Жеті күн 08.04.2017
1. Әзербайжанмен әріптестік
Аптадағы ең айшықты оқиға – Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге ресми сапармен барып, әріптесі Ильхам Әлиевпен кездесуі. Әрине, ел басшылары халықаралық жиындарда жиі бас қосады. Бірақ олардың жеке жүздеспегеніне сегіз жылдың жүзі болыпты. Сондықтан бұл жолғы жолығудың геоэкономикалық әрі геосаяси кеңістік үшін жөні бөлек.
Көп сарапшылар маңыздылықтың себебін жаһанданудағы жанталаспен сабақтастырады. Қазір саясат сахнасында өңменнен өтер өкпек жел соғып тұр. Мұндайда пенделікке бой ұрсаң, ұтылғаның. Керегі – кеңділік. Сол себепті Елбасын дағдарыс диалогында дүйім жұртты бірігуге шақырады. Шындығында «саусақтар бірікпей ине ілікпейтіні» ақиқат.
Осы сапар барысында да Қазақстан көшбасшысы атаулы ұстанымынан айнымай, Әзербайжан жұртын жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-В экономическом, политическом плане «просели» наши экспортные биржевые товары. И это, с одной стороны, плохо. Но в другом: в проблеме надо видеть возможности, как известно. Мы видим возможности, что нам надо диверсифицировать экономику, создавать новые производства, новые дела. Для этого надо науку, инновации подключать. И у вас, и у нас эта работа происходит. И вот на новой основе есть возможность резко поднять экономические связи наших стран. И еще раз проверить часы, чтобы работать дальше.
Қазақстан мен Әзербайжан – қай тұрғыдан алсақ та тағдырлас әрі қадамдас. Екі мемлекеттің жұрты да «одақтан шығып, отау тіккендегі» сарсаң уақыттың салқынын қатар сезінді. Тізгін ұстағандардың да көтерген жүгі шамалас болды. Сол қиын қыстау кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев пен Гейдар Әлиев бір біріне тілекші әрі тірекші болу арқылы туысқандық тамырға қан жүгіртуге тырысқан.
Биыл қарым-қатынастың қазығы қағылғанына 25 жыл. Осы аралықта қос тарап бір-біріне «көкқұтандай кекиіп», бір бірінің шекесінен қараған емес. Қашанда байланысымыз жарасқан, татулығымыз бар асқан. Кеше інілік ілтипат танытсақ, бүгінде ағалық ақыл айтып, әйтеуір «үніміздегі үндестік» үзілмей келеді.
Осы аралықта Қазақстаннан Әзербайжанға 2 миллиард 79 миллион доллардың дүниесі жеткізіліпті. Ал импорт көлемі 792 миллион долларды құрайды.
Бізден оларға мұнай және мұнай өнімдері, металлопрокат, астық, барий сульфаты көбірек тасымалданады. Ал кері бағытта қант, алма-алмұрт, металл құрастырмалар мен құбырлар, трансформатор тәріздес өнімдердің үлесі басым.
Осы жолы қазақстандық тарап тағы 37 тауар түрін әзірлеп, экспорттық мәзірге енгізді. Олардың жалпы құны 1 миллиард долларға жуықтайды.
Осылайша стратегиялық серіктестер арасындағы сауда-саттық жаңа сатыға көтеріліп жанданбақ. Бұл ретте «транзинттік әлеует екі жаққа да әжептеуір әл береді» деп күтілуде. Әзербайжанды басып өтетін Кавказ бағыты бізге Еуропаның есігін ашады. Ал Қазақстан жері – олар үшін Орталық Азия мен Қытай нарығына жол. Яғни ұтылар тұсымыз жоқ, ұтарымыз мол.
Сонымен қос тарап нақты қандай мүмкіндіктерді жүзеге асырғалы отыр? Кім кімнен не алуға мүдделі? Бұл келіссөздер тағы кімдердің көңіліне жағуы ықтимал?
Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары Әзербайжан үшін ерекше маңызға ие. Елбасын барлық сән-салтанатымен қарсы алған Ильхам Әлиев мұны бірнеше рет тілге тиек етті. Президент сарайының алдында құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан көшбасшысына ерекше ықылас көрсетілді.
Көп кідірместен, тараптар келіссөзге кірісті. Жаһандық жағдайды ескерсек, екі мемлекет бірдей күй кешіп отыр. Экономикаларды әртараптындырып, барлық салаларда әріптестікті нығайтуға мүдделі. Сондықтан қос көшбасшы сауда-экономикалық және инвестициялық бағытқа басымдық берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мы видим какие есть перспективы возможности в этих новых условияx. Сейчас когда в мире происходят другие сдвиги, кризис, просели наши экспортные биржевые товары, это с одной стороны плохо, с другой – возможности надо новые создавать, новые производства новые дела, инновации и у нас и у вас эта работа происходит. Ещё раз проверить часы, чтобы работать дальше.
Ильxам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:
-Біздің қарым-қатынастар қарқынды дамып жатыр. Көптеген салада серіктестік орнаттық. Халықаралық аренада да достық байланыстамыз. Қазіргі таңда күн тәртібіне қойылған шаралардың ауқымы кең. Қабылданатын шешімдер екі елді одан әрі жақындата түсері сөзсіз.
Саяси байланыстар мығым. Алайда экономикалық серіктестік серпілісті қажет етеді. Алыс-берістің ауқымы ауыз толтырып айтарлықтай емес. Былтыр екі жақ 140 млн долларға сауда жасасты. Алдағы кезеңде сауда-саттық өзара байланыстың басты драйверіне айналуы тиіс. Елбасы осыған ерекше назар аударды. Есесіне Каспий арқылы шектесетін қос мемлекет транзиттік жүйелерін ұштастырмақ ниетте. Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевті осы тасымал саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге шақырды.
Бір ғана мысал, былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арқылы өтетін транзит кей көрсеткіштер бойынша 8 есе өскен. Демек пайданың да, сауданың да кілті осы жерде.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Казахстан вовлечён в новый Шёлковый путь, предложение Китайской народной республики один поезд – один путь. Построена железная дорога от границы КНР до Каспийского моря с общей протяжённостью около 2 тысяч километров. Эта дорога уже работает и даёт уже свои плоды. Автомобильная дорога «Западный Китай – Западная Европа» 2700 км автобан построен, тоже двигается. Поэтому сейчас речь идёт о том, чтобы из Китая возить контейнеры. Уже контейнеры попадают в Западную Европу, Великобританию, если вы слышали недавно за 14 суток, когда через моря и океаны это идёт 40-45 суток.
Көлік әлеуетін дамыту – ынтымақтастықтың маңызды бөлігі. Бұл екі ел үшін стратегиялық бағыт. Оның үстіне күн тәртібінде Еуропа мен Азия арасында жүктерді Каспий, Баку мен Кавказ арқылы тасымалдау мәселесі тұр. Нұрсұлтан Назарбаевтың болжауынша, транзит ағынының ауқымы 6-7 млрд долларға жетеді. Бұдан пайда көруге қос ел қатар қамданып жатыр.
Мәселен, Маңғыстау өңірінде іске қосылған «Құрық» теңіз портының әлеуеті мол. Қазақтың жаңа айлағынан Әзербайжанға осы аптада алғашқы жүк жөнелтілді. 32 вагон мұнай өнімі тиелген алып кеме Алят айлағына жеткізілді. Күні кеше «Құрық» порты Әзербайжанның «Шахдаг» паромын қабылдаған еді. Жалпы «Құрық» порты арқылы жылына 5 млн тоннаға дейін жүк жөнелту жоспарда бар. Әзірге кемелерге жүктер темір жол арқылы тиеліп жатыр. Биыл желтоқсанда порттағы екінші айлақ қолданысқа беріледі. Бұдан бөлек, жүк және жолаушы кемелері түйісетін тағы 2 көпір салынады.
Ильxам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:
-«Құрықтан» Әзербайжанға алғашқы жүк кемесінің жол тартуы бұл бағыттағы әлеуеттің зор екенін көрсетеді. Оған қоса, биыл Баку-Тбилиси-Карс темір жолы іске қосылса, Азия мен Еуропа арасындағы жолды қысқарта түсер еді. Бұл бағытта орналасқан барлық елдермен тарифтерді сәйкестендіру жұмысы қатар жүріп жатыр.
Көрші елден бізге көбіне көп құрылыс материалдары, автобөлшектер, жиһаз, азық-түлік және жеміс-жидек секілді халық тұтынатын тауарлар жеткізіледі. Тараптар өнімдердің ауқымын кеңейтпек. Қазақстан Әзербайжанға жеңіл автокөліктерді, күн батареяларын, мұнай-химия және металлургия өнімдерін, тыңайтқыштар мен дәрі-дәрмектерді тасымалдауға дайын. Қазірдің өзінде темір жол саласына қажетті бұйымдар экспортталып жатыр. Екі ел бұл бағыттағы серіктестікті нығайтуға уағдаласты. Сөйтіп тауар айналымын алдағы үш жылда 500 млн долларға жеткізу көзделіп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Если посмотреть какой импорт Казахстана, какой экспорт и какой импорт Азербайджана и экспорт, получается, что мы те товары которые у друг друга есть закупаем из тридевять земель. Например, сахар. В Казахстане большой дефицит сахара, мы его закупаем. Мы можем покупать его здесь. Или Азербайджан покупает сигареты за 250 млн примерно, мы могли бы поставлять половину этого и так далее. Если посмотреть на этот список товаров, то мы можем резко увеличить товарооборот. До 500 млн мы ставили задачу к 2020 году. Когда я услышал вчера только транспортные наши министерства подписали договор на 500 млн, мы можем говорить, что мы можем выйти на миллиардный товарооборота. Только овощная продукция от Азербайджана, привезённая в Актау уже распространяется ол весу Казахстану и этот объём поднялся в 12 раз за один год.
Стратегиялық серіктестіктің тағы бір бағыты – энергетика. Бұл салада екі ел де маңызды ойыншы саналады. Тараптар мұнай өнімдерін әлемдік нарықтарға үздіксіз тасымалдауды қамтамассыз етуге мүдделі. Соның ішінде Әзербайжан арқылы да қара алтын тасымалы қарастырылуда. Тағы бір мәселе – бірлескен кәсіпорындар салу, инвестиция алмасу.
Ильxам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:
-Екі елдің экспорттық әлеуетін арттыру үшін арнайы комиссияның отырысын өткізу керек. Тағы бір қуантарлығы, Әзербайжанның Қазақстанға инвестиция құю белсенділігі күшейді. Біздің бизнесмендер Ақтауда бірнеше зауыт салды. Сол себепті Қазақстан нарық ретінде үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Қос көшбасшы қауіпсіздік мәселелерін де айналып өткен жоқ. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан Сирия, Ауғанстан сияқты аймақтық түйткілдерге зейін салып отыр. Ал әзербайжан-армян шиеленісіне келер болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені тек бейбіт жолмен шешуге шақырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Вообще, Казахстан поддерживает добрые отношения как с Азербайджаном, как и армянами, так и с Грузинской республикой. И мы хотели бы, чтобы здесь был мир, и вопрос был решён мирным путём. Всё что мы можем сделать на этом пути, мы делаем, стимулируя и предлагая всем странам решить этот вопрос мирным путём. Кстати, это отвечает, как интересам армянского, так и азербайджанского народа и всех нас. В одном кусте живём, нам надо торговать, жить и надо развиваться. Конечно, нас беспокоит терроризм, который идёт в мире. Сирийский процесс в Астане тоже идёт, где нам удалось собрать и оппозицию, и правительство и государства, которые вовлечены во всё это дело.
Мұхтар Ыбырайым, тілші:
-Географиялық тұрғыдан қолайлы орналасқан көршілер қоян-қолтық жұмыс істеуге келісті. Әріптестіктің негізі алыс-берісті күшейтумен байланысты болмақ. Ендігі меже – сауда-саттықты еселей түсу, транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыру. Осылайша бұл сапар стратегиялық серіктестікке тың серпін берді деуге негіз бар.
Сапар аясында Елбасы Бакудегі шейіттер аллеясында болды. Бауырластар қабіріне Отан үшін жанын қиған боздақтар жерленген. Аллеяда белгісіз бейіттер де бар. Қазақстан Президенті гүл шоқтарын қойып, құрбан болғандарды еске алды.
Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет қайраткерлері жерленген зиратта да болды. Бүгінде бұл аллеяда 240-тан астам танымал тұлға жатыр. Солардың бірі – Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиев. Елбасы мемориалға гүл қойып, замандасының руxына тағзым етті.
Авторлары: Мұхтар Ыбырайым, Айдос Меделбеков, Дулат Ентебеков
2. Қазақ пен әзербайжан – бауырлас халық
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың тамызында «тәй-тәй» басқан еді. Бұл тіркесті қазақ пен әзербайжан қатар қолданады. Оларда да «қаз басқан баланың қадамына нұр жаусын» деп ниет қылатын ғұрып бар.
Соңғы кездері тарихшылар туыстығымызды танытар тағы бір дәйекті алға тартып жүр. Әзербайжан Республикасының батысында «Газах» дейтін аудан бар. «Сол жерде Кіші Қазақ хандығы болған» деседі. Шындық та болар?! Себебі бұл атау кей карталарда «Қазақ хандығы» деп жазылған. Ал әзербайжан ғалымдары «Газах ауданының аумағы Армения мен Грузияның атырабына дейін асады», – деген дерек айтады.
Сөзді тереңнен тартқандағы тілек – тамыр мен тарихтың ортақтығын айту.
Түнеу жылдары таулы аймақ тұрғындарының талай күні мен түнінен тыныштық кетіп, құты қашып еді. Сол даудың түйіні дархан даланың үлгісімен шешілген. Анығы «Назарбаев нұсқасында» шешілді.
Егер «Хиуадан ақыл алып, қиыннан айла таппағанда» ол оттың оңдырмасы – тайға таңба басқандай түсінікті жайт. Сол себепті Әзербайжан жұртының Қазақстан көшбасшысына құрметі зор. Олар Нұрсұлтан Назарбаевтың «әлемді бейбітшілікке, бір болуға үндеген» бастамаларына үкілі үмітпен қарап, жоғары бағалайды. Бағалаудың баламасыз дәлелі – Әзербайжан мемлекетінің ең жоғарғы марапаты «Гейдар Әлиев» орденін тағуы.
Ильхам Әлиев, Әзербайжан Республикасының Президенті:
-Бір өкініштісі, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Әзербайжан үшін қайғылы оқиғалармен, ауыр сынақтармен есте қалды. Қазақстанның жолы болды. Себебі тізгінді Нұрсұлтан Назарбаев секілді көрнекті көшбасшы қолына алды. Соның арқасында мемлекет талай тәуекел мен қауіпті айналып өтті. Қазіргі Қазақстан – алға талпынған қуатты мемлекет. Сондықтан Гейдар Әлиевтің атымен аталатын орденді Сізге табыстау әділ шешім әрі мұның символдық мәні бар. Сіз мемлекеттің жаһандағы беделін нығайттыңыз. Бүгінгі күні Қазақстанның Біріккен Ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы – ең үздік көрсеткіш. Мұндай жетістіктер көп. Менің ойымша, бұлардың бәрі әлемдік қауымдастықтың Сізге және Сіздің еліңізге деген ықыласын білдіреді.
Қазақстан мен Әзербайжан алдағы уақытта Батыс пен Шығыстың арасындағы алтын көпір болғалы тұр. Қытайдың Шихэзцы қаласынан шыққан контейнерлік пойыз біздегі «Достық» станциясы арқылы өтіп, Ақтау айлағына барады. Одан ары тауар теңізбен «Алятқа» жеткізіледі. «Аляттан» теміржолмен Баку асып, «Тбилиси-Карс» дәлізімен Еуропаға есік ашылады. Бұған бас-аяғы 12 күн кетеді. Ал Қытай өз өнімін мұхит арқылы тасымалдағанда 30-35 тәулік суда жүріпті. Осыдан-ақ бұл ынтымақтастыққа өзгелердің де ынтызарлық танытарын байқауға болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-В связи с событиями, произошедшими межу Турцией и Россией, увеличилась перевозка через Кавказ. Мы сразу почувствовали, что не Бохол, не Актау не смогли даже переработать. Украина теперь именно через этот маршрут будет торговать со всей Центральной Азией, нашим кустом. Поэтому здесь открываются очень большие возможности.
«Өзгерістер желі соққанда қорған емес, желкен тұрғызу керек» дейтін Елбасы айтқан ойталқының түп төркіні осы тұстан шығады. Қазақстан дағдарыстың қатты дауылына қарамастан, көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды салуды саябырсытпай, керісінше үдете түсті. Соның бір ғана нәтижесінде бұрын-соңды болмаған «Құрық» айлағы құрылды.
Жақында теңіз порты тіршілігін бастады. 32 вагон мұнай өнімі тиелген алып кеме Әзербайжанның «Алятына» аттанды. Жол ұзақтығы – 18 сағат. Яғни бұл «Ақтау» портымен салыстырғанда 4 сағатқа аз. Әзірге бір ғана айлақ жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін екіншісі іске қосылмақ. Одан бөлек, «жүк және жолаушы кемелері түйісетін тағы 2 көпір салынады», – деп отыр жауаптылар.
Талғат Оспанов, «Құрық» теңіз порты Бас директорының орынбасары:
-Осы «Құрық» порты Қазақстан мен Әзербайжанның арасындағы тауар айналымын көбейтеді. Ақтау портынан 24 сағат болса, «Құрық» портынан Әзербайжан мемлекетіне баруға Алян портына 18 сағатты құрап, тауарлар тезірек жетіп, тауар өнімдері көбейеді деген сенімдеміз. Жылдың аяғына дейін Әзербайжанға тауар көлемі арта түседі. Біз 500 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерін жібермекшіміз.
Әрине, мүмкіндік мол. Бірақ тасымалдауда «тариф тістесе», кәсіпкерлердің «кірпідей жиырылуы» ықтимал?! Сол себепті Түркия, Грузия, Әзербайжан және Қазақстан тараптары транзиттік саланың сабын ұстағандарға талапты күшейтпек. Яғни «бағаны бақылаймыз» деген байламға келіп отыр. «Егер осы келісімдерді орындауда кемдікке жол берілмесе, пайдаға шаш етектен кенелеміз» деген есеп те бар.
3. Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына барды
Мемлекет басшысының үшінші сәуір күнгі жұмыс кестесі тым қауырт болды. Бакуден кейін бірден Ақтауға атбасын бұрды. Әрине, бұл Елбасының жоспарлы жұмыс сапары болатын. Десек те, Әзербайжанда жасалған келісімдерді көпке созбай, жүзеге асыру керек. Өйткені екі ел арасындағы байланыстың өзегі – Маңғыстау.
Қазір мұнайлы өлкенің мән-маңызы артқан. Өңір – өзіміз үшін Еуропаға бастар жол, ал батыстықтар үшін шығысқа шығар қақпа. Сондықтан мұндағы көлік транзитіне көрік беру – кезек күтпейтін мәселе. Ең бастысы жергілікті жұрттың қажырлы еңбегі қажет-ақ.
Елдар Бақпаев, тілші:
-Маңғыстауда бұл күндері жайма-шуақ жайлы көктем болып тұр. Толқындары туламай, тып-тыныш болып, қарт Каспий да «жуастанып» жатыр. Тек облыстың соңғы бір айдағы тынысы жөніңде бірқалыпты деп айтуға келмейді. Жергілікті жұрт биліктегі ауыс-түйісті талдап басылғаны сол еді, араға үш жыл салып Елбасы өңірге жұмыс сапарымен келді.
Әзербайжанға жасаған ресми сапарынан кейін Президенттің бірден Ақтауға бет алуы бекер емес. Бакуде мақұлданған келісімдердің дені осы Маңғыстау өңірінде іске аспақ. Арада Каспий арқылы көлік дәлізі орнаған, нәтижелі инвестициялық жобалар да аз емес. Сол себепті Елбасы киелі Маңғыстау жеріне табан тірей сала, өңірдің ахуалымен танысуға кірісті.
Облыс басшылығы Президентке бірден қаладағы жаңа нысандарды көрсетті. Бұл көпфункционалды «Маңғыстау-Арена» спорт кешені. Іргетасы 2014 жылы қаланған. Аты айтып тұрғандай, мұнда жастардың алаңсыз спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Тәлімгерлер де талай дүбірлі додаларда топ жарған спорт ардагерлері екен.
Әмин Тұяқов, қысқа қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірнеше дүркін жеңімпазы:
-Сіздің «мен шетелге шыққан уақытта елдің туы көтеріледі, сосын спортшылар шыққанда көтеріледі» деп айтқан сөздеріңіз бар. Сол сіздің қағидаңызды қай уақытта да орындап келе жатырмыз. Елімізде үздік спортшылар шығып жатыр. Сізге Маңғыстау адамдары атынан, спортшылардың атынан ризашылығымды білдіремін.
Спорт – елімізде қолдаудан кенде емес салалардын бірі. Ал мұндай заманауи нысандар жалынды жастардың қанатын қатайтары сөзсіз. Сайыпқырандар боз кілем үстінде белдесіп, жекпе-жек шеберліктерін шыңдап, жеңіл атлетикаға арналған залдарда жан-жақты шыныға алады. Қарсыластарын қапы қалдырып, қатарластарының алды болып жүрген өңірдің спортшылары бұл кешенді көп күтті. Енді тек еңбек пен жігерді жұдырыққа түйіп, дүбірлі додаларда топ жару қалды.
БЛИЦ:
-Құрметті Елбасы! Спасибо вам за то, что вы подарили нам этот дворец спорта. И дали возможность мне и моим товарищам защищать честь Казахстана на международной арене. Моя заветная мечта стать чемпионкой Олимпиады в 2024 году и завоевать золотую медаль и подарить вам.
-Киелі Маңғыстау жеріне қош келдіңіз. Біздің жағдайымызды жасап бергеніңіз үшін сізге көп-көп рахмет. Біз Маңғыстау облысының жас спортшылары осындай кең спорт залда аянбай тер төгіп, дайындалып алдағы әлемдік ареналарда көк туымызды көкке желбіретеміз. Алға Қазақстан!
Еліміздегі теңізге шығатын жалғыз айлақ Ақтауда бар. Қазақстанды еуразиялық көліктік-логистикалық жəне іскерлік хаб ететін де осы теңіз қақпасы болуы тиіс. Сондықтан Ақтау халықаралық теңіз айлағының əлеуетін кеңейту қашан да мемлекет назарында ұсталады. Сол себепті Президент Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарының екінші күнін Каспий теңізіндегі көлік инфрақұрлымының дамуын бағамдаудан бастады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикасына қомақты үлес қосып отырған ұжыммен жүздесіп, хал-жағдай сұрасты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мен Ақтауға келген сайын осы портқа келемін. Себебі бұл Қазақстан үшін, жалпы өңір үшін өте маңызды. Баяғыда сендер: «Аралда тұрғандай материкке барамыз», – деп жүруші едіңдер. Енді мынау Ақтау мен Қытай екеуі бірдей қосылды. Қазір Ақтау тоғыз тарап жолы бар қала болды. Барлық жағынан шығады. Түркіменстаннан Иранға шығасың, осы жерден Қытайға да шығасың. Мына жерді үлкейтіп жатырмыз. Кеше Әзербайжанға барып келдік. Олар дайындалып жатыр. Мына жақтан Астраханьға, барлық жағына шығады. Солтүстіктен Атыраумен жол нашар еді. Енді Ақтөбеден Атырауға дейін көліктерге жол салып жатырмыз. Ол да келеді. Ақтауға дейін мың шақырым жерден Жезқазғаннан темір жолды алып келдік. Ақтау Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ішінде өсіп-өнгені көрініп жатыр.
Осыдан екі жыл бұрын бұл теңіз порты солтүстікке қарай кеңейді. Терминалдың тиеп-түсіру қуаты жылына 3 миллион тонна болады. Қазір Каспий арқылы еліміз Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан және Иранмен көліктік дәліз орнатты. Дəл осы жерден мұнай, астық, түрлі металдар мен өзге де транзиттік жүктер теңіз асып, жер-жерге жөнелтіледі. Халықаралық сарапшылар алдағы уақытта Еуропа-Азия-Еуропа бағытында трансмұхиттық бағыттар бойынша контейнермен жүк тасымалдау қарқыны артатынын болжап отыр. Бұл ретте екі құрлықтың кіндігінде орналасқан еліміз Қытай мен Оңтүстік Азиядан тасымалданатын тауар нөпірін Еуропаға, Еуропадан Азия елдеріне жеткізетін тиімді дәлізге айнала аларын ешкім жоққа шығара қоймас. Ұлы жібек жолын жаңғыртудағы негізгі меже де осы. Ол үшін айлақтың экспорттық əлеуетін кезең-кезеңімен арттыру маңызды.
Теңіз қақпасы кеңейгелі өңірдегі өндіріс қарқыны артты. Жергілікті халықтың тұрмысын реттеуге де шарапаты мол. Қазір мұнда Маңғыстау облысының 200-ге жуық тұрғыны қызмет етеді.
Нұрлан Төлеуғалиев, Ақтау теңіз солтүстік терминалының қызметкері:
-Осы бағытты Ұлы жібек жолы дейді. Сол себепті Ұлы жібек жолының бір бөлігі болып есептелеміз. Осы Ұлы жібек жолымен тасылатын, тасымалданатын жүктің бағытын екі есеге арттыруды көздейміз. Біздің мақсатымыз – миллион жарым тонна жүкке жету, мейлі бидай болсын, құрғақ жүк тасымалы болсын немесе контейнерлік тасымал болсын, оларды арттыру.
Ақтау теңіз порты аумағында іске асуы тиіс 30 арнайы жобаның бірі – мына азық-түлік тауарларын сақтауға арналған «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» қойма кешені. Инвестор қаржысына тұрғызылған қойма ең алдымен Маңғыстау облысының ішкі жəне сыртқы нарығын жоғары сапалы азық-түлік, құрғақ жүк тауарларымен қамтамасыз етеді. Мұнда жеміс-жидектен өзге ет, тауық, балық өнімдерін минус он сегізден отыз градус аралығында сақтауға мүмкіндік бар. Елбасы осындай кешендер халық игілігіне жұмыс істеп, тауарлар бағасының қолжетімді болуына пәрмен беруі керектігін атап өтті.
Бұйра толқын теңіздің жағасында орналасқан Маңғыстау еліміздегі мұнай қорының басым бөлігін жастанып жатыр. Бұған дейін мұнайды сарқылмайтындай көріп, осы салаға тəуелді болып келген аймақ қазір шикізатсыз салаға ден қоя бастағандай. Бұл – Елбасына есеп берген атқамінерлердің дерегі. Алайда Президент өңірдің хал-ахуалын жергілікті халықтан артық ешкім баяндамайтынын жақсы біледі. Сол себепті де Елбасы облыс жұртшылығымен жүздесуді жөн көрді.
Еліміз егемендік алғалы Маңғыстау өңірінің жалпы өнімі 32 есе өсіп, екі триллион теңгеден асқан. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. Сәйкесінше, қара алтынымен танымал қазыналы түбектің әлеуеті жыл санап артып келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Осы жылдары Маңғыстаудың бүкіл еліміздегі өнімге қосатын үлесі көбейді. 2016 жылы өңірге тартылған инвестиция төрт жүз млрд теңге болды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда он екі есеге артық. Болып жатқан шаруаның барлығы сол тартылған қаражаттың арқасы. Егер мемлекет мықты болмаса, сенбейтін болса, ақшасымен кім келеді? Мұның бәрі мемлекетіміздің сыйлы екендгігінің арқасында болып отыр.
Ертеден-ақ Маңғыстау жерінен Еуропа мен Таяу Шығысқа Ұлы Жібек жолы жалғасқаны мәлім. «Жеті жұрт жайлап, өткен жер» делінетін өңір бүгінде бес мемлекетпен шектеседі. Облыстың дамуына оң серпін беріп отырған экономикалық қуатты құрал «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мұнда бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Олар Маңғыстаудың оңтүстік-батыстағы өңірлік хаб ретінде қалыптасуына ықпал ету үшін жасалып отырған мақсатты шаралар.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мен «Нұрлы жол» бағдарламасын жарияладым. Ол не үшін керек? Еуропаны аралап жүріп, қарасаңыздар, жолдары қандай даңғыл. Қиын-қыстау кезде жасаған. Біздің салып жатқан жолдарымыздың барлығы – балаларымыз, немерелерімізге жететін нағыз керек жол. Бес, алты жылдың ішінде Астанадан тармақпен жүретін жеті мың автокөлік жолы салынады. Жиырма айдың ішінде Маңғыстау мен Қытайды жақындату үшін тура Жезқазғанның ортасымен мың километр жол салдық. Ол Кеңес одағының тарихында болған емес. Қазір Ақтау мен Пекин екеуі бір болып қалды. Енді Маңғыстау шетте тұрған түбек емес, дүние жүзінің барлық тарапымен қатынасатын болды. Сондықтан осы жылдар ішінде жеті миллион шаршы метр үй қосылды. Бұл Қазақстан бойынша екінші көрсеткіш. Орташа еңбекақы 275 мың теңге деген – Қазақстандағы ең жоғары көрсеткіш.
Облыстың жаңа әкімі Ералы Тоғжановтың есебі де көңілге қонымды. Өңірді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі реттеліп келеді, туу көрсеткіші жоғары. Әкім балабақша мен мектеп салуды тоқтатпайтынын алға тартты. Ал апаттық жағдайдағы мектептерді жою үшін республикалық бюджеттен 11 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Сонымен қатар биыл 165 бизнес бастама субсидияланып, облыста 26 мың жұмыс орынын ашу көзделді.
Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:
-Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту. Табиғи және миграциялық өсім көрсеткішін ескере отырып, алдымызға мектеп пен балабақша құрылысын озық қарқынмен жүргізу мақсатын қойдық. Мектептерде оқушы орны жетіспеушілігін болдырмау мақсатында осы жылы жаңа 8 мектеп құрылысын бастаймыз. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік механизм қолдану арқылы балабақша санын 32-ге көбейтуді жоспарлап отырмыз. Оның басым бөлігі көп қабатты үйлердің бірінші қабатында орналасатын болады.
Əкімнің сөзін халқы да растады. Кездесуге келген облыс белсенділері жиырма бес жылдың ішінде өңірге өң кіре түскендігін айтады. Осыдан болар атажұртты іздеп келген қандастарымыздың легі жоғары. Деректер 125 мың адам киелі Маңғыстауға қоныс аударғанын көрсетеді. Бұл – бүтін бір қала халқының саны.
Құлжан Егізқараев, Түркіменстаннан келген қандас:
-Құрметті Елбасы, мен Мұнайлы ауданының тұрғынымын. Біздің аудан 2007 жылы құрылды. Оны құрған Сіздің өзіңізсіз. Биыл бұл ауданға 10 жыл толды. Бастапқыда 43 мың тұрғыны бар ел қазір 140 мың адамға жетті. Біздің осылай өсіп-өнгеніміз үшін аудан халқы атынан Сізге зор рақмет айтамын. Аудан ашылғанда, 1 балабақша қазір 35-ке жетіп, 4 мектеп қазір 14 мектеп болды. Денсаулық нысанының саны 3-тен он үшке дейін жетті. Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, мен 2004 жылы елімізге оралған азаматтың бірімін. Қандас бауырларымыздың атынан сізге шексіз алғысымды айтамын.
Жанат Ибраева, Әскери теңіз күштерінің қызметкері:
-Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Бұл менің сізбен бірінші кездесуім емес. Алғашқы кездесуде қорқу, қобалжу, толқу сезімдері болды. Ал Ақордада Сізбен вальс билегенде, қатты қуандым. Сіз абыройымды асқақтаттыңыз. Әскери адамға керек барлық күш-жігерді сыйладыңыз. Мен еліммен мақтанамын. Мен Елбасыммен мақтанамын.
Табылды Әміров, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы:
-Біз алғашында жол салынған кезде біздің ақсақалдарымыздың көзіне жас алып, темір жолды сүйіп беттеріне қара май жаққанын көрдік. Бұл өте қуанышты сәт еді. Сол кезде тұрған халық қуаныштан тебіреніп толқып кетті. Аса мәртебелі, Елбасы, мен Сізге жол бойын мекендеген халықтың алғыс сезімін жеткізе отырып, алдағы уақытта біздің теміржолшыларымыз еліміздің экономикасын өркендету үшін аянбай еңбек ететініне сендіремін.
Кездесу қорытындысы бойынша Президент облыс басшылығына бірқатар тапсырма жүктеді. Нақты тоқталатын болсақ, шикізат тəуелділігінен арылып, өңдеу өнеркəсібіне ден қою, өңірдің көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі дамыту, сырттан қаржы тартып, шағын және орта бизнесті мейлінше қолдау. Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлық жаңалық та аз. Шөлейт жерде түйе төлін өсіріп те табыс табуға болатынын Президент тағы бір рет қаперге салды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:
-Израильская земля хуже чем Маңғыстауская. Ол жерде тас пен құмнан басқа түк жоқ. Бұрынғы марқұм болып кеткен Президенті Шимон Переспен жақын едім, сол айтатын – бізді алып келді да бес жүз мың адамды тас пен құмның үстіне лақтырып жібергенін айтатын. Екі өзен бар еді екеуінде де су жоқ. Екі көліміз бар еді біреуі мертвая, біреуі су жоқ. Соның үстінде ғылымның арқасында қазір Израиль бізге поставляет нам клубнику круглые сутки. И черешню. Почему? Потому что, они привлекли науку. Капельное орошение до сих пор нет у вас. У нас на юге выпускаются оборудование для этого. Капельнее орошение дает экономию воды на 40-50 процентов оттого что мы используем. Абсолютно эффективно. Весь Арабский мир, Персидский залив использует это. Здесь ничего нет при дефиците воды. Казахстан огромная аграрная страна. Позволяет – прокормить сто пятьдесять млн человек. А не восемьнадцать миллионов казахстанцев. Ну надо вложить, в науку вложит надо деньги и инвестиции.
Тоғыз жолдың торабында тұрған Маңғыстау – Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қарыштауына тірек болар өңір. Бұл Елбасы сенімі, жергілікті билікке артылған айрықша жүк.
Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров, Жанұзақ Боранбаев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев
4. Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады
«Қара алтынмен» қатар айтылмаса да, қазақ үшін қадірі бөлек тағы бір шикізат бар, ол – уран.
Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының нақты табысы 108 миллиард теңге болса, трансформациялау нәтижесінде 16 миллиард теңгеден астам пайда түскен. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді. Елбасы атомды бейбіт мақсатқа пайдалану мен атом электр станциялары жұмысындағы жаһандық мәселелерге мән берді. Уран және оның қоспалары, сирек металдар, атом электр станциялары үшін ядролық отын, арнайы жабдықтардың импорт-экспорты бойынша оператор саналатын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында өрелі өзгерістер болып жатыр. Президент жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Асқар Жұмағалиев, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы:
-Уран өндіру бойынша әлемде Қазатомпром өзінің лидерлік позицияларын сақтады. Елбасы өз Жолдауында диверсификацияға, модеринизацияға, автомантандыруға біраз тапсырмалар берген. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында қазіргі кезде біраз жобаны Қазатомпромда атқарып жатырмыз.
5. Қауіпсіздік жіті назарда
Тыныштық болмаған елде тұрақты даму да жоқ. Сондықтан біздің ел қауіпсіздік қалқанын күшейтуді кейінге қалдырған емес. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері түгендеп келеді.
Биыл Астанада болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Үндістан мен Пәкістанды қатарға қосу жоспарланып отыр. Екі елдің толыққанды мүшелікке өтуі Азиядағы ынтымақтастықтың нығаюына серпін береді. Әрі бірлестіктің беделін айғақтай түседі. Осылайша Шанхай ынтымақтастық ұйымы Еуразия атты алып кеңістіктің 60 пайыз аумағы мен жаһандық ішкі жалпы өнімнің 19 пайызын қамтымақ.
Бейсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада ұйымға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының Астанадағы кездесуіне келген делегация жетекшілерін қабылдап, нақты мақсат-міндеттерді атады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Перед странами ШОС стоит важная задача углубления многостороннего сотрудничества. То, что мы сделали немало. Организация стала авторитетной. Интерес в мире очень большой. Главное – экономическая составляющая. Мы договорились, что стабильность, политическое сотрудничество остается одним из главных методов. Поэтому первая задача - это согласование действий между членами ШОС по всем вопросам.
Ұйым халықаралық және өңірлік бірлестіктермен байланыс аясын кеңейтуі қажет. Нұрсұлтан Назарбаев ынтымақтастықты дамытудың пайдасы мол екенін атап өтті. Әсіресе Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Бір ғана Сирия дағдарысын реттеу ісіне араласуы – соның айғағы. Қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету конвенциясы мен мәлімдемесі қаралып жатыр. Президент құжаттарды тезірек мақұлдауды тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Риски, вызовы и угрозы продолжаются. То, что случилось в Санкт-Петербурге, всех нас волнует, переживаем вместе с Россией и её гражданами. Ещё раз говорит нам о том, что терроризм, экстремизм не имеет границ и везде может быть. Поэтому сотрудничество, взаимная информированность СБ и вообще спецслужб наших должна иметь исключительно важное значение. Международные террористические, экстремистские организации не дремлют, участвуют и ареной атак становится наши государства. Поэтому укреплять существующие механизмы сотрудничества, нормативно правовую базу ШОС наше ближайшая задача.
Санкт-Петербург метросындағы лаңкестердің ылаңынан 14 азамат мерт болып, 50-ге жуық жан жарақат алған. Қабырғаны қайыстырар қайғыны Нұрсұлтан Назарбаев зор күйзеліспен қабылдап, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Адам шошырлық оқиға адам қолымен жасалды. Сондықтан бұл әрекетке барғандарды қалай әшкерелесек те аз болады. Ондай опасыздық қылғандарды Қазақстанда азаматтықтан айыру жайы Ата Заңда жазылды.
6. Елбасы қабылдаулары
Алда ауқымды халықаралық деңгейдегі шаралар келе жатыр. Бұл ретте қауіпсіздікті күшейту аса маңызды. Апта бұрын Елбасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдап, бірқатар тапсырма жүктеген. Бүгінгі таңда барлық қалаларда бақылау күшейіп, қоғамдық орындар күштік құрылымдардың қадағалауына алынды.
«Халықаралық шара» дегеннен шығады, осы аптада Қысқы Универсиада ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына байланысты Халықаралық студенттік спорт федерациясының Президенті Олег Матыцин Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, хат жолдады.
Хатта «Алматыда өткен Дүниежүзілік студенттік ойындар Қазақстанның жоғары деңгейдегі халықаралық мультиспорттық жарыстарды ұйымдастыруға дайын екенін көрсетті. Көптеген шетелдік меймандардың пікірінше, Алматы бәсекесі Қысқы Универсиада тарихындағы ең үздік жарыс болды. Осы орайда Универсиада мен Қазақстан жетістігі студенттік ойындарды дамытып, жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеуге серпін береріне сенімдімін» делінген.
Ақордадан келген тағы бір ақпарат. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Александр Вучичке Сербия Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. «Сіздің басшылығыңызбен Сербия өркендеу жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады. Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара қарым-қатынастың дамып келе жатқанына қуаныштымын. Астана мен Белградтағы кездесулерімізді жылы сезіммен еске ала отырып, елдеріміздің достығы мен ынтымақтастығы одан әрі нығая түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Сербия халқына бақ-береке тілеймін» делінген жеделхатта.
Күн күрт күлімдегені сол еді, қалың қар табаға тасталған майдай еріді. Қазір қызыл судың қырғыны қатты. Сөзсіз, мұның салдары біраз елдің жанына батты. Қызылордада қаншама мал қырылса, Қарағандыда адамдар ізім-ғайым жоғалып жатыр. Үкімет басшысы облыс әкімдеріне: «Жағдайды ушықтырмай, уыста ұстаңдар», – деп тапсырма берген. Олар: «Орындап отырмыз», – дейді.
Дегенмен, көпшіліктің көңілінде кірбің бар. Жауаптылар халықтан гөрі, алдымен қара бастың қамын ойлайтындай болып көрінеді. Бұған негіз жоқ емес. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Вадим Магамадов пара алды деген күдікпен тұтқындалды. «Белуардан су кешкен бұқараны құтқарады» деп жүрген адамның бұл әрекеті керісінше суға тұншықтырғандай болды.
Жалпы Қазақстанда бармақ басты, көз қысты әрекеттер ауыл шаруашылығы саласын дендеп алыпты. Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевтің айтуынша, соңғы бес жылда салаға бөлінетін субсидиялар көлемі 89 миллиард теңгеден 257 миллиардқа дейін өскен.
«Десе де, ауыл шаруашылығы өндірушілерін несиелендіру мақсатында ашылған қаржы институттары қарызды рәсімдеудің қағаз түрінен электрондық үлгісіне көше алмай жатқандықтан, жемқорлық фактілері жиі орын алып жатыр», – дейді Шпекбаев. Салдарынан өткен жыл қорытындысы бойынша агросекторды мемлекеттік реттеу ісімен айналысқан 30 лауазымды тұлға сотталып, 380-нен астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
-Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында 28 қылмыстық іс қозғалды. Ал өткен жылдың алғашқы тоқсанында 24 іс болатын. Яғни мемлекеттік қолдау ұлғайған сайын, қазынаға көз қырын салғандар саны да көбейіп барады. Бюрократиялық кедергілер де кесірін тигізіп тұр. Мәселен, шаруалар несие алу үшін қаржы институттарына соңғы үш жылда еккен, тергені жөнінде есеп берулері тиіс екен. Қағаз жұмыс өте көп. Пара беру, пара алудың бәрі осыдан басталады.
Көлеңкелі бизнестің көлеңкесінде отырғандарды анықтау да анау айтқандай оңай болмай тұр. Десек те, былтыр салықшылар сүйінші сұрады. «Қазына қаржысын жылдағыдан асырып, рекордтық көрсеткішке жеткіздік», – деп желпінді. Расында да жеткізген. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2016 жылы мемлекеттік бюджетке 6 триллион 198,1 миллиард теңге түсті. Бұл жоспардағыдан 8,4 пайызға артық.
7. Салықтағы салғырттық
Бірақ бұл сүйіншіні депутаттар күйінішпен қабылдады. Себеп – көз алдаудың көз алдымызда болып жатқандығы. Халық қалаулыларының сөзіне сенсек, «баяғы жартас – сол жартас». Тырп еткен ешкім жоқ. Яғни салықтан жалтаратын кәсіпкерлер Заңның өзгергеніне қарамастан, жалтарудың жолын тапқан. Есесіне олардың есесі адал салық төлеушілерге салынған айыппұлдар есебінен өтелуде.
Неге салыққа салғырт қараймыз? Бұған дәйекті дәлел бар. Қазір ел бойынша 552 мың адам темір тұлпарының салығын төлмей жүрген көрінеді. Бұл 13 миллиард 659 миллион теңгені құрайды.
Алайда жүргізушілер жүгенделетін кез алыс емес. Өйткені жаңа Заңда қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден асатын автокөліктерді зейнеткер мен мүгедектердің атына тіркеп қоюға тыйым салыныпты. Енді қандай амал табар екен? Болмаса салықтан жалтармай, салықты төлеудің әлдеқайда қолайлы жағдайы бар ма?
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
-Салықтың сан алуан түрі бар. Алайда қарапайым азаматтарға қатыстысы көп емес. Олар табыс, жер, көлік және мүлік салықтары. Табыс төлемі айлықтан ұсталады. Ал қалған үшеуін әр адам өзі өтеуі керек. Бірақ аяғымен барып, қолымен төлеуге келгенде халық салғырт. Бұған былтырғы 17 миллиард теңге берешек дәлел бола алады.
Осы қаржыны ел бойынша 2 миллионнан астам адам өтеуі тиіс. Салықтан жалтарып жүргендерге немесе мойнында қарыз бар екенін ұмытқандарға құлаққағыс, жаңа заңдағы түзетулерге сай талап жаңарды.
Олжас Отар, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:
-Мүлік салығын төлеудің шекті мерзімі – 1 қазан. Биылғы жылдан бастап заңға өзгеріс енгізілді. Келесі жылдан бастап 2016-шы жылдың салығын 2017 жылдың бірінші қазанына дейін төлеу мүмкіндігі берілді. 2017 жылдың көлік құралдарының салығын 31 желтоқсанға дейін төлеуіңіз керек. Сонда сіздің салық төлеуге 365 күніңіз бар.
Бір күнде 100 теңгеден жинасаңыз, бір жылдық салықтан құтыласыз. Ал бұл түптеп келгенде көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне сеп болады.
Олжас Отар, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:
-Көшеде бір жолдың тесігі жамалып жатса, ол сіздің төлеген салығыңыздың нәтижесі.
Ньютон маятнигін алайық. Оның бір шарын қимылдатсаңыз, ол әуелгісіне қайта әсер етеді. Дәл солай салық та айналып келіп, сізге пайдасын тигізеді. Зейнетақы аласыз, жол жасалады, жарық жанады, су тартылады. Бұл жүйенің жұмыс істеп тұрғаны әмбеге аян. Алайда халықтың көзқарасы қандай? Біліп көрдік.
БЛИЦ:
- Салық төлейсіз бе сіз?
- Салық. Иә, төлеймін.
- Не үшін төлейсіз?
- Келешекте пенсияға шығамын, сол кезде қайтады.
- Төлейміз.
- Оның қажет не?
- Білмеймін.
- Халыққа пайдасы бар.
Қарапайым халық пайдасы бар екенін біледі. Бірақ кейбір адамдар елді, болашақты ойлаудан оқшау қалған сыңайлы. Мәселен, ірі қалаларда бірнеше баспанасы барлардың бизнесі берекелі болып тұр. Ай сайын пәтерлерін заңсыз жалға беріп, пайда табады.
Олжас Отар, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:
-Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша үйін, пәтерін жалға беріп жатқандар туралы бақылау-тексеру жұмыстары жүргізіліп, күнделікті жұмыстар атқарылып жатыр. Соның арқасында бірнеше миллион теңге бюджетке түсіп жатыр.
Бізде де полиция және салық басқармасының өкілдерімен тексеріске бардық. Бас сұққан бірінші пәтеріміз жалға берілетін болып шықты. Бірден иесіне хабарластық.
Үй иесі төлқұжатсыз жүр екен. Кейін хабарласатынын айтты. Бұдан кейін бірнеше пәтердің есігін қақтық.
Таспадан қашқанымен, құқық қорғаушылардың тексерісінен кете алмады. Үйдің иесі болып шықты. Ал мына келіншек 2 жылдан бері осы үйді жалдап келген. Баспана қожайыны кәсіпкер қатарында жоқ. Сол себепті телефон арқылы шақырту жасадық.
Уәделі жарты сағатта жалға беруші келіп жетті.
Мәселенің мән-жайына қаныққан мамандар қажетті құжатты толтырып, бұл азаматты салық басқармасына шақыртты. Енді ол жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады немесе табыс салығын төлейді.
Нұрсұлтан Сүлейменов, Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:
-Осы уақытқа дейін 30 мыңға жуық адамның салық төлеуге міндетті екенін анықтадық. Олар пәтерді жалға беру табыс көзі, бизнес екенін білсе де, салық өтеудің не екенінен бейхабар. Сондықтан біз тынымсыз, түсіндіру жұмыстарын жалғастыра береміз.
Дәл осы кәсіппен шұғылданатындар екі жолмен жұмысын заңдастыра алады. Бизнесмен ретінде тіркеліп, жылына 2 пайыз салық төлейді. Немесе «240 үлгідегі» есепті тапсырып, 10 пайыз өтем жасайды.
Руслан Юсупов, Жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы:
-Баспананы жалға берушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе, ол ай сайын алған ақшасы үшін түбіртек беру керек. Ол әрине кассалық аппарат арқылы жүзеге асады. Оның құны 54 мың теңге. Сондықтан шығындар болмас үшін пәтер иелері, көлеңкедегі бизнесті жалғастыра береді. Туыстары тұратынын айтып жалтарады.
Жалтаратындардың жолын заң кеседі. Егер мүлік арқылы қаржы тауып отырғаны анықталып, шақыртуға келмесе, әкімшілік айыппұл салынады. Төлемесе, ісі сотқа жіберіледі. Уақытша тіркеу заңы қабылданғалы бері көлеңкедегі көп жайт жария болды. Соны ескерген үй иелері, тұрғындарын тіркеуге қойып жатыр. Соның бірі – Динара Әкімбайқызы.
Динара Әкімбайқызы, қала тұрғыны:
-Уақытша тіркеуді өзіміздің тыныштығымыз үшін, тұрақты тұрғындардың тыныштығы үшін уақытында істеу керек. Одан қашқаннан қандай пайда бар.
Пайда жоқ, зиян бар. Өйткені салықтан құтылам деп тұтылып жатқандар жетеді. Сот орындаушылары заң аясында іске кіріссе, мүлікке шектеу қояды, банк есепшотын жабады. Қыл аяғы шетелге шығу құқығынан айырады. Түптеп келгенде, төлем жасатудың бар амалын жасайды. Ал Еуропа елдерінде салық біздікенен 10 есеге көп. Олар: «Оны борышым», – деп біледі.
Олжас Отар, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы:
-Әлемдік тәжірибеде салықтан жалтарған адамдарға Англия, Америка, батыс елдерде салықтан жалтару ең ұят, біздіңше айтқанда, «позор» болып саналады. Себебі оларда заң мынандай құқық қорғаушылар, кез келген кісі өлімі болсын, қандай қылмыс түрлері болсын қорғаушылар жалданады ғой. Ал салықтан жалтарғандарға батыста қорғаушылар жеке қорғаушылар қорғамайды сіздің құқығыңызды.
Жалпақ жұрттың бәрі салықтан жалтарып жүр дегеннен аулақпыз, бізде де салық төлеудің өзіндік мәдениет қалыптасқан. Мәселен, өткен жылы мүліктен, көлік пен жерден 45 миллиард теңге салық жиналады деп жоспарланған. Бірақ қаржы 50 миллиард 500 миллионға жетіп жығылған. Осы үрдіс ұзағынан болғаны ләзім. Тек берешектер адамдар елдегі тәртіп, заң бәрімізге ортақ екенін ескерсе игі.
Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Дәурен Жұрқабаев
8. Ұшақтардан ақау жиі табылатын болды
Ұшақ көкте ұшқанда аэродинамика заңдарына бағынады. Осы заңдарды ашуға көмектескен әйгілі Жуковский: «Адам қарынының бұлшық еті торғайдың қанатынан 72 есе әлсіз, бірақ біз ақыл-ойымыздың күшімен әуені бағындырамыз», деген екен.
Рас, біз әуені бағындырдық. Бірақ енді ұшақтарымыз бағынбай жатыр. Тіпті авиакомпаниялар да ауыздықтауға келер емес. Әйтеуір ұшу да, қону да, ең сорақысы әуежайда отыру да қымбат. Бұған не себеп? Бұзылған аэродинамика заңы ма, қауіпсіздік заңы ма? Әлде біздің талап төмендеді ме?
Соңғы кезде әуе кемелерінің әлегі көбейді. Азаматтық авиация комитеті көктегі ұшақтардың қауіпсіздігіне алаңдайды. Жыл басталғалы 14 әуе көлігіне қатысты жайсыз оқиға тіркелсе, соның 13-і отандық компанияларға тиесілі. Апат жер мен көкті таңдамайды. Наурызда әуеге көтерілген 4 ұшақтан ақау табылып, дер кезінде қонды.
Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:
-Біздің министрлік прокуратурамен бірлесіп, әр оқиғаны жіті тексеруде. Наурызда тіркелген 4 авиациялық жағдай назардан тыс қалмайды. Сараптама аяқталған соң себебін жариялаймыз. Кейде жаңа борттың өзінен ақау табылады.
Адамдар дін аман. Үрей сейілгенімен, оқыс жайттан жұрттың жүрегі шайлықты. Көктем келгелі ұлттық әуе компаниясы әуреге түсті.
Алдымен Алматыдан Оралға бағыт алған ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды. Бұл әуе көлігінің ауа қысымын реттеу құрылғысы істен шыққан. Астанадан Алматыға ұшқан борттың қозғалтқышы жұмыс істемейді. Алматы-Атырау рейсінде навигация бұзылған. Бішкектен Алматыға бағыт алған ұшақ Манас әуежайына қайта оралды.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:
-Төрт жағдайды алып қарасақ, экипаж мүшелерінің қабылдаған шешімі дұрыс. Компания ережесіне сәйкес дабыл қаққыш іске қосылса, ұшақты жерге қондыру қажет. Қауіпсіздік бәрінен де маңызды.
Ұшақ – қауіпсіз көлік. Алайда кейінгі кездегі жайттар ойландырады. Әуе апатының басты себебі: қолайсыз ауa райы, техникалық ақаулар, экипаж мүшелерінің қателігі. Бұл 3 жайтты Әуе транспортының халықаралық қауымдастығы үнемі назарда ұстайды. Оған қызмет сапасы мен билет құнын қосыңыз. Қауымдастықтың Қазақстандағы өкілі ширек ғасырда отандық авиацияда ілгерлеушілік бар екенін айтты. Ұйым 150 мемлекеттегі 230 әуе компаниясын біріктіреді.
-Джордан Карамалаков, Әуе транспорты халықаралық қауымдастығының өңірлік менеджері:
Бес жыл бұрын Қазақстан ұйым жұмысын бастағанда, Еуропаға ұшу құны 650-700 доллар көлемінде болатын. Қазір бұл баға түсті. 5 жылда билет бағасы 2 есеге арзандады. Алайда билет бағасы әлі де қалтаны қағып тұр. Қазір 400 доллар! Эконом-класс. Қарапайым халықтың ең көп қолданатын санаты. Бұған авиаотын құны әсер етеді.
Әуе компанияларының шығыны шетел валютасынмен есептеледі. Билетке әсер ететін тағы бір фактор – авиаотын. Елімізде мұнай өңдеуші зауыттар авиакеросин өндірісін азайтты. Ал Павлодарда бұл отынды шығару мүлде тоқтатылды. Ішкі сұранысты мұнай өңдеуші зауыттар толық қамтымайды. Биыл отандық нарықта өндірілетін отынның көлемі 241 мың тоннаны құрап отыр.
Бұл шамамен 38%. Энергетика министрлігі қолдағы өнімді әуе компанияларына теңдей бөліп беруге жауапты. Ал жалпы сұраныс көлемі – 801 тонна.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
-Павлодардағы мұнай өңдеуші зауыт 2 жыл бұрын авиаотын шығаруды доғарды. Басты себеп – Ресейден жеткізілетін шикізат сапасы нашар. Биыл Павлодардағы зауытта гидротазалағыш қондырғы орнатамыз. Оның көмегімен кез келген отынды өңдеуге болады. Бізге Еуро-4, Еуро-5-ке сай келетін авиакеросин қажет.
ЭКСПО көрмесінің қарсаңында Шығыс Еуропа жақындай түсті. Халықаралық бағыттағы әуе рейстерінің саны артпақ. 8-мамырда Астана-Варшава, 1-маусымда Астана-Будапешт, 19-маусымда Астана-Хельсинки бағытына ұшатын рейстер іске қосылады. Ендігі кезекте Бейжің, Ұлан Батыр, Ереван, Сингапур, Токио қалалары тұр.
Дайындық осал емес. Жоспар ауқымды.
Әсем Қабылбек, тілші:
-Елорда әуежайының оң қапталында тірлік қайнап тұр. Мұнда құрылысшылар халықаралық су жаңа терминалды тұрғызуда. Кешеннің жалпы аумағы – 47 мың шаршы метр. Келешекте бұл нысан 7,5 млн жолаушыға қызмет көрсетпек. Елордалық әуежай алдымен транзиттік әлеуетіне мән береді.
Отандық авиацияның басты жетістігі – былтыр ИКАО-ның қара тізімінен шығуы. Әзірге Еуропаға «Эйр Астана» ғана ұшады. 2009 жылы қамалы мықты тізімге қалай ендік?
Басты кілтипан – кәсіби кадр тапшы. Бізде 17 мыңнан аса азамат авиация саласында қызмет еткенімен, бәрі ұшқыш емес. Тозған әуежай мен ұшақтар, тәжірибесі аз мамандар.
Мұхтар Тайжұманов, Азаматтық авиация академиясының ректоры:
-Бір авиакомпания бар. Оларға жұмысқа орналасу үшін ол баланың кем дегенде 1000 сағаты болуы керек. Біреудікі бар 1500 сағат болуы керек. Ол бала оны қайдан алады?
Авиацияның жоқ-жітігін түгендейтін мамандар біздегі әуе компанияларының сыртқы түгілі, ішкі талапқа да жауап бере алмайтынын талай айтты. Сынады. Қазір түрлі бағыт пен қызмет көрсететін компаниялар көбейіп келеді.
Қалқаман Бехмұханбетов, «Халықаралық Астана Әуежайы» Авиажұмысшылары кәсіподағының» төрағасы:
-Әуе тасымалы жөнінен ТМД бойынша Ресейден кейінгі екінші орында тұрмыз. Алматы әуежайы былтыр 4,5 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Көрсеткіш жаман емес. 36 елмен келісім бар.
Көкте қалтасы қалыңдар ғана қалықтайтыны рас. Дегенмен, ұшу қымбат болса да, әуе кемесіне мінетіндер қатары артып келеді. Тасымалдаушы компаниялардың кірісі 54,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырғымен салыстырғанда көп.
Әуе компаниялары жолаушының сапарын сәтті қылудың амалын жасап, мол табыстың соңында жүр. Сала мамандары: «Авиация саласын реттеуді мемлекеттік деңгейде бақылау керек», – дегенді айтып отыр. Өйткені авиация ғарыш саласынан ешбір кем түспейді.
Авторлары: Әсем Қабылбек, Еркебұлан Тілеуқазы