыру саласындағы лидер ретінде танимын. Қазақстан – осы зұлматтың кесірін өз басынан кешіріп, одан уақытылы бас тартып, бейбіт өмір таңдаған ел. Орталық Азиядағы ядролық қауіпсіздік бойынша көшбасшы болып табылады. Кезінде Украина мен Беларусь те бас тартты қауіпті қарудан. Бірақ Қазақстан бұл қарумен күресті әлі жалғастырып келеді.
Қазақстан – Вашингтондағы саммитке қатысқан бірден-бір мемлекет. Осыдан-ақ елдің абыройы мен беделін өлшеуге болады. Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейінгі жаһандық жиындарға түгел барған. Осы жолы да Елбасы құрылтайдағы құрметті қонақтардың қатарында болды.
«Тұғырлы төр иесі, төрелік айтар сөз иесі» атанғанымыздың тағы бір шынайы көрінісі Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелерінің қатарына қосылуымыз. Оның үстіне біздің ел – Орталық Азияда осынау құрметке ие болған алғашқы мемлекет. Бұл бәсекеде біз Таиландпен тайталастық. 193 елдің 138-і Қазақстанды қолдады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Наряду с застарелыми конфликтами мир столкнулся с небывалым размахом новых угроз безопасности. Мы внесем свой весомый вклад в поиск решений глобальных проблем. Стабильный и безопасный мир – это то, чего мы хотим для всех своих граждан. Именно поэтому Казахстан воспользуется своим шансом сделать будущее более уверенным и благополучным. Мы намерены заострить внимание глобального сообщества на наших инициативах. Они нацелены на построение мира, свободного от ядерного оружия и вируса войн и конфликтов.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемге ядролық қарусызданудың көшбасшысы ретінде ғана емес, бітімгерлік шеберлігімен де танымал екені мәлім. Мәселен, Ресей мен Түркия. Таласқанын білесіз. Табысқанын да көрдіңіз.
Бір-біріне қабақ шытқан екі мемлекетті татуластырған Қазақстан Президенті. Бұны сол елдердің басшыларының өздері айтты. Ал күні кеше Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған екеуі Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон соқты. Жай соққан жоқ, Сириядағы сойқанды шешуге атсалысуды сұрады. Олар қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды реттеу үшін келіссөздерді Астанада өткізуге өтініш білдіріп отыр.
Ресей мен Түркия бастамасын Біріккен Ұлттар ұйымы қолдап отыр. Бұл жайында қауымдастықтың Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура айтты. Сондай-ақ Астананы келіссөздер алаңы ретінде таңдау – оң шешім екенін Иран мен Сирия да мақұлдаған. Бұл жайында күні кеше Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында Владимир Путин мәлімдеді.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті
-Считаю, что должны быть заключения соглашений о прекращении огня на всей территории Сирии, и после этого – сразу же начало практических переговоров по политическому примирению. Президент Назарбаев любезно согласился предоставить эту площадку, создать условия для такой работы, очень надеюсь на то, что нам удастся поставить это на практические рельсы. Лидеры стран, в частности, и России, и Турции, уже высказывались, что военного решения сирийского кризиса не существует. Вероятность, что именно Астана станет площадкой для мирных переговоров конфликтующих сторон весьма высока.
Астананы халықаралық кикілжіңдерді шешудің алаңы ретінде таңдау, бұл елдің, соның ішінде Елбасының сыртқы саясаттағы беделінің зор екендігін айғақтайды. Қазақстан көшбасшысы бейбітішілік үшін күресте әрдайым сөзіне де, ісіне де берік. Мұны биылғы сапарлары да дәлелдей түседі.
2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше мемлекетке барды. 100 мың шақырымға жуық жол жүрді. Астанаға арнайы келген шетелдік мәртебелі меймандардың да қарасы қалың болды. Осы сапарларлар барысында көптеген маңызды келісімдер бекітілді.
Әсем Қабылбек, тілші
-Мешін жылы қазақ елі үшін сыртқы саясатта толағайым табысқа толы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің пайдасын көздеп, төрткүл дүниені шарлады. Бір сөзбен айтсақ, ат үстінен түскен жоқ. Жыл бойы 15 астам елге сапарлап, әуеде 100 мың шақырымға жуық жол жүрді. Ұшақ ішінде барлығы 139 сағат болған. Бұл – шамамен 6 тәулік. Осы уақыт аралығында экваторды 2 рет, Қазақстан шекарасын бойлай 7 рет айналып ұшуға, ғарышқа 124 рет барып, қайтуға болады.
Биыл Президент мұхит асып, Америкаға барды. Одан кейін Бостандық аралына соқты. Бұл – Президенттің Куба Республикасына жасаған ең алғашқы сапары. Гаванада Рауль Кастромен ресми түрде кездесті. Кубалықтар әлі күнге дейін социалистік жүйені ұстанады. Вашингтонның 50 жыл бұрын Гаванаға салған санкциясы экономиканы тұралатты. Оқшау ел қалған мұнай-газ саласында әріптестіктің аясын кеңейтпек.
Жаһан нарығынан уақытша байланыс үзген елдің бірі – Иран. Кубамен тағдырлас. Ядролық қаруға байланысты Батыс елдері Тегеранға санкция салған. Иран – мұсылман әлеміндегі бауырлас әрі стратегиялық әріптесіміз. Қазақстан Иранмен ешқашан байланысын үзген емес. Экономикалық шектеу арадағы қатынасты тежейді. Қылбыраудан босаған парсы елі мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, инвестиция және көлік тасымалын дамытуға ниетті. Құны 2 млрд доллар болатын 66 құжат мақұлданды.
Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті
-Құрметті Президент мырза, менің шақыруымды қабыл алғаныңызға рахмет. Бүгінгі келіссөздер өте маңызды. Біз екіжақты байланысты барлық салада көтеруге мүдделіміз. Иран мен «алтылық» арасындағы ядролық келісімге қол жеткізудегі ерен еңбегіңізге алғысым шексіз.
Елбасының Еуропа елдеріне жасаған сапарлары жемісті әрі зор маңызға ие. Себебі кәрі құрлықтағы мемлекеттердің геосаясаттағы ықпалы зор. Қазақстан – Еуроодақпен 23 жылдан бері әріптес. Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Тускпен кездесті. Әңгіме арқауы түрлі саладағы ынтымақтастық жайы. Ал Еурокомиссия төрағасы Жан Клод Юнкермен жүздесуде Қазақстан азаматтары үшін визалық рәсімді жеңілдетуді сұрады. Мәселен, еуропалықтарға Қазақстанда 15-30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Казахстан – единственное государство постсоветского пространства, которое заключило с Европейским союзом соглашение о расширенном партнерстве и сотрудничестве. Этот договор был заключен в прошлом году, Казахстан ратифицировал его у себя, поэтому мы уже с 1 мая можем временно использовать экономическую часть этого соглашения.
Польша – Шығыс Еуропадағы экономикасы қарқынды дамыған ел. Ел Президенті Анджей Дуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет көрсетті. Экономикаға сырттан қаржы құйылмаса, ішкі қор жұмсалады. Ал ішкі қор мәңгілік емес. Түгесілетін дүние. Президент осы сапарында инвесторларды елге шақырды. Осы сапарда құны 900 млн доллар болатын 17 келісім бекітілді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Барлық шығарған ауыл шаруашылығын бұлар өңдеп шығарады. Егер біз осылардың технологиясын алып келсек, ауыл шаруашылығына қойсақ, тәжірибесін үйренсек, біздің ауыл шаруашылығына үлкен көмек болады деп есептеймін. Бұл жерде қандай дағдарыс бар ма, басшыларына кім келіп, кім кетіп жатыр экономика жұмыс істей береді.
Ал Сербия сапары – мәртебесі ерек мемлекеттік сапар. Қонақжай сербиялықтар қазақ басшысын әуеден күтіп алды. Әскери ұшақтар көкте Президент бортына ілесіп отырды. Бұл – зор құрмет. Дипломатиялық байланыста 20 жылда атқарылған іс көп. Нұрсұлтан Назарбаев пен Томислав Николич сан саладағы қатынасты қызу талқылады. 2015 жылы өзара тауар айналым 56 млн долларға жуық. Сербтер Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда аймағын құруға ниетті. Өйткені сауда жүрген жерде пайда бар.
Нұрсұлтан Назарбев Қазақстан Республикасының Президенті
-Біз Сербияны Балқандағы оңтүстік-шығыс Еуропадағы негізгі әріптестіміздің бірі ден санаймыз. Екі елдің арасында ешқандай саяси жағынан, басқа да жағынан келіспеушілік жоқ. Сондықтан бұл елмен сауда-саттық жасап, достықты нығайту Қазақстан үшін өте қажет. Сербияда инвестиция мен инновация жөнінен жетістіктер өте көп. Сондықтан біз бұл елмен сауда-саттық жасаудың жаңа саласын ашайық деп отырмыз.
Жаһан мемлекеттері үшін қазіргі жағдай жайсыз. Әлем экономикалық кезеңді бастан кешуде. Мұнай бағасы түсті. Біздің негізгі түсім шикізаттан. Ал оның нарықтағы бағасы біз қалағандай емес. Биыл қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында G20 саммиті өтті. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің 90, ғаламдық сауданың 80 пайызы жиырмалыққа тиесілі. Қазақстан – саммитке Орталық Азиядан шақырту алған жалғыз мемлекет. G20 – тек таңдаулы алпауыт елдің жетекшілері пікір айтатын алаң. Көшбасшылар шарықтаған шиеленістің тігісін жатқызуға тырысты. Мәртебелі жиында қазақ басшысы экономикаға серпін беретін жолды ұсынды. Ол – сандық экономика мен инновация. Саммитке шақырған Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин әріптесін қабылдады. Кездесудің нәтижесінде «Нұрлы жол» мен «Ұлы Жібек жолын» ұштастырудың жоспары бекітілді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазіргі уақытта дүниедегі барлық қаржы орталықтары жабық кезде, ешкімге бермей жатқан уақытта Қазақстанға қарай осындай көңіл бөлуі экономикамыз үшін өте пайдалы. Ал енді ауыл шаруашылығына келетін болсақ, тұңғыш рет Қазақстанның бидайын, басқа да дәнді-дақылдарды, өсімдік майын, ет, нан деген тамақтарды Қытайға беру мәселесіне келістік.
Жаһан тыныштығы шайқалып тұрған сәтте Ресей мен Түркия кенеттен араздасты. Сирия жанжалына екіжақтан килігіп, Мәскеу мен Анкара өзара кикілжіңге ұрынды. Қазақстан ешкімді қолдаған жоқ. «Бірің дос, бірің бауыр», – деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Бірің дос, бірің бауыр. Арадағы салқындық бәріне оңай емес.
Арағайындық – асыл қасиет. Президент қос елдің арасындағы қырғи-қабақтың оң шешілуіне дәнекерлік жасады. 7 айдан соң, арадағы тоң жібіді. Түрік бауырлар онсыз да ауыр сынақты бастан кешуде. Іргелес Сириядағы қарулы қақтығыс, террорлық топтармен күрес. Шілденің 15-інде арам пиғылдылар Анадолыда әскери төңкеріс жасамақ болды. Алайда көпке қарсы тұру мүмкін емес. Елбасы тағдырлы сәтте туыстық қолдау көрсетті. Нұрсұлтан Назарбаев – 15-ші шілдеде Анадолы жеріндегі болған дүрбелеңнен кейін Түркияға ат басын тіреген бірінші адам. Қазір іргеңдегі көршіңнің тыныштығы мен алыстағы ағайынның амандығын тілейтін заман.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті
-Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз Ресей-Түрік қатынасының жақсаруы туралы айтып өттіңіз. Арағайындық жасап, жұмсаған күш-жігеріңіз жемісін бере бастады. Осы бағытта қосқан үлесіңіз үшін Сізге алғысымыз шексіз. Түркиямен ұзақ жылдар бойы құрған байланысты қайта жаңғырту біз үшін маңызды.
Кез келген қырғи-қабақтың салқыны геосаясатқа зиян. Дағдарыс кезінде экономиканы тежеу тиімсіз. Биылдыққа Путин мен Назарбаев бірнеше рет кездесті. Елбасы 9-шы мамырда әдеттегідей Мәскеудегі Жеңіс парадын тамашалады.
Президент Петербургтегі 20-шы халықаралық экономикалық форумның қонағы болды. Тұс-тұстан салынған санкция Ресейді қомақты табыстан айырды. Сауда-саттық бәсең. Жиынға аймақаралық ахуалды дамыту мәселелері талқыланды.
Бұл тақырып екі елдің аймақаралық форумында да талқыға түсті. Теріскейдегі көршіміз біздің экономикаға 9 млрд доллар қаражат құйған. Іскерлерді қызықтыратын сала көп. Бізде салықтық жеңілдік бар. Тараптар 20 млрд долларлық 60 жобаны бірлесіп жүзеге асыруға уағдаласты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Вкладывая в экономику Казахстана, российский бизнес будет находиться почти в домашних для себя условиях, мы это сделаем. Мы осознаем, насколько больше по объему и технологическому опыту экономика России больше, чем Казахстана.
Биыл Еуразиялық одаққа төрағалық тізгіні Қазақстанда. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – жұмысты таразылайтын айтулы жиын. Бестік Астанада бас қосып, 16 мәселені талқылады. Сауда-саттықтың төмендеуі өтпелі кезең. Ендігі меже – сырт елдермен алыс-берісті барынша күшейту.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Рынок ЕАЭС обязан стать связующим звеном между востоком и западом, севером и югом. Свободное передвижение товаров, услуг в рамках союза, соответствует инициативе экономического пояса Щелкового пути выдвинутый китайским руководством.
Қазақстан көршімен тату, алыспен сыйлас. Жыл аяқталар тұста Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі. Елдің королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд пен Президент Нұрсұлтан Назарбаев кездесті. Мұнайлы ел Қазақстанда жол салу, ауыл шаруашылығы және сумен қамту мәселелеріне басымдық бермек. Өйткені жері шөлейтті. Азық-түлікке сұраныс жоғары. Келісім бар. Ендігі кезек кәсіпкерлерде.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
-Мен Ислам азық-түлік қорын жасау мәселесін көтердім. Себебі Қазақстанның жері тек қана өзінің 18 млн халқын емес, 100-150 млн елді асырайды. Ол жер құнарлы.
Енді Азия аумағына ойыссақ. Президенттің сарықұрлыққа сапары да маңызға ие. Соның бірі – Жапония. Елбасы алдымен жапон императоры Акихитомен жүздесіп, қолын алды. Қазақ пен жапон дәстүрге берік әрі тағдырлас халық. Атом бомбасының қасіретін бастан кешкен. Нұрсұлтан Назарбаев Хиросима қаласында тарихқа үңілді. «Хиросима қаласының құрметті азаматы» – Президенттің ядролық қарудан бас тарту туралы бастамасына берілген баға. Премьер-министр Синдзо Абэнің Елбасыға құрметі ерекше. Жапония мен Қазақстан экономикалық байланысты ширатпақ ниетте. Былтыр тауар айналым 1,5 млрд долларға жетті. Бұрын жол шалғай болса, енді кедергі жоқ. Қазақстан Қытайдың Ляньюньган портын жалға алды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазіргі қарым-қатынастар ең бірінші ол энергерика саласында, атом энергетикасы, уран, одан кейін инфраструктура төңірегінде, әсіресе, машина құрылым, техника мәселелері жөнінде біраз келісімдерге қол жеткіздік.
Ғылым мен инновация дамыған Оңтүстік Кореяның Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Нұрсұлтан Назарбаевты әріптесі Пак Кын Хе Сеулге шақырды. Екі елдің даму ұстанымы – инновациялық бағыт. Киберқауіпсіздік те өзекті мәселе. Әріптестеріміз Қазақстанның батысында газ конденсатын қайта өңдейтін бірлескен кәсіпорын ашуға ынталы.
Нұрсұлтан Назарабаев, Қазақстан Республткасының Президенті
-Барлығының да Қазақстана жұмыс істейтін ынтасы зор. Біз соны пайдалануымыз керек. Екі жақты бизнес форумның аясында 1,5 млрд долларға жақын келісім жасалды. Біздің қол қойған ресми құжаттардың да жалпы көлемі 1,2 млрд доллардан артық.
Президент ел қамымен шетке сапарлап қана қойған жоқ, шеттен мейман күттік. Арқаның саршұнақ аязында Египет басшысы Әбдел Фаттах Ас-Сиси Ақордадаға ат басын тіреді. Мысырды билеген Бейбарыс Сұлтанның ұрпақтары кез келген диалогқа дайын. Құшағымыз ашық.
Қазақстанға әлемдік саясаткерлердің талайы келген. Тек қарақұрлықтан төбе көрсететіндер аз. Маки Салл – Батыс Африкадан Астанаға ресми сапар жасаған тұңғыш президент. Сенегалдың қазақ еліне қызығушылығы басым.
Саясатта дін, діл емес, ортақ мүдде ғана бар. Израиль мұсылман елдерінің арасында Қазақстанмен байланысты ширатпақ. Ақордада Израильдің Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Ынтымақтастықты тәжірибелік тұрғыдан дамытудың бағыты айқын. Қазақта «Досы көпті жау алмайды» деген сөз бар. Қасыңдағы жолдасың ақылды әрі іскер болса, тірегің, нағыз сүйенішің. Ендеше бізге жыл бойы сүйеу болған елдердің бір парасы осы.
Авторлары: Әсем Қабылбек, Аманжол Байғазин, Айдос Меделбеков
4. Экономикалық қорытынды
Осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады. Бұл – алдағы күндері Санкт-Петерборда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының күн тәртібіндегі жайттарды талқылаған кездесу.
Қазақстан 2016 жылы ұйымға төрағалық етті. Осы миссияны атқару кезінде еуразиялық интеграцияны одан әрі жалғастыруға қатысты бірқатар маңызды құжаттар әзірленді. Атап айтсақ, көлік саясатын бірлесе үйлестіруге, кеден заңнамасына, электр энергетикасының ортақ нарығын қалыптастыруға қатысты. Осы мәселелер алдағы отырыста кеңінен қаралмақ.
Мемлекет басшысы бұл жиыннан бөлек, тағы бір маңызды шараға қатысады. Ол – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің сессиясы.
Сыртқы саясаттағы салмағымызды сипаттар ақпараттың бір сыпырасы осы. Ал енді ішкі ахуалымызды айтсақ, биылғы жылдың басты саяси науқаны – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы.
Қазіргі кезең кейінге қалдыруға болмайтын жедел шаралар уақыты. Қаңтардың басында халық қалаулылары жариялаған үндеудің түйіні осы. Бұлай деуге негіз бар. Себебі сарапшылар 2016 жыл әлемдік экономика үшін оңайға соқпайтынын әуелден айтқан. Даму қарқынының бәсеңдеуі, санкциялардың сақталуы, сұраныстың ұсыныстан басым түсуі секілді факторлар ширақ қимылдау керектігін жыл басында тағы бір мәрте қаперге салды. Қазақстан дағдарысқа қарсы бағдарламаларды түзіп, реформаларды күшейткен тұста сайлауды ерте өткізіп, сосын алаңсыз жұмысқа кірісу орынды екенін көпшілік қуаттады. Оның үстіне қос науқанды қатар ұйымдастыру шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді.
Үндеу жарияланғаннан кейін араға тура жеті күн салып, Елбасы өз пайымын айтты. Әуелі Конституцияға сәйкес Парламент палаталарының спикерлерімен, Премьер-Министрмен және Конституциялық кеңестің төрағасымен кеңесті. Сөйтіп, сайлау 20 наурызға белгіленді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Менің атыма түскен үндеулерге барлық дәлел-дәйектемелер маған түсінікті. Ол – елдің қамы. Мынандай қиын-қыстау заманда бір жыл саяси науқанмен шұғылданбай жұмыс істеуіміз керек.
Сайлау сәтті өтті. Оған отандық және халықаралық байқаушылардың өлшемі дәлел. Сырт көз сыншылардың қай-қайсысы да Қазақстандағы науқанды ашық, айқын және әділ деп бағалады. Халықтың белсенділігіне де қайран қалған шығар, бәлкім?! Сайлауға қатысу көрсеткіші 77 пайызды еңсерді.
Саяси додаға түскен алты партияның үшеуі оқ бойы озық шықты. Осылайша, «Нұр Отан» партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының 84 мандатын, ақжолдықтар 7, Қазақстан коммунистік халық партиясы да 7 мандат алды.
«Сайлауды сәтті өткіздік», – деп бір сәтке де арқаны кеңге салмай, Ұлыстың ұлы күнінен кейін қауырт болса да, заң талаптарына сай бүкіл рәсім орындалды. Ал наурыздың 25-сі күні алтыншы шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы өтті. Сессияны Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты. Нақты міндеттерді атады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Хочу особо отметить, что в новых условиях возрастает общеполитическая роль и ответственность Парламента в целом и каждой из его палат. Надо усиливать межпартийное взаимодействие парламентариев, добиться слаженной работы всех фракций и депутатских групп. Важная задача активное участие казахстанских депутатов в международном межпарламентском сообществе. Уверен, что новые депутаты оперативно включатся в работу, а депутаты прежнего состава обеспечат преемственность и быстрый переход на новые рельсы.
Парламенттің екінші сессиясын да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашты. Мұндағы мақсаты қос палатаға уақыт талабына орай туындаған жаңа міндеттерді жүктеу еді. Елбасы ең алдымен қабылданған заң халыққа қызмет етуі керектігін айтты. Сосын құжатты қарауда асығыстық жасамауды қатаң тапсырды.
Алтыншы сайланым асықпай-ақ ауқымды шараларды жүзеге асырды. Ел қауіпсіздігін нығайту мақсатында экстремизм және терроризммен күрес, барлау ісі туралы заңдар қайта қабылданды. Алдағы уақытта жайылымдық жерлер, бәсекелестік, коллекторлық қызмет, жергілікті өзін-өзі және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңнамалар қарастырылмақ. Жобаны талқылауда азаматтық ұйым өкілдерінің ұсыныстары маңызды. Әзірге жоғары және төменгі палата өкілдері 66 заңның 15-ін қабылдап, құжаттар ресми түрде күшіне енді. Қазір 31 жоба Сенат қарауында жатыр.
Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Орынбасары
-Өткен жылы қабылданған заңдардың ішінде ерекше тағы айтатын заң – тікелей Мемлекет басшысының өзінің ұсынысымен енгізілген «Рақымшылық туралы» заң. Бұл рақымшылық туралы заң Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қабылданып отыр. Қазақта «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген сөз бар.
Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары
-Елбасының қазіргі дағдарыс кезеңінде халықтың өмір сүру деңгейін төмендетуге жол бермеу тапсырмасын ескере отырып, 3 жылдық республикалық бюджетті қабылдаған кезде әлеуметтік салаға басымдық берілді. Сонда республикалық бюджеттің шығыстарының 42 пайызы әлеуметтік салаларға бөлінді. Осы екінші сессияның аяғына дейін 50-дей заң жобасын қарастырып, мақұлдау көзделіп отыр.
2017 жылдан бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға көбеймек. Бұл – Елбасының тапсырмасы. Әлеуметтік сала үнемі басты назарда. Мәселен, 2016 жылдың 10 айында 27 800 адамға мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсетілген, сонымен қатар 562 100 балаға жәрдемақы тағайындалған. «Әуелі экономика, одан кейін саясат» деген ұстанымнан ұтқанымыз осы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Это благодаря экономическому чуду, о котором говорят не мы, а мировые эксперты – мы обеспечили реальный рост благосостояния нашего народа. В 1996 году, уже, конечно, многие забыли, 35 процентов населения Казахстана находилось за чертой бедности. За чертой бедности, значит, фактически нищие. За годы Независимости доля населения, живущего за чертой бедности, сократилась в 12,5 раз. 2,5 процента только. Самые развитые страны не имеют таких показателей. Мы успешно реализуем уникальную идею Общества всеобщего труда. У нас в 2,6 раза сокращена безработица. За последнюю 5-летку мы в год, каждый год создаем 270 тысяч совершенно новых рабочих мест. Не тех, которые были. С хорошей профессиональной подготовкой и хорошими заработками.
Аймақтарды аралап, елдің тыныс-тіршілігімен танысу – Елбасының жұмыс кестесіндегі ең маңыздысы. Биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай Мемлекет басшысы өңірлерде болып, көктемгі егістік жұмыстарына әзірлік және күзгі астық жинау науқандарының барысы, бюджет қаражаттарын басқару, жергілікті жерлердегі баға мен тарифті таразылау сынды мәселелерді назарға алды. Нақты тапсырмалар берді.
5. Өркендеген өңірлер
Наурыз айында Елбасы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сол мезгілде мұнайдың бір баррелі 40 доллардан төмен еді. Экономиканың бір тірегі қара алтын болғандықтан, жұрт бағаның құбылуын үнемі сөз етіп жүрді. Алайда Президент ол құбылысты уақытша сын деп ескертті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мы выделили средство, сегодня из 6 районов в трех, проложены автомобильные дороги общей протиженностью 500 километров, я думаю народ довольный. Почти все население области, газифицированно, такого никогда не было.
Нұрсұлтан Назарбаев тауарды шикізат түрінде емес, оны өңдеп сатудың пайдасы мол екенін жиі айтады. Ақтөбенің кәсіпкерлері бұл іске кірісіп кетіпті. Елбасы өңірге жасаған сапары аясында тапсырманың тиянақты орындалып жатқанын көрді.
Еліміздегі барлық саланың өркендеуін Елбасы үнемі назарға алып жүреді. Сол себептен болар Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысына жасаған сапарында өңірдің әлеуметтік жағдайымен жақын танысты. Диализ орталығына барып, науқастардың халін сұрап, жаңа нысанның жұмысын бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Очень внимательно отнестись уже он начиает чувствовать себя подругому. Қабағыңды түйіп келсең, думает все я пропал. От вашего отношения, уважения, если даже любви к больным зависит очень многое.
Мемлекет кәсіпкерлерге қолдауды барынша аяған емес. Оның жарқын көрінісі – Шымкенттегі «Азала текстил» фабрикасы. Мұнда мақтадан дайын өнім шығады. Киімдердің сан түрі мен сүлгі жасалады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстікке жасаған сапарында әуелі осы жерге аялдаған еді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Құттықтайын деп келдім. Осындай өндірістің болуын қаладым. Өңдейсіңдер. Матаға дейін жасап, киімді де шығарасыңдар.
Ішкі тыныштықты тұрақты ететін сарбаздар қай кезде болмасын сапта болуы шарт. Сондықтан олар қашанда ұрысқа дайын. Осыған байланысты жыл сайын түрлі жаттығулар өтеді. Соның бірін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көріп, сарбаздарды қырағылыққа үндеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Вооруженные силы имеют важнейшее значение для соxранения территориальной целостности, защиты нашей родины, суверенитета Казаxстана.
Осы уақытқа дейін көліктің бөлшектерін сырттан әкеліп, құрастыратынбыз. Енді машинаның құрал-саймандары өзімізде шығады. Оны жасайтын мамандар дайын. Арнайы зауыттың да құрылысы басталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Үлкен өндіріс. Машиностроение, индустриализация машин много производят, конкуренция сильная, но вы должны конкуренцию выдержать и по цене, и по качеству. Чтобы Россия покупала, чтобы казахстанцы ездили на наших машинах.
Сапалы астығымен аты шыққан өңірдің бірі – Ақмола. Биыл аймақ диқандары 4,7 млн гектар жерге түрлі дақылдар екті. Сол ақ алтынды жинау барысын Нұрсұлтан Назарбаев көрді. Орақ науқанын қыздырып жатқан еңбеккерлермен жүздесіп, емен-жарқын сөйлесті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Я хорошо осведомлен, что выращен хороший урожай. К прошлому году на 4 центнера выше. Качество неплохое. Погода нужна. Вот приехал, чтобы попросить вместе с вами погоду. Но эти комбайны хорошие, не привередливые, лишь бы не вязли в земле. Главное нам сейчас реализовать эту пшеницу.
Алматының мыңжылдығы. Президент «Алматы Арена» кешенінің ашылуына қатысып, жергілікті тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Дорогие алматинцы, главное богатство тысячелетнего Алматы – это вы, жители этого замечательного города. Здесь живут, учатся представители 120 этносов, здесь царит особая атмосфера дружелюбия, гостеприимства. Я точно знаю, что Алматы будет процветать и всегда останется самым любимым, зеленым городом нашей страны.
Алматы облысының аграрлық саладағы ең басты жетістіктерінің бірі – қызылша мен жүгері егісінің қайта жолға қойылуы. Аймақта қант қызылшасын егетін шаруалар қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр өңір бойынша балтамыр алқаптары 3800 гектар болса, биыл бұл көрсеткіш 6800 гектарға жетті.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын дамытуға қазынадан 23 млрд теңге құйылды. Қолдау қомақты. Оның сыртында мемлекет беретін субсидиялар бар. Шаруалардың ендігі міндеті – дайын өнім шығарып, шаруашылықты әртараптандыру.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Шығарған өнімнің өнімділігін көтеру керек. Мынаны өңдеу керек, сатып, ұн ретінде, макарон ретінде алсаң, осының өзі артады.
Тәуелсіздіктің 25 жылы толайым табыстарға толы. Қазақстанның ширек ғасырда бағындырған белестерінің арасында инновациядағы аяқ алысымыз айтарлықтай ілгерледі. Соның бір белгісі деп электромобиль өндірісін айта аламыз. Қостанайға сапары кезінде Президент тоқпен жүретін жаңа көлікті тізгіндеп, бағасын берді.
Қашаған – соңғы 50 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орны. Қойнауында 11 млрд баррель қара алтын қоры бар. Қазба байлықтары Қазақстанның негізгі табыс көзі болғандықтан, Қашағанға үміт зор.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Қазір, әрине, мұнай менен газдың бағасы төмендеп тұр. Дегенмен алдымызда әлі талай онжылдық бар. Мұнай да керек болады, газ да керек болады. Бағасы да көтеріледі, жағдай болады әруақытта.
Осы айдың басында Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаның тағы бір жылын түйіндеді. Биыл 179 млрд теңгенің 63 жобасы іске қосылып, 4 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл ақпараттың бәрі Елбасыға жақын таныс. Өйткені Президент жұмысын бастаған кәсіпорындардың көбісіне өзі арнайы барған.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті
-Ел болу үшін басқа жұрт сияқты басқа тауар шығаруымыз керек. Мұнай, газ, алтын, күміс металдың бар болғаны, құдайға тәуба, біздің бақытымыз. Қалтамызда жатқан байлық. Бірақта біз бір түйір рудасы жоқ Оңтүстік Қытай құсап, бір түйір заты жоқ Швейцария, Швеция сияқты өркендемесек, қалып қаламыз. Басқа елдің шаңын жұтатын боламыз. Бірақ ол біздің жолымыз емес. Біз – басқа жолмен жүріп, сол елдердің алдына түсуге ұмтылған халықпыз. Олай болса, табысты болайық.
Индустрияландыру бағдарламасының іске асқанына 7 жыл. Нәтижесінде 961 кәсіпорын ашылып, 90 мың адам жұмысқа тұрды. Алдағы уақытта бұл жемісті жол жалғасын табады. Индустрияландыру бағдарламасының серпін алуына шет елдік инвесторлар атсалысады. Олар 10 млрд доллар көлемінде инвестиция құяды. Оған тағы қазынадан бөлінетін қомақты қаржыны қосыңыз. Бұның бәрі өңірлердің өркендеуіне негіз болады.
Автор: Сәкен Сейітханұлы
6. Арманға апарар жол
Әлемдік экономика туралы әңгіме айту шындығына келгенде оңай болмай барады. Күн сайын мың құбылады. Бәлкім мың құбылтады десек, дұрысырақ шығар. Енді қалай даму керек? Бұның да жауабын Абай айтып кетіпті. Он үшінші қара сөзінде.
«Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па» деп елдің бұлданғанымен күн өтеді. Екінші жылы кандидатпен аңдысып күн өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күн өтеді. Енді несі қалды?».
Дәл осы мысалды Елбасы келтірген еді. «Нұр Отан» партиясының 16-шы съезінде. Сол жиында «Бес институциональдық реформаны» ұсынған болатын. Бұл құжат әлгі Абай айтқанмен астарлас. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет құру үшін елге қызмет ету керек. Мансапқа емес.
Биыл – «100 нақты қадамның» практикалық кезеңі басталған жыл. Сонымен 11 айдағы нәтиже қандай? Сауалдың жауабын тілшіміз Мырзабек Түсіпов іздеп көрді.
Мырзабек Түсіпов, тілші
-Мен бір жағдай айтайын. Жоқ, сенсация емес. Бірақ бұрын-соңды тарихта болмағаны шындық. Оқиғам мына адамдарға қатысты. Бесінші шақырылым депутаттары соңғы сессиясында салмақты іс тындырып кетті. Елбасы тапсырмасымен аз ғана уақыттың ішінде 59 Заң қабылдады. Әрине саны да маңызды, бірақ сапасын айтсай. Айту үшін алдымен «100 нақты қадамның» практикалық кезеңі қалай жүзеге асты?» деген сұрақты саралау керек. Себебі әлгі заңнамалық құжаттар «Ұлт жоспарына» әл берген.
Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
-Елдің шикізатқа тәуелділігін азайту жөнінде, индустрияландыру бағыты жөнінде көптеген жұмыстар атқарылды. Соның арқасында шикізат өнімдерінің барлық түріне бағаның күрт түсіп кеткеніне, бюджетке кірістің азайғанына қарамастан, ел экономикасы өсу динамикасын сақтап қалды. Бұл – қазіргі қиын жағдайда үлкен табыс.
Сөз жоқ, табыс. Осы жылдың 11 айында елдегі жалпы ішкі өнім 0,8 пайызға өскен. Ал Қазақстанмен мұнай өндірудегі ұстанымдары ұқсас Бразилияның ахуалы ақсап тұр. Ондағы жалпы ішкі өнім 3,49 пайызға төмендеген. Мынадан кейін біздегі жағдайды табыс дегенге ешкім талас қылмас. Бұл менің ойдан шығарған ертегім емес. «Блумберг» дегенді білсеңіз, солардың жасаған есебі. Сізге қай орын ұнайды? Бәлкім мынау?! «Жоқ, бұл болмайды» десеңіз, таңдау көп. Міне, мына кабинет. Әсілі, күштілік керек-ақ басқару ісіне. Жоқ, ондай емес, білімдегі күштілікті айтам. Бұдан былай мемлекеттік қызметке ешкімнің топ етіп төбеден түсуіне жол берілмейді, тек төменнен басталады барлығы. Яғни өзінің кәсіби біліктілігін көрсеткен адам сатылап өсе береді. Дәл осы жүйе бойынша жыл басынан бері 5 215 адам мемлекеттік қызметке тағайындалған. Елмен бірге емтихан тапсыру арқылы. Осы жерде бір ой айтуым керек еді. Бірақ әдептен асып, ағаттық қылмайын. Айтарым жаңадан қабылданған Этика кодексі жайлы. Кімде-кім теріс қылық жасаса, қызметтен қуылады. Мәселен, биыл 400-ден астам мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылыпты.
Қай қоғам қауіпсіз болса, соған қарай инвесторлардың да иығы бұрып тұрады. Ешкімнің айтқаны емес, бұл – өмірдің өзі дәлелдеген факт. Сондықтан Қазақстанның қауіпсіздік жолындағы қадамы қарышты. Жыл басынан бері сот бестен үш сатылы жүйеге қысқарды. Ал сотты реформалаудағы темірқазық – сапалы судьялар корпусын жасақтау. Сондықтан бұл мәртебелі лауазымға үміткерлерді іріктеу шарттары күшейді деп айту кәдімгідей қатайды. Осы салада 5 жыл еңбек етпегендерге есік жабық. Ұлт жоспарының негізгі мақсаты –адамдарды қылмыс жасауға жеткізбеу. Осы орайда жергілік полиция қызметі құрылды. Олардың құрығы ұзын. Өйткені ел алдында есеп береді. Түрме тұрғындарының санын азайту да алдағы мақсаттардың бірі. Етілген еңбек нәтижелі. Бұрын еліміз түрме индексі бойынша үштікте болса, қазір позицияны 62 орынға жақсартты.
Серікбай Ерімбетов, ҚР Бас Прокуратурасы департамент басшысы
-Қазір бізде түрмедегі адамдардың саны 35,5 мың. Яғни әлемдік рейтингте жоғары деңгейде тұрмыз.
Ал енді бірлікке келсек, ол бекем. Бекемдей түскен «Мәңгілік ел» актісі. Бір мақсат, бір мүдде жолында Қазақстан халқының басын бір етті. Айта кеткен жөн, Ассамблеяның осы жылы жедел дамытқаны – жәрдем қылу. Институт 920 ірі меценаттың басын қосып, қайырымдылық жасауға жұмылдырды.
Соңғысы есеп беретін мемлекет қалыптастыру реформасы. Бұл реттеліп келеді. «Азаматтар үшін Үкімет» корпорациясының құрылуы сөзге дәлел. Қазір халыққа қызмет көрсету орталықтары 530 қызмет түрін бір терезе қағидаты бойынша жүргізіп отыр. Ел басқару ісіне азаматтардың атсалысуы да артты. Қазір республика бойынша 226 қоғамдық кеңес жұмыс істеп жатыр.
Мырзабек Түсіпов, тілші
-Айта берсең, жетістік жетерлік. Қайран, уақыт. Қысқасы қазақстандық арман алыста емес.
Автор: Мырзабек Түсіпов
7. Барлық салада өсім бар
2015 жыл экономикалық тұрғыдан қарасақ, Қазақстанға оңайға соқпады. Мұнайды айтпағанның өзінде металдардың бағасы сол кезде 21 пайызға, ал бидай 28 пайызға арзандапты. Шикізат құнының құлдырауы айтарлықтай әсер етті. Дегенмен өсімді сақтап қалдық.
2016 жылдың ақпанында Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, шұғыл шаралар жайында айтты. Мақсат біреу ғана. Ол – қарапайым адамның мұң-мұқтажын өтеу, тұрмысын түзеу. Осы орайда тұрғын үй құрылысына 360 млрд теңге бөлінеді деп шешілген. Бұдан бөлек, қарамағындағы жұмысшыларын қысқартпай, барынша қолдау көрсетіп, шығындалып отырған кәсіпорындарға Президент Үкіметтік резервтен қосымша қаржы бөлуді тапсырды. Зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін экономикаға құю туралы мәселе де осы отырыста айтылды.
Ал мамырдағы жиында Мемлекет басшысы экономикалық қиындықтарға қарамастан, өңдеуші өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлік пен құрылыс сынды бірқатар салаларда өсім байқалып отырғанын жеткізді. Ең бастысы жұмыссыздар санының көбеюіне жол берілген жоқ.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Мыңдаған, жүзедеген біздің азаматтарымыз бар. Сол компаниялардың басшыларына тиісті тәртіп айтып, біріншіден жұмыс орнын сақтап қалсын деп, екіншіден жалақысы төмендемесін, оны ұлғайтсын деп тәртіп бердік. Олар оның бәрін істеп отыр. Нам удалось не допустить роста безработицы. Несмотря на сокращение бюджетных поступлений, я дал четкое поручение о выполнении государством всех наших социальных обязательств.
Естеріңізде болса, тап осы жиында Елбасы жерлігілікті жерлердегі жұмысты күшейтуге басымдық беруді баса айтқан еді. Ал оны қамтамасыз ететін бағдарлама бар, ақша бөлінген. Екеуінің басын қосатын еңбек. Еңбек етілді.
Нәтижесінде бюджет қызметкерлерінің орташа жалақысы 30 пайызға, шәкіртақы мен жәрдемақы 25 пайызға, зейнетақы 9 пайызға көбейді.
Елбасы Үкіметтің жұмысын үнемі қадағалап отырады. Қыркүйекте Премьер-Министр ауысты. Министрлер өзгерді. Министрліктер құрылды. Сөйтіп жаңа Үкіметке жаңа міндеттер жүктелді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Ең бірінші маған жасайтын баяндама қанша жұмыс орны құрылды? Әр аудан менен ауылдардың арасында бұл жөнінен жарыс болу керек. Кім қанша халыққа жұмыс берді. Біздің халыққа жасайтын ең жақсылығымыз сол. Басқасы өз қолымен жұмыс істеп, қаражатын тауып, бала-шағасын асырау керек жалпы айтқанда. Сондықтан барлығымыздың шаруамыз осы.
Рецессия. Инфляция. Ұлттық қор қаржысын шығындау. Жаппай жұмыссыздық және инвестициялардың азаюы. Әлемде болып жатқан оқиғалардың салдарынан Қазақстан осындай қауіптерге тап келуі ықтимал деген өлшем жасалған еді. Бірақ мұндай пессимистік сценариймен жүру – біздің таңдау емес. Президент саясатының арқасында бес қатерді де белінен алдық. 2016 жылдың стратегиялық мазмұны осында жатыр. Дүйсенбі күні Үкімет үйінде 11 айдағы елдің экономикалық-даму көрсеткіштері қорытындыланды.
2016 жыл Қазақстан Үкіметі үшін қауырт болды. Күн сайын құбылған әлемдік нарық шұғыл шешім қабылдауға мәжбүр етті. Дер кезінде енгізілген жоспар нәтижені көп күттірмеді. Еңбек нарығында жаппай жұмыссыздық ауыздықталды. Керісінше 175 мың отандасымыз тұрақты жұмыс тапқан. Бастысы резервті сақтадық. Әлемдегі қаржылық қиындыққа қарамастан Қазақстан жылды экономикалық өсіммен аяқтап отыр. Биыл елдегі жалпы ішкі өнім – 0,8 пайыз. Бұл жоспарлаған межеден 0,3 пайызға артық.
Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі
-Бұл оң үрдіс экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды, кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жоспарларды, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын іске асыру арқылы қамтамасыз етілді. Елімізде іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. Қаржы нарығындағы ахуал тұрақты.
Сарапшылар да министрдің сөзін құптайды. Қаржылық ахуалды реттеуге бұрынғыдай мұнай емес, өзге салалар әсер еткен. Яғни, құрылыс 7,5, ауыл шаруашылығы 4,5, көлік құрастыру 3,8, металл өндірісі 6,8, азық-түлік 3,8, дәрі-дәрмек 2,8, өңдеу өнеркәсібі 0,5 пайыз.
Экономист Меруерт Махмұтова бірер жылда ауыл шаруашылығы елдің басты драйверіне айналады деген сенімде. Елдің әлеуеті зор. Бір шетінен қолға алынған бағдарламалар септігін тигізбек.
Меруерт Махмұтова, экономист
-Өсіп жатқан секторлар – құрылыс саласы және де ауыл шаруашылығы. Әрине мұнайдың бағасы төмендегендіктен, келешекте экономикамызға қай секторлар, қай өндірістер тұрақты қылу мүмкін десек, бұл – ауыл шаруашылығы. Бұл бір жағынан инвестицияларға байланысты.
Жалпы еліміз бойынша биыл 340 млрд теңгеге 671 000 мың шаршы метр баспана салынған. Оның 7 пайызы жер үй болса, 26 пайызы көпқабатты үй. Баспана тұрғызуда Павлодар, Ақмола, Қызылорда, ОҚО оқ бойы озып тұр.
Келер жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында тұрғын үй салу да тұралап қалмайды. Мұнай бағасы құбылған сәтте экономикалық өсімді қамтамасыз етудің бір тетігі – ауыл шаруашылығы. Шалғайдағы шаруаларды қолдауға жұмсалған қаржы көлемі – 224 млрд теңге.
Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары
-Биыл 23,7 тонна астық жинадық. Ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеміз. Қалғаны экспортқа жөнелтілмек. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің артуы Маңғыстау облысынан басқа өңірлердің бәрінде байқалады. Салаға тартылған инвестиция көлемі 43 пайызға артты.
Президент тапсырған «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 435 млрд теңге игерілген. Тікелей инвестиция көлемі – 12,1 млрд доллар. Қаржыны үнемдеуде жекешелендіру – жауапты жұмыс. Ал экономикалық кезеңнен ентікпей шығудың жолы – инновация мен индустрия.
Бюджеттің бүйірін толтыру үшін Үкімет қадағалаған тағы бір науқан – мүлікті заңдастыру. Жыл басынан бері 7 млрд теңге мүлік пен қаржы жария етілген. Мемлекет экономиканы әртараптындыруға 11 айда бас-аяғы 9 трлн теңге жұмсапты.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі
-Бюджетті игеру көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда жақсы. Әзірге 98 пайыз. Жыл аяқталғанша 99 пайызға жеткізу басты жоспарымыз.
Осы жылы қазынаға трансфертті есептемегенде 5,8 трлн теңге кіріс кірген. Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, өсімді арттыруға мүмкіндік бар. 1 аптадан соң, жыл аяқталады.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі
-11 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 0,8 пайызды құрап отыр. Бүкіл резервтерді қазір қосып, әкімдермен, өңірлермен сөйлесіп отырмыз. Компания басшыларымен хабарласып отырмыз. Жалпы жылды 1 пайыздық өсіммен аяқтауға мүмкіндігіміз бар. Осыған барлығымыз күш-жігерді салуымыз қажет.
Экономикалық өсімге әсер еткен фактордың бірі – Қашаған. Тәулігіне 75 мың баррель қара алтын өндіріле бастады. Әу бастағы өсім 0,5 пайыз болатын. Ірі өндіріс орны іске қосылған соң өсім еселене түсті.
Инфляция деңгейін 6-8 пайыздан асырмау Үкіметтің басты назарында. Жыл басынан бері инфляция 7,5 пайыздан асқан жоқ. Төл валютадағы депозит саны артты. Бағам тұрақты. Теңгенің құнын нарық реттейді.
Меруерт Махмұтова, экономист
-Былтырғыға қарағанда инфляция деңгейі де төмендеп жатыр. Былайша айтқанда өзіміздің ұлттық валютамыз теңгені де біраз тұрақтандыруға мүмкіншілік болды. Әрине Ұлттық банктің саясатына байланысты және де теңге депозиттерінің пайдасын 16 пайызға дейін көтерудің де себебі бар.
Әзірге арқаны кеңге салар шақ емес. Дағдарыс мұнымен бітпейді. Үнемдегеннің есебі түгел. Биыл 3 жылға арналған республикалық бюджет бекітілді. Шығын көлемі 7 триллионнан астам. Әдеттегідей шығыстар қысқарды. Бірақ әлеуметтік салаға бөлінген қаржы қаз қалпында қалды.
Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Әсем Қабылбек, Ұлан Нарынбек, Абдулла Исаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтады: «Күшті болу үшін ең алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық керек. Сүттей ұйыған осы татулығымызды тіл-көзден сақтаса, игілік атаулы қазақ жеріне бірте-бірте келе беретініне күмәнім жоқ».
25 жылдың ішінде терең тарих пен алыс болашақты сабақтастыра алғанымыз сол бірлік берген берекенінің арқасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
-Әлем халықтарының тарихына жүгінсек, жаңа мемлекет құру мәртебесі ұрпақтың ең ұлы буынына бұйырады. Осы бақытты буын – бүгінгі заманауи қазақстандықтар, ұлы буын ол – Сіздер. 25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырлармен тең. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасыры – Еуразия жүрегіндегі Ұлы Далада жазылған мыңжылдық тарихтың жаңа дәуірі.
Бір болудың нәтижесінде мешін жылының мінезіне көнбей мұзжарғыш кемедей діттегенімізге жете білдік. Алдағы жыл да абыройымызды асқақтатқалы тұр. 1 қаңтардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі миссиямызды орындауға кірісеміз. Сонымен қатар «ЭКСПО» халықаралық көрмесі мен Дүниежүзілік Қысқы Универсиада сынды маңызды шараларды да шашау шығармай өткіземіз деген сенім бар. Әрине оған күмән болмас. Себебі намыстың нарқын білетін елміз ғой. Намыс дегеннен шығады, жылдың басты додасы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында да оқ бойы озық шықтық. Қоржынымыз 17 медальмен толығып, біздің ел жалпы командалық есепте 22-ші орынға тұрақтады. Бастысы ол емес. Бастысы Әнұранымыздың үш рет шырқалып, туымыздың үш рет желбірегені.