Хабар телеарнасы

Ақтаудағы тұрғын үйлерге жылуды басқару торабы орнатылды

Ақтаудағы тұрғын үйлерге 465 автоматтандырылған жылуды басқару торабы орнатылды. Қондырғы былтыр қыста жылу жетіспеушілігі байқалған баспаналарға қойылған. Автоматтандырылған торапта ауа температурасын бақылау құралы бар. Ол пәтерлердегі жылуды сақтап, қажетінше реттеп отырады.

Айта кетсек, Ақтауда 1300-дей көпқабатты тұрғын үй бар.

Нұрбол Әділов, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- 490 данасын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта соның 465 данасы орнатылды. Қалғанын жылыту маусымына дейін толық орнату жоспарлануда. Бұдан бөлек, келесі жылы тағы орнату жоспарда бар.

Ерлан Шалабаев, мердігер мекеме өкілі:

- Оның пайдасы даланың температурасымен жұмыс жасайды. Бізде енді Ақтау қаласында ауа райымыз қыстыгүні не жылы болады, не салқын болады. Соған байланысты датчигіміз соған бағытталып жұмыс жасайды. Сондықтан біз қалада жылуды үнемдейміз 70%-ке.